Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Футзал ойынының организмге және бұлшықетке әсері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Футзал ойынының организмге және бұлшықетке әсері»
Орындаған: 3курс студенті Сармергенұлы Мейірлан
Тексерген: PhD қауымдастырылған профессор Меңдіғалиева А.С
Орал 2024 жыл
Жоспар
1. Кіріспе .....................................................................................................................2
2. Футзал ойынының тарихы........................................................................................3
2.1 Футзал ойынынын негізгі ережелері....................................................................4
2.2 Қазақ футзалы ........................................................................................................6
2.3 БҚО Футзал ойыны................................................................................................7
2.4 Футзал ойынының организмге және бұлшықетке әсері ...................................9
3. Қорытынды..............................................................................................................10
1
Кіріспе
Бүгінде мектептерде дене шынықтыру сабағымен қатар түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Жалпы спорттық ойындарының негізгі идеясы оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру. Жастары–сауатты, білімді, дені сау елдің іргесі мықты болатыны айғақ. Еліміздің мектептеріндегі оқу- тәрбие жұмыстарының басты міндеті – жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, ой -өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жоспарланады. Осы тұста дене шынықтыру пәндерінің маңызы зор.Әсіресе 1 – ші сынып оқушылары алғаш мектепке келген кезде ұзақ уақыт бір орында отырғандықтан тез шаршайды. Ал дене шынықтыру сабағынан кейін баланың миы тынығады. Сондықтан күн кестесінің әрбір бөліктері баланың жасына, еңбек қабілетіне, денсаулығына, мінез ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан жағдайда оқушының дұрыс өсіп, дамуына, ер жетуіне, денесінің шынығуына, ой – өрісінің дұрыс қалыптасып, дамуына тиімді болады.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне, оның ішінде ақыл – ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған.Бүгінгі өзгерістерге толы заман ауысымында бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарау қажеттігі туындап отыр. Сондықтан мемлекетіміздің негізгі мақсаты қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесінің маңызы екенін ұғындыру. Әсіресе жастардың, оқушылардың салауатты өмірге деген ықылас-жігерін тәрбиелеу маңызды болып табылады. Соның бірі барлығымыздың көңілімізден шығатын футзал ойыны.Футзал ойыны барлық дүниежүзі елдерінде танымал. Футзал спорт түрі сияқты ұдайы дамиды, ойын тәсілі де ұшталып, футзалшының қозғалу қызметі қиындатылады.Футбол жас адамдардың дамуына көмектеседі. Олардың физикалық даму сапасына, мінездің маңызды сипаттарын тәрбиелеу, мысалға: творчестволық белсеңділік, берілген жұмасқа жауапкершілік, талаптылықты жүзеге тартады.[1]
2
1.Футзал ойынының тарихы
Футзал XX ғасырдың 30 жылдары Уругвай елінде пайда болған. Кейін Бразилияда futebol de salão яғни залға арналған футбол деген атаумен дами бастайды. Футзалдың дамуына себепші болған факторлардың бірі тығыз қонысталған қалаларда футбол алағдарының тапшылығы болатын. Сондықтан ойыншылар залға ауыса бастайды.
Футзалдан шыққан әлемге әйгілі ойыншылар да шыққан болатын. Олардың қатарында Пеле, Сократес, Зико, Роналдиньо, Андреас Иниеста, Кришитану Роналду.
1960 жылдары Италия, Нидерланд, Испания елдерінде футзал ойнай бастады.
1974 жылы Ұлттық құрамалар арасындағы тұңғыш ойын өтіп, Италия Римде 9:2 есебімен Ливияны ұтты.
1989 жылы Нидерландта тұңғыш ресми әлем чемпионаты өткізілді. Онда Бразилия чемпион атанды. 1986 жылы Мажарстанда бейресми әлем чемпионаты өткізіліп, сегіз құрама команда қатысқан.ережелермтығатын ұж
Бұл тұрғыда футзал шағын алаңда өтеді (халықаралық матчтар үшін 38-42 x 20-25 метр) және команда бес адамнан тұрады.
Сонымен қатар, футзал дала футболынан өзінің шығу тегі мен спорттық дәстүрімен ерекшеленеді, өйткені ол англосаксондық емес, Испан тілінде сөйлейтін әлемде.
Латын Америкасы, осылайша, көп ұзамай далалық футболдың ішіндегі кейбір факторлардың әсер етуінің арқасында танымал болған жаңа пәннің эпицентрі болып табылады. Алғашқы халықаралық турнирлердегі бедел оның одан да көп беделге ие болуына түрткі болды.
Уругвай - футзал Латын Америкасында қалыптасқан және Еуропада да, Солтүстік Америкада да кеңінен танымал болған спорт түріне жаңалық енгізуге ұмтылған жеке бастамалардан басталған ел.
Алайда, оның параметрлері нөлден басталмады, бірақ далалық футбол ережелеріне негізделіп, шабыттандырылды, тек осы жолы олар тәртіпті жабық кеңістіктерге сәйкес етіп, кішірек етіп жасағысы келді.
Инфрақұрылым футзалдың қозғалтқыштарының бірі болды. Жабық жаттығу залы сияқты жерлерде болғандықтан, бұл спорт көптеген әмбебаптыққа ие, өйткені оны ауа-райына қарамастан, жер шарының кез-келген жерінде ойнауға болады.Уақыт олардың дұрыс екенін дәлелдеуге қамқорлық жасады. Футзалдың алғаш рет қоғамдық ортаға шыққанына бірнеше ондаған жылдар болды, содан бері толқып тұрған топ өз командасына гол соғуын қолдау үшін матчтар тоқтаған жоқ.[2]
3
2.Футзал ойынынын негізгі ережелері
Командалар
Футзалды екі команда ойнайды. Алаңда әр командада 4 ойыншы мен қақпашы, барлығы 5 адам қатысады. Әдетте әр ойынға команда 14 адам қоса алады.
Ойыншыларды ауыстыру
Футзалда ойыншыларды ауыстыруға шектеу жоқ. Ойыншыларды ауыстыру арнайы техникалық аймақта жүзеге асырылады. Ойынға кіретін адам, ауысатын ойыншы алаңнан шыққаннан кейін ғана қосыла алады. Егер бұл тәртіп бұзылса, онда ереже бұзған ойыншы сары қағаз алады. Ойыншыларды бір-бірден немесе бірден топпен ауыстыруға болады.
Ойын уақыты
Матч 20 минуттан тұратын екі таймнан тұрады. Хронометрист төрешінің әр ысқырығынан кейін бірден уақыт тоқтатады. Матч таза уақытпен өтеді. Егер плей-офф кезеңінде ойын тең түсетін болса, онда 5 минуттан тұратын қосымша екі тайм ойнатылады. Есеп тең болып қала беретін болса пенальти сериясы болады. Банкер әр таймда бір минут тайма-аут алуға құқығы бар.
Төрешілер
Ойынға үш төреші төрелік етеді. Екі төреші алаңның екі жақтауында, ал үшінші төреші хронометристпен байланыста болып, фолдар мен тайм-аут тәртібін бақылап отырады. Төрешілер өз шешімдерін арнайы белгілермен көрсетеді.
Фолдар
Пенальти мен айып доба футбол тәртібіне ұқсас орындалады. Егер команда бір таймда 5 фол жасайтын болса, онда әрбір келесі фол кезінде қарсылас топ даблпенальти орындауға мүмкіндік алып отырады. Даблпенальти 10 метрлік қашықтан орындалады. Тайм аяқталысымен барлық фолдар да күйіп кетеді. Қосымша уақыт кезінде екінші таймның фолдары сақталады.
Айып қағаздары
Екі сары қағаз немесе тікелей қызыл қағаз алған ойыншы ойыннан шеттетіледі. Ойыншы ойыннан шеттетілген уақыттан бастап команда 2 минут бойы бір ойыншыға кем ойнайды. Бұл аралықта гол өткізіп алған жағдайда толық құраммен ойнай алады.
Бесінші ойыншы
Бесінші ойыншы немесе Flying goalkeeper - қақпашыны алаңдағы ойыншымен ауыстыру арқылы бір ойыншыға артықшылықпен ойнау. Мұндай тактика барысынша алаң ойыншы міндетті түрде басқа ойыншылардан ерекшеленіп тұруы үшін қақпашының киімін киюуі міндетті.[3]
4
Айып алаңы
Ойыншылар қақпашының айып алаңында, ал қақпашылар өз алаңынан сыртта ойнай алады. Дегенмен доп қарсыластың алаңына шығып қайтпаса немесе қарсылас команданың ойыншысына тиімей қайтып келсе қақпашылар допты ала алмайды. Доп ойыннан шықса қақпашы допты қолмен енгізеді, ал егер сыртқа шығып кетпесе аяқпен де қоса алады.
Аут
Доп алаң жиегінен немесе жоғары жаққа шығып кеткен жағдайда доп ойынға аяқпен енгізіледі. Ауттан тікелей ешкімге тимей кірген гол саналмайды.
Төрт секунд ережесі
Аут, айып добын, бұрыштама добын немесе қақпашының допты ойынға енгізуне 4 секунд уақыт беріледі. Төреші уақытты қолымен санайды. Егер ойыншы допты өз уақытында енгізе алмаса, онда қарсылас топ допты ойынға қосады. Қақпашы да допты өз алаңында төрт секундтан артық ұстай алмайды.[4]
1-інші сурет:Ойын алдыңдағы жаттығу.
5
2.1Қазақ футзалы
Қазақ елінің футзалы дәурендеп тұр. Айналдырған оншақты жыл ішінде дүниенің дүркіреген додасында топ жарып жүр. Қазақ топырағына Еуропа Кубогын да, Еуропа біріншілігінің қола жүлдесін де әкелді. Қос құрлықты жалпағынан жайлаған алпауыт Ресей өткізетін өте беделді «Еременко Кубогын» үш рет жеңіп алды. «Қайрат» командасы жақында ғана кубокты Ресей топырағынан тартып әкетті. Өздері тағайындаған жарыс кубогын өзгеге ұстата салатын Ресей емес. Кіші футбол қарқыны бұл елде де жоғары. «Газпром-Югра», «Дина», «Сибиряк», «Динамо» суперлигада ойнайтын 11 команда ішіндегі тас шайнап, құм бүркетін азулылар. Бұл – «Қайраттың» Еуропадағы ең мықты командалардың бірі екенін айқындап тұр. «Қайрат» командасы да, негізін осы клуб ойыншылары құрайтын Қазақ елі құрамасы да қазір үлкен мақсат жолында...
Дәл қазір Қазақ елінде бес-ақ футзал клубы бар: «Қайрат», «Аят», «Жетісу», «Ақтөбе» және Шымкенттегі «№7 АБЖОІМ» – спорт мектебі командасы. Бары осы. Бұлардың ішінде ел намысын сырт жерде абыроймен қорғап жүрген жалғыз команда – «Қайрат». Қазақ топырағындағы футзал клубтарында 20 бразилиялық ойнап жүрсе, соның тең жартысы «Қайрат» командасында. Игита сияқтылар Қазақ елі азаматтығын да алып үлгерді. Өзгеше талант Игита, Лео, Дуглас сияқты футболшылардың шеберліктері біздің бауырлардың бойларына сіңсе екен дейді бір ой аласұрып.
Қазақ футболшыларының өсуі, шеберлік деңгейлері туралы «Қайрат» командасының бас бапкері Какаудан сыр тартқан едік бірде. Ол іркілмей ойын ашық айтты: «Қазақтың біраз таланттары дәл қазір бразилиялықтардан кем ойнамайды». Ішіміз жылыды. Қай жігіттерді меңзеп тұрғаны белгілі. Шынында, бүгінгі Дінмұхамбет Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенамановтардың шеберліктеріне риза болып отырасың. Серік Жаманқұловтың Еуропа біріншілігінде бұрқыратып, боратып 6 доп соққаны естеріңізде болар. Сол жолы Хорватия қақпасын солқ еткізіп, жанкүйерлерінің жүректерін зырқ еткізіп, қос бірдей доп салған да осы Жаманқұлов. Сол жолы Қазақ елі құрамасы Еуропа төрінен қола медальмен оралды.[5]
6
2.2БҚО Футзал ойыны дамуы
Бұл спорт түрін сүймейтін халық жоқ шығар. Қазақ жерінде де футбол ойыны қарқынды түрде дамып, көптеген адамдардың сүйікті спорт түрі болып, түрлі кездесулердегі, той-жиындардағы талқылаулардың басты тақырыптардың біріне айналды.Қазіргі кезде Орал қаласында футзал ойыны жақсы даму үстінде.Оралдан шыққан футзал клубтары Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып жақсы нәтиже беруде.
Солардың бірі Бәйтерек футзалшылары.Zhaikpress.kz дерегі бойынша пандемия кесірінен бұрнағы жылғы маусым жеңімпазы мен жүлдегерлері марапатталмай қалған болатын.Жуырда барлық футзалшылар өз жүлделерін алды.Өңірдің намысын қорғаған «ДМБК-2» командасы 2 лигада күміс жүлдегері атанды.Олар өздерін]ің тиесілі марапаттарына қол жеткізді.Ал команданы алға сүйрегені үшін қақпашы Тимур Макаев чемпионаттың «Үздік қақпашысы» аталымын алса.Команда жетекшісі Нұрбек Жанғалиев футзалдың дамуына қосқан жемісті еңбегі үшін БҚО футзал ассоциациясының алғыс хатына ие болды.[6]
7
2
2-інші сурет:Atlanta футзал командасы
3-інші сурет:Atlanta және Теректі жастары футзал командасы арасындағы ойын.
8
2.3Футзал ойынының организмге және бұлшықетке әсері
• Бала физикалық тұрғыда дамып, аз уақыттың ішінде сүйек пен бұлшықет тіні беки түседі.
• Жаттығудың әртүрлілігі барлық бұлшықет тобына жұмыс артып, кешенді физикалық жүктеме салады.
• Команда баланың жеке тұлға ретінде тануына да көмегін тигізбек. Ол командаластарымен де, қарсыластарымен де өзі қарым-қатынас орнатуға тырысады. Қоғамда өз орнын табу үшін де көмегі зор.
• Бұл спорт түрі баланың психологиялық дамуына әсер етеді, ол терең ойлауды, әрбір қадамын есептеуді, басқа ойыншылардың іс-қимылын бағалап, жоспарлауды үйренеді. Балғын спортшы алаңда доп үшін күресуді, өмірде өз мақсаты үшін жанталасуды түсінеді. Футбол – ерік-жігерді жанитын керемет ойын түрі.
• Бала еңбексүйгіштігінің арқасында ғана жетістікке жете алады. Допты тез арада игеріп кетудің амал-тәсілі болмағандықтан, оған көп жаттығу керек болады. Сол қиындыққа төзген бала нақты жетістікке жете алады.
• Футболдың тағы бір артықшылығы маусым таңдамауында. Балғын спортшы жыл он екі ай сүйікті ойынын ойнап, жаз мезгілінде спорт лагерьлеріне бара алады. • Бұл жылдамдық пен спорттық дөрекілікті талап етеді. Егер бүлдіршіннің қимылы сылбырлау болса, басқа спорт бағытын таңдағаны дұрыс.
• Ептілік балаға туғаннан берілмесе, оны дамыту мүмкін еместігі айтылады. Ондай балалар – «бір мезетте екі жерден табылатындар».
• Баланың дене құрылысы маңызды рөл ойнайды. Тіпті, бүлдіршіндерде де атлетті дене бітімі болуы мүмкін. Футбол дәл сондай «жүгермектер» үшін! Бұл ойын салмақ тастауға ешқандай көмек бере алмайды, сол үшін салмағында ауытпаушылық барлар үшін қиын соғуы ықтимал.
• Қимыл дәлдігі мен үйлестіруші қабілет – кішкентай теңбіл доп қуушы үшін керек болады.
Футбол командалық ойын, сол үшін экстраверттер – эмоционалды, ашық және импульсивті балалар алаңнан да, командадан да өз орнын табатынына күмән жоқ.[7]
9
2.4Қорытынды
Қорыта айтқанда, футзал адамға күш жігер беріп салауатты өмір салтын ұстануға көмек береді, және тыныс алудың жүгіруді жақсартады.
Футзалшы көптеген қажетті қасиеттерге ие болуы керек. Футзалдағы әр ойыншы доп алып жүру, дәл пас, қақпаға допты тура бағыттай білуі керек. Осылармен бірге ол бүкіл ойын бойы түсетін ауыртпалыққа шыдай білуі керек.Міне осыларға байланысты ойыншы, егерде жарыстарда жақсы жетістіктерге жеткісі келсе, өзінің дайындығына басты назар аударуы керек. Ал осындай дайындық өзіне жоғары физикалық дайындықты, әр түрлі техникалық ойды қажет етеді. Осындай дайындықтың әр бір бөлігі бір бүтіндей болуы керек.Физикалық дайындық ол физикалық жұмыс жасау қабілеті немесе футзалшының физикалық жағдайы немесе күш, ептілік, икемділік, жылдамдық және шыдамдылық секілді физикалық қасиеттердің жиынтығы. Кәсіби футзалшы болу оңай емес.Бірақ егер тілек және физикалық төзімділік болса, онда мақсатыңызға ұмтылыңыз, мұны істеу үшін барлық күш-жігеріңізді жұмсаңыз. Сонда сіз барлық жолмен табысқа жетесіз!
10
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Цериани, Хуан Карлос (1933). Жабық-фут-доп қалай пайда болды. Монтевидео, Уругвай. Уругвайдағы жабық футбол федерациясының мұрағатына жататын, PDF форматында терілген және цифрланған құжаттың түпнұсқасы.
2.(1986). Жабық футболдың пайда болуы және таралуы. Монтевидео, Уругвай. Уругвайдағы жабық футбол федерациясының мұрағатына жататын, PDF форматында терілген және цифрланған құжаттың түпнұсқасы.
3.Delmonte Boeri, Gabriel (2007a). Жабық футбол. Тарихи шолу [Мақала онлайн]. Монтевидео, Уругвай. Уругвай жабық футбол федерациясы. 16 қаңтар 2017 қол жеткізді.
4.(2007б). Хуан С. Цериани [Мақала онлайн]. Монтевидео, Уругвай. Уругвай жабық футбол федерациясы. 16 қаңтар 2017 қол жеткізді.
Жаңбырлы күн үшін: Футзалдың қысқаша тарихы (2004 ж., 27 қыркүйек) [Интернеттегі мақала]. FIFA. 16 қаңтар 2017 қол жеткізді.
5.Футзал тарихы (Күні жоқ) [Желідегі мақала]. Солтүстік Американың футзал федерациясы, футзалдың жоғарғы лигасы. 16 қаңтар 2017 қол жеткізді.
6.Футзал тарихы (Жыл жоқ) [Желідегі мақала]. Еуропалық футзал қауымдастығы. 16 қаңтар 2017 қол жеткізді.
7.Науриг, Джон және Париш, Чарльз (редакторлар, 2012). Дүние жүзіндегі спорт түрлері: тарих, мәдениет және практика (4 том). Калифорния, Америка Құрама Штаттары. ABC-CLIO.
11