Тақырып бойынша 11 материал табылды

Г дыбысы және әріпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Г дыбысын үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы

Тақырыбы

Г дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты

Білімділігі: Г дыбысы мен әрпін таныстыру; г әрпі бар сөздері дұрыс оқыту,сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Дамытушылығы: Г дыбысын білдіру арқылы оқушылардың тіл байлығын,ой-өрісін,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа,жинақтылыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер

Суреттер

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Психологиялық ахуалды қалыптастыру

Психологиялық дайындық Аспан түрді түндігін,Жерге сәуле жайылды.Неткен ашық күн бүгін.Қайырлы күн қайырлы

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру іздестіру Жаңа сабақ

-Балалар,сұрақ-жауап арқылы нені құрастырдық? -Гүл құрастырдық Барлығың гүл деп айтып көрейікші.Гүл деген сөз бе,сөйлем бе? Гүл сөзінде неше дыбыс бар? Гүл деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр? Балалар олай болса біз бүгін «Гүл» дегенде келетін Г дыбысымен танысамыз. «Г» дыбысы мен әрпін көрсеті. «Г» әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.Бағандағы сөзердің мағыналарын түсіндіре отырып,хормен буынға бөліп оқыту. Слайд арқылы суреттерін көрсету.

Балалар барлық қимылдарды тәрбиешігеқарап, қайталайды.Берілген тапсырмаларды орындайды.


Сергіту сәті

Шаршағанда ырғалып Гүлге ұқсап демалам Қанатымды бір қағып Гүлдей болып жайқалам

Оқушылар ойын ойнайды

Рефликсивті-түзетушілік

Оқулықпен жұмыс кезеңі Г ыбысына берілген бағандағы сөздерді оқушыларға буындатып оқыту. Г дыбысы бар буынды теріп оқыту. Ақ көгершін өлеңін бір оқушыға мәнерлеп оқыту. Дәптермен жұмыс кезеңі. Г әрпінің элементтерімен таныстыру. Ауада жазып көрсету. Тақтаға үлгі көрсету. 1-қатар Жоқ буынды тап ойыны Ше...,өшір...,іл...,ір...,бәй..., 2-қатар Сөздерде неше буын бар ойыны Шегіртке,бәйге,Құлагер,ілгіш,гүл. 3-қатар Буындардан сөз құра ойыны Әң,гі,ір,ге,ме,жі,гер,шін,кө, Ақ көгершін әнін айтып сабақты қорыту.

Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады

Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады.

Түсінеді

Г дыбысын оқып,жаза алады.

Қолданады

Сұрақтарға толық жауап беруге,үйрену

















































Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы:Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы:Түлкі

Мақсаты: Балаларды әртүрлі түстер бойынша заттарды топтастыруға әртүрлі пішіннен заттарды құрастыруға,тұздық қамырды алақан арасында домалақтау,жалпақтау,дағдыларын қалыптастыру, балалардың қызығушылығын арттыру, тапсырмаларды соңына дейін аяқтау тәрбиелеу.

Тәсілдер кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Түлкі есік қағып топқа кіреді.Түлкі балалармен амандасады. Түлкі орманға өз үйіне баруға ұсынады.

Балалар ессік қаққанға қызығушылық танытады. Балалар түлкімен амандасады.Орманға баруға келіседі.

Ізденуші-ұйымдастырушы

Балаларға түлкі моншағын жинауға шақырады. Балалар мен моншағымды судың ішіне шашып алдым,сол моншақтарды осы сүзгіш арқылы жинауға көмектесіңдерші. Тәрбиеші: Балаларға геометриялық пішіндерді ұнтақтан қолымен іздеп тауып алуға ұсынамын.Тәрбиеші:Сергіту сәтін ұсынады.Сергіту сәті

Аяғымыз топ-топ, Ал қолменен хлоп,хлоп,хлоп Бір оңға,бір солға Айналацық кел мұнда Секіремін жоғары Қиын емес секіру Бір оңға бір солға Айналайық кел мұнда Тәрбиеші: Печенье жасауға шақырады.Тұздық қамырды илейміз,алақанға салып,домалақтаймыз,жалпақтаймыз, оқтауды алып жаямызда,әртүрлі пішіндермен кесеміз.

Балалар:

Әрине көмектесеміз.Балалар моншақты жинауға белсене кіріседі.Моншақты балалар судан сүзіп алып,түс-түстеріне орамалға суын сүртіп,сол орамалды қысқыштың түсіне сай іледі. Моншақты түлкіге сыйлайды. Балалар ұнтақтың (манное каша) ішінен геометриялық пішіндерді қолдарымен іздеп тауып алып,тауып алған пішіндердің пішінін,түсін атап үйшікті,құрастырады. Балалар: Балалар көтеріңкі көңіл күймен сергіту сәтін жасайды Балалар: Балалар печенье жасауға кіріседі. Балалар тұздық қамырды алады,илейді,алақанға салады,домалақтайды,жалпақтайды,оқтауды алып жаяды және әртүрлі пішіндермен кеседі. Істеген печеньелерін Түлкіге апарып береді.

Рефлексивті-коррекциялаушы

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз нелер жасап бердік

Балалар:

Печенье,моншақ,үйшік,орамалдарды ілгішке ілдік.Мадақтау.(смайликпен сорғыш кәмпит бердім)

Күтілетін нәтиже

Ұғынады: Әр түрлі пішіндерден заттар құрастыруды.

Түсінеді: Геометриялық пішіндер, түстер туралы түсінік.

Қолданады: Пішіндерді ажырата алуды,түстерді атап топтастыруды



Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы.

Тақырыбы

Ш дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға Ш дыбысы мен әрпін меңгерту,сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.Ш дыбысының артикуллияциясын дұрыс қолданып,дұрыс айтуға үйрету. Ш дыбысының орнын анықтату,сөз,сөйлемдерді талдау жұмыстарын жүргізу

Көрнекіліктер

Үйлестірмелі суреттер,плакат флипчарт,шана,шортан,шар,шахмат,шегіртке,шаян суреттері кеспе әріптер

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Психологиялық ахуалды қалыптастыру

«Жүректен жүрекке шеңбері» Балалар айналамызда көңіл күй көтеріңкі жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз.Ендеше қол ұстасып,бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік. Кел,балалар күлейік! Кұлкіменен түлейік! Күлкі-көңіл ажары! Күліп өмір сүрейік!

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру іздестіру Жаңа сабақ

Сабақты жұмбақ жасырумен бастау.Үрлеп алып,ойнауға болады,Жинап алып,байлауға болады.(Шар). Мұғалім оқушылардан шар сөзін бірнеше рет қайталату арқылы жаңа дыбысты шығарып алуға болады.(Ш-ш-ш-ар).Сөйтіп,оқушылардың өздеріне тапқызып,дыбыстатуарқылы жаттығу жұмыстарын бастаукерек. Дәптермен жұмыс: Дәптерімізді ашайық,Салақтықтан қашайық Қолға қалам алайық Көркем етіп жазайық. Ш ш әрпінің жазба, баспа түрін салыстыра отырып,графикалық талдау жұмыстары жүргізіледі.Осы беттегі тапсырмалар мұғалімнің басшылығымен жүйелі орындалады.Оқуға жаттықтыру үшін берілген буындар мен сөздерді оқыту. Сызба үлгісіне қарап, сөйлем құрау,оны талдау жұмыстары ұйымдастырылады. Тапқышбектің тапсырмасы орындалады.

Балалар барлық қимылдары тәрбиешіге қарап,қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Бірнеше дауыссыз әріптерді таңдап, оларды қағазға жазыңыз.Осы екі әріпті өзіне қосатын сөз ойлап табу керек.Әріптерді орындарымен ауыстыруға, балаларға басқа дауыссыз дыбыстарды қосуға болады. Мысалы: «С» және «Л» (сақал,сал,салмақ,сәлем,лас,асыл)

Оқушылар ойын ойнайды

Рефлексивті-түзетушілік

Тапқышбектің тапсырмасын орындау,Жауабы: Ол-көгершін.Ол шаян.Ол қайшы. Ол шегіртке. Сөз,сөйлемдерді талдау жұмыстарын жүргізу.Ш ш әрпін жазуды үйрету. Олардың ішінде шапан,шие,сөзеріне байланысты шығармашылық бағытта жұмыстар орындалады. Дыбыстық,буындық талдау орындау. Сабақ әріптерге байланысты ойын түрлерінің бірімен аяқталады

Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады

Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады.

Түсінеді

Ш дыбысын оқып,жаза алады.

Қолданады

Сұрақтарға толық жауап беруге,үйрену







































Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы.

Тақырыбы

Т дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға Т дыбысы мен әрпін меңгерту,сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.Т дыбысының артикуллияциясын дұрыс қолданып,дұрыс айтуға үйрету. Т дыбысының орнын анықтату,сөз,сөйлемдерді талдау жұмыстарын жүргізу

Көрнекіліктер

Сабақтың көрнекілігі Суреттер,дөңгелекшелер,әріптер жинағы

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Психологиялық ахуалды қалыптастыру

Ән айту

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру іздестіру Жаңа сабақ

Ой қозғау Мынау кім? Ол қандай бала?Оған көмектесе аламызба? Оның дорбасында не бар екен? 1-тапсырма Жұмбақ шешу.Иір иір денесі,Сахараның кемесі.Ащы шөптер тамағы,Шөлге шыдап бағады. Ол не? Түйе Түйе дегенде қандай дыбыс бірінші естіледі.Т дыбысымен таныстыру,әндетіп айттыру,ауада,тақтада жазу. Т әрпінен келетін сөздер айту.2-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Буындарды хормен оқыту. Тау,бұлт сөздеріне түсінік беру,суреттерін көрсету. Буын санын анықтау. 3-тапсырма: Суретпен жұмыс. Суреттегі кімдер? Атасы мен немересі. Толғанай. Екеуі не ісстеп отыр? Дастархан басында отыр.Дастарханға қойылған тағамдарды айтайық. Торт,құрт,қант.Немересі қандай қыз деп ойлайсыңдар.

Балалар барлық қимылдары тәрбиешіге қарап,қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Мен қандай әріппен дос

Бұл ойын әріптерді есте сақтап, сөйлеу тілін дамытуға ғана емес,сонымен бірге танымдық сипатқада ие. Әрбір ойыншыда жануардың суреті олуы керек.Мысалы: анасында-сиыр,әкесінде-түйе,баласында-кірпі.Анасы айтады Менің сиырым м әрпімен дос, өйткені онда мүйіз бар.Әкесі менің түйем ө әрпімен дос өйткені онда өркеш бар. Бала менің кірпім и әрпімен дос өйткені онда инелер бар.

Оқушылар ойын ойнайды

Рефлексивті-түзетушілік

Дәптермен жұмыс: Балапан дәптеріндегі Т дыбысын жазу.6-тапсырма Шашылған буындар ойыны. Шарты: Буындарға басқа буындар жалғау арқылы жаңа сөз жасау. ША ТА ТИ НА ШУ сабақты бекіту:

Бүгін қандай дыбыспен таныстық?

Т дыбысы қандай дыбыс?

Т дыбысын қандай түсті ұяшыққа орналастырамыз?

Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады

Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады.

Түсінеді

Т дыбысын оқып,жаза алады.

Қолданады

Сұрақтарға толық жауап беруге,үйрену









































Тақырыбы: Л дыбысы және әрпі.

Мақсаты: Л дыбысы және әрпімен таныстыру.Л дыбысы келетін сөздерге мысалдар келтіртіп,сол сөдерді қатыстырып,сөйлем құрату арқылы балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін,ойын дамыту. Оқу іс әрекеті барысында мал төлдеріне қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,көрнекілік,сөздік.

Көрнекіліктері: суреттер,кеспе әріптер мен буындар. Блингвалды компонент Лақ-козленок.

Іс-әректі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті.

Ұйымдастыру кезеңі


Негізгі бөлім























Дәптермен жұмыс



Сергіту сәті

Балалар шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Адал жақсы ниетпен,Бар адамға бақ тілеп.Жарып шыққан жүректі, Сөздің бәрі ақ тілек

Балалар,бүгін бізге қонаққа Балдырған келіпті,ол бізге бір жаңа әріпті ала келіпті.Бірақ ол бізге қандай әріп әкелгенін айтпаймын дейді,ол әріпті табу үшін біз мынадай тапсырмаларды орындауымыз керек.1-тапсырма Мынау не?(Лақ) Лақ қай малдң төлі және ол қалай дыбысталады? Лақ сөзінде неше дыбыс бар? Лақ сөзін буынға бөліп көрейік. Неше буын бар? Сөздің басында қандай дыбысты естіп отырсыңдар? Л қандай дыбыс? Дауысты дыбысты қандай дыбыспен беогілейді? 2-тапсырма Піл,лимон,балық суреттері көрсетіледі. Піл,лимон,балық сөздерін буынға бөлу Л дыбысының орнын ажырату.Л дыбысының сөздің басында,ортасында, соңында келетін мысалдармен түсіндіреді. Өткен дыбыстармен Л дыбысы қатыстырылып,буын,сөздер құрастырылып,оқытылады.

Дәптердегі үзік сызықтарды қосып л әрпінің кіші және бас әріптерін үлгі бойынша жазады. Лақ,түлкі,гүл сөздеріне дыбыстық ьалдау жасап,л дыбысының орнын ажыратады.Бос торкөздегі л дыбысының орнына қарай сөз ойлайды. Достар тату тәттіміз,Болса қолда тәттіміз.Біз бөлісіп жатамыз,Бәріміз дәм татамыз.

Кім тез ойлайды ойынының шарты; л дыбысына қатысты сөздер ойлап,буынға бөлу,сөйлем құрату. Осы айтқан сөздерінен л дыбысы қай дыбыстан бұрын не қай дыбыстан кейін келіп тұрғанын анықтау.

Күтілетін нәтиже

Ұғынады: Л дыбысының қандай дыбыс екенін

Түсінеді: Л дыбысының дауыссыз екенін

Қолданады: Сөйлем құрағанда қолдана біледі.

Жылы лебіздерін білдіріп,өлең шумақтарын айтады











Сұрақтарға жауап береді





Л дыбысымен танысады





Тапсырмаларды орындайды





Қимылмен көрсетеді

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы.

Тақырыбы

Тәуелсіздік төрімде

Сабақтың мақсаты

16 желтоқсан Тәуелсіздік күні екені туралы түсінік беру. Тәуелсіздік,егемен деген сияқты сөздердің мағыналарын ұғындыру арқылы сөздік қорларын толтырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Бүлдіршіндердің Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер,плакат,т.б.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Психологиялық ахуалды қалыптастыру

Әнұран айту

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру іздестіру Жаңа сабақ

А) Қазақстан Республикасының картасын көрсету-балалар картадан біздің республикамыздың ұлан-ғасыр жері бар екенін байқауға болады. Осы кең байтақ қазақ жері бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады. Яғни егеменді мемлекет. Ә) Сөздік жұмысын жүргізу. Тәуелсіз-толық еркі бар,ерікті,бағынышты емес. Егемен-өз билігі,бас бостандығы өзінде,тәуелсіз. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Тәуелсіз Қазақстанның елордасы қайй қала? Астана қаласы Алматы қандай қала? Алматы-әсем қала.Бұрын Алматы қаласы астанамыз болған. Дұрыс айтасыңдар.Қазір Алматы еліміздің мәдени орталығы болып саналады. Алматы қаласының Республика Алаңында Қазақстан Тәуелсіздігі құрметіне арналған қар барысына мінген Алытн адамның биік ескерткіші және Тәуелсіздік монументі орнатылған. Картадан Астана мен Алматы қалалары және суреттері көрсетіледі. Б) Педагогтің түсіндіруі. 16-желтоқсан еліміздің ең үлкен,ең басты мерекесі. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды.2019 жылы тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 28 жыл толғалы отыр.Осы тәуелсіздік Қайрат,Ербол,Ләззат сынды қазақтың батыр,қаһарман ұл-қыздарының арқасында келді. Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі,қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ.

Балалар барлық қимылдары тәрбиешіге қарап,қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Мен білемін. Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын бекіту, байқағыштық пен зейінді дамыту. Мазмұны: педогог допты қолдана отырып, келесі мәтінді айтады, бұл кезде допты еденге ырғақпен соғу. Мен ұлдардың бес атын білемін Арман-бір,Әділет-екі, Қуаныш-үш,Асхат-төрт,Нариман-бес. Әрі қарай келесі ойыншыға доп беріледі. Ол келесі бес затты айтады. Бұл кез-келген заттар болуы мүмкін.

Оқушылар ойын ойнайды

Рефлексивті-түзетушілік

Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық. Деген сөздің мағынасы мынадай: туған үйіңнен,қалаңнан,ауылыңнан немесе туған еліңнен алыста жүрсең, біраз уақыттан соң еліңді сағынасың. Өз еліңдегі әрбір күніңді сағынасың.

Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады

Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады.

Түсінеді

Жаңа білімді түсінеді

Қолданады

Сұрақтарға толық жауап беруге,үйрену


























Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы.

Тақырыбы

Теңіздегі кит

Сабақтың мақсаты

Тақырыпты зеін қойып түсініп, мазмұнын түсіне білуге үйрету, мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге ынталандыру.

Көрнекіліктер

Сабақтың көрнекілігі Суреттер,дөңгелекшелер,әріптер жинағы

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Психологиялық ахуалды қалыптастыру

Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар.

Отбасым мыналар,

Ең жақын адамдар

Әке мен анам бар

Бір туған ағам бар

Бір туған атам бар

Бәрін жақсы көремін

Еркелеймін еремін

Ән салуға барамыз

Досымызды табамыз

Сәлемет пе? Міне! Мен

Доспын енді сенімен

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру іздестіру Жаңа сабақ

Теңіздегі кит Жаңа тақырып туралы таныстырылым көрсету. Теңіздегі ең ірі сүтқоректі жануарлар киттер болып табылады.Әсіресе көк кит деп аталатын киттің ұзындығы 30 метрден, ал салмағы 150 тонналан асады. Бұл киттің бойының ұзындығын түсіне алу үшін көз алдарыңа 5 қабатты үйді елестетіп көріңдер.Бірақ осыншама үлкен және ауыр салмақты жануар теңіздің 800-1000 м тереңдігіне батып,солжерден судың бетіне қалай шыға алады? Мысалы салмағы 150 тонна және ұзындығы 30 метр болатын үлкен бір кемені ойлап көріңдер. Бұл орасан зор кеме теңіздің 1000 м тереңдігіне дейін батса,оны қайтадан судың бетіне шығара алу үшін қаншама жылдық еңбек керек. Ал кит Аллаһ та алланың берген күшімен 15-20 секунд сияқты қысқа ғана уақытта судың бетіне шыға алады. Өйткені киттің сүйектері кеуекті заттан жаратылған және сол сүйектердің іші маймен толған. Сол себепті киттер судың бертінде еш қиналмай тұра алады.

Балалар барлық қимылдары тәрбиешіге қарап,қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Қимылды ойын Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа қушылыққа баулу. Ойын шарты: Бір бала түлкі болып сайланады.Қалған балалар көжек бетпердесін киіп,дөңгеленіп отырады.Ойын жүргізушісі: Көжектерім тұршы,Беттеріңді жушы.Ну орманға барайық,Тамақтанып алайық.Келіп қалыпты орманға,Көжектерің қайда деп.Қуып келді соңынан,Көжектері ән ырғағымен секіріп(қаша жөнелді,түлкі қуады)

Оқушылар ойын ойнайды

Рефлексивті-түзетушілік

Сарамандық жұмыс

Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады

Сурет салу әдістерін меңгереді

Түсінеді

Сурет салып үйренеді

Қолданады

Сурет саладыү.

































Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы.

Тақырыбы

1-20 көлемінде санау

Сабақтың мақсаты

20 көлемінде реттік санауға үйрету.

Көрнекіліктер

Сабақтың көрнекілігі Суреттер,дөңгелекшелер,әріптер жинағы

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Психологиялық ахуалды қалыптастыру

Балалрды шаттық шеңберге тұрғызу,бір-бірімізге жылы лебіз білдіреміз.

Бала бала баламыз,

Мектепке біз барамыз

Күні бойы қызыққа

Баламыз да қаламыз

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру іздестіру Жаңа сабақ

Жәндікте неше аяқ бар ойыны Мақсаты: Балалрдың санау және есептеу дағдыларын қалыптастыру.Жәндіктер туралы түсініктерді жаңарту. Ойын элементтерін пайдалана отырып, математикаға қызығушылықтарын арттыру. Ойыншық жәндіктер. Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттер таратып береді.Балалардың міндеті осы суреттерді жәндіктердің неше аяғы бар екенін анықтау. Ол үшін суреттердегі жәндіктердің аяқтарын санап сол суреттің астына кеспе цифрлар арқылы белгілеп отырады да соңынан ең аяғы көп жәндіктің суретін табады.

Балалар барлық қимылдары тәрбиешіге қарап,қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Сан құрамын атап,неше бірліктен тұратынын атап,сандарды салыстыра біледі.Кеспе қалтадағы сандық карточкалар:1-20. Тәрбиеші бар санды айтады. Тақтаға бір бала шығып аталған санды алып қояды. Тәрбиеші: осы санның көршілерін көрсетіңдер дегенде екі бала шығып 16 және 18 санын көрсетеді. Әр бала өз санын түсіндіру керек,17 саны 16 санынан 1-уі артық,18 санынан 1-уі кем, 17 бірліктен тұрады.

Оқушылар ойын ойнайды

Рефлексивті-түзетушілік

Сиқырлы суреттер ойыны.Тақтада шеңбер,квадрат,тіктөртбұрыш,үшбұрыш берілген.Осы фигураларды толықтырып бір заттың суреті салынады.

Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады

Алған білімдерін естерінде сақтайды

Түсінеді

Жаңа білімді түсінеді

Қолданады

Математикалық тапсырмаларды орындай алады.

















































Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене тәрбиесі

Тақырыбы:Аяқтың ұшымен жүру

Мақсаты: Аяқтың ұшымен,өкшемен,тізені жоғары көтеріп жүгіру.Допты жоғары лақтырып ұстап алу,көлбеу қойылған тақтайшаның үстімен аяқтың ұшымен жүгіру

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу ояту

Жалпы сапқа тұру,түзелу,сәлемдесу.Бір тізбекпен жүру.Қолды екі жаққа созып,белге қойып,ұйыққа қойып,шынтақты айналдыра жүру.Алдыға және артқа қарай 5 рет қайталау. Қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшымен «Күнге жет» жүрісімен, өкшемен «шөжелерше» жүру.Шөжелер өсіп, әтештер болды-тізені жоғары көтеріп жүру.Алма-кезек жәй және қатты қарқынмен жүгіру.Жүру,тыныс алу жаттығулары.3 тізбекке тұру.

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру іздестіру

Батпанмен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары:

  1. «Батпанға қара». Б.қ.: екі аяқ иық кеңдігінде,екі қолға батпан ұстап,төмен түсіріп тұру. 1. Қолды екі жаққа созу.2. Жоғары көтеру. 3.Екі жаққа созу.4.Бастапқы қалыпқа келу.6-8рет қайталау.

  2. «Күштілер» екі аяқ иық кеңдігінде,қолды екі жаққа созу. 1.Шынтақты бүгіп, оңға(солға) қимыл жасау.2. Қолды екі жаққа созу. 3. Б.қ-қа келу.

  3. «Иілу» Б.қ.: екі аяқ иық кеңдігінде, қол төмен түсіріп тұрады. 1.Аяқты бүкпей,алға иіліп,батпанды еденге қою.2. Б.қ-қа келу.6 рет қайталау.

  4. «Отыру» Б.қ.: негізгі тұрыс.1.Қолды жоғары Б.қ.:көтеріп,отыру.2. Б.қ-қа келу.6 рет

  5. «Жан-жаққа иілу.» Б.қ.:тізерлеп тұру,қол белде. «1-3»дегенде оңға,солға иілу. «4» дегенде б.қ-қа келу.4 рет қайталау.

  6. «Сырғану» Б.қ.: қолды еденге тигізіп,шалқасыннан жату.1.Оң жаққа жылжу. 2.Тоқтау.3.Сол жаққа жылжу. «4» дегенде б.қ-қа келу. 4рет.

  7. «Секіру» Б.қ.: екі аяқ иық кеңдігінде,қол белде.Бір орындатұрып,екі аяқты бір-біріне игзібей секіру.10 рет секру.Бір орында жүріп,қайтадан қайталау.Б.қ.:

Балалар барлық қимылдары тәрбиешіге қарап,қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Рефлексивті-түзетушілік

  1. Көлбеу қойылған тақтайшаның үстімен аяқтың ұшымен шығып,түсу.

  2. Допты жоғары лақтырып,бір қолмен қағып алу.

  3. «Күміс алу» қозғалыс ойыны.

Қимыл-қозғалыс оййынды ойнату.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады

Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады.

Түсінеді

Т дыбысын оқып,жаза алады.

Қолданады

Сұрақтарға толық жауап беруге,үйрену
































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

Күні:

Білім саласы: Таным

Кіші сала: Математика

Тақырыбы: «5саны мен цифыры» 5 санының жасалуы.Тура және крі санау.

Мақсаты: Балаларды 5саны және цифырымен таныстыру.

5-тің пайда болу негізін ұғындыру.5 цифырын дәптерге жазуға үйрету.

Билингвалдық компонент: қосу-плюс, алу-минус, бес-пять

Қызмет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

«Санамақ» арқылы іс-әрекетті бастау.

Көрсетілген санға байланысты санамақтарды айтады.

Ұйымдастыру іздестіру

Ұйымдастыру кезеңі.

0-дан 10-ға дейін тура және керу санау.

Слайдтарды қарап,суреттер бойынша сұрақтарға жауап береді.







5-санның шығу жолын түсіндіру.

Сурет бойынша есеп құрастыру.

0-ден 5-ке дейін санау.

Үлестірме материалмен жұмыс.

Бірінші қатарға 4 дөңгелек,ал екінші қатарда 1-еуі артық.Нешеуін салдыңдар?

Салыстыру,теңестіру.

Дәптермен жұмыс.

Сандарды жазу.

Бос орынға сандарды қой.

Д\о: «Салыстыр,санын теңестіру»

Сергіту сәті:

Фличарт арқылы ойын:

«Орынын тап», «Нешеу артық?»

Тура және кері санайды

Заттардың орналасуы,оларды бір-бірімен салыстырғанда қайсысы кем, қайсысы артық, сұрақ-жауап арқылы жұмыс жасайды.

Айтылған сөздерді мұқият тыңдайды.

0-ден 5-ке дейін санайды.

Тапсырманы дұрыс орындауға тырысады.Бірін-бірі тексереді.

Дәптермен жұмыс жасағанда отыру,қаламды ұстау ережелері еске түсіріледі.

Ойынға белсенді қатысады.

Қимыл қозғалыс жасайды.Интерактивті тақтамен жұмыс жасайды.Қызығушылықтары артады.

Рефлексивті-түзетушілік

Балалардың ойлау қабілетін дамытып,сабақты қорытындылау.Балаларды мақтап,мадақтап,баға қою.

Торкөзбен нақты танысу.

Сабаққа толығымен қатысып,алған бағаларына мәз-мейрам болулары.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады

1,2,3,4,5 санын

Түсінеді

Көрнекіліктер арқылы есеп шығарғанды

Қолданады

Ұқыпты жұмыс жасауда






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
602
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12