400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғ дыбысы және әрпі ӘЛІППЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғ дыбысы және әрпі Әліппе 1 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Бөлім:

Әліппе

Әліппе кезеңі

Мектеп: _________________

Педагогтің аты- жөні:

Күні:



Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ғ дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

1.1.5.2 сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу;

1.2.1.2* оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;

1.2.5.1* мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;

1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу



Сөйлеу б/да дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтайды, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізеді.

Оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады.

Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қояды, сұраққа жауап береді.

Жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазады

Shape1

210

Shape2













Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

«Мен ғарышкермін» ойыны.

Балалар, өзімізді ғарышта жүрміз делік. Ғарышта ауа болмайтынын білесіңдер. Ауа жоқ жерде заттың да салмағы болмайды. Ендеше біз де салмағы жоқ шар сияқты бір орында тұра алмаймыз. Өзімізді шар

тәрізді сезініп, аяғымыздың ұшымен, дыбыс шығармай қалықтап жүріп көрейік.



Оқушылар музыка әуенін тыңдап, бөлмеде жүреді.


Қолдау






Музыка

Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ғ» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.

«Ғ ғ» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

«Ғ ғ» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.

(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.

1. Сурет бойынша әңгіме құрау.





Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.










1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды:

«Ғарышта ауа болмайды. Онда барлық заттар қалқып жүреді. Ғарышқа ұшатын адамды ғарышкер деп атайды. Ғарышта скафандр кию қажет».




Қолдау











Қолдауды қажет ететін оқушы- ларға көмек беру.






Әріптің баспа және жазба түрі






Суреттер, оқулық


Сызба

Shape3

211



  1. Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.

  2. Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «ғарышкер» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  4. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  5. «Ғ» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

  6. «Ғ» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

  7. Түймелерден «ғ» әрпін жасау.


(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

(МК, Ұ, Ө) Оқылым.

  1. Оқулықтың 63-бетінде берілген сөздер мен мәтінді (жаңылтпашты) мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтастай оқуы.

  2. «Ғ» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

  3. Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің ортасына (аға – таға), сөз соңына (ғарыш – ғарышкер) тиісті дыбысты қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.

  4. Жаңылтпашты жаттатқызып, оқушылардың тез-тез айтуын ұйымдастыру.


Жазылым

  1. Оқулықтағы «ғ» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «Ғ» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «Ғ» әрпін ауада жазып көрсету.

  1. Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (4).

  2. Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді (Ғарышқа ұшатын адамды ғарышкер деп атайды.) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 6 сөз бар.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар

«ғарышкер» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «ға-рыш- кер» деп буынға бөледі.

  1. «Ға-» бірінші буынын айтып, қай дыбыс созылмай айтылып тұрғанын табады.

  2. «Ғ» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  3. Түймелерден «ғ» әрпін жасайды.



  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  3. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.





1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы

«ғ» әрпінің бас және кіші әрпін
















Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.







Қолдауды қажет ететін оқушы- ларға көмек беру.








Оқулық. Әріптің баспа түрі.

Түймелер






Оқулық





Жаңылтпаш








Жазу дәптері

Shape4

212



4. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.

жазады. Үлгі бойынша сөздерді жазады.

2. Әр сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –

«Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».


Оқушыларға қолдау көрсету.


Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Бос ұяшықтағы сөздің орнын таппас бұрын оқушыларға өлең жолының соңғы сөздері ұйқасатынын ескерту.


Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

  1. деңгей:

Өлеңді оқы. Дыбыс сызбасының көмегімен бос ұяшыққа тиісті сөзді тап.

  1. деңгей:

Өлеңдегі «ғ» дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жаса.

  1. деңгей:

Өлеңдегі ұйқас сөздерді тап.



«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс Мұғалімнің жаңылтпашпен жұмысты QR-пен немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы. Сұрақ, жауап арқылы оқушылардың бүгінгі сабақта өтілген жаңа дыбыс пен әріп бойынша білімін бекіту.


Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.



  1. деңгейдегі оқушылар өлең ұйқасына қарай және сөздің дыбыс сызбасы арқылы жаңа сөзді табады: торғай.

  2. деңгейдегі оқушылар өлеңдегі

«ғ» дыбысы бар сөздерге (қарға, таға, торғай, тоғай) дыбыстық талдау жасайды.

  1. деңгейдегі оқушылар өлеңнен ұйқас сөздерді (қарға–таға; торғай – тоғай) табады.


  1. Оқушылар жаңылтпашты тыңдайды.

  2. Жаңылтпашта жиі кездесіп тұрған дыбысты анықтайды.

  3. Жаңылтпашты жатқа айтады.








Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.








Саралау тапсырмалары





Әліппе. Үнтаспа.

«Атамұра», 2020

Рефлексия

Оқушылар бүгін сабақта не

меңгергенін жазып, таңдаған шыңына орналастырады.

Өзін-өзі бағалау

Шыңның суреті



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
08.11.2023
305
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі