Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Г дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдермен тәжірбие алмасу , жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді тәсілдерін көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні: 26.07.2017

Сынып: 1

Екібастұз қаласы №5 ЖОББМ

Мұғалімнің есімі: Акашева Алия Нурлыбековна

Пәні:

Сауат ашу


Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мен және табиғат. Г дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.1.9.3.Сөздің буыннан тұратынын және сөздегі буын санын анықтау.

1.1.9.2 Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін

түсіну.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы: Г дыбысы мен әрпін таниды, ажыратады.

Көптеген оқушы: Буын санын ажырата алады.

Кейбір оқушы: Дыбыстарды айтылудағы айырмашылығын ажырата біледі, нақты сөйлеу арқылы түсінгенін еркін жеткізе алады.

Бағалау критерийлері

Г әріпін таниды және ажыратады.

Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.

Буын санын ажыратады

Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін

түсінеді, түсінгенін еркін жеткізе алады.

Тілдік мақсаттар

Гүл - цветок – flower

Ардагер – ветеран - veteran

Кереге – киіз үй сүйегінің қабырғалық бөлігі, талдан, жіңішке қайыңнан жасалады.


Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды үлкендерге құрмет көрсетуіне, ұлттық құндылықтарды естен шығармауға, әсемдікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану сабағы, дене шынықтыру сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Бастапқы білім

Алдағы өткен әріптерді таниды, оларды атай алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

1.Ұйымдастыру.

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

2. Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын.

Бұл немене балалар,

Үзуге адам қимайтын.

(Гүл)

«Гүлдер әлеміне саяхат» әдісі бойынша топқа бөлу.

Тақтаға теріс қаратып, гүлдер суретін жасырып қоямын.

Гүлдердің түрлері бойынша топқа бөлемін.

Гүл – әсемдік символы.Гүлді мерекеде, тойда, қуанышта, туған күнде бір-бірімізге сыйлаймыз.


Шаттық шебері


Таныстырылым,


Сабақтың ортасы

8 минут



- Гүл – дегенде қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? –Г

Олай болса, біздер бүгін Г дыбысымен және әріпімен танысамыз. Г г дыбысы, дауыссыз дыбыс, ұяң дыбыс, сөздердің басында, ортасында кездеседі.

Гүл сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Оқылым. №1 тапсырма

Бағандағы сөздермен жұмыс . ..........

Бағандағы сөздердің мағыларын түсіндіре отырып, буынға бөлін оқыту.

е геу – үй шаруасында қолданылатын құрал

ке ре ге – киіз үйдің бөлігі(шаңырақ,уық,кереге)

ше ге – үй шаруашылығына пайд.ағаш қағ.зат

не ге – сұрақ

ар да гер – құрметті, ардақты, қадірлі адам

Гүлнұр – есім


Дескриптор:

  • Берілген сөздердегі дұрыс оқиды

  • осы сөздерге дыбыстық талдау жасайды

  • буын санын анықтайды

Бағалау:

«Үлдірленген критерийлер»

Бағалау үшін достық пиғылдағы критерийлері бар үлдірленген карточкалар дайындаңыз.





«Серпілген сауал» әдісі


Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырдым

Мысалы:

- г дыбысына басталатын сөздер айт

- г дыбысы сөздің ортасында келетін сөздер айт

Дескриптор:

  • оқушылар г дыбысы бар сөздерді біледі, айтады

Бағалау:

«Шапалақ ұру» әдісімен ынталандыру



Тыңдалым

2 Үнтаспа арқылы мәтінді тыңдату. Мәтін мазмұны бойынша «Ашық микрофон» әдісі бойынша ашық сұрақтар қою арқылы сұрақтарға жауап беру.

Айнұр не деуі мүмкін?

Гүлнұрдың іс-әрекетін талқылаңдар.

Дескриптор:

- Тақырыпты түсінеді, нақты сөйлеу арқылы түсінгенін еркін жеткізе алады.

«Бас бармақ» әдісі бойынша бағалау.



оқулықпен жұмыс





























Сергіту сәті

1 минут

«Көңілді күн» бейне арқылы жаттығу жасату

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Сабақтың соңы

16 минут


Айтылым

3 Ойлан, жұптас, пікірлес әдісі бойынша

Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Жұптас) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Пікірлес).

  • Қандай өзгеріс байқадыңдар?

  • Қорытынды шығарып көріңдер.

Сөз соңында к әрпінің г-ге айналып кету жағдайы.

Г дыбысы қазақ тілінде сөз соңында келмейді. Кк дыбысынын аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе к- г–ге айналады.

Сөз соңында к әрпінің г-ге айналып кету жағдайы.

терек-терегі ілгек-ілгегі жәшік- жәшігі шелек-шелегі

Дескриптор: - дыбыстарды айтылудағы айырмашылығын ажырата біледі

Бағалау: Оқушылар смаиликтер арқылы сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



«Константинополь» әдісі


Бүгінгі негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастырып жаз.

Дескриптор:

- Қысқа сөздер құрастырып жаза алады

- Сөздік қорлар көбейеді


«Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау

жасыл: 10 және одан да көп сөз

сары: 8 және одан да көп сөз

қызыл: 6 және одан да көп сөз





Рефлексия

«Табыс ағашы» әдісі бойынша сабақты меңгеру деңгейін анықтау.

Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін анықтау

Оқулық



















Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

  1. «Ойнайық та, ойлайық» - бір-біріне «Бағдаршам әдісі.

  2. «Орнын тап» ойыны.

  3. «Бас бармақ» әдісі

  4. «Серпілген сауал» әдісі

5. «Ашық микрофон» әдісі

6. «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі бойынша

7. «Білім ағашы» әдісі


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Дүниетану сабағы, дене шынықтыру сабағы.

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
543
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12