Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы және әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ғ дыбысы және оның әріп таңбасыменен таныстыру. Дидиктикалық материалдарды пайдалана отырып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту.
Балалардың ғ дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, сөздік қорына мән беріп, байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әріп, суреттер, текшелер.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Балалар шаттық шеңберіне тұрадызып, өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.
Кел балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік!
- Кәне, балалар көңіл күйіміздің қандай екенін, көрсетейікші.
- Жарайсыңдар, ендеше осындай жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық!
1. Балаларға ғарыштың қиылған суреті беріледі. Балалар оны құрайды. (құраған соң сұрау)
- Балалар, сендер ненің суретін құрадыңдар?
- Ғарыш
-Ғарыш қай дыбыстан басталып тұр?
-Ғ дыбысынан
- - Жарайсыңдар! Демек бүгін біз Ғ дыбысымен танысамыз
2. Ғ дыбысы туралы түсіндіру.
- Балалар, ғ дыбысын айтып көрейік.
- Ғ қандай дыбыс?
- Неліктен дауыссыз?
- Қандай текшемен белгілейміз? - Дыбысты біз айттық, естідік, енді ғ дыбысының таңбасымен танысайық. (Әріптің баспа түрі көрсетіледі).
Әліппе дәптермен жұмыс:
3. Ғарышқа сапар (Тыңдалым)
Ғаламат ерлік көп қандай,
Ғажайып неткен ел еді!
Ғарыштан келген Тоқтардай
Ғарышкер болғым келеді!
- Балалар, өлеңде кім туралы айтылған?
- Тоқтар Әубәкіров жайлы
- Тоқтар Әубәкіров кім?
- Осы өлең жолдарында Ғ дыбысы кездесетін қандай сөздер бар?
- Ғаламат, ғарыш, ғарышкер, ғажайып.
4. Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар? (АЙТЫЛЫМ)
Балалар қысқаша әңгімелеп береді.
5. Ғаламшар, ғарыш, ғарышкер сөзіне дыбыстық талдау жасату.
- кәне балалар енді біз «сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнайық
Ғ дыбысына байланысты кім тез сөздер тауып айтады?
- Кәне, кім таға сөзін тақтаға әріптер арқылы жазып береді? (Бір бала тақтаға таға сөзін құрап береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында отырып дауыстап айтады, шапалақ ұру арқылы буынға бөледі).
Сергіту сәтін өткізу.
Солға, солға түзу тұр.
Оңға, оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым.
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық. (Қимылмен көрсету).
Тақтадан Ғ дыбысы қатыстырылған сөздерді оқыту (Оқытылым)
-
«Сөйлемді толықтыру» дидактикалық ойыны.
Шарты: педагог бірнеше сөйлемнің басын оқиды. Балалар аяқталмаған сөйлемді аяқтайды.
-
Өзімнен үлкен бауырым-... . (аға)
-
Қыз құлағындағы әшекей-... .( сырға)
-
Атам ат ... . (тағалады)
Тіл ұстарту жаттығуы. Ға-ға-ға
Атқа тақты таға.
Үйреніп ал «Ғ» -ны,
Сұра, болса ағаң.
Көріппе ең шалғыны,
Аумайды ол содан
(Ғ әріпін шалғының суретімен көрсету)
-
Ғ әрпін ауада жазып көрсетелік (балалар бірге ілесіп жазады).
-
Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ғ әрпін жазамыз. (ЖАЗЫЛЫМ)
ҰОҚ-ның қорытындысы.
Рефлексия. Педагог балалардың оқу қызметіне белсенділіктерін бақылау бойынша талқылап, оқу қызметін қорытындылайды
Рефлексия: балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ғ ғ дыбысы мен әрпі"
Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы және әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ғ дыбысы және оның әріп таңбасыменен таныстыру. Дидиктикалық материалдарды пайдалана отырып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту.
Балалардың ғ дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, сөздік қорына мән беріп, байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әріп, суреттер, текшелер.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Балалар шаттық шеңберіне тұрадызып, өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.
Кел балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік!
- Кәне, балалар көңіл күйіміздің қандай екенін, көрсетейікші.
- Жарайсыңдар, ендеше осындай жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық!
1. Балаларға ғарыштың қиылған суреті беріледі. Балалар оны құрайды. (құраған соң сұрау)
- Балалар, сендер ненің суретін құрадыңдар?
- Ғарыш
-Ғарыш қай дыбыстан басталып тұр?
-Ғ дыбысынан
- - Жарайсыңдар! Демек бүгін біз Ғ дыбысымен танысамыз
2. Ғ дыбысы туралы түсіндіру.
- Балалар, ғ дыбысын айтып көрейік.
- Ғ қандай дыбыс?
- Неліктен дауыссыз?
- Қандай текшемен белгілейміз? - Дыбысты біз айттық, естідік, енді ғ дыбысының таңбасымен танысайық. (Әріптің баспа түрі көрсетіледі).
Әліппе дәптермен жұмыс:
3. Ғарышқа сапар (Тыңдалым)
Ғаламат ерлік көп қандай,
Ғажайып неткен ел еді!
Ғарыштан келген Тоқтардай
Ғарышкер болғым келеді!
- Балалар, өлеңде кім туралы айтылған?
- Тоқтар Әубәкіров жайлы
- Тоқтар Әубәкіров кім?
- Осы өлең жолдарында Ғ дыбысы кездесетін қандай сөздер бар?
- Ғаламат, ғарыш, ғарышкер, ғажайып.
4. Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар? (АЙТЫЛЫМ)
Балалар қысқаша әңгімелеп береді.
5. Ғаламшар, ғарыш, ғарышкер сөзіне дыбыстық талдау жасату.
- кәне балалар енді біз «сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнайық
Ғ дыбысына байланысты кім тез сөздер тауып айтады?
- Кәне, кім таға сөзін тақтаға әріптер арқылы жазып береді? (Бір бала тақтаға таға сөзін құрап береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында отырып дауыстап айтады, шапалақ ұру арқылы буынға бөледі).
Сергіту сәтін өткізу.
Солға, солға түзу тұр.
Оңға, оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым.
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық. (Қимылмен көрсету).
Тақтадан Ғ дыбысы қатыстырылған сөздерді оқыту (Оқытылым)
-
«Сөйлемді толықтыру» дидактикалық ойыны.
Шарты: педагог бірнеше сөйлемнің басын оқиды. Балалар аяқталмаған сөйлемді аяқтайды.
-
Өзімнен үлкен бауырым-... . (аға)
-
Қыз құлағындағы әшекей-... .( сырға)
-
Атам ат ... . (тағалады)
Тіл ұстарту жаттығуы. Ға-ға-ға
Атқа тақты таға.
Үйреніп ал «Ғ» -ны,
Сұра, болса ағаң.
Көріппе ең шалғыны,
Аумайды ол содан
(Ғ әріпін шалғының суретімен көрсету)
-
Ғ әрпін ауада жазып көрсетелік (балалар бірге ілесіп жазады).
-
Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ғ әрпін жазамыз. (ЖАЗЫЛЫМ)
ҰОҚ-ның қорытындысы.
Рефлексия. Педагог балалардың оқу қызметіне белсенділіктерін бақылау бойынша талқылап, оқу қызметін қорытындылайды
Рефлексия: балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.
шағым қалдыра аласыз













