Материалдар / Ғ. Мүсірепов "Ұлпан" романы

Ғ. Мүсірепов "Ұлпан" романы

Материал туралы қысқаша түсінік
Автор өмірі мен Ұлпан романымен танысу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Тамыз 2024
106
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы

Түлкібас ауданы

«Жанкент» жалпы орта мектебі









Shape1



Тақырыбы: Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы Ұлпан бейнесі











Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Сабралиева Н.Е.









2022-2023 оқу жылы



«Тексерілді» ___________________


Қысқамерзімді жоспар


Бөлім:

«Адам жанының құпиясы» бөлімі

Педагогтің аты-жөні:

Сабралиева Н.Е.

Күні:

17.02.2023ж

Сынып: 9 «Ә»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

"Ұлпан" романындағы Ұлпан бейнесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;

9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтай алады. Білім алушылар шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалай алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

  1. мин.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Жүректен жүрекке” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.


II. Топқа бөлу

«Шам жағу» әдісі

Шеңбер бойына жиналған оқушылар топ аттары жазылған шамды таңдау арқылы топқа бөлінеді



III. Үй жұмысын тексеру

«Таяқшалар» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді. Таяқшаларға барлық оқушылардың есімдері жазылған. Бір оқушы таңдап, оған тақырып бойынша сұрақтар қоямын





Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айту арқылы көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады




Оқушыларды шығарма кейіпкерлер арқылы 3-топқа бөлінеді.

1-топ: «Есеней тобы»

2-топ: «Ұлпан» тобы

3-топ: «Торсан» тобы



Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

1. Ғ. Мүсірепов қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

2. Жазушының қандай шығармаларын білесің?

3. Жазушының екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған туындысы? (Қазақ солдаты)

4. Жазушының қай шығармасына кинофильм түсірілді? (Амангелді)

5. Ғ. Мүсіреповтың драматургия саласында жазылған қандай пьесаларын білесің?

6. «Оянған өлке» романының негізгі тақырыбы қандай?

7. Жазушының атом бомбасының ауыр зардабы туралы жазған трагедиялық шығармаларын ата?


Дескриптор:

  • сұрақтарға жауап береді

  • сұрақтарды талқылайды

  • өз ойын айтады

ҚБ:

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.




ҚБ:

Оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалау





9-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері

Слайд

АКТ

Жаңа сабақ



«Миға шабуыл» әдісі

Интерактивті тақтадан «Ұлпан» романы туралы бейнеролик көрсету


  1. Ұлпанның тұлғалық болмысын қалай сипаттар едің?


  1. Қазіргі заман қыздарымен Ұлпанның салыстырмалы бейнесін қалай елестетесің?

Оқушылар бейнероликті мұқият көреді. Сұрақтарға жауап береді

ҚБ:

Оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалау






Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.


1-тапсырма:

«Lays Lesson» әдісі арқылы кейіпкерлерге сипаттама беріңдер. Шығарманың идеясын табыңдар


Оқушыларға кейіпкерлердің аттары жазылған чипсы таңдау ұсынылады, оқушылар таңдап алған кейіпкеріне қысқаша сипаттама береді, шығарманың идеясын табады




Оқушылар кейіпкерлердің аттары жазылған чипсыларды таңдап алып, ондағы кейіпкерге сипаттама береді.



Дескриптор:

  • Романдағы кейіпкерлерді анықтайды

  • Кейіпкерге сипаттама береді

  • Шығарманың идеясын табады

ҚБ:

Оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалау











9-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері

Слайд

АКТ

2-тапсырма:

Топтық жұмыс

«Балық қаңқасы» әдісі арқылы топтарға сұрақтар беріледі. Оқушылар сұрақтарға топтаса жауап іздейді, өз ойларын айтады














Топтарға сұрақтар беріледі.

Оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасайды.

«Ұлпан» тобы:

Неліктен Ұлпан Есенейге тұрмысқа шығуға келісімін берді? Бұл келісімге сендердің көзқарастарың қандай?



«Есеней» тобы:

Не себепті Есеней Ұлпанды «Ақнарым» деп атаған? Романнан үзінді келтіре отырып түсіндіріңдер?


«Торсан» тобы:

Не үшін Ұлпанның өмірі қайғылы аяқталды? Ұлпан тағдыры туралы пікірлеріңмен бөлісіңдер?


Дескриптор:

  • Проблемалық сұрақтарға жауап бере алады

  • Оның себебін анықтайды

  • Дәлелдер келтіреді

  • Қорытынды жасайды

ҚБ:

«Смарт сағат» әдісі арқылы бағалау


9-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері

Слайд

АКТ

3-тапсырма:

Жұптық жұмыс

«Венн диаграммасы» әдісі арқылы шығармадағы Ұлпан бейнесін М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы Ұлжан бейнесімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңдер








«Венн диаграммасы»

Ұлжан

Ұқсастығы

Ұлпан







Дескриптор:
  • Шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырады

  • тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

ҚБ:

«Смарт сағат» әдісі арқылы бағалау



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.



«Тарсия» әдісі арқылы шатасқан сұрақтар мен жауаптарды бір-бірімен сәйкестендіру арқылы сабақты бекітемін



Кері байланыс

«Tik-tok» әдісі арқылы кері байланыс жүргіземін


Үйге тапсырма: «Ұлпан-ел анасы» тақырыбында эссе жазу.



Оқушыларға сұрақтары мен жауаптары жазылған қима қағаздар беріледі, дұрыс жауаптарымен сәйкестендіріп, плакатқа жабыстырады


Сабаққа кері байланыс береді

ҚБ:

1-10 балдық жүйе бойынша бағалау



9-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері















Шығарманың оқиғасы – ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негізделген. Романдағы бас кейіпкер Есеней - қалың Керей-Уақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы биі, атақты байы. Ол Шыңғыспен партиялық сайлауда таласса, тең түсетін өткір сөзді, алып денелі, қара нар іспеттес қайраткер. Жасында жауынгер, найзагер батыр да болған. Кенесарының қалың қолымен кескілескен ұрыста ерлік көрсеткен, екі жүз сарбазын тұтқындап стапқа өткізген, кейін жараланып, орыс-қазақтары дәрігерлерінің көмегімен ажалдан аман қалған.

Ол қалың жылқысын өзінің жауынгер досы, бүгінде аяқ қолы топ болып қалған Артықбай батырдың жайылымына байқамай қаптата жайып келе жатқанда оның алдынан ерекше киінген кесек тұлғалы, батырдың қызы Ұлпан қарсы шығып, Есенейді еселі сөзбен жеңіп, айып төлетеді. Есеней оны ұл бала деп ойлайды. Ол бұдан он үш жыл бұрынғы әкесі Артықбай батырдың үйінде Есеней намаз оқып отырғанда еркелеп мойнына асылып, «Мен түйеге мініп кеттім! Әке, сен үйде қалдың!» деп маза бермейтін қара қыз. Бүгінде аңшы, құсбегі, жылқышы болып ат құлағында ойнап өскен батыр қыз. Оның екі баласы бір күнде шешектен өлген, бүгінде елуден асып, ел ағасы болған еңсегей бойлы Есеней бір балаға зар болып жүріп, өзінен қырық жас кіші қара торы өткір қыз Ұлпанға ғашық болады, Ұлпанды екінші әйелдікке алады.

Айналасы он-он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады. Бүкіл Торғай уезіне Есенейдің аты Ұлпанның атымен қатар жайылады. Ұлпанның шалы Есеней тоғыз жыл топ болып жатып қайтыс болады. Одан қалған жалғыз қызы Біжікенді Ұлпан Торсан деген пысық жігітке үйлендіріп, қолына күшік күйеу етіп енгізіп алады. Біжікен жүкті болып, толғатар алдында қайтыс болады.

Біжікеннің өлімінен кейін Торсан Есенейден қалған мал-мүлікті пайдаланып, ағайын-туғандарымен араздасып, Ұлпанды «отырса — опақ, тұрса — сопақ» етеді. Қорлыққа шыдай алмаған ер мінезді Ұлпан: «Маған көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін»,—деп қарғап, бір түнде у ішіп өледі. Ел анасы болған Ұлпанның қарғысына ұшыраған Торсанның үлкен ұлы Шоқан болыс әкесінің зұлымдығына шыдай алмай өзіне-өзі пышақ салып өледі. 1920 жылы кеңес үкіметі кезінде Торсан өліп, балалары қаңғып кете барады да, Торсанның шаңырағы шайқалып ортасына түседі. . Ұлпан өлгеніне жетпіс бес жыл болған нағашы атасы Сырым батырға әнші, күйші, домбырашы, палуан, атбегі адамдарын ертіп, Сыр бойына айғыр үйір жылқы айдап барып аза тұтып, асын бергізеді. Осы астан кейін жиырма бес жыл өткенде (1906 ж. шамасында), Орынбор — Ташкент темір жолы салынған кезде, «Ұлпан ас берген көл» жағасынан өткен темір жол стансасының атын «Ұлпан» атайды (Шалқардан кейінгі стансия). Романның ерекшеліктерінің бірі - қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болады.









Шығарма кейіпкерлері

  • Ұлпан — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері. Ұлпан ата-анасының тұңғышы мен жалғызы болғандықтан өте еркін өсіп, еркекшора киінген. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық, тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген. Сондай-ақ көркіне мінезі сай биязы да инабатты, сұлу да сымбатты. Ұлпан сөзге шешен, ақылды да, батыл қыз болып өседі. Ұлпанның мінезі де ашық жарқын, ақ көңіл. Әрі өз ой-пікірін ашық, нақты жеткізетін болған. Ұлпан — кең пейілді, адамгершілігі мол Сибан елінің кедей-кепшігіне қол ұшын беретін әйел.

  • Есеней — романдағы тағы бір ең басты кейіпкерлердің бірі. Есеней Шыңғыс сұлтанның беделді биі. Оның даңқы, атағы бес болыс Керей-Уақ елін Кенесарының шапқыншылығынан аман алып қалған тұста дүркіреп шыққан, жасы алпысқа келген. Есеней - ол дәулетті, қатал билердің бірі болған. Ол — ауыр сүйекті, балуан денелі адам. Бар өмірі ат үстінде таза ауада өтіп келе жатқандықтан, үсті-басы қол батпайтын білеудей -білеудей бұлшық ет, бірақ қарны шыққан емес. Есеней діндар адам болғанымен бір кезде аса адуын, озбыр би болатын.

  • «Түрікпен» Мүсіреп — Есенейдің ең сенімді серігі. Ол аздап сыбызғы тартады. «Бозінген», «Боз мұнай», «Сүйір батыр», «Алқа көл», «Алғашқым» деген күйлері бар. Одан соңғы құмары — бір жақсы ат, қонымды киім, серілеу адам. Қалталарында қалампыр жүреді. Әлі ақ кірместен сақал—мұртын жарасымды қырқып ұстайды. Мүсіреп Ұлпанды өзінің туған қарындасындай жақсы көріп, оған әрқашан қол ұшын береді және бір-бірімен қалжыңдасып жүре береді.

  • Аңшы Мүсіреп — Есенейдің достарының бірі. Өзі мерген, шебер, аң аулаудан жанын салмайтын адам.

  • Шынар — түрікпен Мүсірептің сүйген жары, өмірлік серігі. Шынардың әкесі етікші болған. Шынар — қыпша бел, сұңғақ бойлы, қызыл шырайлы торғылт келіншек. Өзі ақ жарқын, кішіпейіл, адамгершілігі мол жандардың бірі. Аяғында кестелі етігі бар. Көк қиығының құйрығы азғана көтеріңкі. Сол жақ бетінде бармақ баттысы бар.

  • Артықбай мен Несібелі — Ұлпанның ата—анасы.

  • Біжікен — Есеней мен Ұлпаның қызы. Шын есімі – Бибіжиһан. Торсанның әйелі

  • Тілеміс — тілмаш және Торсанның әкесі.

  • Байдалы биТоқай биКүзембай болыс ,кәрі би Өтеміс — ауылдың әділдік төрелік айтқан би-болыстары.

  • Хұсайынғази — молда.

  • Еламан — Есеней бидің інісі. Сөйлесіп, көңіл көтеруге де жарамайтын адам. Аңға шықса далақтап шауып, айқайлап, шулап аңды күндік жерден үркітіп жібереді.Еламанның үш баласы да өзі сияқты сотқар, арампаз болған.

  • Айтолқын — Еламанның әйелі. Оның бойы шарғылау,бөктеріншектілеу келген. Айтолқын өзін бәрінен жоғары ұстайды, сондай-ақ көкіректеу. Барша адамды сынағанды ұнатады.

  • Торсан — Біжікеннің күйеуі.Қазақ денелі, кавказ көзді жас жігіт. Ол Сипап қаласында орысша бастауыш мектеп бітірген, өзге замандастарынан өресі биік, білгір де ұтымды, ойын-сауықта жұмысы жоқ, іскер жігіт. Торсан алдамайтын, алданбайтын, адалдығына кір жұқтырмайтын адам болған. Торсан үй ішілік жайларда өте жұмсақ.

  • Түлен мен Мырзаш – Түлен саудагер, Мырзаштың әкесі. Мырзаш Ұлпанның айттырған күйеужігіті









Келе-келе Есеней Ұлпанға Есеней, Ақнар деп ат қояды. Есеней дегені − бұл символ. Бұрын бұл елдің көсемі мен едім, енді сен болдың дегенді аңғартады. Ақнар деп атау себебі қазақтың нардан қасиетті, нардан күшті, нардан сұлу, нардан қадірлі несі бар! Сондықтан Есеней Ұлпанды Ақнарым деп те атай береді. Ұлпан өзінің ақылымен, парасаттылығымен жасаған игі, ізгі, жақсы касиеттерінің арқасында тек қана Сибан еліне ғана емес, сонымен бірге Сібір генерал-губернаторына да таныла бастайды. Ұлпан үйі жоқтарына үй беріп, аты жоққа ат беріп, Есенейдің жарты малын Сибанның жоқ- жітігіне үлестіріп жібереді. Бәрі байып алып, енді «орыс үй» салдырып береді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ