«Ғабит Мүсірепов –көркем сөз зергері» (Жазушы шығармашылығы)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ғабит Мүсірепов –көркем сөз зергері» (Жазушы шығармашылығы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен талдауға алынған 9 сыныптың Қазақ әдебиеті пәні бойынша Ғ.Мүсірепов шығармашылығына арналған «Ғабит Мүсірепов –көркем сөз зергері» тақырыбы болды. Сабақтың оқу мақсаты: 9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыдан салыстырып, жаңашылдығына баға беру. Сабақ мақсаты: Ғ. Мүсірепов шығармаларына заманауи тұрғыдан салыстырады,жаңашылдығына баға береді . Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылар топқа бөлініп, жағымды ахуал туғызу мақсатында жақсы тілектер айтылды. Әр топқа тапсырма бермес үшін оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында М.Шахановтың «Қаламдас досқа» атты өлеңі оқылды. . Осы өлең арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндіріліп, өткен білімге сұрақ жауап арқылы шолу жасалды. Сұрақ- жауапты оқушылардың ұялы телефонына бағдарлама арқылы енгізу арқылы жауап берушілердің саны мен дұрыс жауабы көрініп отырды. Жаңа сабақ жазушы шығармашылығына арналғандықтан оқушылар топтық жұмыста постер қорғап, салыстыру, талдау, пікірлер ж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

ПӘні: Қазақ әдебиеті

Сынып 9 сынып

Пән мұғалімі: А.Н.Диханова

Бөлім: Адам жанының құпиясы

Сабақтың тақырыбы

«Ғабит Мүсірепов –көркем сөз зергері» (Жазушы шығармашылығы)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыдан салыстырып, жаңашылдығына баға беру

Сабақтың мақсаты

Ғ. Мүсірепов шығармаларына заманауи тұрғыдан салыстырады,жаңашылдығына баға береді

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

І.Топтастыру. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау


ІІ.Қызығушылықты ояту:

М.Шахановтың «Қаламдас досқа» атты өлеңі оқылады.


Ғұмыр бойы тыным көрмей арпалысқан Ар үшін,

Шыншыл, адал мінезімен жақын еткен алысын,
Күллі қазақ өнерінің арқалаған намысын
Сенімен де қоштасар кез келгені ме, арысым?!
Саған деген қошеметтің ұлан-ғайыр аумағы,
Табытыңа бас иіп тұр қазақтың бар таулары.
Саған сәлем кең далаңнан – жанарынан жас тамған,
Саған сәлем жас буыннан – жазылмаған дастаннан.
Қай кезде де туған елге деген ұлы махаббат
Өз ұлтының даналарын қадірлеуден басталған.
Ғасырына қуат қосқан даңқыңды ешкім бөгемес,
Қазақтың сөз өнерінен бой көтерген Эверест.
Қадірлім-ау, ескерткіш қып сенің ұлы тұлғаңа
Көк тіреген Алатаудың өзін қойса, көп емес.




Топқа бөлінеді. Бір- біріне жақсы тілектер айтады.




М.Шахановтың «Қаламдас досқа» атты өлеңі оқылады


Сыни тұрғыда ойлап жауап беруі бағаланады.

(Жарайсың, керемет, жақсы, т.б.)



9-сынып

«Қазақ әдебиеті» оқулығы



Өткен білімге шолу:










Ғ.Мүсірепов өміріне арналға сұрақтар қойылады:

1.Ғ.Мүсірепов кім?

а) ақын ә) би б) айтыскер в) жазушы

2.Ғ.Мүсірепов қай жылы дүниеге келді?

а) 1802 ж ә) 1942 ж б) 1912 ж в) 1902 ж

3.Ғ.Мүсірепов Қазақстанның қай облысында дүниеге келді?

а) Оңтүстік Қазақстан облысы ә) Солтүстік Қазақстан облысы

б) Шығыс Қазақстан облысы в) Батыс Қазақстан облысы

4. Ғабиттің әкесінің аты кім?

а) Мұхамед ә) Махат б) Махмұт в) Мұхтар

5. Ғ.Мүсірепов қай жылы қайтыс болды?

а) 1995 ж ә) 1985 ж б) 1965 ж в) 1975 ж

6. “Қазақ солдаты” қай жылы жарық көрді?

а) 1950 ж ә) 1940 ж б) 1960 ж в) 1970 ж

7. “Өлімді жеңген ананы” кімнен аударды?

а) Толстой ә) Горкий б) Пушкин в) Лермонтов



Оқушылар берілген тест сұрақтарына жауап береді












ҚБ








Жаңа білім:

  • Т ж: Ғ.Мүсірепов шығармашылығына талдау жасау

  • І-топ:Жазушының «Автобиографиялық әңгімесін» қазіргі өмірбаянмен салыстыра талдау

  • ІІ –топ: Жазушының «Ана» тақырыбындағы әңгімелеріндегі Ана бейнесін қазіргі ХХІ ғасырдағы Ана бейнесімен салыстыра талдау.

  • ІІІ- топ: «ҒАБЕҢ ТУРАЛЫ ОЙЛАР» Жазушы туралы замандас ақын –жазушылардың пікірін жазып, түсіндіру.


ІҮ- топ: «ҒАБЕҢНЕН ҚАЛҒАН ҚАНАТТЫ

СӨЗДЕР» жинақтап түсіндіру

  • Әр топ мүшелері өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды.








Дескриптор:

-Салыстыра талдау жасайды;

-Пікірлерін жинақтайды;

-Түсіндіреді.







Ғ.Мүсірепов шығармалар жинағы.

9-сынып

«Қазақ әдебиеті» оқулығы

Ұялы телефон



Ж ж«Аялдама» әдісі:

1-оқушы- «Кітапхана» аялдамасы.

2-оқушы- « Ғаламтор бөлмесі» аялдамасы

3-оқушы- «Мектеп фаесі» аялдамасы

4-оқушы-«Мұғалімдер кеңсесі» аялдамасы.

Жеке тапсырма бойынша оқушылар аялдамалардан жазушы туралы мәліметтер жинақтайды.


Топтар бірін –бірі бағалайды


Бекіту:




  • «Тілші» әдісі:

  • Телеарна тілшісінің сұрақтарына жауап беру арқылы бүгінгі сабақты қорыту.

  • «Туған елге соңғы сөз» Жазушы хатын оқу

  • Оқушылар тілші қойған сұрақтарға жауап береді

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Кері байланыс:

Кері байланыс «Зерде»

БІЛІМ- тақырып бойынша алған ақпаратым.

Эмоция- сабақтағы көңіл-күйім.

БАҒА - жетістігіме берер бағам.

Сын - өз бойымда нені дамытуым керек?

Идея - маған келген жаңа ой.


Кері байланысқа берілген парақшаны толтырады













Үй жұмысы:

ЖЖ: «Ана» тақырыбындағы әңгімелерінің жиынтығы негізінде жазылған «Ұлпан» романындағы Ұлпан анаға қатысты мәліметтер жинау

Ұлпан ана туралы деректер жинау





Мен талдауға алынған 9 сыныптың Қазақ әдебиеті пәні бойынша Ғ.Мүсірепов шығармашылығына арналған «Ғабит Мүсірепов –көркем сөз зергері» тақырыбы болды.

Сабақтың оқу мақсаты: 9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыдан салыстырып, жаңашылдығына баға беру. Сабақ мақсаты: Ғ. Мүсірепов шығармаларына заманауи тұрғыдан салыстырады,жаңашылдығына баға береді .

Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылар топқа бөлініп, жағымды ахуал туғызу мақсатында жақсы тілектер айтылды. Әр топқа тапсырма бермес үшін оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында М.Шахановтың «Қаламдас досқа» атты өлеңі оқылды. . Осы өлең арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндіріліп, өткен білімге сұрақ жауап арқылы шолу жасалды. Сұрақ- жауапты оқушылардың ұялы телефонына бағдарлама арқылы енгізу арқылы жауап берушілердің саны мен дұрыс жауабы көрініп отырды. Жаңа сабақ жазушы шығармашылығына арналғандықтан оқушылар топтық жұмыста постер қорғап, салыстыру, талдау, пікірлер жинақтап, қанатты сөздердің мәнін ашып түсіндіру тапсырмаларын орындады. Ал жеке жұмыстар орындау «Аялдама» әдісімен шығармашылығына талдауға кірісті. Осы тұста жекелеген тапсырма берген оқушылардың жауапкершілігі байқалды. Жазушы туралы тың, бұрын естімеген, топтық жұмыста қарастырылмаған еңбектері мен естелік пікірлер жинақталды. Топтық жұмыс кезінде оқушылар өзара бағалаумен, бірін-бірі бағалау арқылы тапсырмаларға оң пікірлер айтты.

Сабақты бекіту кезінде «Тілші» әдісін пайдаландым. Тілші қойған сұрақтардың жауабы шынай, ұтымды болғандықтан , жазушы шығармашылығынан алған білімдері саралана түсті. Оқушылар «Зерде» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс жасап, өз жауаптарына сын көзбен қарап баға берді, жеткен жетістіктері мен сабақтан кейінгі өз ойында туған идеяларын шынайы түрде жеткізді. Топтық жұмыста қаламгердің «Ана» тақырыбындағы әңгімелері талданғандықтан әңгімелер жиынтығының негізінде жазылған «Ұлпан» романындағы Ұлпан анаға қатысты тарихи мәліметтер жинау тапсырылды.

Сабақ үстінде оқушылармен тығыз байланыс жасауға тырыстым, оларды ынталандырып, қошемет көрсетіп, пәнге деген қызығушылығын арттыруға жұмыс жасадым.Сабақ үстінде ұтымды әдістерді қолданып, көрнекіліктер мен АКТ қолдандым және сабағым өз мақсатына жетті деп ойлаймын.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2025
134
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі