400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ғабит Мүсірепов "Өлімді жеңген ана" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды мәтіннің мазмұнын толық қамтуға талаптандыру, жаңа сөздерді меңгерту, мәтіннің мағынасын түсіну арқылы сөйлеу дағдыларын дамытады. Топта жұмыс істеу дағдыларын, оқу және жазу сауаттылықтарын көрсетеді. Мәтіннің мазмұны арқылы оқушылар қайырымдылық, мейірімділік ұғымдарын түсінеді. Сын тұрғысынан жазу мен ойлау әдісі бойынша құрылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ әдебиеті, 8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Өлімді жеңген ана»

Сабақтың мақсаты: Оқушылар мәтінмен танысады, екі жақты түсіндірме күнделігін (ЕЖТК) толтырады.

Білімділік: оқушыларды мәтіннің мазмұнын толық қамтуға талаптандыру, жаңа сөздерді меңгерту, мәтіннің мағынасын түсіну арқылы сөйлеу дағдыларын дамытады.

Дамытушылық: Топта жұмыс істеу дағдыларын, оқу және жазу сауаттылықтарын

көрсетеді.

Тәрбиелік: Мәтіннің мазмұны арқылы оқушылар қайырымдылық, мейірімділік ұғымдарын түсінеді.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сын тұрғысынан жазу мен ойлау әдісі бойынша.

Сабақтың көрнекіліктері:түрлі –түсті маркерлер, А3 және А4 таза парақтары, бағалау парақтары, Ана туралы қанатты сөздер.

Сабақтың әдістері:Ассоциативті топ қүрау, оқу, аудару, мәтінмен жұмыс,

мәнерлеп оқу, алдын-ала дайындау, бағытты оқу, ЕЖТК, 5 жол өлең,

3-5 минуттық эссе.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, тарих.


Сабақтың құрылымы:

І –Ұйымдастыру кезеңі (тіл дамыту сқрақтары)

ІІ-Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ-Ой қозғау.

Ә) ассоциативті топ құрау.

IV- Мағынаны тану.

Ә) бағытты оқу, ЕЖТК, мәнерлеп оқу, алдын- ала болжау.

V-Рефлексия

Ә) 3 минуттық эссе.

А) 5 жол өлең.

Б) кластерді толтыру

VI) Үйге тапсырма беру.

Бағалау: ассоциативті топ құрау, мәнерлеп оқу, ЕЖТК, 5 жол өлең, 3-5 минуттық эссе арқылы.


Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бүгін нешесі? Аптаның қай күні? Сыныпта кім кезекші? Кім жоқ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге қандай тапсырма берілді?

Сабағымызды бастамас бұрын мынадай бағалау парағымен таныстырып кетейін.

Аты-жөні Үй тапсырмасы Ассоциативті кластер оқу Кестені толтыру Эссе 5 жол өлең Баға

Оқушылардың іс-әрекеті. Мәтінді оқу, «Темір» сөзіне 5 жол өлең жазу. Әр топтан 2-3 оқушы жауап береді. 5 жол өлеңдерін тақтаға шығып қорғайды.

ІІІ. Ой қозғау . Ана – сөзіне ассоциативті құраңдар.

Әр топ өз жұмыстарыңды тақтаға келіп қорғаңдар. Егер де келесі топта қайталанатын сөз немесе сөз тіркестері болса, қызыл түсті маркермен қоршап қойыңдар.

Оқушылардың іс-әректі. Ана .

Оқушылар жеке-жұп-топ-топ аралық жұмыс істейді. Топтық жұмыстарын А3 ақ парағына жазады.Тақтаға шығып қорғайды.

IV. Мағынаны ажырату – Енді ана туралы әңгімемен танысайық. Шағын мәтіндер таратып беремін. Оқушылар мәтінмен танысады, үзіндіні атайды және ЕЖТК толтырады. Әр топтан бір-бір оқушыдан жауап беру керек.

Алдымен әркім өз дәптерлеріне жеке жұмыс істейді, артынан бірігіп кестені толтырады.

Кестені толтыру.

Мені қызықтырған ой... Неге?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

- Балалар, осы оқиға әрі қарай қалай жалғасады екен, сендер қалай ойлайсыңдар?

- Енді үзіндінің екінші жартысымен танысайық... Ол үшін мен сендерге мынандай шағын мәтіндер таратып беремін. Ал сендердің жұмыстарың осы мәтінмен танысу, үзіндіні атау және ЕЖТК толтыру. Әр топтан топта (Үзінді н бір –бір оқушы жауап беру керек. )

-Әңгіме немен аяқталғанын білгілерің келе ме? Онда осы әңгіменің соңғы бөлімімен танысайық.

Оқушылардың іс-әрекеті. Оқушылар әңгәменің соңғы бөлімімен танысады

V. Рефлексия. 1,2 топты құрап отырған оқушылар 3 минуттық эссе жазады. Ал 3 топтың оқушылары 5 жол өлең құрастырады.

Оқушылардың іс-әрекеті. Оқушылар жұмыстарын әркім өз дәптерінде орындайды. Қалауынша өз эсслерін, 5 жол өлеңдерін оқуларына болады

VI.Үй тапсырмасын беру. «Өлімді жеңген ана» әңгімесін оқу. 89-91 бет.

VII. Бағалау. Оқушылардың баға қоятын парақтарын жинап аламын.

Оқушылардың іс-әрекеті. Әп топтың спикері оқушыларға қойылған бағалармен таныстырып өтеді .






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
1052
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі