Ғафу Қайырбеков - дара тұлға

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғафу Қайырбеков - дара тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғафу Қайырбеков туралы жазылған мақала.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғафу Қайырбеков - дара тұлға


Ғафу Қайырбеков терең тамырлы тұлға ретінде танылған ұлы ақын. Ақынның өмірлік жолында жазылған туындыларын оқи отырып, өзіме ой түйдім. Ақынның ғұмыры сан қырлы тағдырмен байланысты болған. Қыл қаламнан шыққан туындылары жарық көрген сәттен өз оқырмандарын тапты. Дара жолының әдемі көріністері өлең жолдарында өзінше бір сыр шертіп, жүрегіңді жаулап алары хақ. Әр шығармасын оқи отырып,өзіңе ой түйесің, сабақ аласың. Жақсылықтың лебі ескен шығармалары әр қазақтың көңілінен шыққан. Ғафу Қайырбеков туралы айтылған естеліктер,пікірлерді оқыған сәтімде, қарапайымдылығы, тарихи тұлға ретінде өзін таныта білгені қатты ұнады. Ақынның 95 жылдық мерейтой қарсаңында құралақан қалмайын деп, ақындыққа жақындығымды білдіртейін деп, «Болмасаң да ұқсап бақ , бір ғалымды көрсеңіз»-деп Абай атамыз айтқаны есіме түсіп, осы бір өлең жолдарын Ғафу атамыздың мерейтойына шашу ретінде жариялағым келді.

Ғафу Қайырбеков -95-ке келгенде...

Жыр толқып, көңілімде аласұрған

Жыр арнап бір өзіңе қалам алғам.

Алашта айбыны асқан Ғафу атам
Жырымен сусындатқан ақын атам.

Ғафу -жыр, Ғафу-сыр, ол бір әлем,

Жүректің сырын қозғар жаңа әуен.

Мерейтой 95 -ке келген кезде,

Қалайша үнсіз қалам мен бір балаң.

Жарқ еткен шоқ жұлдыздың қатарында,

Биік шың бағындырған өлең-жырда,

Сізбенен мақтанатын әр қазақта

Әр үйден табылатын кітабыңда.

Жырыңды жаттап өстім бала күннен,

Есімің жатталған еді сол бір кезден.

Жыр дүлдүлі мен үшін Ғафу атам,

Жырың Ұлы, жүректе мәңгі қалған.

Астана қаласы

Ғафу Қайырбеков атындағы

2 мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің

мұғалімі Қасымғалиқызы Лаура

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.04.2024
226
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі