жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғайса Ғали Сейтақ "Жақыным менің жаопақ ел "
Сабақтың тақырыбы |
Ғайса Ғали Сейтақ «Жақыным менің жалпақ ел» өлеңдер жинағынан. |
||
Мақсаты
|
Ғайса Ғали Сейтақ шығармашылығын насихаттау, берілген жаңа ақпаратты , мәліметті саралау, «Жақыным менің жалпақ ел» өлеңдер жинағынан алынған жыр шумағының мазмұнын түсіну,тақырыбы мен идеясын ашу,өлең құрылысына назар аударту. |
||
Күтілетін нәтижелер |
- Ақын шығармашылығы туралы кеңірек танысады. - Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ұғынады. - Өлең құрылысына талдайды. - Өз ойын анық жеткізеді. |
||
Керекті жабдықтар |
интерактивтік тақта, суреттер,жұмыс дәптерлері |
||
Сабақ барысы: |
|||
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім іс -әрекеті |
Оқушының іс- әрекеті |
|
Кіріспе
|
І.Ұйымдастыру кезеңі. (Амандасу, сыныпты түгендеу) ІІ. Психологиялық тренинг. Жаттығу жасау арқылы, бір біріне сәттілік тілейді ІІІ Топтарқа бөлу |
Оқушылар тыңдайды , дайындалады. Дариға Мұштанованың «Құт мекенім»өлеңін жатқа айтады. Топтарға бөлінеді |
|
Тұсаукесер
|
Қызығушылықты ояту. -Оқушылар, Алматы қаласының тарихы, сән салтанаты мен ғимараттары туралы қаншалықты білеміз? -Әсем қала Алматыға жыр арнаған ақын жазушылардан кімдерді айта аласыңдар? Алматыға арналған әндер туралы айтып өтсеңіздер? |
Дәптерлерін ашып, күннің жадын жазады.
Қойылған сұрақтар төңірегінде оқушылар бар білгендерін қағаз бетіне түсіреді,өз ойларымен бөліседі. |
|
Негізгі бөлім
|
1.Ғайса Ғали Сейтақ өмірі, шығармашылығы туралы мәлімет беру. Ғайсағали Самиғоллаұлы 1958 жылы 1 шілде күні Орал облысы Орда ауданының Орда ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Орда орта мектебін, 1980 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын тәмамдады. 1980-1982 жылдары Тасқала ауданындағы «Екпін» газетінде қызмет еткен. 1982 жылдан бері облыстық «Орал өңірі» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, бас редактор болып қызмет етті. Қазір «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары. Сонымен қатар 2000 жылдан бері «ҚазАқпарат» ұлттық ақпарат агенттігінің БҚО бойынша меншікті тілшісі қызметін қоса атқарып келеді. Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО-дағы тәртіптік кеңесінің мүшесі. 2. «Жақыным менің жалпақ ел» өлеңдер жинағынан алынған «Алматы» өлеңімен танысамыз. Алматы Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Ғылыми, білім беру, мәдени, тарихи, экономикалық, қаржылық, банктік және елдің индустриялық орталығы болып табылады. Қаланың аты, Алматы, «алма қаласы» деп аударылады.Алматы Іле Алатауының бөктерінде, Тянь-Шаньның солтүстік жотасының етегінде, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында, Еуразия құрлығының орталығында орналасқан. Алматы қалалық аумағында бақтар мен бақшалар, саябақтар мен бульварлар сегіз мыңнан астам гектар жерді алып жатыр. Қаланың жалпы ауданы 340 км2 құрайды. Қала тұрғындары шамамен 2 миллионнан астам. Көптеген діндер мен түрлі ұлт өкілдері бар.Қазіргі таңда Алматы қаласында 18 театр, 45 мұражай мен сурет галереялары бар. Мұнда музыканың түрлі салаларындағы көптеген фестивальдар өтуде: Джаз, рок фестивальдар, ретро фестивальдар. Алматыда қаланың ерекше мәртебесін көтеретін Қазақстандағы ірі банктердің бөлімшелері,көп ұлтты қаржы институттар және еншілес компаниялар орналасқан. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы, Орталық Азия географиялық қоғамы, «Каменское плато» обсерваториясы, сондай-ақ көптеген жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары бар.Қаланың шетінде Медеу және Шымбұлақ тау шаңғысы орталығы секілді көптеген спорт кешендері, альпинист туристік лагерлер, шипажайлар, демалыс орталықтары, және кемпингтер салынған. Алматы Күн көзі бұлтқа кіріп сөнді ме арай Қоятын құмар қылып елді талай Асқақтап тұратұғын астана едің Алматым ,қарсы аласың енді қалай? Алыстап алатаудай сен барасың Шығарған енші бөліп бел даласын Бүгінде ақ сақалды бабамдайсың Қазақтың көзбен шолып ен даласын Артымда күміс қанат құс қалғандай Кім жылу алар кәрлі қыстан қандай Енді алдан не күтемін жүрегім де. Шоғына мына өмірдің ысталғандай Айналар сағыныштан жыр маржанға, Жетемін шертілмеген сырлар барда Бәрібір сенің орның мәңгі бөлек, Не жетсін өзіңді аңсап бір барғанға!
Топпен жұмыс Әр топқа Алматы қаласының өзіндік ерекшелігін бейнелейтін жоба құрастыру немесе сурет арқылы шығармашылық тұрғыдан жұмыстану тапсырылады. ( оқушылар интернет желісінің мүмкіндіктерін қолдана алады.) а)Алматының апорты б) Алматының әсем таулары мен табиғаты в)Алматыға ән арнаған ақындар. |
Оқушылардың мақсаты берілген мәліметтерді оқу, топ ішінде талдау, бір- біріне түсіндіру.
Оқиды, өлең мазмұнын меңгереді. Әр топ берілген ақпараттарды оқи отырып, керекті мәліметтерді сараптап, жазып алады. Ой бөліседі, пікір алмасады.
Шығармашылық жұмыс арқылы өз ойларын жазады, қағаз бетіне бейнелейді, түсіндіреді , топ болып қорғайды. Екі жұлдыз, бір ұсыныс айтады.
|
|
Қорытынды Рефлексия |
«Алматы түні» әнін хормен айту. Сабақтан алған әсеріңіз? |
Оқушылар өз ойларын қысқаша жазады. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген