Материалдар / «Ғажайып бірлік» физика – математикалық интеллектуалды ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ғажайып бірлік» физика – математикалық интеллектуалды ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қазан 2018
752
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ғажайып бірлік» физика – математикалық интеллектуалды ойын

Мақсаты:

Білімділік: Студенттердің физика- математика пәндеріне қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, ұйымшылдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Студенттерді адамгершілікке, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: физика – математикалық интеллектуалды ойын

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, логикалық есептер, деңгейлеп оқыту технологиясы, топтау,

іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, физикалық эксперимент құралдары, интерактивті тақта.

Қолданылған нақыл сөздер:

1. «Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.» (К.Гаусс)

2. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек»

(С.М. Ломоносов)

3. «Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те».

(Р.Бэкон)


1-жүргізуші: Құрметті студенттер, ұстаздар! 1 курс студенттер арасында өткізілгелі отырған «Ғажайып бірлік» физика – математикалық интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!


2-жүргізуші:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсаттарың бір екен.

Сәтті болсын сапарларың әрдайым.- дей келе ортадағы сайыскер командаларды таныстырамыз.


1-жүргізуші:

1-топ: «Эйнштейн өрнегі» ГИ-12 топ студенттері

2- топ: «Атом» 9-212, 9рс-12 топ студенттері

3-топ: «Ньютон» ГСТА-12 топ студенттері


2-жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.- дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін сайысты қадағалап, әділ бағасын беретін- әділ қазылар тобымен таныстырамыз.

Оқу әдістемелік жұмысының меңгерушісі: Матаева Гульбарам Мантубетовна

Ақпараттық және жалпы пәндер бірлестігінің жетекшісі: Калиева Диляра Маратовна

Информатика пәнінің оқытушысы: Суиншкалиева Нургуль Нургалиевна

(әділ қазылар сайыскерлерді- 5-10 ұпайымен бағалайсыздар)

1- жүргізуші:

Жоспарымен таныстыру.

1. «Сәлем – сөздің анасы». ( таныстыру, аты, ұраны, эмблемасы.)

2. «Біліміңді сынап көр!» сайысы (сұрақ-жауап)

3. «Ойымды жалғастыр......» (мақал-мәтелдер)

4. «Тез есепте, уақытыңды үнемде» ( логикалық есептер)

5. «Физика ғажайыптары» сайысы (үй тапсырмасы, эксперимент жасау)

6. «Формулалар әлемі» (топ басшылар сайысы)

7. «Тапқырлық» сайысы (жұмбақтар және берілген физикалық құралдардың атын,

атқаратын қызметін түсіндіру)


2-жүргізуші: Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,

Озбағандар жарады.

Сәт сапар, тілеп бәріңе

Сайысты біздер басталық.

Көрсетіңдер өнерді,

Қалмаңыздар жасқанып,- дей келе, командалардың өздерінің таныстыруын тыңдаңыздар.

  1. сайыс. «Сәлем – сөздің анасы» ( таныстыру, аты, ұраны, эмблемасы.)

1-топ: «Эйнштейн өрнегі» ГИ-12 топ студенттері

2- топ: «Атом» 9-212, 9рс-12 топ студенттері

3-топ: «Ньютон» ГСТА-12 топ студенттері


Әділ қазылар таныстыруды 5-10 ұпайымен бағалайды.


1- жүргізуші: Математика ғылымдар патшасы деп,

Мойындаған бар ғылым жер шарында.

Сол қағида тағы да дәлелденбек,

Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында-дей келе келесі сайысымыз


2 – сайыс. «Біліміңді сынап көр!» (физика- математикалық сұрақтар )

Әр топқа алгебралық, геометриялық, физикалық және логикалық сұрақтар қойылады (әр топқа 9 сұрақ). Дұрыс жауабын тез және нақты айту керек. Жауап бір сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.

2- жүргізуші:

1-топ: «Эйнштейн өрнегі» ГИ-12 топ

  1. у=ах2 функциясының графигі? Парабола

  2. Бір қалыпты қозғалыс дегеніміз не? Дене кез- келген бірдей уақыт аралығында бірдей кашықтық өтетін болса, ондай қозғалысты бір қалыпты қозғалыс деп атайды.

  3. y= sinx функциясының графигі? Синусоида

  4. Тұман қандай буға жатады? Қаныққан бу

  5. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. Шаршы

  6. Кедергінің өлшем бірлігі қандай? Ом

  7. Логарифмдік функция деген не?
    Жауап: У= ℓ
    ogax формуласымен берілген функцияны негізі а болатын логарифмдік функция деп аталады.

  8. Электр тогы дегеніміз не? Электр зарятары бар еркін бөлшектердің реттелген қозғалысы элекрт тогы деп аталады

  9. Электр зарядының өлшем бірлігі? Кулон

1- жүргізуші:

2- топ: «Атом» 9-212, 9рс-12 топ

  1. y= cosx функциясының графигі? Косинусоида

  2. Өріс кернеулігі қандай бірліктермен өлшенеді? Н\Кл, В\м

  3. Көрсеткіштік функция деген не? у=ax формуласымен берілген функция негізі а болатын көрсеткіштік функция деп аталады.

  4. Электр төрісі дегеніміз не? Қозғалмайтын және қозғалатын зарядқа әсер ететін электромагниттік өрістің бір бөлігін айтамыз

  5. Үш ғасырда неше жыл? (300)

  6. 1 мкКл қанша Кулонға тең ( Кл)

  7. ах2+bx+c=0 қандай теңдеу? Квадрат теңдеу.

  8. Бөлінбейтін бөлшек . Атом

  9. Кернеуді өлшейтін құрал Вольтметр.



2- жүргізуші:

3-топ: «Ньютон» ГСТА-12


  1. Қиылыспайтын екі түзу. Параллель

  2. Тоқ күші кернеуге тура пропорционал, кедергіге кері пропорционал кімнің заңы .

Ом заңы

  1. y= tgx функциясының графигі? Тангенсоида

  2. Заттың үш күйі. Қатты, сұйық, газ

  3. Аксиома дегеніміз не? Жауап: Дәлелдеуді қажет етпейтін пікір

  4. 2,5 МПа қанша Паскальға тең? (2,5*106)

  5. Еркін түсу үдеуі неге тең. (9,8 м/с)

  6. Будың сұйыққа айналу процесі? Конденсация

  7. Қуаттың өлшем бірлігі? Ватт

1- жүргізуші: Арифметика бар ғылымның патшасы,

Біледі оны жан біткеннің баршасы

Математика құрметтеуге лайық

Мәртебесін көтерейік халайық,-дей келе келесі сайысымыз


3-сайыс. «Ойымды жалғастыр......» (мақал-мәтелдер)

Бұл студенттердің жылдамдығына арналған тапсырма. Алғаш қолын көтерген студент жауап береді. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

Сұрақтары:

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады).

2- жүргізуші:

Есепті түрлі түрлі шығарамыз.

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар,

Қызықты есеп шешіп жарысамыз- дей келе келесі сайысымыз



4- сайыс. «Тез есепте, уақытыңды үнемде» (логикалық есептер)

Үш топқа әр түрлі екі есептен беріледі. Қай топ бірінші есепті орындаса, сол шешуін көрсетеді. Дұрыс шығарылған есеп 5 ұпаймен бағаланады.


1-топ: «Эйнштейн өрнегі» ГИ-12 топ


1 – есеп: .Отбасында анасы, әкесі және 4 баласы бар. Балалардың орташа бойы 120 см, ал ата-аналарының орташа бойы 174 см. Барлық отбасы мүшелерінің орташа бойы неше см?

Шешімі:120*4=480

174*2=348 4+2=6 (480+348)/6=138 см

2– есеп: Асхат мылтықпен нысанаға көздеп атады. Сол ату мезетінде байқамай оғын түсіріп алды.Сұрақ: Мылтықтан атқан оғы мен ату мезетінде түсіріп алған оғының қайсысы жерге бұрын түседі (ауа кедергісі есепке алынбайды)?

Жауабы:

Екеуі жерге бір мезгілде түседі, себебі екеуінің де жылдамдықтарының құраушысы жоқ, ал түсу уақыты екеуіне бірдей құлау биіктігімен ғана анықталады.

1- жүргізуші:

  1. топ: «Атом» 9-212, 9рс-12 топ

1 – есеп: Отбасыда төрт бала бар. Олардың жастары: 5, 8, 13, 15. Балалардың

аттары: Жәнібек, Райхан, Салтанат,Жанат. Қыздардың біреуі бала-

бақшаға барады. Жәнібектен үлкен,Райханның жасына Жанаттың

жасын қоссаң, үшке бөлінеді. Жанат кім? Қыз ба, ұл ма?

Ж-бы: (5+13)=18:3

Райхан > Жәнібек. Райхан он үште, Жанат бесте. Ең кішкентайы бесте, ол-Жанат, демек ол балабақшаға барады. Жанат-қыз.

2 – есеп: Балалар волейбол ойнап жүр. Допты біреуі жоғары, ал біреуі төмен лақтырып жүр.

Сұрақ: Қай кезде қозғалыстағы доптың салмағы тыныштық салмағынан аз болады?

Жауабы: Бір қалыпты үдеумен төмен түскен доптың салмағы оның тыныштық күйіндегі салмағынан аз болады.

2- жүргізуші:

3-топ: «Ньютон» ГСТА-12 топ

1 – есеп: Ауылда 1240  үй бар. 80% үйде ит бар, 50% үйде мысық бар. Ең аз дегенде қанша үйде ит те,мысықта бар? (372)

2 – есеп: Марат лифт ішінде шырмауға ілінген өрмекшіні көреді. Лифт төмен қарай үдемелі қозғала бастайды.

Сұрақ: Ол нені байқайды?

Жауабы: Шырмау мен өрмекшінің бұрынғы орында қалғанын байқайды. Қозғалыстың салыстырмалылығы бойынша, лифттің қабырғасы өрмекші үшін тыныштық күйін сақтайды.



1-жүргізуші: Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер,- дегендей, өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып, сайысымыздың келесі кезегін бастайық.


5- сайыс. «Физика ғажайыптары» (үй тапсырмасы, эксперимент жасау)

Бұл бөлімде үш топ та үйден дайындаған физикалық эксперимент жасап көрсетеді. Сол тапсырманы көрсету керек. 5 –10 ұпайға дейін бағаланады.

(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)


2-жүргізуші: Ән баянсыз өмір сүре алмайды, ал команда топ басшысыз болмайды. Енді ортаға топ басшыларды шақырамыз. Келесі сайысымыз

6-сайыс. «Формулалар әлемі» топ басшылар сайысы. (Әр топбасшы 2 формула жасады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай қойылады.)


1-топ: «Эйнштейн өрнегі» ГИ-12 топ

  1. (u* v)1- туындысының формуласы: (u* v)1=u 1v+u v1

  2. ЭҚК –нің формуласынан ток күшін анықтаңдар:


1-жүргізуші:

2- топ: «Атом» 9-212, 9рс-12 топ


  1. жылу мөлшерінің формуласынан, температураның өзгерісін анықта:

  2. (a-b)3 өрнегін көбейткіштерге жіктелуі а3-3а2b+3ab2-b3



2-жүргізуші:

3-топ: «Ньютон» ГСТА-12 топ


  1. (u/v)1 туындысының формуласы: (u /v)1=u 1v-u v1 / u2

  2. дененің ауырлық күші әсерінен қозғалуының теңдеуінен уақытты анықтаңдар:



1-жүргізуші: Шыңына ойдың қонайық

       Көңілге қуаныш алайық

      Берілсе сырлы жұмбақтар

      Шешуін бірден табайық –  дегендей сайысымыздың келесі кезегін бастайық.


7- сайыс. «Тапқырлық» сайысы (жұмбақтар және берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру)

Әр топқа жұмбақтар қойылады. Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.


1-топ: «Эйнштейн өрнегі» ГИ-12 топ

  1. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)


  1. Егіз туған қос жүйрік
    Жарыса шауып терлейді.
    Бірін-бірі көрмейді.
    Дамылсыз қанша шапсада
    Бір мәреге келмейді.

(Параллель түзулер)

  1. Бірдей санды бірнеше рет
    Көбейтуден тұрады
    Ықшамдасаң егер оны
    Қандай атау болады?

(Дәреже)

  1. Пайдаланады мені жұрт,

Отын және жарыққа,

Қызмет етем әрқашан,

Түсіне білген халыққа (Ток көзі)

Амперметр /ток күшін өлшейтін құрал/

Реостат /Кедергіні өлшейтін құрал/




2-жүргізуші:

2-топ. «Атом» 9-212, 9рс-12 топ


1.Айқасқан екі таяқ

Тұрады жоқты сұрап

Х (икс)

2. Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. (Күш)

3. Нүктеден, екі сәуледен

Құралған айтшы бұл не екен?

(Бұрыш )

  1. Бойындағы зарядты,

Ұзақ уақыт сақтайды

Реленің күшінен

Бүлдірместен баптайды. (Аккумулятор)

Вольтметр /кернеуді өлшейтін құрал/

Трансформатор /Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал/


1-жүргізуші:

3-топ: «Ньютон» ГСТА-12 топ


  1. Санға қосып алсаң

Сол санның өзі шығады

Санды оған бөлуге болмайтынын

Математиктер ұғады

Көп адамдар сол санға

Шекесінен қараған

Сан осін қақ бөлуге

Сол саныңыз жараған

(0)

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазылып тұр бойында.

( сызғыш)

  1. Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол)


  1. Өзі затты құрайды,

Теңесуге таразыны сұрайды (Масса)


Катушка /индукцияланған токты жинайтын құрал/

Электроскоп /дененің электрленуін анықтайтын құрал/


2-жүргізуші: “Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы“-

дей келе келесі сайысымыз

Жанкүйерлер сайысы (әділқазылар ақылдасып алғанша жанкүйерлерге сұрақ)


  1. Бір топ үйрек ұшып келе жатты.Біреуі алдыңда, екеуі артында, бірі артында, екеуі алдыңда, біреуі екеуінің ортасында, үшеуі тізбектеліп қатар ұшқан.Қанша үйрек ұшып келеді. ( Үш үйрек.)

  2. Шөпті басып, жапырып кетіп едіңдер, ол қайта көтеріліп кетіпті, неге?
    (Серпімділік құбылысы)

  3. Алматыдан Астанаға қарай ұшақ 1 сағ 30 мин ұшқан, ал Астанадан Алматыға 90-ақ минут ұшты, неге? (90 мин-1сағ 30 мин.)

  4. Төрт бұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады. (5 бұрыш.)

  5. Екі әкесімен екі баласы үш алманы бір-бірден бөліп жесе, олар қалай бөліскені. (Әкесінің баласы және оның баласы болған.Сонда небәрі үш адам.)

  6. Массасы 1кг мақта ауыр ма тұз ауыр ма? ( Массалары тең)

  7. Екі жарым кг ет екі сағатта піссе, жарты кг ет неше сағатта піседі. (2 сағатта)

  8. Көшедегі өткелді жолақтап ақпен бояп қояды. Егер олардың арасында 30 боялмаған жолақ болса, ақ жолақтар саны қанша болғаны? (31)

  9.  Адамның шашын, қасын мұртын қырау шалатыны неліктен?
    (Тыныс алғанда шыққан бу суық нәрсемен кездескенде конденсаяцияланады.)


1-жүргізуші

Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.

Әділқазы- сіздерге сөз береміз,

Жеңімпаздар кім болып сарапталды (әділқазылар сөйлейді)

2-жүргізуші:

Алдыңызда жайнаған жүздер әні,

Сіздермен кездесерміз біздер әлі.

Ұстаздар, көрермендер сау тұрыңдар

Күтеді бізді жарқын күндер әлі,- деп бүгінгі «Ғажайып бірлік» физика – математикалық интеллектуалды ойынымызды аяқтаймыз.

1-жүргізуші:

Қорытындылау: Сау болыңыздар.

Сайыскерлерді, жеңімпаздарды марапаттау.





































Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі






«Бекітемін»

ОӘЖ меңгерушісі

__________ Г.М.Матаева

« » наурыз 2018 ж

«Ғажайып бірлік»

физика – математикалық интеллектуалды ойын



Ақпараттық және жалпы пәндер ПЦК

______________ Калиева Д.М.


Математика пәнінің оытушысы

_____________Тасжанова Б.К

Физика пәнінің оытушысы

_____________Жамангарина Ф.Ә.



Орал-2018 ж.


Экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің физика- математика пәнінің оқытушылары Тасжанова Балжан Кеңесқызы мен Жамангарина Феруза Әжібайқызының «Ғажайып бірлік» физика – математикалық интеллектуалды ойын сабағының талдау хаттамасының көшірмесі

Өткізілген күні: 12.04.2018 жыл

Қатысқандар: Колледж әкімшілігі, ақпараттық және жалпы пәндер бірлестігінің оқытушылары.

Күн тәртібінде

  1. Сабақтың құрылымы мен мақсаттары туралы- Тасжанова Б.К, Жамангарина Ф.А.

2. Қатысқан мұғалімдердің сын-пікірі.

3. Қорытынды.

Тындалды:

1. Өз сабағының талдауы. Математика пәнінің оқытушысы Тасжанова Балжан Кеңесқызы:

9-212, ГИ-12, Гст-12, 9рс-12 тобында ««Ғажайып бірлік» тақырыбымен өткізілген сабақтың жоспары студенттердің физика-математика пәндеріне қызығушылықтарын қалыптастыру, ұзақ есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамыту.Оқуға,саналы сезімге, жауапкершілікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу .

Сабақты өткізуге дисплей тақтасы, мониторлы компьютер пайдаланылды, ол барлық студенттердің бір мезгілде өткенді қайталауына, студент пен мұғалім арасындағы байланысты ұйымдастыруға, ақпаратты тез қабылдауға, студенттердің сабақтағы белсенділігін арттыруға және сабақты меңгеру қарқынын тездетуге мүмкіндік бердім. Студенттердің білімін тексеру үшін түрлі тәсілдер қолдандым: физика-математикалық формулалар, ауызша сұрақ-жауап, логикалық есептер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, физикалық эксперименттер.т.б. Үш топқа бөліп жарыс түрінде өткіздім. Жеңімпаз болған топтарқа бес бағасы қойылып, мадақтама және сыйлықтар берілді.

2. Математика пәнінің оқытушысы Лихачева Т.И.

Сыныптан тыс сабағы өте қызықты, әртүрлі әдістер қолданылып, жүйелі түрде өткізілді. Жаңа ақпараттық технологиялар өте тиімді қолданылды. Сабақ мақсатына жетті. Мұғалімнің білімділігі, ізденімпаздығы студенттің сабаққа белсенді қатысуымен, жауап беруімен айқын көрінді. Мұғалім еңбегіне жеміс, шығармашылық табыс тілеймін.

3.Ақпараттық және жалпы пәндер ПЦК төрайымы Калиева Диляра Маратовна:

Бүгінгі сыныптан тыс шара өте жақсы белсенділікпен өтті. Оқытушы өзінің кәсіби сауатты, ізденісте жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланып өткізді. Студенттер сабақ барысында өз белсенділіктерін көрсете білді. Үнемі студенттермен тығыз байланыста түрлі кеңестер, шаралар өткізіп жұмыстанады. Студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттырды. Мұғалім сабақтың қойылған мақсатына жетті.

4. Информатика пән оқытушысы Суиншкалиева Нургуль Нургалиевна:

Сыныптан тыс сабағы жоғары деңгейде өтті. Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, түсіндіруі өте жақсы. Мұғалім оқушының құзыреттілігін көтеру үшін нақты жұмыс және екі жақты келісілген өзара қызығушылық бар екенін көрсете білді. Сабақтың көрнекілігі мол, жаңа технологияның әр түрлі әдіс–тәсілдерін қолданды. Ұстазға шығармашылық табыс тілеймін.

5. ОӘЖ меңгерушісі Матаева Гулбарам Мантубетовна:

Сабақ жүйелі түрде өтті. Оқытушы ақыл-ой әрекетін қалыптастыруда көп жұмыстануда. Қолданылған әдіс-тәсілдері өзінің кәсібін, шеберлігін, білімділігін айқын көрсетті. Үнемі күрделі деңгейде логикалық ойлауды дамытуға тырысатын оқытушы.


ОӘЖ меңгерушісі: Матаева Г.М.


Хатшы : Макешова Н.М.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!