Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ғажайып Жаңа- жыл!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүргізуші: Достар! Бүгін бізде ерекше күн! Ол қандай күн? Балалар: Жаңа жыл! Жүргізуші: Дұрыс айтасыздар достар. Біз сіздермен бірге Жаңа жыл мерекесін қарсы алу үшін жиналып отырмыз! Бүгін жаңа жылдық шыршаның шамын бірге жағатын боламыз. Дайынбыз ба достар?
Материалдың қысқаша нұсқасы







ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

«СЫР ЖҰЛДЫЗДАРЫ» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ №2 ҒИМАРАТЫ






«Ғажайып Жаңа- жыл!»







Педагог-ұйымдастырушы: Л.Ә.Тышқанбаева

Б.Ж. Есмаханов








ҚЫЗЫЛОРДА

2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫ




«Бекітемін»

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Қаракөз_____________


«Ғажайып Жаңа- жыл!»

Мерзімі:26.12.25ж сағ: 10:00

Қатысушылар:Оқушы-

Жылан-Жібек

Жылқы-Анель

Гринч-Асхат

Аяз ата-Асхат

Ақшақар-Сабрия

Ұл Мишка-Қарлығаш

Қыз Мишка-Дана


/Көңілді жаңа жылдық әуен ойнап тұрады/балалар шырша айналасында жиналады


Жүргізуші:Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,

Жаңа жылың, жаңа жылың құтты болсын ағайын!


Хабарлаусыз «Жылқы» биі

Биші қыздар ортада қалады


Жүргізуші: Достар! Бүгін бізде ерекше күн! Ол қандай күн?

Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Дұрыс айтасыздар достар. Біз сіздермен бірге Жаңа жыл мерекесін қарсы алу үшін жиналып отырмыз! Бүгін жаңа жылдық шыршаның шамын бірге жағатын боламыз. Дайынбыз ба достар?

Балалар: Иә!!

Жүргізуші: Жаңа жылдық кешімізді бастамас бұрын, алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөз «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясының директоры Жанар Бимұратқызына беріледі

Жанар Бимұратқызы құттықтау сөз сөйлейді

Келген қонақты хабарлау

Жүргізуші: Рахмет, Жанар Бимұратқызы! Құттықтау сөз марапатқа жалғасады.

2025 жыл жетістіктерге толы жыл болды. Ерекше көзге түсіп, оқуда озат атанып, белсенділік танытып жүрген оқушыларымызды марапаттауға кезек берсек!

Жанар Бимұратқызы оқушыларға марапапттар табыстайды

Үйірме жұмысына белсенді қатысып, өнер мен білім жолындағы ынта-жігеріңізбен ерекшеленгеніңіз үшін алғысымды білдіреміз. Сіздің шығармашылық қабілетіңіз бен жауапкершілікке толы көзқарасыңыз – болашағы жарқын жас тұлғаның айқын көрінісі. Ізденіс пен шабыт жолындағы қадамы сәтті болып, биік белестерді бағындырып жүрген оқушымыз Смағанбетов Ерасыл Алғыс хатпен марапатталады.

Дәл осындай мәтінде: Сейілхан Бақдаулет марапатталады.

Әрі қарай тек оқушы аты-жөндері аталады.

3.Шағыр Диас

4.Өрікбай Зайнуддин

5.Бектемір Айару

6.Бектемір Асылым

7.Өрікбай Сайфуддин

8.Мүслімхан Зейін

9.Мүслімхан Сезім

10.Қайыржанұлы Сардар

11.Бектай Әлинұр

12.Нұрғазыұлы Әлинұр

13.Бахыт Әділет

14.Ғабитқызы Кәусар

15.Асан Данияр

16.Қадыржанұлы Ғибрат

17.Әуесхан Айсен

18.Тетеев Аслан

19.Сайлаухан Закира

20.Тастайбек Ілияс

21.Өмірәлі Шұғыла.

21 оқушыдан кейін естелік сурет әрі қарай марапат жалғасады.

22.Мұхамбетәли Диас

23.Асқаров Нұрсұлтан

24.Төлемұрат Әдемі

25.Жанайбек Бексұлтан

26.Сиезбек Асель

27.Қалданов Нұрислам

28.Бақытжанұлы Артем

29.Серікұлы Қарухан

30.Қуанышбай Рамазан

31.Әбдікәрім Әділет

32.Кенжебек Бекарыс

33.Келбет би ансамблі

34.Қуанышбай Кәусар

35.Ерқуат Нұрай.

Жүргізуші: Сонымен қатар, орталығымызда «бояулар құпиясы»: Жаңа жылдық сурет байқауы өткізілген болатын, сол байқауда жүлделі болған оқушыларды марапаттауға рұқсат етіңіздер!

3-орын алған оқушылар

Диплом мәтіні: «Жаңа жыл » тақырыбында өткізілген үйірмеаралық сурет байқауында шығармашылық қабілетімен, қиялының ұшқырлығымен және көркемдік шеберлігімен ерекшеленіп, белсенділік танытқаны үшін «Бейнелеу өнері» үйірмесінің оқушысы Қонысбек Бексұлтан марапатталады.

2. Дінмұхамедұлы Құрмет

3.Жаппасбай Жәнібек

4.Нұрсейтов Шахмардан

2-орын алған оқушылар

1.Дінмұхамед Аяулым мар

2. Жанабайқызы Инкар

3. Мұхамбетжанқызы Ботагөз

4. Шахимарданқызы Айзере марапатталады.

1-орын алған оқушылар

1.Төлемұрат Әдемі

2.Оңталап Қамар

3. Досжанова Мұхаммедхан

4. Өмірәлі Шұғыла марапатталады.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар марапаттарыңыз құтты болсын! Жетістіктеріңіз арта берсін, алар асуларыңыз биік болсын!

Жүргізуші: Мерекелік кеште вокал үйірмесінің оқушыларының орындауында «Кел,Жаңа жыл» әні. Қарсы алыңыздар!



Кел,Жаңа жыл әні

Ән біткеннен кейін ортаға Гринч келеді (қорқынышты музыка)

Гринч: Тоқтаңдар! Тоқтаңдар! Бұл не деген шу. Жаңа жылма? Мен жаңа жыл мерекесін жек көремін. Бұл кеште барлығы менің мазамды алып, құтымды қашырады. Күлкі мен шаттықты ұнатпаймын! Сондықтан мерекелік көңіл-күйді бұзамын! ! Шырша жағатын сиқырлы таяқ менде. Сендер бұл таяқ болмаса, шаттанып та, қуанып та тойлай алмайсыңдар. Ха-ха-ха! Мен барда бұл мереке тойланбайды, шырша жанбайды, ән айтылмайды, жаңа жыл мүлде болмайды! Ха-ха-ха! Ха-ха-ха!

Ортаға жылан,оқушы келеді (көңілді музыка)

Оқушы:Сәлем,сәлем достарым! Жаңа жылдық бұл мереке мен үшін ерекше күн. Достарыммен бұл мерекені тойлауды ұзақ күттім. Келер жылды бірге қарсы аламыз ба достар?

Балалар:Иәәә

Жылан: ТССССССС Сәәәлллеееммм Достар, біз Жаңа жыл деп қуанып жатырмыз, бірақ бір нәрсе жетіспей тұрған сияқты байқадыңдар ма? Қараңдаршы, шырша шамдары өшіп тұр, жағатын сиқырлы таяқшасы жооқққ. Тсссссссс. Шыршасыз қандай мереке? Жарықсыз қандай Жаңа жыл?

Оқушы: Біреу сиқыр жасап кеткен шығар. Мұны кім жасауы мүмкін? Достар, сендер білесіңдер ме?

Жылан: Көрдіңдер ме? ТТССССССССССС

Балалар: Ииәәәә ГРИНЧ

Жылан: Қаап! ГРИНЧ! Мерекелік көңіл күйді бұзып, кедергі болғысы келген екенғой.

Оқушы: Иә, достар! Ең бастысы — Гринчтен сиқырлы таяқты қайтарып, шыршаны жағуға дайындалу керекпіз.


Балалар: Иәә!

Ортаға Гринч келеді (жайбарақат музыка)

Гринч:Ха-ха-ха! Жаңа жыл меркесін тоқтаттым! Себебі сиқырлы таяқ енді менде! Ешкім оны ала алмайды, ешкім мерекені қалпына келтіре алмайды! Ха-ха-ха!

Оқушы: Гринч біз сенен қорықпаймыз! Бізге достарым көмектеседі. Достар, бірге бірігіп, таяқты ала аламыз ба?!

Балалар:ИӘ!

Гринч: Ал көрейік. Ендеше тыңдаңдар! Сендер меннен сиқырлы таяқты алу үшін менің арнайы тапсырмаларымды орындауларың керек! Орындай алмасаңдар —Жаңа жыл болмайды! Келістік пе?

Оқушы: Қандай тапсырма?

Гринч:Ал, тыңдаңдар! Мен қимыл көрсетемін, ал сендер оны қайталауларың керек!
Егер бәрің бірге, дұрыс орындасаңдар —бір қадам сиқырлы таяққа жақындайсыңдар!
Ха-ха-ха!

1-тапсырма — «Көңілді қимыл»!

Гринч трендтегі би қимылдарын көрсетеді,балалар биді қайталауы керек

Ойын музыкалары

Гринч: Қаппп! Бұл тапсырмадан өттіңдер!

Жылан:Алақай!

Оқушы: Жарайсыңдар достар!

Гринч: Ал, енді көрейік екінші тапсырма. Мен сан айтамын, ал сендер мен айтқан сандар бойынша құшақтасуларың керек. Сендер бұл тапсырманы орындай алмайсыңдар. Ха-ха-ха! Дайынсыңдар ма?

Балалар:Иәәә!

2-тапсырма — «Молекула» ойыны!

Гринч сандар айтады,ал оқушылар сол айтылған сандар бойынша құшақтасу керек

Гринч: Кеттік онда.Екі.(балалар екеуден құшақтасу керек)

Гринч: Төрт.(балалар төртеуден құшақтасу керек)

Гринч: Бес.(балалар бесеуден құшақтасу керек)

Гринч: Жеті.(балалар жетеуден құшақтасу керек)

Гринч:Қап!!! Бұл тапсырманы да бұлжытпай орындадыңдар.

Жылан: Көрдің бе, Гринч! Біз бірліктеміз!

Оқушы: Менің достарым сондай ақылды!

Гринч: Ха-ха-ха! Жарайды, соңғы тапсырмаға да келіп жеттік! Бұл жолы сендердің зейіндерің мен жылдамдықтарыңды тексеремін! Орындай алмасаңдар —сиқырлы таяқ менде қалады!

Оқушы: Достар, мұқият болыңдар!

3-тапсырма — «Кола-фанта»ойыны!

Ойын шарты:
Сахнада Кола бутылкасы мен Фанта беті (плакат немесе белгі) тұрады.
Гринч қай сусынның атын айтса, балалар сол жаққа секіруі керек.

  • «Кола» — балалар Кола бутылкасына қарай секіреді

  • «Фанта» — балалар Фанта бетіне қарай секіреді



Гринч: Қап… бәрін де дұрыс орындадыңдар! Сендер өте ұйымшыл екенсіңдер! Уәдемде тұрып енді сиқырлы таяқты берейін (таяқты беріп Гринч кетіп қалады)

Оқушы: Алақай! Сиқырлы таяқ қайтарылды!

Жылан: Жарайсыңдар достарым!!

Жүргізуші:Жарайсыңдар! Сиқырлы таяқты қайтардыңдар! Сендердің бірліктерің мен ұйымшылдықтарыңның арқасында мерекеміз қайта жанданды! Ендеше, достар, бәріміз бірге шыршаны жағатын сәт келді! Балалар, бәріміз бірге санайық!

Бәрі бірге: Бір, екі, үш

Шырша шамдары жағылады, көңілді музыка

Жүргізуші: Қараңдаршы, шыршамыз қандай әдемі болып жанды! Осының құрметіне арнап әсем ән тыңдайық! Ортада вокал үйірмесінің оқушылары қарсы алыңыздар!

Jingle bells әні

Жүргізуші: Достар, қараңдаршы, шыршамыз қандай иә? Нағыз Жаңа жылдық ғажайып осы емес пе?! Бірақ, достар, тағы бір керемет жетіспей тұрған сияқты…Иә, біз кімді күтудеміз?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақарды!

Жүргізуші:Қанекей ендеше бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық!

Бәрі бірге:Аяз ата,Ақшақар!

Ортаға Аяз ата мен Ақшақар келеді

Аяз ата: Хо-хо-хо! Сәлеметсіңдер ме, балалар!Қандай көңілді, қандай әсем кеш!

Ақшақар:Сәлем, балалар!Шыршаларың да, өздерің де керемет екенсіңдер!

Жүргізуші:Қош келдіңіздер, Аяз ата мен Ақшақар!Балалар бүгін Гринчтың барлық тапсырмасын орындап, мерекені сақтап қалды

Аяз ата:Жарайсыңдар! Ақылды, батыл балалар екенсіңдер!

Ортаға жылан келеді



Жылан: ТССССС. Менің жылымда талай қуаныш, талай сынақ бірге өтті. Менің жылымда сендер өсіп, білім алып,жақсылыққа қадам бастыңдар.Армандарың биіктей түсті,әрқайсың өз таланттарыңды көрсетіп,жетістікке жеттіңдер.Алдағы келе жатқан жылда сендерді жаңа мүмкіндіктер күтсін.Білімдерің артып,армандарың орындала берсін.Достар келе жатқан жыл қандай екенін білесіңдер ме?


Балалар:Жылқы

Ортаға жылқы келеді (жылқы шабысы музыка)

Жылқы: Сәлем, достар! Мен келе жатқан жаңа жыл —Жылқымын. Жылан

мен жаңа жыл болып келіп жатырмын, бірақ мен қорқып тұрмын. Менің жылым қалай болады екен?

Жылан: ТССССС… Қорықпа, Жылқы! Әр жыл өз бақытымен келеді. Менің жылым сабыр мен ақыл үйретсе, сенің жылың өзің секілді – шапшаңдық пен табысқа толы болады.

Жылқы:Рас па? Сен менің көңіліме үміт сыйладың. Онда мен уәде беремін бұл достарыммен бірге көп жетістікке жетеміз. Солай ма достар?

Балалар:Иә

Жылан (алтын кілтті көтеріп): Мынау — уақыттың алтын кілті. Бұл кілт жаңа жылға жол ашады, арман мен үміттің есігін ашады. Ал, жылқы, осы алтын кілтті саған аманат етемін. Балалардың күлкісі үзілмесін, білімдері артып, үлкен жетістіктерге жетсін, жақсылық пен жеңіс сенің жылыңмен бірге келсін!

Жылқы (кілтті алып): Рахмет саған, Жылан! Мен енді қорықпаймын.Менің жылым — еңбек пен ерлікке, арманға ұмтылған балаларға арналсын! Мен сендерге қуаныш, сәттілік пен жарқын болашақ әкелемін!

Жылан,жылқы ортадан шығып кетеді

Жүргізуші: Аяз ата, біздің оқушыларымыз шетінен өнерлі. Ендеше, өнерлерін бірге тамашалайық. Қарсы алыңыздар «Келбет» би ансамблі.

Turn Up the Energy-заманауи би «Келбет» би ансамблі.

Аяз ата: Ой, шіркін-ай, қандай керемет! Жүрегім жылып, көңілім бір көтеріліп қалды ғой! Жарайсыңдар, ақылды да өнерлі балаларым! Онда бірге көңіл көтерейік! Келесі өнерлеріңді де асыға күтемін!

Жүргізуші: Мұнымен әлі аяқталған жоқ! Алда бізді одан да қызықты, әсерлі өнерлер күтіп тұр.Балалардың сізге арнаған тапақтары бар екен.Сол балаларға кезек берейік.

Ортаға тақпақ айтатын оқушылар шығады

Тетеев Аслан,Есмағамбетова Айым, Бакытбек Аяулым, Смаилова Аққоным

Жүргізуші: Қандай керемет өлеңдер! Ендеше,келесі кезекті музыкалық аспаптар үйірмесі оқушыларына берейік.«Адай» күйі.

«Адай» күйі орындалады

«Last Christmas» биі. Кенжебек Айшабибі,Ғарифолла Даяна

«Dimonds» әні-Аманбек Кәусар телестудия үйірмесі

«Сon Calma» биі-Болат Қарлығаш музыкалық аспаптар үйірмесі

«Ер Тұран» күйі- музыкалық аспаптар үйірмесінің оқушылары

«Жаңа жыл» әні -Тәжібай Сәлима музыкалық аспаптар үйірмесі

«Аяз ата» әні -Төлебай Нұрислам ағылшын үйірмесі

«Кел, Жаңа жыл» әні -Бабабек Айару ағылшын үйірмесі

Жүргізуші: Достар, Аяз ата мен Ақшақардың тағы да баратын жерлері көп екен. Сіздер сияқты күтіп отырған достарымыз бар екен. Олай болса бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салайық.

Аяз ата: Балаларым! Бүгінгі кеште сендердің қуанышты жүздеріңді көріп, жүрегім жылуға толды. Жыл бойы алған білімдерің мен жетістіктерің еселене берсін. Алда келе жатқан жаңа жыл береке, бірлік пен мол ырыс әкелсін. Армандарың орындалып, әр күнің шаттыққа толы болсын! Жаңа жыл құтты болсын! Ал мені сендер сияқты көптеген достарың күтіп отыр. Сондықтан бүгін сендермен қоштасатын уақыт та келіп жетті. Қош сау болыңдар балаларым!

Бәрі бірге: Қош сау болыңыз Аяз ата!!!


Аяз ата мен ақшақарды шығарып салу(музыка)


Жүргізуші: Құрметті достар, бүгінгі біздің мерекелік іс-шарамыз өз мәресіне жетіп қалды. Жаңа жыл отбасыларыңа бақыт пен шаттық әкелсін. Достар, жаңа жыл тағы да құтты болсын! Қанекей, достар, ортаға би алаңына! Ендеше, бәріміз бірге би билеп, шыршаның жанына естелік суретке түсейік.





















«Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясы

2-ғимарат, қосымша білім беру орталығы

« Жаңа Жыл-2026» мерекесіне байланысты марапатқа

ұсынылатын оқушылар тізімі

Аты-жөні

Үйірме атауы

1

Смағанбетов Ерасыл

робототехника

2

Сейілхан Бақдаулет

робототехника

3

Шағыр Диас

вокал

4

Өрікбай Зайнуддин

вокал

5

Бектемір Айару

вокал

6

Бектемір Асылым

вокал

7

Өрікбай Сайфуддин

вокал

8

Мүслімжан Сезім

телестудия

9

Мүслімжан Зейін

телестудия

10

Қайыржанұлы Сардар

Телестудия

11

Бектай Әлинұр

Музыкалық аспаптар үйірмесі

12

Нұрғазыұлы Әлинұр

Музыкалық аспаптар үйірмесі

13

Бахыт Әділет

Музыкалық аспаптар үйірмесі

14

Ғабитқызы Кәусар

Музыкалық аспаптар үйірмесі

15

Асан Данияр

Музыкалық аспаптар үйірмесі

16

Қадыржанұлы Ғибрат

Музыкалық аспаптар үйірмесі

17

Әуесхан Айсен

Музыкалық аспаптар үйірмесі

18

Тетеев Аслан

Музыкалық аспаптар үйірмесі

19

Сайлаухан Закира

«2D/3D» үйірмесі

20

Тастайбек Ілияс

«2D/3D» үйірмесі

21

Өмірәлі Шұғыла

«2D/3D» үйірмесі

22

Мұхамбетәли Диас

«Өнеркәсіптік дизайн» үйірмесі

23

Асқаров Нұрсұлтан

«Өнеркәсіптік дизайн» үйірмесі

24

Төлемұрат Әдемі

«Өнеркәсіптік дизайн» үйірмесі

25

Жанайбек Бексұлтан

«Өнеркәсіптік дизайн» үйірмесі

26

Сиезбек Асель Бағдатбекқызы

«Жаңартылған энергия зертханасы»

27

Қалданов Нұрислам Ғаниұлы

«Жаңартылған энергия зертханасы»

28

Бақытжанұлы Артем

«Жаңартылған энергия зертханасы»

29

Серікұлы Қарухан

«Экология және биология»

30

Қуанышбай Рамазан

«Экология және биология»

31

Әбдікәрім Әділет

«Энергия көздерін будандастыру»

32

Кенжебек Бекарыс

«Энергия көздерін будандастыру»

33

Қуанышбай кәусар

«Өлкентану» үйірмесі

34

Ерқуат Нұрай

«Өлкентану» үйірмесі







35

Нұрперзент Малика


36

Нұрсейітов Шахмардан


37

Айдаулетқызы Хабибе





38

«Келбет» би ансамблі

«Хореография» үйірмесі










«Сыр жұлдыздары» балалар мен

жасөспірімдерге арналған

шығармашылық және инновация

академиясы қосымша білім беру

орталығының директор

Ж. Бимұратқызына





Сұраныс хат

«Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясы» қосымша білім беру орталығы №2 ғимарат КММ-де білім алып жатқан оқушыларды Жаңа жыл мерекесіне орай марапаттау мақсатында осы сұраныс хат жолданып отыр.

Оқу жылы барысында оқу-тәрбие үдерісіне белсенді қатысып, шығармашылық және білім саласында жетістіктерге жеткен оқушыларды ынталандыру мақсатында оларды дипломдармен марапаттауға рұқсат беріп, тиісті мөлшерде дипломдар бөлінуіне қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.

Аталған марапаттау оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және алдағы жетістіктерге жетелеуге ықпал етеді деп сенеміз.









Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.Қаракөз

































«Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясы

2-ғимарат, қосымша білім беру орталығы

2026 жылға арналған Жаңа Жылдық іс-шара кейіпкерлер тізімі

1

Аяз ата

Асхат

2

Ақша қар

Сабрия пед колледж студент

3

Жылан

Жібек

4

Жүргізуші

Барысбек

5

Оқушы

Пед колледждің студенттері

6

Жылқы

Пед колледждің студенттері

7

Мишка ұл

Пед колледждің студенттері

8

Мишка қыз

Пед колледждің студенттері

9

Мыстан (гринч)

Асқат










































БЕКІТЕМІН:

«Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясы қосымша білім беру

2 -ғимарат орталығының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

_______­­­­­­_______ М.Қаракөз «__ »_________2025 ж.


Жаңа жыл күніне арналған «Ғажайып- Жаңа жыл!»

атты мерекелік концерттің БАҒДАРЛАМАСЫ


Өтетін орны: «Оқушылар сарайы» (фойе)

Уақыты: 26 желтоқсан, сағат 10:00


Уақыты:


11.00-11.03


11.03-11.06

Кіріспе: Сахнаға ту алып шығу рәсімі

11.06-11.08

Жүргізушілер сөзі

11.08-11.12

Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні.

11.12-11.14

Жүргізушілер сөзі

11.14-11.18

Құттықтау сөзі Мағжан Қанатұлына беріледі

11.18-11.20

Жүргізушілер сөзі

11.20-11.25

Қазақша би. « » би ансамблі

11.25-11.30

Өлең.Орындайтын ағылшын үйірмесінің оқушылары

11.30-11.34

Ән. Орындайтын вокал үйірмесінің оқушылары

11.34-11.39

«Тәуелсіздік менің тірегім». Бейнеролик үйірме оқушыларына тәуелсіздікке байланысты сұрақтар.

11.39-11.41

Жүргізушілер сөзі

11.41-11.45

Күй. Орындайтын Домбыра үйірмесінің оқушылары

11.45-11.50

Қазақша би. « » би ансамблі

11.50-11.55

Ән. Орындайтын вокал үйірмесінің оқушылары

11.55-11.57

Жүргізушінің қорытынды сөзі

11.57-12.00

Естелікке суретке түсу рәсімі
















Жаңа жылдық «Ғажайып- Жаңа жыл!»

атты мерекелік концерттің

АНЫҚТАМАСЫ


Күні: 26.12.2025жыл

Уақыты: 10:00

Тақырыбы: «Ғажайып- Жаңа жыл!».

Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл мерекесінің маңызын түсіндіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, мерекелік көңіл күй сыйлау және ұжымдық бірлікті нығайту.
Іс-шараның міндеттері:

Оқушылардың өнерге, сахналық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру;

Балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту;

Достыққа, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу;

Мерекелік атмосфера қалыптастыру;

Оқушылардың өзін еркін ұстау, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Қатысушылар:үйірме оқушылары,педагогтар.

Жұмыстың барысы: Іс-шара барысында Оқушылар сарайының үйірме оқушылары мен үйірме жетекшілері жоғары белсенділік танытты. Мерекелік шараны алғы сөзбен «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және инновация академиясы қосымша білім беру

орталығының басшысы Жанар Бимұратқызы ашып, жиналған қауымды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, жыл бойы үлгерімі жақсы, түрлі жетістіктерге жеткен оқушыларды арнайы марапаттап, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

Марапаттау рәсімінен кейін көрермендер назарына қызықты Гринч қойылымы ұсынылды. Одан соң Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алып, балалар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, тақпақтарын айтып, Аяз атадан сыйлықтарын алды. Шара барысында жылан жылын шығарып салып, жылқы жылын шаттықпен қарсы алдық. Жаңа жыл – жылқы жылына сәттілік, береке мен табыс тілеп, жылы лебіздер айтылды.

Іс-шараның қорытындысы көңілді бимен жалғасып, балалар көтеріңкі көңіл күйде фото және бейнежазбаға түсіп, мерекелік кеш ерекше әсермен аяқталды. Бұл шара балалардың жадында жарқын естелік болып қалды.
































Қорытынды:

Жаңа жыл кеші жоғары деңгейде, әсерлі әрі мазмұнды өтті. Шара барысында оқушылар ауызбіршілік пен бірліктің қадірін терең түсініп, мәдениетті қарым-қатынас орнату мен қоғамда өз орнын табудың маңызын бойларына сіңірді. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» демекші, бұл мереке балаларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиеледі. Ең бастысы, оқушылар Жаңа жылдың жарқын көңіл күй, жаңа үміт пен ізгі ниет сыйлайтын мереке екенін ұғынып, көтеріңкі рухпен тарқасты. Бұл кеш олардың жүрегінде ұзақ сақталатын шуақты естелік болып қалды.



Педагог ұйымдастырушылар: Л.Ә.Тышқанбаева

Б.Ж. Есмаханов







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі