Ғажайып күздің бақытты сәттері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғажайып күздің бақытты сәттері

Материал туралы қысқаша түсінік
күзге арналған сценарий, 4-5 жас
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ДиДи» балабақшасы



«Келісілді»/ «Согласовано»

«Бекітемін»/ «Утверждаю»

Балабақша әдіскері/

Методист детского сада

Дулат П.Е. ___

08.10.2024 ж.

«ДиДи» балабақшасының меңгерушісі/ Заведующий детского сада «ДиДи» Дабылтаева Р.Е. ___















Ғажайып күздің бақытты сәттері



Мудрой осени счастливые мгновение












Балдаурен тобы

Жүргізуші: Армысыздар,халайық,

Бармысыздар ,халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Сәлеметсіздерме, құрметті ата — аналар, қонақтар! Бүгінгі біздің жыл мезгіліндегі ең тамаша «Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ортаға ортаңғы «Балдаурен» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!


(Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Алтын күз биін билеп балалар келеді. Би аяқталған соң өз орындықтарына жайғасады.)


Бес бала өздерің тақпақтарын айтады.


Келесі кезекті сіздерге “Күз оқиғасын” тамашалауды ұсынамыз.


Бір үйде Жанерке атты қыз анасымен және әкесімен бірге өмір сүріпті. Ол мейірімді, көңілді және өте тіл алғыш еді. Жанерке марғауым болса деп армандапты. Және бір күні оған ата-анасы марғауды сыйға тартыпты. Жанерке марғауына Мурзик деп ат қойды, Мурзик өте әдемі әрі нәзік еді, бірақ өте тентек еді.

Жанерке шығады.

Жанерке: Мурзик сен тағы бәрін шаштың ба? (Сөйлеп жүріп жинайды). Менің ойыншықтарым, әжемнің жіптері, кітаптарды жыртыпты(марғауды шақырады). Мурзик , мурзик қайда жүрсің өзің?

Мурзик жүгіріп келеді.

Жанерке: Өзің қандай тентексің? Келші бері. Менің жаныма отыршы, мен саған кітап оқып берейін.

Марғау(Медина): маған сенің кітабың керек емес. Мені далаға жіберші, серуендеп келейін.

Жанерке: жарайды жақсы, барып серуендеп кел. Тек орманға бармаймын деп уәде бер, ол жерде адасып кетесің. Қазір күн суытты себебі күз келді.

Марғау(медина): Күз келді. Ол қайда келді? Ол кім өзі?

Жанерке: жүр далаға, сол жерде күзді де көресің.

Марғау(Медина): жақсы орманға бармаймын деп уәде беремін!

Жүргізуші: Марғау есіктің артына шыға сала сілейіп қалады. Дала таңғажайып күйге еніп тұр. Айналада түрлі түсті жапырақтар айналып жүр. Қызыл, сары, қызғылт, самал жел олармен ойнап жүр. Күтпеген жерден жауында жауа кетті. Жанерке қызымыз жауыннан қашып ішке кіріп кетті. “Бұл неткен керемет деп ойлап марғау қалып қалды далада. Түсінікті бұл күз келгендігің белгісі! Бірақ ол қайда, қашан келеді. Міндетті түрде онымен кездесу керек!”-деп жайлап орманға жол тартады.


(Жол жөнекей мурсик ән шырқап жолын қысқартады)

Ән: жау-жау жаңбыр

Жүргізуші: Мурсик орманды аралап жүргенде алдынан қысқа дайындалып жатқан орман жануарларын кездестіреді.

Жүргізуші: Балалар Мурсик қандай аңдармен кездесетінің біз әлі білмейміз. Оған көмектесу үшін бір ойын ойнайық. “Кімнің дауыс” атты. Ойын шарты қарапайым аңдар шығаратын дыбыстарын ажырата алуымыз қажет.

Ойын ойнайды балалар.

Мурсик: Ой қандай жақсы болды, бәрін біліп алдым. Рахмет балалар аңдарды дыбысынан айыра білуді үйреттіңдер.

(Қоян кіреді)

Мурсик(Медина): Ой бұл қоян ғой. - Сәлеметсізбе қоян! Күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай дайындалады?

Қоян(Асылым): сәлеметсің бе Мурсик. Сәлеметсіңдер ме балалар! Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр. Балалар мен сендерге жұмбақ дайындап келдім, жасырайын ал сендер шешуін табыңдаршы.

Үсті толы ине,

өзін қорғай алады,

домаланып қалады.

Қандай аң?

Балалар: Кірпі!

Қоян(Асылым): Дұрыс балалар!

Бұтақтан бұтаққа секірген,

Кішкентай ғана шапшаң аң.

Балалар: Тиін!

Қоян(Асылым): Дұрыс тиін! Балалар сендер білесіңдер ме, тиін мен кірпі қорек жинамапты. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

Жүргізуші: Әрине көмектесеміз! Кірпіге жемістерді , ал тиінге жаңғақтарды жинап береміз!

Ойын «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал!»


Ойынның шарты: Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдарында себеттер. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.


Жүргізуші: Досы көпті жау алмас, деп бекер айтпаған! Міне біздің, балалар кірпі мен тиінге көмектесіп жіберді. Ендеше, біздің балалардың өлең шумақтарын айтып Мурсикке ертерек күзді табуына себепкер болайық.


Оспан

Алтын, сары, қызыл, көк.

Алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жапырлап.


Ақжан

Қандай өзі береген,

Алмасын ай, алмасын

Жемісі көп не деген,

Жеп тауыса алмайсын


Ару

Шаттық жыры

Астық, жыры

Қырман басы думанды,

Қарқынды еңбек, әр күн өрлеп.

Ел ісіне сүисінді,

Балақайлар,

Алақайлап,

Бақтың іші нұрланды.


Дарын

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін сыйлауға

Шақырады біздерді.


Аяла

Тербеледі ағаштар

Қызыл, сары атырап.

Сусып жерге түседі,

Алтын түстес жапырақ.


Аруна

Таза жездей жайнаған

Сары бояу айналам.

Енді сары бояумен ,

Күз суретін салам мен


Нұрасыл

Алтын, алтын, сары алтын

Алтын күзде нұр жатыр

Мурсик(Медина): Бәрі күз келді дейді. Ал маған күздің кім екені қызық. Мен оны тауып алғыс білдіруім керек.

Жүргізуші: сол сәтте бәрін бақылып жүрген зуылдаған жел келеді.

Жел(Асия): Мен желмін. Байқаймын сен батыл екенсің. Жолың болды дей бер мына балалар арнайы дайындаған өнерлері бар екен. Осыдан кейін міндетті түрде күзбен кездесесің.

Жүргізуші: Жыл мезгілімізге арнаған биімізді тамашалайық.

Би: «Күзгі жол»

Жел(Асия): Балалар сендер бізге көмектестіңдер сендерге рахмет.

(Күз кіреді)

Күз(Раяна): Сәлеметсіңдерме балалар мені таныдыңдарма? Мен алтын күзбің жылдың ғажап мезгілі, еш бояусыз және қылқамсыз келдім және барлық жапырақты боядым.

Жел(Асия): Алтын күз Мурзик сені көргісі келді. Бірақ ол күз туралы ештене білмейді.

Күз(Раяна): Ештене білмейді. Олай болуы мүмкін емес. Қазір күз мерекесі, күз мезгілінің неше айы бар?

Күз айларын кім атап бере алады?

(Үнсіздік)

Күз(Раяна): Ой балалар расыменде ешкім білмейме, жарайды ендеше менің үш айым өздерін таныстырсың.


1-бала: (Қыркүйек) Абылай

Бірінші қыркүйек

Білімге бастады.

Мал мен аң жүр билеп,

Құс шарлап аспанды.


2-бала: (Қазан) Баянсұлу

Жаңартқан ғаламды

Жаңбырлы ғажап ай

Осынау заманды

Орнатқан қазан ай.


3-бала: (Қараша) Айла

Мол байлық тергені

Шаттығы қаншалық.

Қарашы, өрледі

Қараша ән салып.


Күз(Раяна): Мінекей таныстыңдарма? (Иә)

Мурзик(Медина): Күз менімен бірге жүр, мен сені досым Маржанмен таныстырсам деп едім. Олда қуанып қалсың.

Күз(Раяна): Өтініп тұрсан барып, досынды бір қуантырайын.

Жүргізуші: күз бен мурзик Үйге де жетіп қалады. Ал мурзикті осы сәтке дейін іздеген Жанерке қатты жабырқап, жылап отырады.

Мурзик: Жанерке неге жылап отырсың,

(Мурзикпен жанерке бір бірін құшақтайды да)

Мурзик: Қарашы саған қонақтармен келдім.

Жүргізуші: Жанерке қонақтарды жыл қарсы алып, дастархан басына шақырады. Дастархан басында әдемі әңгіме болады, Мурзик калай орманда адасқаны жайлы айтып береді. Бір уақытта желдің гуілі естіледі.

Күз: — Достар, желдің гуілін естимісіңдер ме? Мені бауырларым шақырып жатыр. Балалар, бәрің өнерлі екенсіңдер. Өнерлеріңді тамашалап, тәнті болдым. Еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматтары болыңдар. Арнайы сендерге әкелген мына күзгі жемістерден ауыз тиіңдер.

Жанерке: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.

Балалар, күз сыйлығын топқа барғасын бөлісеміз.

Күз :Раяна

Берекелі бақ дәулет

Артта түссін тойланып.

Сау болыңдар, балалар,

Келгенше жыл айланып.

(Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді)

Ән: Күз тамаша

Қош бол,Күз ханшайымы.

Жүргізуші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.

Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Қазіргі сендердің еңбектерін сабақ оқу. Міне, балалар осымен «Алтын Күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.

Тәрбие оқу ісінің меңгерушісіне сөз беру.

Ата-аналардың бүлдіршіндерге құттықтау сөзі.

Шашу шашылып, мереке аяқталады







Тәрбиеші: Амангелдіқызы Н. ____________

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2024
102
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі