жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғажайып математика
«Бәйтерек» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «Теңіз әлеміне саяхат»
Мақсаты: Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқай білу қабілеттерін арттыру. Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру. Балаларға геометриялық пішіндерді олардың түстері туралы түсініктерін бекіту. Санамақтар айтқызу арқылы сан туралы ұғымдарын қалыптастыру. Геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру.
Әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, әңгімелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар, құрал-жабдықтар: слайд көрсету, ойыншық және тірі мысық,үлестірмелі материалдар (геометриялық пішіндер,қайықтар,түрлі-түсті жіптер,гүлдер),су ханшайымдардың макеттері.
Қостілділік компонент(билингвальный): Көктем – весна – spring, теңіз – море – sea, Мысық – кошка- cat.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
|
«Шаттық шеңбері» Кәне, кәне тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық Тұрсақ егер шеңберге, Алақанды ұрайық. Сол жақтағы балага, Оң жақтағы балага. Шапалақта, шапалақ, Шапалақта, шапалақ -Қазір жылдың қай мезгілі? Қостілділік компонент(билингвальный): Көктем – весна - spring -балалар кім көктем туралы тақпақ біледі? -Жарайсыңдар балалар. Есік қағылып топқа Әдемі кіреді (қолында қорапшаға салынған ойыншық мысығы бар) -Әдемі, сенің неге көңіл күйің жоқ? -Әдемі, біз сенің тілегіңді орындай алмайтын сияқтымыз!?... -Бірақ,... балалар ертегіде алтын балық адамдардың тілегін орындайды деп естуші едім, мүмкін алтын балықты іздерміз. Сөйтіп Әдеміге көмектесерміз. -Балалар, Әдеміге көмектесеміз бе? -Бәріміз менімен
қайталаңдаршы. |
Балалар шеңберге тұрып, шаттық шеңберін орындайды.
-көктем
Гүлназ Көктем,көктем,көктемде, Құстар ұшып келгенде, Қуанып бір қаламыз, Әнмен қарсы аламыз. Батырбек Дала гүлге бөленді, Қуанышқа кенелді. Орман,тоғай, бауларда, Құстар үні төгілді. Жанерке Көктем келді еліме, Балалар Әдеміге таңырқай қарайды. Әдемі: -Анам менің туылған күніме ойыншық мысық сыйлап еді, бұл мысық жансыз ойыншықтың бірі ғана. Сондықтан да осы мысығыма жан бітіп, менімен ойнаса, тамақтанса деп армандаймын. -көмектесеміз. (балалар музыка әуенімен теңізге аттанады) Балалар қайталайды |
|
Ұйымдастыру-шылық ізденіс кезеңі |
Міне,балалар, біз теңізге де келіп жеттік. Қостілділік компонент(билингвальный): Теңіз – море – sea Бірақ, алтын балық көрінбейді. Кәне, алтын балықты шақырайық! -Алтын балық: «Балалар, дауыстарыңды естідім, мен су астындамын,сендер менің тапсырмамды орындағанда ғана су бетіне жүзіп шығамын» (құмыра су бетіне қалқып шығады) -Ендеше,алтын балықтың бізге қандай тапсырмалары бар екен? 1-тапсырма: «Суда қанша балық жүзіп жүр және қандай санамақ білесіңдер?» -Балалар,кәне, балықтарды санап жіберейік. -Қандай санамақ білеміз? 2-тапсырма: «Жағажайдағы қайықтар тесіліп қалыпты, соны жамап беріңдер» Д/о: «Пішіндерді тап» -Балалар,қайықтардың тесіктері геометриялық пішіндерге ұқсайды екен.Кәне, геометриялық пішіндерді атап,қайықтарды тиісті пішіндермен жамайық. (екі бала тақтаға шығып,үлкен қайықты пішіндермен жамайды) 3-тапсырма: «Су ханшайымдарына көйлектерінің түсіне қарай гүл жасап беріңдер» Д/о: «Түсіне қарай безендір» -Кәне, су ханшайымдары қандай түсті көйлек кигендерін айтып жіберейік. -Балалар,алтын балықтың тапсырмалары көп екен,кәне шеңберге тұрып, бойымызды сергітіп алайық! (Балалар назарын тақтаға аудартамын.) -Балалар қараңдаршы күннің бетін бұлт басқан, егер біз сергіту сәтін жақсы орындасақ күннің бетіндегі бұлт кетіп, күніміз жарқырайды. Балалар күннің бетінен бұлтты аламыз ба? Бойды сергек тік ұста Емін еркін тыныста Деміңді ішке тез алда Оң қолыңды соз алға Қол ұшына қарада Үш бұрыш сыз ауада Сол қолың да бос тұрмасын Шеңбер жасап тынбасын. (Бұлт күннің бетінен
алынып, күніміз
жарқырайды) 4-тапсырма: «Менің достарымның корзинкаларын толтыруға көмектесіңдер» Д/о: «Пішіндерді жинастыр» -Балалар пішіндерді атап және салыстыра отырып, корзинкаларға бөліп салады. -Міне,балалар біз алтын балықтың барлық тапсырмаларын орындадық. Енді алтын балық су бетіне жүзіп шығатын шығар?..... (Алтын балық музыка әуенімен су бетіне жүзіп шығады) Алтын балық: «Балалар сендер менің тапсырмаларымды дұрыс орындадыңдар. Сендер өте білімді екенсіңдер. Енді балабақшаларыңа қайта беріңдер, тілектерің орындалады.» |
АЛТЫН БАЛЫҚ! (2 рет атап шақырады) Балалар алтын балықтың дауысын естіп,оның тапсырмаларын орындауға келіседі. Балалар балықтарды санайды және санамақ айтады. 1,2,3. Суда 3 балық жүзіп жүр. Дамир Бір дегенім-бала, Санды дұрыс сана! Аймира Екі дегенім-ешкі, Таудан келер кешке. Саян Үш дегенім-үйім, Үйде жақсы күйім. -үшбұрыш,шеңбер, төртбұрыш Әр бала өзіне берілген қайықтарды тиісті пішіндермен жамайды. Қызыл, сары, көк, жасыл Балалар өздеріне берілген жіптің түсіне қарай гүлдерді безендіреді, су ханшайымдарының қолдарына береді. -иә Балалар сергіту сәтін жақсы орындайды. Балалар келесі тапсырманы тыңдайды. -төртбұрыш, үшбқрыш, шеңбер. Балалар ойыншық мысық салынған қорапшаны алып, балабақшаға қайтады |
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі |
(балалар орындарына отырады) -Балалар, алтын балық шынымен біздің тілегімізді орындадыма екен?.. Кәне, қорапшаны ашып көрелік! (қорапшаны ашқанда тірі мысық шығады) -Мысық қандай? -Мысық жүні қандай? -Мысық не жейді? Қостілділік компонент(билингвальный): Мысық – кошка- cat Әдемі: «Балалар, сендерге көп рахмет. Сендердің барлықтарыңды менің мысығыммен ойнауға шақырамын» Дидактикалық ойын «Пішіндер кілемшесі» Балалар пішіндерді өз орындарына орналастырады. Ашық оқу іс – әрекетін қорытындылап, балаларды мадақтау. |
Балалар қуанады Мысық әдемі,сүйкімді... Мысықтың жүні жұмсақ,үлпілдек. Мысық сүт ішеді, нан жиді. Балалар қуана келіседі. Ойынды қызыға ойнап шығады. |
Күтілетін нәтиже:
Білді: Геометриялық пішіндер, фигураларды ажыратуды, атауды, оларды пайдаланып түрлі бейнелер құрастыруды
Игерді: Шапшыңдықты, бірлесіп жұмыс жасауды
Меңгерді: Пішіндерді түсі, көлемі бойынша анықтауды
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген