жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ғажайып математика"
Білім беру саласы.Таным
Тақырыбы: Ғажайып математика
Мақсаты: 1-ден 5ке дейінгі сандарды тура және кері санау,кеңістікті бағдаралау,тәуліктерді білуге ,геометриялық пішіндер мен түстер туралы білімдерін бекіту.Ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Балаларды ұйымшылдыққа сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Балалар бүгін бізде ерекше ҰОҚ меті бүгін біздерге қонақ болып болып апайлар келіпті,қане біріміз қонақтар амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
Көңілденіп жүремін Бақытты боп жүремін Бәрін біліп алатын Мен ақылды баламын -Ендеше балалар бір жылда неше мезгіл бар? -4 мезгіл бар -Жақсы қазір жылдың қандай мезгілі? -Қыс мезгілі дұрыс айтасыңдар қыс мезгілі екенін қайдан білесіңдер? Осы кезде есік қағылып сайқымазақ кіреді.Сәлеметсіздерме!балалар менің кім екенімді білесіңдер ме? Балалар: иә сайқымазақ. Сайқымазақ:Балалар мен сендерге дайындаған тосын сыйым бірақ сендерге сыйымды көрсетпей тұрып мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақ. Үрлеу жеп -жеңіл Елпілдеп кетеді Ұшырсаң Көк –шеңбел Бұлтқа да жетеді. (шар) Сайқымазақ мен сендерге сыйлықтарым көп ендеше мен сендерге тосын сыйымды көрсетейін. Тәрбиеші.Балалар осы шарға тапсырмалар орындап берейік. Енді әрі қарай бізге берілген тапсырмаларды орындайық. Балалар тақтадағы бірінші тұрған шардың түсі қандай? (Қызыл) енді қызыл түске берілген тапсырманы қарайық. Қызыл түс тәуліктерді ата. Көк түс.Кеңістікті бағдарлау. Сергіту сәті. Бойды сергек тік ұста Емін еркін тыныста Оң қолыңды соз алға Қол ұшына қарада Ұшбұрыщ сыз ауада Сол қол босқа тұрмасын Шеңбер жасап тынбасын. Жасыл түс. Көлемі алыс-жақын ұғымдарын қалыптастыру. Сары түс: «Пішіндерді ата 1-ден 4ке диінгі сандарды тура және кері санау.»
Қ\Ойын: «Өз орныңды тап» Сайқымазақ шығарып салу.Балалар сендер өте ақылды білімді балалар екенсіңдер рахмет сендерге мен сендермен қоштасамын келесі кездезкенше сау болыңдар балалар.
Қорытынды.Балалар бүгін бізде кім қонақта болды? Сайқымазақ бізге не жасырды?Балаларды мадақтау,
№ 31 «Күншуақ»МДҰ
Тақырыбы:«Ғажайып математика»
(Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті)
№4 «Балдәурен» ортаңғы тобы.
Өткізген.Қарашбаева.Р.О.
Ақтөбе 2019ж
Білім беру саласы: Сөйлеуді дамыту,Таным,Шығармашылық Тақырыбы. Үй құстары. Мақсаты: Балалардың үй құстары туралы білімдерін , олардың пайдасы туралы түсініктерін тиянақтау, қойылған сұрақтардан нақты жауап алу. Сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Ұсақ моторикасын дамыту және суретке деген қызығушылығын арттыру. Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Біз қандаймыз қандаймыз Шұғылалы таңдаймыз Күлімдеген күндейміз Ренжуді білмейміз
1.Көктем мезгілінің айларын ата.
2.Көктемде ең алғаш қандай құстар келеді?
Жұмбақ жасыру.
Тал басында ағаш үй
Терезесіз тамаша үй
Соны мекен етеді
Қыста алысқа кетеді (құстар)
-Балалар құстардың өзі екіге бөлінеді.
-Үй құстары және дала құстары
-Үй құстарына қандай құстар жатады
-Үй құстары: Тауық,қаз ,үйрек.
-Дала құстары:Торғай,қарлығаш,қарға дұрыс айтасыңдар балалар.
Балалар неге дала құстары үй құстары деп екіге бөлеміз?
-Үй құстары үйде бағылады оларға жем, су, тарысын береміз.
-Ал дала құстары өз бетінше өмір сүре алады,өз тамақтарын өздері табады.
Балалар мында қарайықшы бір дыбыс шығып жатыр.
Балалар мынау тұрған не?
-Үйшік
Тауық: Кім бар құтқарыңдар деп айқайлайды.
Балалар мына үйшікке тауық қамалып қалған сияқты тауықты шығару үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек екен орындаймызба балалар?
1.Тапсырма.Д\Ойын.Үй құстары мен дала құстарын ажырат.
2.Д/О: «Дала құстарының бөліктерін тап»
3.Тапсырма.Д/Ойын. «Даусынан таны»
Қаз-қаңқылдайды
Тауық-қыт-қыттайды
Балалар тауық не жейді ? Тары
Тауық адамдарға не береді? жұмыртқа ,ет береді.
Үйрек- саңқылдайды.
4.Тапсырма. Балапандарын тап?
Құстардың балапандарын тұмсығынан, мойнынан,аяқтарынан айырамыз.
Тауықтың тұмсығы-үшбұрыш
Қаздың мойны ұзын тұмсығы жалпақтау
Үйректің тұмсығы ұзындау болып келеді
Сергіту сәті.
Үйрек аузын ашады Қанаттарын қағады Бір отырып бір тұрып Билеп билеп алады.
Тауық шығады. Ой балалар мына үйшікке қамалып қалып әрең дегенде шыктым рахмет сендерге енді менің қарным ашып тұр.
Балалар.Тауық не жейді? Тары балалар қазір біз тауық тары салып берейік салмас бұрын саусағымызға жаттығу жасап алайық. Саусақ жаттығуы.
Қазым қазым қаңқылда
Суда жүзіп шаңқылда
Жем шашайын жейсін бе
Әлде конфет жисің бе
Жоқ жоқ жоқ
Конфет болмайды ас
Арпа менен бидай шаш
Балалар енді тауыққа тары салайық салған тарыларымызды тауыққа берейік.
Қорытынды: Бүгін бізде ерекше сабақ болды, онда біздер құстар туралы айттық. Тәрбиеші: Қандай құстар туралы айттық? Қандай ерекшеліктері бар? т.б. Бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар, балаларды мадақтау.
№ 31 «Күншуақ»МДҰ
(Ашық ұйымдастырылған оқу іс-қызметі)
№4 «Балдәурен» ортаңғы тобы.
Өткізген.Қарашбаева.Р.О.
Ақтөбе 2019ж
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген