Тақырыбы.
«Ғажайып математика»
Мақсаты:
Сандарды тура
және кері санау. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс
- әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп,
ойлауға ауызша қосып - алу және геометриялық пішіндер туралы
ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым - қатынас, көмек
көрсету, сыйластықты
қалыптастыру.
Балаларды
тапқырлыққа, ізденімпаздыққа
тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі:
түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту сәті,
« Артық пішінді
тап?» дидактикалық
ойыны, жұмбақтар.
Құрал жабдық
ретінде:
суреттер,
таяқшалар, ермексаз,қайшы, желім, сурет
бөліктері, жыл мезгілдері,
үлестірмелі
материалдар пайдаланылады.
-
Салеметсіздерме,
балалар!
Салеметсіз
бе!
- Балалар,
бүгін бізге қонақтар келіпті, қане
амандасайық!
Шаттық
шеңбер:
Күннің көзі
ашылып,
Көкке шуақ
шашылсын.
Құтты қонақ
келіпті,
Төрімізге
еніпті.
Амандасу
үлкенге,
Тәрбиенің басы
ғой.
Ал қанекей
бәріміз,
Салем дейін
үлкенге.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы
болсын, орнымызға
отырамыз.
- Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар
туралы ашық
ұйымдастырылған іс
әрекеті.
Ұйымдастырушылық
барысы:
Сұрақ жауабы:
-
Бір аптада неше күн
бар?
-
Бір жылда неше мезгіл
бар?
-
Қазір жылдың қай
мезгілі?
-
Көктем мезгілінде қандай
ерекшеліктер бар?
-
Тәулік бөліктерін
атаңыздар?
Бұл түс шөптердің түсі
сияқты.
- Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл
шөпке толады..
Ағаштар бүршік
жара бастайды.(көктем)
Жұмбақтар:
-
Қалқиып қос
құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
(қоян)
-
Қыс бойына
жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
(аю)
-
Төрт аяқты
шалғы
Орап кетер малды.
(қасқыр)
-
Бұлаңдаған
құйрығы
Бір алдарлық құлағы.
(түлкі)
Дұрыс, балалар! Бұл аңдар қай
ертегінің кейіпкерлері?
Әже
келді!
Әже: Салеметсіздерме, балалар! Менің қолымда
не бар?
Мен қандай ертегінің
кейіпкерімен?
Бауырсақ ертегісінде бауырсақты кім жегісі
келеді?
Бауырсақты кім
пісіреді?
Бауырсақ қандай ән
айтады?
Әженің
тапсырмасы:
-Ал, балалар осы уақытқа дейін
біз қандай геометриялық пішіндерді өттік? Есімізге
түсірейікші? Ал балалар пішіндер туралы кім тақпақ
айтады?
Данеля: Мен
үшбұрышпын
Үш жағым
бар
Үш төбеден
жасалған.
Үй төбесіне
қарасаң,
Мен ғой сонда
отырған.
Адия: Мен шеңбермін,
шеңбермін.
Осындаймын
дөңгелек.
Айналамын күн
сайын,
Барлығы үшін біз
керек.
Жасмин: Мен
шаршымын.
Төрт жағым
бар.
Төрт жағым менің
бірдей,
Кел ойнайық
балақай.
Ойын: «Артық пішінді
тап!»
Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем
пішінді тауып, қоршау
керек.
«Бауырсақ» ертегісі арқылы
бастағамыз келіп отыр. Балалар ертегіде Бауырсақ ең бірінші қандай
кейіпкер кездеседі.
Қоян: Мен, қоянмын,
қоянмын.
Сәбіз жесем
тоямын.
Қасқырдан
қорқамын,
Бауырсақты жеп
қоямын.
Қоян: Салеметсіздерме балалар
мен сендерге қызықты тапсырмалар әкелдім, егер соны орындасаңдар
мен бауырсақты жемеймін.
1 - тапсырма. 1 - ден 5 - ке дейін тура және
кері санау.
Барлық тапсырманы дұрыс
орындадыңдар, рақмет!
Қасқыр: Қасқыр орманда
жортады,
Аяздан ол
қорқады.
Аспанға қарап
ұлиды,
Ауылда малды ториды.
Қоян: Салеметсіздерме балалар мен сендерге қызықты тапсырмалар
әкелдім, егер соны орындасаңдар мен бауырсақты
жемеймін.
2 - тапсырма. Логикалық
есептер
- Дүкеннен анам дөңгелек 2 допты алып келді,
оның біреуін ініме бердім. менде неше доп қалды?
(1)
- Қоянда неше құлақ бар?(қоянның суретін
көрсету)
Мынау ненің
суреті?
- Қолда қанша саусақ
бар?
- Ағашта 5құс отыр, оның 2 - уі ұшып кетті,
ағашта қанша құс
қалды?
- Себетте 2 алма, табақта 3 алма қосқанда
барлығы болады неше
алма
-Барлығыңа рақмет!
Тәрбиеші: Балалар қасқырдың тапсырмасын жақсы
орындадыңдар, ол сендерге риза болып жүр. Енді бауырсаққа орманда
тағы қандай аң кездесті?
Аю: Тоңпан-тоңпан
жүретін,
Аю үлкен
жануар.
Балды жақсы
көретін,
Аю деген
жануар.
1-тапсырма: Тақтамен жұмыс: Заттарды санау.
Үлкен- кіші, жоғары –төмен, биік-аласа,
кең-тар.
Сергіту
сәті:
Ұзын құлақ сұр
қоян,
Естіп қалып
сыбдырды,
Ойлы қырлы
жерлермен
Ытқып ытқып
секірді.
Қарап еді
артына
Қиығын сап
көзінін
Келе жатқан
томпаңдап
Көжегі екен
өзінің.
2-тапсырма: Санамақ айтып
беріңдерші?
Айзере:
Бір дегенің
–білім,
Білім-жарық
күнің.
Екі дегенің-
еңбек,
Еңбек бәрін
жеңбек.
Үш
дегенің-үміт,
Үмітсіз жоқ
жігіт.
Төрт
дегенің-талап,
Талмайтұғын
қанат.
Бес
дегенің-бірлік,
Бірліксіз жоқ
тірлік.
Санжар:
Кел санайық
санамақ,
Саусақтарды
даралап.
Бас бармағым
алғашқы,
Балан үйрек
жалғасы,
Ортан терек
атасы,
Шылдыр шүмек
анасы,
Шынашағым
балапан,
Бәріне ортақ
алақан.
Жания:
Бір дегенің
–бесік,
Шықтыұ содан
өсіп.
Екі дегенің-
елім,
Далам, тауым,
көгім.
Үш
дегенің-үміт,
Үміт артар
жігіт.
Төрт
дегенің-төзім,
Төзе білем
өзім.
Бес
дегенің-бақыт,
Бағалайтын
уақыт.
Келесі түлкі
келеді.
Түлкі: Түлкі түлкі
келеді,
Бұралаңдап
жүреді.
Айналады би
билеп,
Биді жақсы
көреді.
-Сәлем, достар! Менің
тапсырмамды орындауға дайынсыңдар
ма?
Төрт үстелге бөлу: мозайка, әр
аңның тағамын қиып-орнын табу, таяқшалармен заттар құрастыру, төрт
мезгілдің ерекшеліктері.
Тәрбиеші: Балалар түлкнің тапсырмасын жақсы
орындадыңдар,
жарайсыңдар!
Қорытынды:
-Балалар бүгінгі көңіл-күйлерің
қалай?
-Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекет кімге
ұнады? Қай тапсырмалар
ұнады?
- Жарайсыңдар, балалар, бәріміз келген
қонақтармен
қоштасайық.
Көріскенше күн
жақсы,
Сау
болыңыздар!
Күтілетін
нәтиже:
Қолынан
келу:
- Балалар, біз бүгін геометриялық пішіндерді
ажыраттық .
Білуі қажет: Сандарды тура және кері санау,
логикалық есептер, жұмбақтар
шешу.
Болу керек: зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте
сақтау, ойлау қабілеттері,
дамыған.