Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ғажайып математика әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қорытынды сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғажайып математика әлеміне саяхат

Қорытынды ҰОІ

Тәрбиеші: Наурузбаева Н.С.

12 «Нұр бөбек» ортаңғы тобы

МКҚК №11 «Арай балабақшасы»

К өкшетау2018ж.

Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімдерін  тиянақтау.

Сандарды тура, кері санауды қайталау, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, дамыту. Геометриялық пішіндерді атау және тану үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек. Тәулік бөліктерін (таңартең, күндіз, кеш, түн) ажырату. Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекілік құралдар: 1-ден 5-ке дейінгі сандар, геометриялық пішіндер.
Үштілділік компонент: сан-цифры-Civil пішін-фигура-Figure

Ұйымдастыру-іздестіру кезеңі:
Шаттық шеңбер:
Күннің көзі ашылсын
Көкке шуақ шашылсын
Амандасу үлкенмен
Тәрбиенің мәні ғой
Алдыменен халайық
Амандасып алайық
Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Здраствуйте. H
ello
Балалар, Бір жылда неше мезгіл бар? (Бір жылда төрт мезгіл бар)
- Қазір жылдың қай мезгілі?
(Казір жылдың көктем мезгілі)
- Көктем мезгілінде неше ай бар? (Көктем мезгілінде үш ай бар)
- Қазір қай ай? (Казір сәуір айы)

Біз балалар көптеген көктем туралы тақпақтар білеміз я, казір ортаға Наргиз бен Айзере көктем туралы тақпақтарын айтып берсін.
Наргиз:
Көктем, көктем көктемде,
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып бір қаламыз,
Інмен қарсы аламыз.
Айзере:
Көктем қандай көңілді,
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.

Олай болса балалар:
Мотивациялық ойды ояту.
- Балалар, бүгін біз Ғажайып математика әлеміне саяхатқа барамыз.
Математика патшалығына сиқырлы кілемге отырып барамыз. Кілемшеге отырғаннан кейін көздеріңді жұмып, 1-ден 5-ке дейін санайсыңдар.
- Балалар, біз математика патшалығына келіп қалдық, мен үшке дейін санаймын содан кейін көздеріңді ашасыңдар. Балалар тотықұсты көреді.
Терезеден хатты алып балалармен бірге хатты ашып ішінде не жазылғанын көрейік.

1-тапсырма:Сан және санау.1ден 5-ке дейін үш тілде санау тура және кері санау
- Жарайсыңдар, балалар, Бірінші тапсырманы жылдам орындадыңдар.
- Олай болса, біз тотықұсқа сандар туралы тақпақтарымызды айтып берейік.

Айсана:
Мені келсе білгің,
Мен таяқша бірмін.
Сандарға жол бастап,
Ең бірінші тұрамын.
Шолпан:
Бірден кейін тұрамын,
Бірден кейін тұрағым
Бірді бірге қосқанда,
Мен шығамын қарағым.
Томирис:
Екіден соң әрқашан,
Үшінші мен тұрамын.
Қағазға сызып түсірсең,
Екі ирек саламын.
Қайсар:
Үш қашанда тақ саны,
Жұп болғанға не жетсін.
Төрт дегенің баяғы,
Төрт түліктің аяғы.
Арсен:
Төртен кейін бесті,
Білу оңай десті.
Төртеуін бүгіп санасаң,
Табасың оңай бесті.
2-тапсырма: «Суретпен жұмыс» Салыстыру.

«Алмұрт пен шие»
- Балалар, мына жерде же қандай жемістердің суреті бар?
(Алмұрт пен шие)
- Олай болса алмұрт көппе шие көппе? (Шие)
- Балалар, мынау не? Үйлер.
-Қай үй үлкен және ұай үй кіші?
(Сол жақтағы үй үлкен ал, оң жақтағы үй кіші).
Сергіту сәті: Бір-тұрамыз, созыламыз,
Екі-еңкейіп,керілеміз,

Үш-шапалақ соғамыз,
Басымызды шайқаймыз,

Төрт дегенде қол көтеріп,
Бес дегенде қол бұлғаймыз.
3-тапсырма: «Сөйлемді аяқта»

-Таңғы асты таңартең, ал кешкі асты қай уақытта ішеміз? (Кешкі асты кешке ішеміз)
-Түнде ұйықтаймыз, ал жаттығуды қай уақытта жасаймыз
? (Жаттығуды таңартең жасаймыз)

- Күндіз күн шығады, ал Ай қай уақытта шығады (Ай түнде шығады)
- Кешкі асты кешке, түскі асты қай уақытта ішеміз(Түскі асты күндіз ішеміз)
4. Тапсырма: Логикалық сұрақтар:
1. Аспанда қанша жұлдыз бар?
(Аспанда көп жұлдыз бар)
2. Сиырда неше мүйіз бар? (Сиырдың мүйізі екеу)
3. Машинада неше дөңгелек бар? (Машинада төрт дөңгелек бар)
4. Үйдің шатырында неше бұрыш бар?
(Үйдің шатырында үш бұрыш бар)

5. Ойын: «Геометриялық пішіндердің түстерін табу. Түстерді және пішіндерді үш тілде атау».

Б іздің «Ғажайып матеметика әлемінен» топқа кететін уақытымыз келді. Кілемге отырады. Көздерін жұмып 5-тен 1-ге дейін кері санайды

Рефлекциялық–түзетушілік кезең.
- Балалар, бүгінгі саяхатымыз өте қызықты болды. Қандай тапсырманы орындадық? (Балалардың жауабы)
Жарайсыңдар,балалар, бәріміз қол соғып бір бірімізді құттықтап қояйық. Келген қонақтармен де қоштасатын сәт келді.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.07.2018
1656
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12