400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ғажайып қоржын» интелектуалды- векториналық ойын сабағы. "Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас ұстаздарына тәжірибе жинауға әдістемелік көмек болады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сарыжаз орта мектебі қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі Сыпатаева Күлфара



«Ғажайып қоржын» интелектуалды- векториналық ойын сабағы.

Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны.

Мақсаты: Заманымыздың ақиық ақыны М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімін молайту, шығармаларын оқып үйрену.

Ақын шығармашылығындағы адамгершілік, ізгілік, патриоттық рухты бала бойына сіңіру. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын, ізденіштігін дамыту.

Көрнекілік: М.Мақатаевтың портреті, қанатты сөздер, қоржын, түрлі-түсті асықтар.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Негізгі бөлім.

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, қонақтармен оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан жарық сәулесін шашқандай жарқырай түсіп, өркендей өсіп айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидан перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.

2-жүргізуші:

Иә, Мұқағали – ғажайып, сыршыл, гуманист,ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан бізге естілмейтін құпия дыбыстардан нәр алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сана бірлігі көңілге ұялайды.

1-жүргізуші:

Мұқағали аға! Бүгінгі күн өзіңіз жайлы сыр ашып, ой толғайтын, шығармашылығыңызды бар халықпен паш ететін, «Мен Мұқағалимын» деп өзгелерден өзіңізді, поезияңызды өздеріне серік еткен өрендерді ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:

Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай

Еңбегінің қызығын да көре алмай.

От боп жанып өтіп кеткен ақынға

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай, - деп

Айтақын ағамыз жырлағандай өлеңмен рухани азық, күш жинап, қажетіне қарай халқына бақыт сыйлаған ақиық ақиық ақынымыз ешкімнен кезінде енші сұраған емес-ті. Міне, сол еңбегіне ізбасар ұрапақтары, мұқағалитанушылар, «Мен ескерткіш қоямын асыл аға» деп өз білімін көрсетуге ортаға келді.

1-жүргізуші:

Иә,тағдыр таразысы тарлан талантқа өлшем емес. Мұқағали мұрасы жалпақ елдің жүрегінде, ой парасатында. Олай болса, сіздер арнайы әзірленген М.Мақатаевтың өмір мен шығармашылығына түзілген «Ғажайып қоржынның» сұрақтарына жауап беріңіздер.

2-жүргізуші:

Өзі туып өскен табиғатындай тау тұлғалы,қатпар – қатпар сан қырлы болмысы бөлек, бітімі ерекше, дарынды перзентіміздің, «Хантәңірінің мұзбалақ ақыны» М.Мақатаевтың шығармашылыгына арналған интелектуалды – викториналық ойынымызды бастаймыз.

1-жүргізуші:

Ойынды бастамас бұрын ойын тәртібімен таныс болыңыздар. Ойын үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңге үш оқушы қатысады. Оларға М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан сүрақтар беріледі. Үш кезеңнен озып шыққан үш ойыншы шешуші кезеңге қатысады. Шешуші кезеңнің женімпазы ақтық ойынға қатысады. Әр кезеңге және ақтық ойынға қатысатын ойыншыларға берілетін жүлделеріміз бар. Көрермендермен де ойын жүргіземіз, дайын болыңыздар.

2-жүргізуші:

Мен сіздерді ойын тәртібімен таныстырайын. Ортаға сұрақтар береміз. Жауабын тапқан үш ойыншы ортаға шығады. Егер сіз ақ асық алсаңыз тақтадағы жасырынған сөздегі әріптердің атайсыз. Егер сіз қара асық алсаңыз, онда ойыннан шығасыз. Ал жасыл асық алған кісіге арналып М.Мақатаевтың өленіне жазылған ән жолданады. Ал сізге қызыл асық тап болса, онда бізден сыйлық алып ойынан шығасыз.

1-жүргізуші:

Көк асық алғанойыншы үшін М.Мақатаевтың өлеңдерінен үзінді оқылады.

Егер сіз қосу таңбасы бар асық алсаңыз, кез келгенәріпті ашуыңызға болады.

2-жүргізуші:

Бірінші кезеңнің ойыншыларын таңдау үшін берілген сұрақтарға көңіл аударыңыздар.

1-сұрақ. М.Мақатаевтың драмалық шығармасын атаңыз? («Қош, махаббат»)

2-сұрақ. Мұқағали атындағы мектеп біздің ауданымызда қай ауылда? (Тегістік)

3-сұрақ. Мына үзінді қай өлеңнен?

Мен тілеймін жарқыным сенде тіле

Жақсылық орнасын деп жер бетінде. («Аңса жаным»)

1-жүргізуші:

1-кезеңнің сұрағы. Мұқағали атындағы берілетін сыйлық не деп аталады? («Тұлпар»)

2-жүргізуші:

Енді екінші кезеңнің ойыншыларын таңдаймыз. Ол үшін мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1-сұрақ. «Райымбек, Райымбек» поэмасында қай жылдар оқиғасы суреттелген?

(XVII-XVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы)

2-сұрақ. Мұқағалидің халыұ наным – сенімге құралған поэмасын атаңыз? («Аққулар ұйықтағанда» поэмасы)

3-сұрақ. Мұқағалимен бірге «Ғасыр ақыны» атанған кім? (Мағжан Жұмабаев)

1-жүргізуші:

Енді екінші кезеңнің сұрағына көңіл аударыңыздар. Мұқағалидың шын аты кім? (Мұқаметқали)

2-жүргізуші:

Құрметті көрермендер, енді үшінші кезеңнің ойынына қатысуға асығыңыздар. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берсеңіздер болғаны.

1-сұрақ. Қытайдағы бауырымыз сүйіп оқитын кітабықалай аталады және не себепті? («Қаздар қайтып барады), бұл кітап Қытайда жарық көрген)

2-сұрақ. Мұқағалидің ең алғаш жарыққа шыққан өлеңі («Қойшы бала Әкітай»)

3-сұрақ. Қарасазда Мұқағалимен бірге өскен және «Хантәңірі,қайдасың» поэмасының авторы кім? (Еркін Ібітанов)

3-кезеңнің сұрағы: М.Мақатаевтың аяқталмай қалға поэмасы қалай аталады? («Мұзбалақ»)

1-жүргізуші:

Енді шешуші кезеңге өз білімін көрсету үшін үш кезеңнен озып шыққан үш ойыншыны шақырамыз. Сіздерге мынандай сұрақ беріледі.

1-сұрақ. «Менің кішкентай поэзиям» деген сөз қай пергентіне арналған? (Шолпан)

2-сұрақ. «Бүгін ақынның шын өлгенін» өлеңі кімге арналған? (Төлеген Айтбергеновке)

3-сұрақ. «Мұқағали-Желтоқсан» поэмасының авторы кім? (Несіпбек Айтұлы)

4-сұрақ. «Қарасаздың шыбығын жел тербеген» өленіне ән жазған сазгер кім? (Алтынбек Қоразбаев)

2-жүргізуші:

Ендігі ойын үш кезеңнен де өз білімділігімен, тапқырлығымен көзге түскен ақтық ойыншымен жүргізіледі. Құрметті жеңімпаз! Енді «Ғажайып қоржынның» келесі сұрағына жауап беріңіз, бүгінгі сайыстың жеңімпазы боласыз. Ақтық ойынның сұрағы.

Босат,еркімен өссін талшыбық,

Ауа мени кунге, аймен нұрға малынып

Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр қарашы

Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық

Көркемдеудің қай түрі (Кейіптеу)

1-жүргізуші:

Ендігі ойын көрермендермен жүргізіледі. Егер сіз !ғажайып қоржынның» сыйлығын алғыңыз келсе, мына сұраққа жауап беріңіз.

Мемлекеттік сыйлық алған «Аманат» кітабінің авторы кім? (М.Мақатаев)

2-жүргізуші:

Жазылар естеліктер мен туралы

Біреулер жан еді дер ер тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін

Бүтіндей кеткен бір ер тұрманы,- дей келе «Ғажайып қоржын» атты ойынымыздың аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Жақсылықта қауышайық.

Қортындылау.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
1126
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі