Мақсаты: Қыс мезгілінің табиғи
ерекшеліктерін меңгерту. Қыс мезгілі
туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата
білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Табиғатты аялауға,
әсемдікті сезініп, көре білуге
тәрбиелеу.
|
|
Кіріктірілген ойын
іс әрекеті
Қоршаған ортамен
таныстыру
Әлеуметтік
дағдыларды дамыту
Танымдық дағдыларын
дамыту
Шығармашылық дағдыларын
дамыту
|
|
Дене шынықтыру
дағдыларын қалыптастыру.
Танымдық дағдыларды
қалыптастыру.Қоршаған ортамен
таныстыру.
|
Балалар әуен
ырғағымен секіріп кіреді.
Балалар әуенмен
амандасады.
Балалар, жылдың қазір жылдың қай
мезгілі? - Қыс
мезгілі. Қыс мезгілінің ауа райы қандай
болады? - Қар жауады, аяз болады, боран соғады, мұз
қатады.
Ал, қатты аяз болғанда не істейміз? (қолдарын
қусырып,аяқтарын
топылдатады). -Ал,күн шыққанда не істейсіңдер? («алақай»
деп қолдарын
шапалақтайды).
-Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер
болады?
(жапсыру арқылы
айтады)
|
|
Физикалық дағдыларды
қалыптастыру
Физикалық дағдыларды
қалыптастыру
Шығармашылық
дағдыларын қалыптастыру
|
Балалар табиғат
аясына қыс дыбысымен серуенге
шығады.
Ойын:
«Аққала
құрастыру»
Ғажайып
сәт: Қонаққа қоян
келеді.
Қоян: Сәлеметсіңдерме балалар! Көңіл
күйлерің қалай? Балалар мен сендердің серуенге шыққандарыңды көріп
сендермен ойын ойнағым келіп келіп тұрмын. Менімен ойын ойнағыларың
келе ме?
Ойын: «Қар
жинау»
Балалар сергіту
сәтін әуенмен жасайды.
Қоян: Жарайсыңдар балалар. Енді мен
сендерге ойынмен қоса тапсырмалар ала келдім. Менің әкелген
тапсырмаларымды
орындайсыңдарма?
Тапсырма:
1-топ: Аққала
суретіне желім арқылы мақта
жапсыру.
2-топ: Түрлі түсті
қағазға тәтті ұнтақтар арқылы қардың суретін
салу.
3-топ: Шыршаны
құрастыру.
Қоян: Жарайсыңдар балалар. Сендер
өте ақылды, шапшаң екенсіңдер.Менің әкелген тапсырмаларымды тез әрі
жылдам орындадыңдар.Сендерге көп рахмет. Ал ендеше менің сендермен
қоштасатын уақытым келді.Қош сауболыңдар
балалар.
Қорытынды: Қыс мезгілі туралы
сұрақ-жауаптар. Мақтау
мадақтау.
|
Күтілетін
нәтиже:
Біледі: Қыс мезгілінің
ерекшеліктерін біледі.
Меңгерді: Қыс мезгілі туралы
түсінік, мағлұмат меңгерді.
Игереді: Тәтті ұнтақпен қардың
суретін салды. Шыршаны құрастырып қол моторикасы дамиды. Аққалаға
мамықтай жұмсақ ақ мақталарды жапсырды.