жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғажайып сандар
Алматы қаласы Алатау ауданы №95 бөбекжай-балабақшасы
Тәрбиеші: Ақылбекқызы Алтынай
Жетекші: Дуйсенбаева Зухра Жылқыбаевна
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Білім беру саласы: Таным
Білім беру бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «Ғажайып сандар»
Мақсаты: Сандарды қайталау, қарапайым математикалық үғымдарын толықтыру
Түзетушілік-білімділік: 1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санай отырып, білімдерін бекіту, геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтау;
Түзетушілік-дамытушылық: Балалардың тілін, сандар туралы ұғымдарын дамыту;
Түзетушілік-тәрбиелік: Бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуге, көмектесуге тәрбиелеу, сыйластықты қалыптастыру, ізденімпаздықа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: суреттер, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, тапсырмалар.
Тілдің үш тұғырлығы: нөл – ноль, бір – один, екі – два, үш – три, төрт – четыре, бес – пять.
Сабақтың типі: қайталау.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
ОІК |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Балаларды саппен топқа кіргізіп, шеңбер құрғызып, қонақтармен амандастырамын. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасайық. Шаттық шеңбері Ерте тұрып күнде мен Тереземді ашамын. Сәлем деймін күнге мен Шаттық әнге саламын. Қайырлы таң, анашым! Қайырлы таң, әкешім! Бізді асыға күтетін Қайырлы таң, тәрбиешім! Бүгінгі күн ерекше Қайырлы таң, бәріңізге! -Балалар, бүгінгі көңіл-күйлерің қалай? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілі екенін қалай білдіңдер? -Бүгін ауа райы қандай? |
-Сәлеметсіз бе! Қонақтармен амандасады. Шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын қимылмен қайталайды.
-Жақсы. –Көктем мезгілі.
-Бүгін ауа райы жылы |
|
-Балалар, сендер ертегі білесіңдер ме? -Онда тақтаға назар аударыңдар. Бұл қай ертегінің кейіпкері? -Дұрыс айтасыңдар. Мен жаңа балабақшаға келе жатып, жолдан хат тауып алдым. Оны Бауырсақ жіберіпті. Хатты ашып оқиық па? Телефондағы хатты ашып оқу: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен атам мен апамнан қашып бара жатып, қоянға кезіктім. Қоян мені жегісі келіп тұр. Қоян мені жемес үшін сендер оның тапсырмасын орындап маған көмектесіңдерші. -Балалар, бауырсақ қиын жағдайға тап болыпты. Біз оған көмектесеміз бе? -Жақсы. Тапсырманы орындамас бұрын әр топқа басшы сайлаймын. -Олай болса қоянның тапсырмасын тыңдаңдар. 1-тапсырма. «0-ден 5-ке дейін қазақша және орыс тілінде тура және кері сана». 0, 1, 2, 3, 4, 5 – 5, 4, 3, 2, 1, 0 -Жарайсыңдар, балалар! Сендер бауырсақты қояннан құтқарып қалдыңдар. Енді қасқырдың тапсырмасын тыңдаңдар.Тақтаға қараңдаршы, бауырсақ қояннан құтылды. Енді ол ертегі желісі бойынша қандай аңға жолығады ? -Дұрыс айтасыңдар. Оның да сендерге арналған тапсырмасы бар екен. Орындаймыз ба? 2-тапсырма: «Жоғалған сандарды тап». -Балалар, сендер қасқырдың да тапсырмасын бұлжытпай орындап, қоянды қасқырдан аман алып қалдыңдар. Сендер шаршаған боларсыңдар, орнымыздан тұрып, сергіп алайық. Сергіту сәті Аю, аю тұршы, Бетіңді жушы. Шашыңды тарашы, Айнаға қарашы. Мен қазір тұра алмаймын, Бетімді жуа алмаймын. Шашымды тарамаймын, Қыс өтеді, сонда сен Ойнауға кел менімен. Жұптық жұмыс. Дид.ойын. «Аңдарды санап, тиісті санға апар».
Саусақ жаттығуы Бір саусағым тіпті де Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ, жол салсақ. 3-тапсырма: Аюдың тапсырмасы: «Дьенеш блоктары арқылы аюдың бейнесін жаса».
4-тапсырма: Түлкінің тапсырмасы: «Бауырсақты лабиринт бойынша үйіне жеткіз!». Тақтадан бауырсақтың үйіне жетіп, апасы мен атасының қасында отырған суреті шығады. |
-Иә. -Бауырсақ.
-Иә.
-Иә.
0, 1, 2, 3, 4, 5 – 5, 4, 3, 2, 1, 0 санайды
-Қасқырға жолығады. -Иә.
Тақтадағы аталған санның алдыңғы және артқы көршілерін атайды.
Өлең жолдарын қимылмен қайталайды.
Аңдарды санап, тиісті санға қарай сызады.
Өлең жолдарына сәйкес саусақ жаттығуын орындайды.
Алдарындағы тұрған Дьенеш блоктарын қолдана отырып, аюдың бейнесін жасайды.
Балалар лабиринт бойынша бауырсақты үйіне жеткізуге көмектеседі.
|
|
-Балалар, бізге бүгін қандай кейіпкер хат жолдады? -Ол бізден қандай көмек сұрады?
-Қандай тапсырмалар орындадыңдар?
Топ басшыларына бір-бірін бағалатамын.
Балаларды бағалау. Ашылған есік, жартылай ашық есік және жабық есік арқылы бағалаймын. -Балалар, сендер бүгінгі ойын-сабаққа белсене қатыстыңдар. Бауырсақ сендерге аңдардан құтқарып қалғандарың үшін рақметін айтып, сендерге сыйлық беріп жіберіпті, оны ойын-сабағымыз аяқталған соң түстен кейінгі уақытта сендерге таратып беремін. Келген қонақтарымызбен қоштасайық. |
-Бауырсақ. -Аңдардан құтқаруымызды сұрады. -Тура және кері санадық, жоғалған сандарды таптық. Топ басшылары бір-бірін бағалайды.
-Сау болыңыздар!
|
Күтілетін нәтижелер:
Не біледі: 1-ден 5-ке дейін тура және кері санауды;
Нені меңгереді: сандардың алдыңғы және артқы көршілерін атауды;
Нені меңгереді: «оңға», «солға», «жоғары», «төмен» үғымдарын қолдануды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген