Еңбекші ауданы
МКҚК №100 «Тоғжан»
бөбекжай-бақшасы №6 «Қиялшылдар»
МАД тобының тәрбиешісі
педагог-сарапшы Игенбаева У.М.
Тақырыбы: «Ғажайып су асты әлемі»
Су әлемі өте әдемі, әрі қызықты, бірақ ол балалар үшін қол жетімсіз. Қазіргі таңда барлық жабдықтар мен әдістер осыны жасауға мүмкіндік береді, олар осы тақырыпты ашып және жобаға белсене қатысады. Осы мүмкіндік балаларды «орындаушы» емес, олар «іскер» болады, олардың бойында жеке сапалық еріктерін, қарым-қатынастық дағдыларды дамытады. Жобада беріліп жатқан тақырып балаларға әр сабақта әр түрлі жақсы жағдайлар туғызады; өз бетімен шешімдерді табуға; берілген әдістердің арасынан тиімді, әрі сапалысын таңдауға; алынған нәтижені талдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін дамытады. Су асты мекендеушілер туралы түсініктерін кеңейту. Балықтардың қозғалу тәсілін олардың қоректенуі туралы түсінік қалыптастыру. Табиғатқа, тіршілік иелеріне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Міндеті: Су әлемінің әр түрлілігімен таныстыру оның маңыздылығы туралы білім беру. Су әлемінде мекен ететіндердің құрылымымен және өмірімен таныстыру.
Салыстыру және талдау дағдыларын дамыту
Табиғат аясын зерттей отырып, ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту
Көрнекі құралдар: Су асты көрінісі. Балықтар суреті, ойынға қажетті суреттер. Су асты әлемі туралы видео ролик. Құрастыруға қажетті кинетикалық құм және құралдар.
Тәрбиеші: Балалар бізге келген қонақтар бар екен. Ендеше қонақтарымызбен амандасып алайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме
Тәрбиеші: Балалар біздің бүгінгі күніміз қызықты болғалы тұр. Себебі біз су асты әлеміне саяхатқа барамыз. Саяхатқа шықпас бұрын шаттық шеңберге тұрайық.
Шаттық шеңбері:
Достар бірге жүреміз
Бірге ойнап күлеміз
Бірге балық аулаймыз
Міне біздер қандаймыз
Өзен, көлге, теңізге
Саяхатқа шығамыз
Әрқашанда біргеміз
Ажырамас іргеміз
Тәрбиеші: Балалар саяхатқа шықпас бұрын сендерге бір видео ролик көрсеткім келіп тұр. Қане назарымызды экранға аударайық.
Балықтар негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі. Балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Желбезек арқылы балықтар суда араласқан оттегі түседі. Жануарлар мен жәндіктер жерде және суда тіршілік етіп көбейсе, ал балықтар тек қана суда ғана тіршілік етіп көбейеді. Балықтар-ең көп тараған омыртқалы жануарлар. Балықтардың 22000 – нан астам түрі бар деп есептеледі. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз, шеміршекті (оларға акулалар және тұтас қанаттар жатады) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. Теңізде сүтқоректі балықтар да бар. Оларға итбалықтар, дельфиндер және киттер жатады.
Балалар видео ролик сендерге ұнады ма?
Балалар балықтар туралы жұмбақтар білесіңдер ма?
Балалар: Ия
Жұмбақтар:
Айару
Сулы жерді
мекендеп,
Құрлықта да
секеңдеп,
Шыбын-шіркей
аңдиды,
Жемге қашан жетем
деп.
Бақа
Нұрай
Күміспенен апталған,
Теңгеменен қапталған.
Сазан
Серік Арсен
Өзі алып кемедей,
Дауылдан ықпайды.
Су шашып,
Телегей
Мұхиттан шықпайды.
Кит
Бөкейхан
«Асты-үсті тарғыл тас,
Ортасыңда жанды бас»
Тасбақа
Тәрбиеші: Балалар, кім балықтар жайлы тақпақ айтады?
Тақпақтар
Дана
Су астында балықтар
Сазан, шортан, бекіре,
Неше түрлі балық бар
Шошытасың секірме.
Бекарыс
Кит деген бір керемет
Көк мұхиттың көркемі,
Жан-жануар, балықтың
Бәрінен де үлкені!
Болат Ерасыл
Кейде адамды түсінген,
Кәдімгідей есі бар.
Дельфиндердің адамға
Жақындығы өзгерек.
Сафия
Ақ балық-ау, ақ балық
Үркек балық сақ балық
Суды үнемдеп тазалап
Балықтарды сақталық
Адия
Теңізге мынау қарашы
Жетпейді көздің шарасы
Кеткендей боп тұр астасып
Аспанмен жердің арасы
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балалар су асты әлеміне саяхатымызды бастайық. Балалар теңіз толқып жатыр екен. Қане бірге теңіз толқынын жасайықшы.
Суға сүңгу. Достарым, мына судың астындағы ғажайыпты көргілерің келе ме? Олай болса, қазір біз су түбіне сүңгиміз. Суда жан-жақтарыңа мұқият қарап, зер салыңдар, себебі онда таңғажайыптар өте көп. Суға сүңгімей тұрып, тыныс алу жаттығуларын жасап жіберейік. Олай болса, өкпемізді ауаға толтырып, суға сүңгиміз. Бір, екі, үш кеттік.
Релаксация. Су асты таңғажайыптары. Балалар су астындағы таңғажайыптарды көреді, қызықтайды.
Су патшайымы . Су ішінен су патшайымы шыға келеді.
Балалар сендер мұнда не істеп жүрсіңдер? Қайдан келдіңдер?
Балалар: Біз су асты әлемінде саяхаттап жүрміз.
Су патшайымы: Менің патшалығым сендерге ұнап жатыр ма? Менің патшалығымда сиқырлы құмдарға, маржан тастарға, балықтарға өте бай. Менімен бірге ойнағыларың келе ме?
Балалар: Ия ойнағымыз келеді.
Су патшайымы: Олай болса балалар жүріңдер менің ойын алаңыммен таныстырайын. Сендерге ұнайды деген ойдамын.
-
ойын: Құм терапиясы. Пазлдар құрастыру.
Мақсаты: мақсаты: Балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
-
ойын: Марблс тастарымен балық бейнесін жасау.
Мақсаты: Марблс тастарымен ойын балалардың тілін, зейінін, ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамытады, олардың жарқын реңктері балада әсемдікке талпыныс сезімдерін оятады. Балалардың өзіне деген сенімі артады, балаларға жағымды эмоция сыйлайды.
-
ойын: Түрлі-түсті тұздармен балық бейнесін жапсыру.(дәстүрден тыс)
Мақсаты:
-
ойын: Фонарик әдісі.
-
Сенсорикалық кілемше.
Зерттеу жұмыстары:
-
Су астында не бар?
-
Кеме.
-
Тұзды су. Балықтар неге батпайды?
-
Мұз болып қатқан балықтарды құтқару.
-
Өз қолымызбен мұхит әлемін жасаймыз.
-
Аквариумдағы балықтарды қоректендіру.
Достарым, балабақшаға оралатын сәт те жақындаған сияқты.
Қорытындылау:
— Балалар, айтыңдаршы біз бүгін қайда саяхат жасадық? Онда нелерді көрдік? Ендеше бүгінгі су асты әлеміне саяхат жасаған сендерге ұнады ма? Алған әсерлеріңмен бөлісіңдер. Қане кімге қай кезең ұнады?
Балалар өз пікірлерін білдіреді.
Олай болса бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекетіміз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау болыңдар, достарым. Келген қонақтармен қоштасады.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ғажайып су асты әлемі»

шағым қалдыра аласыз