"Ғажайып түстер әлемі"

Тақырып бойынша 1 материал табылды

"Ғажайып түстер әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:Мектепке дейінгі балаларды ойын, зерттеу және шығармашылық әрекеттер арқылыоқытудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, олардың қиялын, танымдық белсенділігін, зерттеушілік дағдыларын және көркем шығармашылық қабылеттерін дамытға жағдай жасау. Міндеттері 1. Ойын арқылы оқытудың жаңа тәсілдерін таныстыру: – Сабақта рөлдік ойын, қимылды ойын және сюжеттік ойын элементтерін қолдану үлгісін көрсету; – Ойын арқылы балалардың қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіру және «Адал Азамат» бағдарламасыбойынша балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға жағдай жасау. 2. Зерттеуге негізделген оқыту әдістерін көрсету: – «Зерттеуші сұрақтар» әдісін қолдану арқылы балалардың ойлану, салыстыру және болжау дағдыларын дамыту тәсілдерін таныстыру; – Табиғаттағы өзгерістерді зерттеу арқылы баланың танымдық қызығушылығын ынталандыру 3. Шығармашылыққа негізделген оқытуды көрсету: – Саусақпен, губкамен, тампонмен, мөрмен сурет салу сияқты дәстүрден тыс әдістерді практикалық түрде көрсету; 4. Интеграци
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ғажайып түстер әлемі.


Мақсаты: Мектепке дейінгі балаларды ойын, зерттеу және шығармашылық әрекеттер арқылы оқытудың жаңа тәсілдерін қолдана отырып, олардың қиялын, танымдық белсенділігін, зерттеушілік дағдыларын және көркем шығармашылық қабылеттерін дамытға жағдай жасау.

Міндеттері

1. Ойын арқылы оқытудың жаңа тәсілдерін таныстыру:
– Сабақта рөлдік ойын, қимылды ойын және сюжеттік ойын элементтерін қолдану үлгісін көрсету;
– Ойын арқылы балалардың қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіру және «Адал Азамат» бағдарламасы бойынша балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға жағдай жасау.

2. Зерттеуге негізделген оқыту әдістерін көрсету:
– «Зерттеуші сұрақтар» әдісін қолдану арқылы балалардың ойлану, салыстыру және болжау дағдыларын дамыту тәсілдерін таныстыру;
– Табиғаттағы өзгерістерді зерттеу арқылы баланың танымдық қызығушылығын ынталандыру

3. Шығармашылыққа негізделген оқытуды көрсету:
– Саусақпен, губкамен, тампонмен, мөрмен сурет салу сияқты дәстүрден тыс әдістерді практикалық түрде көрсету;
4. Интеграцияланған оқыту үлгісін көрсету:
– Ойын, зерттеу және шығармашылық әрекеттерді бір сабақта біріктіру тәсілін көрсету;
– Танымдық, көркемдік, тілдік және әлеуметтік дағдылардың байланысын түсіндіру

5. Педагогтарға практикалық тәжірибе беру:
– Сабақ құрылымының кезеңдерін нақты көрсету;

Күтілетін нәтиже:

Педагогтар ойын, зерттеу және шығармашылыққа негізделген жаңа тәсілдерді сабақта қолдану жолдарын меңгереді;
– «Ғажайып түстер әлемі» сабағы арқылы интеграциялық оқытудың үлгісін түсінеді;
– Зерттеуші сұрақтарды, ойын элементтерін және дәстүрден тыс сурет салу әдістерін қолдана алады;
– Балалардың қызығушылығын арттыруға және шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған әдістерді өз тәжірибесіне енгізе алады.



Ғажайып түстер әлемі ұіә ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиеші: балалармен шеңберге тұрып, қол ұстасып, бір-біріне күлімдеп, жақсы көңіл-күй туғызуға шақырып,

Сен менің досымсың, ал мен сенің досыңмын!

Қол ұстасып, бір-бірімізге күлімдеп қарайық және біздің қонақтарымызбен амандасайық.

Қызығушылықты ояту.

Тәрбиеші: Балалар бүгін топқа кірсем, кенет жел терезені ашып, ішіке желмен хат түсті. Міне (педагог балаларға хатты көрсетеді). Енді оны ашып, кімнен келгенін оқиық.

«Сәлем балалар. Менің атым Флора ханшайымы. Менің елімде бір мәселе болып жатыр. Зұлым сиқыршы менің патшалығымды сиқырлады. Барлық көрікті бақтар түссіз болды. Табиғат тым көріксіз болып барады. Ал бізді керемет табиғаттың сиқыры ғана құтқара алады. Өтінемін, балалар, маған көмектесіңдер, сиқырлы ағаштардың күшімен елімді құтқарыңдар».

Сөздің жұмыс: Флора, мағынасын түсіндіру.(табиғаттағы өсімдіктердің жиынтығы)

Экранда ашық есікпен слайд пайда болады, оның артында табиғат көрінісі, табиғат көңілсіз боялмаған . Қараңдаршы, табиғат әдемі ме, әлде мұңды ма?


Ой қозғау. (әлеуметтік даму, коммуникация) (тірі және өлі табиғат туралы білімдерін кеңейту;)

Сұрақ-жауап.

Балалар табиғат нешеге бөлінеді? (2-ге бөлінеді, тірі табиғат, өлі табиғат)

Тірі табиғат деп неге айтамыз? (олар өседі, қозғалады, көбейеді)

Оларға нелер жатады? (адамдар, құстар, жануарлар, өсімдіктер)

Өлі табиғат деп неге айтамыз?(олар қозғалмайды, өспейді)

Оларға нелер жатады? (күн, су, құм, тас т.б)

Табиғатты қорғау деген не?

1.Қоқысты кез келген жерге тастама, арнайы қоқыс жəшігіне сал!

2.Ағаштарды кеспе, бұтағын сындырма!

3.Жануарларға зиян келтірме, қамқорлық жаса!

4.Құстарды өлтірме, ұя жасап қамқорлық көрсет!

5.Өсімдіктерді (шөптер, гүлдер) жұлма!

Сонымен ағаш табиғаттың қай бөлігіне жатады? (тірі табиғатқа жатады)

Ал, балалар, біз не істеуіміз керек, патшайымға қалай көмектесеміз. Сиқырлы ағаштарды қайдан алуға болады? (балалардың жауаптары, сурет салуды ұсынады).

- Жақсы ұсыныс.

Ендеше мен Шебер карандаш досымызға телефон шалайын. (коммуникация)

Телефон соғу (тел шырылдаған даусы) Құрметті , Шебер карандаш бізге Бояу-дақ елінен көмек керек болып тұр. Флора ханшайымның патшалығын зұлым сиқыршы сиқырлаған, табиғаттың бәрі түссіз болып бара жатыр екен, жылдам көмек көрсету керекпіз.

Экраннан ашылып, Шебер – Қарындаш дауысымен:

Сәлем менің кішкентай суретшілерім. Мен Қарындаш шебермін, мен сендерді «Бояу-дақ» еліне шақырамын. Онда сендер көптеген қызықты нәрселерді таба аласыңдар. Бізде керемет ғажайыптар бар, сонда біз өмір сүреміз, біздің көшелерімізде қыл қаламдар жүгіреді, қарындаштар мақтанышпен жүреді, бояулар сән береді, ермексаздар билейді. Біздің елімізге келіп, ханшайымға көмектесуге болады деп деп ойлаймын.

Балалар қалай ойлайсыңдар барамыз ба? Балалардың жауаптары.

Көңілді музыка естіледі. Көзімізді жұмамыз. Енді көзімізді ашамыз. Сол кезде сиқырлы қалпақтар пайда болады. Қараңдаршы, бұл не? (Балалардың жауаптары)

Қане, біз оларды киеміз.

Сонымен біз ғажайыптарға айналдық, мен сендерді көрікті «Бояу-дақ» еліне баруға шақырамын. Менің артымнан жүріңдер

1,2,3 Бояу-дақ еліне түс.

Негізгі бөлім: (шығармашылық) (қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға баулу, шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту;)

Экранда жабық есіктің суреті пайда болады.

Бояу-дақ еліне жету үшін мына есікті ашу керек.

Ал мына есіктің кілттері біздің сиқырлы саусақтарымыз.

Экранда карандаштар, қылқаламдар пайда болады.

Балалар біз табиғаттың таңғажайып болуына көмектесу үшін,

біз әдетте немен сурет саламыз?

Ой-ой Масқара! Бояу-дақ елінде барлық қылқалам мен қарындаштар жоғалып кетті, мұнда тек бояулар ғана қалды .(экраннан бәрі жоқ болып кету)

Не істейміз енді? Мүмкін біз қылқалам мен қарындашсыз сурет сала аламыз ба?

Немен сурет салуға болады?

Балалар немен сурет салуға болады?

Балалар: мақта тампондарымен, саусақтармен, алақандармен, қағаздармен, губкамен, трафаретпен

Біз шаршап қалдық демалып алып ойланайық

Ширату.(сергітіп алу)«Құм, тас, су». (физикалық даму) (жылдамдық, күш, шыдамдылық, икемділік, ептілік) 

«Құм» дегенде әр жерде шашыранқы болып отыру.

«Тас» дегенде өз қолмен мүсін жасап тұра қалу.

Су дегенде толқын жасап қалу.

Шығармашылық жұмыс, танымдық дамумен байланыстыру.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, табиғат жарқын және шынымен сиқырлы болуы үшін мен сендерді үстелге келуге шақырамын, бұл үстелде ғажайып жасау үшін бәрі бар.

Қысқа Зерттеу бөлімі.

Мақсаты:

Балалардың табиғаттағы түстердің өзгеру себебін сұрақтар арқылы өз бетімен ойлап табуына, ойлау және салыстыру дағдыларын дамыту.

Балалар, ағаштар мен табиғаттың түстері неге өзгереді?
— Түстер жыл мезгіліне байланысты өзгереді:
көктемде – жасыл, жазда – қанық, күзде – сары-қызыл, қыста – ақ.
(таным)  (тірі және өлі табиғат объектілеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.)
— Ендеше біз де табиғаттағы осы түстерді пайдаланып ағаштарды бейнелейміз.

Ендеше, алдарыңда жатқан параққа қараймыз, парақ қандай түсте болып тұр.

(парақтың төменгі бөлігі әр жыл мезгіліне байланысты, жоғарғы бөлігі көк түс)

Аспанға не жетіспейді? Балалар: бұлттар, күн

Тәрбиеші: Бұлттардың түсі қандай? Балалар: Ақ, көк, қара көк

Қане губканы бояуға малу арқылы трафареттің көмегімен бұлттарды саламыз

Барлығымыз бұлттарды салдық па?

Төменгі бөлігіне не жетіспейді? Ағаштар. (қиылып дайындалған ағаш макеті)

Ендеше ағаштарды жапсырып шығайық.

Ағаштар қандай көлемде болды? (Үлкен, кіші ағаштар)

Енді әр мезгілге өз ағашын бейнелейміз.

-Ағаштарды өз мезгіліне сай бейнелеу үшін мақта тампондарын мен бояуды пайдаланамыз.

Ой балалар қараңдаршы мына Бояу-дақ елінің ермексазы неткен тамаша, жұп-жұмсақ.

Осы ермексазбен ағаш үстінде ұшып жүрген құстарды саусақпен салып шығамыз.

Көктем мен жаз мезгіліне гүлдер жапсырамыз, күз мезгіліне түсіп жатқан жапырақтар жапсырамыз, қыс мезгіліне қар бейнесіне мақта жапсырамыз.

Балалар суретімізге бір нәрсе жетіспей тұрған сияқты. Кім айтады? (Күн)

Тосын сәт

Экранда сандықшаның суреті пайда болады.

Тәрбиеші: Қараңдаршы, бұл не?

Дұрыс, балалар, мынау сиқырлы сандық.

Көрейік онда не бар екенін.

Педагог сандықты ашып, таң қалып, картоптан жасалған мөрлерді алады.

Ал мына картоптар ерекше, олармен сурет салуға болады ма? Мен тіпті картопты пайдаланып сурет салуға болатынын білмедім.

Үстелдерге жайғасып, ғажайыптар жасауды жалғастырайық. Біз мына мөрлі картопты алып сары түсті бояуға батырып, күнді саламыз.

Барлық туындыларымызды бір үстелге қойып, тамашалайық! Не деген табиғат көрінісі. Мен оларды қорапқа салып, патшайымға жіберуді ұсынамын, сонда гүлденген патшалық сақталады.

Табиғат туралы тақпақ айтамыз (коммуникация)  (тақпақтарды, санамақтарды, өлеңдерді мәнерлеп, жатқа айтады;)

Жақсылықты қолдаймыз,
Табиғатты қорғаймыз.
Гүл егеміз бақтарға,
Айналасын қоршаймыз.

Ал біздің қайтатын уақытымыз келді.

Экранда Шебер – Қарындаш – пайда болады.

Шебер қарындаш: Маған сіздермен болған ұнады, мен сіздерге ханшайымға көмектескендеріңіз үшін алғыс айтқым келеді.

Сіздерді тамаша білімдеріңіз бен дағдыларыңыз үшін Бояу-дақ елінің - сиқырлы бояу кітаптарын ұсынамын. (раскраска) . Барлығына көп рахмет!

Балалар, осындай тамаша сыйлықтар үшін Қарындаш шеберіне алғысымызды білдірейік.

Балалар: Рахмет.

Міне, біздің Бояу-дақ еліндегі саяхатымыз осымен аяқталды.

Шеңберге тұрып, балабақшаға оралайық, қарапайым бала болайық.

Музыка ойнау. Сонымен біз балабақшаға оралдық.

Тосын сәт: Аудио.

Алақай , алақай Қымбатты менің достарым бізге көмектескендеріңіз үшін көөп рақмет. Біздің патшалықтың табиғаты түрленді. Тіпті құлпырып кетті. Бәрі сендердің көмектеріңнің арқасында. Рақмет балалар.

ОО! Балалар біз Флора ханшайымның патшалығын құтқардық.

Қортынды

Балалар, біз ханшайымға көмектесу үшін кімнен көмек сұрадық, қайда болдық?

Онда не істедік? Сендерге не ұнады? Бүгін не қызықты немесе ерекше болды?

Сендердің естеріңде не қалды?

Егер ұнаса шапалақтаймыз, ұнамаса аяқпен таптаймыз.

Рақмет сендерге балалар.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі