Материалдар / Ғажайып түстер. Тұзбен жұмыс. «Кемпірқосақ»

Ғажайып түстер. Тұзбен жұмыс. «Кемпірқосақ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Білімділік:Балалардың түстер жөнінде білімдерін толықтыру, олардың маңызы туралы таным- түсінігін кеңейту: Түзетушілік:жүйелі сөйлеу тілін қалыптастыу,ой-түйсігін,қиялын,сенсорлық ойлау қабілетін дамыту,ұсақ қол ептілігін жетілдіру; Тәрбиелік:әсемдікке баулу, өнерге деген қызығушылығын арттыру:
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы:Ғажайып түстер. Тұзбен жұмыс. «Кемпірқосақ»

Мақсаты:

Білімділік:Балалардың түстер жөнінде білімдерін толықтыру, олардың маңызы туралы таным- түсінігін кеңейту:

Түзетушілік:жүйелі сөйлеу тілін қалыптастыу,ой-түйсігін,қиялын,сенсорлық ойлау қабілетін дамыту,ұсақ қол ептілігін жетілдіру;

Тәрбиелік:әсемдікке баулу, өнерге деген қызығушылығын арттыру:

Көрнекіліктер: кеспе әріптер,жұмбақтар,шарлар,дидактикалық ойындар,слайд:

Түзету жұмысының барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық әзірлік.

«Қандай шарды таңдайсың?»

Шарты: Балалар менің қолымда әр түрлі шарлар бар. Осы шарлардың ішінен өздеріне ұнаған шарды таңдап алыңдар.

Мысалы:Ерке қызыл шарды,Айару көк шарды,Айназ сары шарды,Хабиб жасыл шарды.Әр бала өз орындығына байлап қояды.

-Қандай шарды таңдап алдыңдар?

-Қызыл, көк, сары, жасыл

-Қызыл,көк, сары,жасыл-бұлар нені білдіреді?

-Түстерін білдіреді.

Ендеше, бүгінгі тақырып «Ғажайып түстер»-деп аталады.

2.Жаңа тақырыппен жұмыс:

-Балалар,сендер түстер туралы не білесіңдер?

-Түстер әр түлі болады.

-Ал,түрлі-түсті қандай заттар естеріңе түсті, атаңдаршы?

-Бояулар,гүлдер,кемпірқосақ....

-Сендер түстерді жақсы ажырата алады ма екенсіңдер, оны білу үшін мына тапсырмаларды орындайық.

Балалар, мен заттардың атын атаймын, сендер түсін тауып көрсете алады ма екенсіңдер?

  1. Тапсырма

«Түстерді тап!» ойынын ойнайық.

Шарты:Балалардың алдына түрлі-түсті қағазды таратамын да, жемістер,өсімдіктер...т.б. заттардың атын атаймын,балалар сәйкес түсті тауып көрсетуі керек.

Мысалы:алма-қызыл, банан-сары,шырша-жасыл, бор-ақ, аспан-көгілдір,күн- сары,шемекі-қара,қарбыз-жасыл,сәбіз-қызғылт сары,қызанақ-қызыл,қияр-жасыл....

Түстерді жақсы ажырата біледі екенсіңдер,жарайсыңдар!

2-тапсырма

Ойын тапсырма. «Қай затқа ұқсайды?

Шарты:Балалардың алдына түрлі пішіндер мен қыстырғыштарды таратамын,осылардан қандай да бір затқа ұқсастырып,түстеріне қарап,бір затты жасаулары қажет. Мысалы :жасыл ұшбұрыш пішініне жасыл қыстырғыштарды қыстырып,шырша тәрізді етіп жасауға болады т.с.с.

3-тапсырма

Жұмбақтарды шеш.

  1. Оны ағаштың басынан ізде. Түрлі-түске боялады күзде. Ол не?\жапырақ\

  2. Іші қызыл тәп-тәтті,Сырты жасыл қап-қатты Олне?\қарбыз\

  3. Жаңбыр жауып басылды,Аспан шайдай ашылды.

Қызыл, сары, жасылды,Көкте бірзат асылды\кемпірқосақ\.

-Кемпірқосақ түрлі-түсті болады дедіңдер,онда қанша бояу түрі бар?

-Кемпірқосақта жеті бояу түрі бар\ слайд-қызыл, қызғылт сары, сары жасыл,көгілдір, көк,сия көк\

-Кемпірқосақ қай кезде пайда болады және ол не тәрізді?

-Кемпірқосақ жаңбырдан кейін пайда болады,ол доға сияқты.

Қазір, осы кемпірқосақты жасаймыз, жұмысқа кіріспес бұрын,бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәт:Би-қозғалыс жаттығуы\слайд\.

«Кемпірқосақ» жасау. Тұзбен жұмыс.

Керекті құрал-жабдықтар: тұз,түрлі-түсті борлар,қақпағы бар банка немесе шөлмек,ақ қағаз,алжапқыш,салфетка, тұзды салуға арналған ыдыстар.

Қауіпсіздік ережесі:тұзды шашуға,ауызға салуға болмайды,түрлі-түсті борды да ауызға салуға болмайды, банкіні және шөлмекті мұқият қолдану керек,ол орнықты жерде үстелдің ортасыңда тұтуы қажет.

Ақ қағаздың үстіңе ыдыстағы тұзды салу;

Тұзды түрлі-түсті бормен бояу;

Банкінің ішіңе түрлі-түске боялған тұзды кезектестіріп саламыз;

Банкі толған соң қақпағың жауып қою;

«Кемпірқосақ»дайын болды.

Балалар жасаған жұмыстарын ұнады ма?

Ұнаған болса, тағы да менің қолымнан өздеріңе ұнаған шарды таңдап алыңдар.Қандай түсті шарды таңдап алғаңдарыңды айтыңдар?

Қорытыңды:Балалар, сендер жұмыстың басында және соңында өздеріңе ұнаған шарды таңдап алдыңдар. Осы шардың түсіңе байланысты сендердің мінездеріңді, көңіл-күйлеріңді білуге болады екен. Сендер алған шардың түсі бойынша жұмыстың басыңда және соныңдағы көңіл-күйлеріңді білейік.

Ақ-тазалықты ұнатады,ақкөңіл өздерімен-өздері жүреді.

Қызыл- бойында құлшыныс,талпыныс бар.

Жасыл-сабырлықты ,тыныштықты жақсы көреді.

Ашық қызыл,ашық көк-нәзіктікті білдіреді.

Сары-ойнақы,көңілді жандар.

Көк- бойында үрейлік, қорқыныш бар.

Қара-қаталдықтың белгісі.

Қоңыр-талап қойғыш болады.

Міне, балалар жақсы көңіл-күймен басталған жұмыстың нәижесі де жақсы болады.Бүгінгі жұмысқа жақсы қатыстындар жарайсындар!

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі