Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Ғажайыпқа толы жаңа жыл!"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жамбыл облысы Шу ауданы әкімігіні білім бөлімінің «Раушан» балалар бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Бекітілді
«Раушан» балалар бақшасы
КМҚК-ның меңгерушісі:
_______ Р.Х.Сақбаева
Ертеңгілік:
«Жасыл шырша жанында»
Ортаңғы «Күншуақ» тобы
Тәрбиеші: Кезенбаева Н.С.
2017-оқу жылы
Төле би ауылы
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау. «Жаңа жыл» мерекесінің кейіпкерлерімен таныстырып, мереке туралы түсінік беру.
«Жаңа жыл» мерекесіне сай безендірілген залда қонақтар, ата – аналар мен балалар отыр. Ортаға әдемі киінген Фея кіреді.
Фея: Сәлеметсіздер ме, балалар, ата – аналар, қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі біздің орта ортағы «Күншуақ» тобының Жаңа жыл мерекесіне арнаған ертеңгілігімізге қош келіпсіздер! Келе жатқан жаңа ит жылы сіздерге мол бақыт, зор денсаулық алып келсін! Мен сиқырлы феямын.
Фея: Ал, енді барлығымыз «Жаңа жыл» мерекесіне арнап «Жаңа жыл» әнін орындайық.
Ән: «Жаңа жыл, жаңа жыл»
Фея:Мен сендермен бірге «Жаңа жылды» қарсы алуға құр қол келген жоқпын. Мен сендерге ең жақсы көретін ертегімді айтып бергім келіп тұр.Тыңдайсыздар ма?!
Балалар: Иә, тыңдаймыз!
Фея: Баяғы бір заманда бір қыз болыпты. Ол үнемі басына қызыл телпек киіп жүреді екен, сол себепті оны бәрі Қызыл телпек деп атап кеткен екен. Бір күні Қызыл телпекті анасы «Раушан» балабақшасының «Күншуақ» тобына жаңа жылға арналған мерекелік шыршаға жібереді.
Анасы: Қызым, сен бүгін «Раушан» балабақшасына барып қайт. Ол жақта балаларға мерекелік шырша өтіп жатыр екен – дейді.
Қызыл телпек: Жарайды! Мен достарыммен бірге барсам болады ма?
Анасы: Әрине, бірақ орманнан өткенде байқап жүр –
қызым сен алдымен осы жерде билеп дайындалыпал.
Би: «Қызыл телпек»
Фея: — анасы Қызыл телпекті шығарып салады. Қызыл телпек ұялы телефонымен ормандағы достарына қоңырау соғады.
Қызыл телпек: Алло! Қоян, сәлем! Мен Қызыл телпекпін! Сен ормандасың ба? Сол жақта бол, мен қазір келемін, саған айтар сөзім бар.
Фея: — деп, Қызыл телпек жолға шығады. Жолда келе жатқанда Қызыл телпектің алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр: Қызыл телпек, қайда барасың?
Қызыл телпек: «Раушан» балабақшасының «Күншуақ» тобының бүлдіршіндеріне бара жатырмын. «Жаңа жылды» сол жақта қарсы аламын.
Қасқыр: Маған сенімен бірге баруға болады ма?
Қызыл телпек: Жоқ, болмайды! Ол жаққа тек қана менің достарым ғана барады. Сен менің досым емессін.
Қасқыр: Жарайды, Қызыл телпек, сен мына жолмен жүрсең, «Раушан» балабақшасына тез жетесің.
Қызыл телпек: Рахмет, қасқыр! Сау бол!
Фея: Осылай қасқыр Қызыл телпекке балабақшаға баратын ұзақ жолды көрсетіп, өзі қысқа жолмен аттанады. Енді, балалар, жолда Қызыл телпек достарын қалай кездестіретінін тамашалаңдар.
(Қызыл телпек пен қоян кездеседі)
Қызыл телпек: Cәлем, қоян! «Раушан» балабақшасының «Күншуақ» тобында бүгін мерекелік шырша өтіп жатыр екен, Аяз ата мен Ақшақар да келеді екен, жүр менімен бірге қонаққа барайық.
Фея: Қызыл телпек пен қоян келе жатса, қатты жылап келе жатқан қонжықты кездестіреді.
Қызыл телпек: Қонжық, саған не болды? Кім тиді?
Қонжық: Мен жаңа жылда Аяз ата мен Ақшақар келеді, бізге сыйлық алып келеді десем, қасқыр мен түлкі олар келмейді дейді. Мені мазақтап жіберді.
Қызыл телпек: Жыламашы, қонжық, біз қоян екеуміз балабақшаға мерекелік шыршаға бара жатырмыз. Сен бізбен еріп жүр, сол жақтан Аяз ата мен Ақшақарды да көреміз.
Фея: Қонжық қуанып, қоян мен Қызыл телпекпен бірге кетеді. Алдарынан аяқ астынан түлкі шыға келеді.
Түлкі: Сендер бәрің жиналып қайда барасыңдар?
Қызыл телпек: Айтпаймыз!
Түлкі: Айтпасаңдар, мен сендерді ұстап, жібермей қоямын – дейді
Қызыл телпек: Жарайды түлкі, айтайын, бірақ алдымен сен көзіңді жұм.
Фея: Түлкі көзін жұмып тұрғанда Қызыл телпек достарына «Қашыңдар» дейді де, қашып кетеді. Түлкінің ашуынан жарық сөніп – жанып, орман дүркірейді.
Қасқыр: Не болды саған, түлкі? Соншама ашуланатындай, орманды дүркіретіп…
Түлкі: Қызыл телпек қайда бара жатқандарын айтпай, мені алдап, қашып кетті.
Қасқыр: Ашуыңды бас, түлкі. Мен олардың қайда бара жатқанын білемін. Қызыл телпек мені де ертпей кетті.Сондықтан мен оған ұзақ жолды көрсетіп жібердім. Ал біз екеуміз мына қысқа жолмен барсақ, олардан бұрын барамыз.
Түлкі: Жүр онда жүрейік, мен оларға алдағанды көрсетейін.
Фея: Сөйтіп Қызыл телпек достарымен ұзақ жолмен жүрсе де, олардан тез жетеді.
Қызыл телпек: Ой, достар, мына үлкен әдемі шыршаға қараңдар! Бұл шырша неге сөніп тұр? Қане бәріміз бірге шыршаның шамын жағайық. Бәріміз бірге «Шырша жан» деп айқайлайық.
(Шыршаның шамы жанады)
Қоян: Қызыл телпек, мына жерде көп балалар отыр.
Қонжық: Өздері әдемі киініп алыпты.
Фея: Біздің балалар сіздерге ән айтып береді
Хор: «Балдырғандар үні»
(Тарсылдаған дыбыс естіледі)
Фея: Балалар, мынау ненің дыбысы? Біреу есік қағып құрған сияқты.
(Осы кезде залға Аққала кіреді)
Аққала: Қуаныңдар, ағайын,тамсаныңдар.
Сүйінші маңайға жар салыңдар
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар.
Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым!
Амансың ба, қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен жарысқан
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан!
Фея: Аяз ата, сенің біздің балаларға әкелген сыйлықтарың қайда?
Аяз ата: Балалар, біз Ақшақар екеуміз сендерге келе жатыр едік, алдымыздан қатты ашулы түлкі мен қасқыр шығып, сыйлықтарды алып кетті.
(Осы кезде залға қасқыр мен түлкі сыйлықтарды алып кіреді)
Ақшақар: Қасқыр, түлкі сыйлықтарды қайтарыңдар, сонда біз сендерге мерекелік шыршаға қатысуға рұқсат етеміз!
Түлкі: Жарайды, бірақ біздің шартымыз бар. Бізге сендер тамаша ән айтып беріңдер. Егер келіссеңдер сыйлықтарды береміз
Ән: «Мен ауылға барамын»
Түлкі мен қасқыр: Жарайсыңдар балалар, әндерің , бізге ұнады. Сыйлықтарыңды береміз.
Фея: Балалар біз ескі жылды шығарып салып жаңа жылды қарсы алайық.
Тауық: Балалар қош сау болыңдар, бұл жыл өте тамаша қызықты сәттерге толы болды.
Мен сендермен қоштасамын, көріскенше.
Ит: Сәлеметсіңдер ма балалар, жаңа жылдарың құтты болсын. Молшылық тыныш заман
болсын мен сендермен бір жыл бойы боламын.
Фея: Аяз ата, Ақшақар біздің балалар сіздерге арнап тақпақтар дайындап келді, қане, балалар, кім Аяз атадан сыйлық алғысы келеді?
Әміржан:Жылдың әнін бастайын,
Аяз-ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Аяна:Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа
бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып.
Айбике; Жаңа жылды қарсы алдық,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге
де.
Жания.Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
Ақшақар: Ал, келіңдер, келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер,
Жомарт Аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер.
(Балалардың тақпақтары)
Түлкі:Маған жетер ешкім жоқ
Мен сұлумын орманда
Қанеки бірге таласа
Ортаға шығып балалар,
Би билейік жараса!
Би: «Жігіттер биі»
Ойын: Ата-аналармен «Шыршаны безендір» ойыны ойналады.
Қоян: Мен қоянмын қорқақтау,
Кішкене тілім шорқақтай Әнді сүйіп тыңдаймын Бірге айтсақ шыңдаймын.
Ән: «В лесу родилась елочка» хор.
Ақшақар: Балалар қандай керемет ән айтып жатырсыңдар , енді би билеп беріңдерші?
Би: «Жұлдыздар» биі.
Аяз ата: Мен балалардың жаңа жылға арнаған тақпақтарын тыңдағым келіп тұр,кім айтады?
Томерис:Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Аянат:Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
Арина: Жаңа жыл жаңа жыл
Жаңа жылжа жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Эмилья:Аяз ата келіп тұр,
Бизге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны-ай
Кесіп алсам шіркін-ай!!!
Диас:Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Жандос:Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа жыл
Ата-әже, ата-әже.
Құтты болсын жаңа жыл.
Ән: «Жаңа жыл келді бізге»
Фея:Аяз ата Ақшақар біздің балалардың жаңа жыл мерекесіне арнаған тақпақтарын тыңдаңыз.
Аяла: Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып
Жолын қойдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп
Даяна:Тамаша ,тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Айша:Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Би: «И раз, два, три»
Аяз ата:Балақандар, өздерің қандай өнерлі, ақылды, тәртіпті баласыңдар! Әрқашанда езулеріңнен күлкі кетпесін, өмірлерің ұзақ болсын, болашақтарың жарқын болсын, денсаулықтарың мықты болсын!
Ата – аналарың мен ата – әжелеріңнің қызығына ғана өсе беріңдер! Бізді басқа да балалар күтіп отыр, енді кетуіміз керек. Сендерге арналған сыйлықтарды қабыл алыңдар!
Фея: Құрметті ата – аналар! Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет! Жаңа жыл сіздерге тек қуаныш, бақыт, денсаулық алып кедлсін! Сөз кезегін «Раушан» балабақшасының меңгерушісі Абдикалыкова И.Т, әдіскер Сақбаева Р.Х. беріледі.
Ата – аналарға құттықтау сөз беріледі.