Материалдар / «Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеялары» атты ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеялары» атты ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жобаның мақсаты – Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеяларын оқу мен дәріптеу және насихаттау. Ғылыми жобаның өзектілігі: Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеяларын танымдық тұрғыдан зерттелуі. Ғылыми жобаның міндеттері: - Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеялары сырларын танып-білу; - Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеялары жайында зерттеулер жүргізген әлем ғалымдарының ғылыми зерттеулерімен танысу; - Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеялары тәжірибелер нәтижесінде пайда болған өзгерістер сырын ұғыну; - Оқушылардың бойында ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеялары жайлы еңбектерін құрметтеу дағдыларын қалыптастыру; Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Зерттеу жұмысы Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеялары арқылы оқушылардың өзін өзі тәрбиелеуі және зияткер ұрпақтың қалыптасуына тарихи көмек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2021
1928
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№61 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ











Ғылыми жоба



Тақырыбы: «Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеялары»




Секциясы: математика, информатика

Зерттеген: Ақтөбе қаласы, №61 жалпы білім

беретін орта мектебінің 5 «В»

класс оқушысы Базарбаева Даяна

және 7 «В» класс оқушысы

Есенов Нұржан

Жетекшісі: №61 жалпы білім беретін орта

мектебінің информатика пәні мұғалімі

Амирина Акмарал Булегеновна

педагог-модератор







2021-2022 оқу жылы

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Ғаламдық проблеманың ақпараттық тұтастық үрдісі

ІІІ. Практикалық бөлім

3.1 Ғаламдық проблемаларды шешудің тың IT идеяларын зерделеу

ІҮ. Қорытынды

Ү. Қолданылған әдебиеттер тізімі

































Аннотация

Ғылыми жобаның мақсаты – Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеяларын оқу мен дәріптеу және насихаттау.

Ғылыми жобаның өзектілігі: Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеяларын танымдық тұрғыдан зерттелуі.

Ғылыми жобаның міндеттері:

- Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеялары сырларын танып-білу;

- Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеялары жайында зерттеулер жүргізген әлем ғалымдарының ғылыми зерттеулерімен танысу;

- Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеялары тәжірибелер нәтижесінде пайда болған өзгерістер сырын ұғыну;

- Оқушылардың бойында ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеялары жайлы еңбектерін құрметтеу дағдыларын қалыптастыру;

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Зерттеу жұмысы Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеялары арқылы оқушылардың өзін өзі тәрбиелеуі және зияткер ұрпақтың қалыптасуына тарихи көмек.

Зерттеудің кезеңдері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеялары мүмкіндіктерін және мән-маңызы айқындалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеяларын әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге пайдалы нұсқа, сондай-ақ мектептің пәндерінде қосымша эллективті курстардың бағдарламасына енгізуге болады.

Зерттеудің дербестік нәтижесі:

- Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеялары сырлары айқындалды;

- Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеялары таныстырылды;

- Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеяларына байланысты нақты мәліметтер ашылды;

- Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеялары бойынша нақты тәжірибе жүргізу арқылы байқалды.

Ғылыми жобaның ғылыми жaңaлығы: Ғаламдық проблемаларды шешудің ІТ идеяларын танымдық тұрғыдан зерттелді.

Аннотация


Цель научного проекта-изучение, популяризация и пропаганда идей решения глобальных проблем.

Актуальность научного проекта: познавательное изучение идей решения глобальных проблем.

Задачи научного проекта:

-Узнавать секреты решения глобальных проблем;

- Ознакомление с научными исследованиями ученых мира, проводивших исследования об идеях решения глобальных проблем;

- Осознание изменений в правовые идеи решения глобальных проблем, возникших в результате опытов IT;

- Формирование у учащихся навыков уважения их труда к идеям решения глобальных проблем;

Научный прогноз исследовательской работы: исследовательская работа историческая помощь в становлении интеллектуального поколения и самообразовании учащихся через идеи решения глобальных проблем.

Этапы исследования: в зависимости от цели и специфики темы исследовательской работы использовались литературно-исторический, системно-описательный, повествовательный, сравнительный анализ и обобщение, систематизация и методы ее интерпретации.

Теоретическая значимость исследования: определены возможности и значение идей для решения глобальных проблем.

Практическая значимость исследования: накопленный в результате исследования материал позволяет в дальнейшем изучать и изучать идеи решения глобальных проблем, а также включать в программу дополнительных элективных курсов по школьным предметам.

Результаты самостоятельности исследования:

- Раскрыты секреты решения глобальных проблем;

- Презентованы идеи решения глобальных проблем;

- Раскрыты конкретные детали, связанные с идеями решения глобальных проблем;

- Путем проведения реального эксперимента по идеям решения глобальных проблем.

Научная новизна научного проекта: познавательно изучены идеи решения глобальных проблем.










Annotation


The purpose of the scientific project is to study and popularize and promote the ideas of courage in solving global problems.

Relevance of the scientific project: cognitive study of heroic ideas for solving global problems.

Objectives of the scientific project:

- Knowledge of the secrets of ІТ ideas for solving global problems;

- Get acquainted with the scientific research of scientists from around the world who conducted research on ІТ ideas for solving global problems;

- Understanding the secret of changes that have occurred as a result of experiments in solving global problems.;

- Formation of students ' skills of respect for their work on ІТ ideas for solving global problems;

Scientific forecast of the research work: the research work is aimed at self-education of students through heroic ideas of solving global problems and historical assistance in the formation of an intellectual generation.

Stages of the study: depending on the purpose of the research work and the specifics of the topic, methods of literary-historical, systematic-descriptive, narrative, comparative analysis and generalization, systematization and interpretation were used.

Theoretical significance of the study: the possibilities and significance of ideas for solving global problems were determined.

Practical significance of the study: the materials collected as a result of the study can be a useful option for those who want to further study and study ІТ ideas for solving global problems in the future, as well as include them in the program of additional ellective courses in school subjects.

Independent research results:

- The secrets of ІТ ideas for solving global problems have been revealed;

- Presentation of heroic ideas for solving global problems;

- Specific data have been revealed in connection with ІТ ideas for solving global problems;

"It was a real experiment on the idea of solving global problems.

Scientific novelty of the scientific project: cognitive study of heroic ideas for solving global problems.












І. Кіріспе

Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. Global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді.



ІІ. Негізгі бөлім


2.1 Ғаламдық проблеманың ақпараттық тұтастық үрдісі


Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-ші жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті.


Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді.



ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықар. ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр.




Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар: “менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады.



Соның ішінде америкалық мәдени дәстүр “планетарлық” деп аталынып жүр. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары - жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығыстық, мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді; экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — нарықтардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:

үлкен компаниялардың жетекші рөлі;

жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі;

жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі;

жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;

барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы;

бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;

аумақтық жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады.



Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрлі мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік Жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды. Ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану - қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады.





Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағығарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, өндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді; тникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады - планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы. Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу.



Жаһандану тұңғыш рет біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың барлық құрамдас бөліктерін - өндірісті, ғылымды, қаржыларды, тұтынуды біріктіруде. Олардың қазіргі өзара тәуелділігі соншалықты, ұлттық және аймақтық нарықтардың әлемдік нарықтан кез келген оқшаулануы ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға ұшыратады. Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына айналуда. Нарықтар арасындағы кең ауқымды қаржылық ағындарға байланысты қазіргі күнде триллион доллармен өлшенетін, тауардың өзіндік құнын 10-12%-ға түсіретін және сонымен бүкіл циклдық дамуды өзгертетін электрондық сауданың елеулі өсуі байқалады.



Дегенмен де, Жаһанданудың қазіргі үрдісі бірқатар кері зардаптар әкеледі. 1990 жылы адам басына есептегенде орташа кіріс аса дамыған 17 елде басқалармен салыстырғанда 4,5 есе жоғары болған. 1999 жылы жердің аса бай тұрғындарының 20%-і әлемдік ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнімнің) 86%-не, ал аса кедейлері 1%-ке ие болды. Планета халқының 30%-і күніне бір доллардан кем қамтамасыз етілген.





Постиндустриалдық, индустриалдық және дамушы елдердің арасындағы алшақтық кему орнына, керісінше, өсе түскендігі байқалып отыр. Ашық нарықтық принциптерге шартты түрде сүйенетін, ал шын мәнінде дамыған елдердің бәсекелестік артықшылығын пайдаланатын “Вашингтондық консенсус” адамзаттың аз бөлігі үшін ғана қызмет етеді. Жаһандану үрдісінің ішкі қайшылықтарын көрсететін әр-түрлі нұсқасы. Жаһандану процестеріне нақтылы балама жолдар ұсынбай-ақ олар жаһанданудың ішкі өзгермелілігін көрсетеді. Ол ең алдымен жаһандану жүзеге асырылатын үлгілерге қатысты - либералдық (кейде "неолибералдық" ұғымы қолданылады) немесе әлеуметтік бағытталған, яғни, "солшыл" (саяси мағынада) үлгі. Жаһандану баламалары, әсіресе, ақпараттық салада аса шиеленіскен:



жаһандану жасаған ақпараттың бүкіл халыққа кеңінен ашықтығы (осыған орай, демократия кеңістігінің кеңеюі), әр-түрлі саяси күштер тарапынан ақпаратпен алдап- арбау қаупінің артуы және демократиялық институттардың кірпияздығын, оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру нәтижесі. Жаһандану барысында жаңа билік ықпалы полюсін және мемлекеттік билік институттарын құрайтын трансұлттық корпорациялар қарама- қарсылығы қоғам өміріндегі өз орнын жаңаша анықтау қажеттігін туғызады. Жаһандану баламалары жаһандануды басқаруда мемлекет немесе трансұлттық корпорациялар үстемдік етуші күшті таңдауды білдіреді. Жаһандану баламаларының болуы ғаламданушы әлем жағдайында адам үшін оның жағымсыз салдарын азайтып, одан барынша пайда көруге, жаһандану процестеріне өздігінше ықпал етуге мүмкіндік береді. Дамушы елдер үшін жаһандану үрдісі тудыратын мәселелер мен қауіп-қатерлер. Жаһандану үрдістері әртүрлі әлеуметтік және экономикалық даму деңгейдегі дамушы елдерге және халықтарға алуан түрлі әсер етеді. Дамушы елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер жасайды. Сонымен қатар, осы елдер үшін аса үлкен қиындықтар да туғызады. Мысалы, дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі. Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін дамушы елдерден өз әлеуметтік - экономикалық құрылымын түбегейлі өзгертіп, барынша күш - жігер салуын талап етеді. Халықаралық нарық толығымен көпұлтты компаниялардың және дамыған постиндустриалды елдердің "ойын ережелеріне" бағынады. Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ғылым, техника және технологиялар деңгейі әзірге өте төмен, ал бұл өз кезегінде олардың дамыған елдермен қатар бір деңгейде әлемдік нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік бермейді. Дамушы елдердің алдында әлемдік ғаламданушы экономикаға кірігу міндеті тұр. Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тәуелді болудан қашады. Жаһандық мемлекеттік жүйе - қазіргі мемлекеттердің әлемдік жүйесі. Әлемдегі мемлекеттер соның принциптеріне негізделіп құрылған үлттық мемлекет үлгі болып табылады. Бүгінгі таңда ұлт әлемнің қоғамдық ұйымдасуының негізгі бірлігі болып табылады, ал ұлттық мемлекет - оның саяси ұйымдасуының негізгі өлшемі. Бұл екі бірлікте - қоғамдық және саяси - бір-біріне сәйкес келеді, ал бұл олардың мәнін, маңыздылығын, шынайылығын және олардың бірінсіз - бірінің күні жоқ екендігін білдіреді. Бұл ереже ұлт пен ұлттық мемлекетке легитиімділік көзі мәртебесін береді. Билікке қол жеткізу және оны ұстап тұру үшін саясаткерлер және оны қолдаушылар ұлт мүддесі үшін қызмет етуі керек. Ал мұндай қызмет тек бір ұлт қана өмір сүретін ұлттық мемлекет аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Ұлтты және ұлттық мемлекетті қазіргі әлемді ұйымдастырудың қоғамдық-саяси үлгісі ретінде мойындау ұлтшылдыққа ерекше, алғашқы (әзірге, жалғыз) ғаламдық идеология мәртебесін әперді. Ұлтшылдық бүгінгі түріндегі мемлекеттік жүйенің легитимдендіру құралы және идеологиялық шеңбері қызметін атқарады. Өз кезегінде бұл жүйе өзінің әмбебаптығына орай ғаламдық сипат алуда. Ұлттық мемлекеттер жер шарын түгел жайлап, тек бір-бірін ғана халықаралық қатынастардың бірден-бір субъектісі ретінде мойындайды. Осылайша, өмірдің көптеген салаларына тән жаһандану үрдісі осы ғаламдық мемлекеттік жүйенің инфрақұрылымдық іргетасына негізделген. Жаһандық, әділетті, әлемдік тәртіптің талаптарына жауап беретін демократия түрі. Қазіргі әлемдік тәртіп жеке адамдардың автономдығын шектеу арқылы орасан зор әділетсіздікке барып отыр. Әлемдік қауымдастыққа, әсіресе, ғаламдық деңгейде демократияның молдығы керек. Демократизация өздігінен жеке түлғаның автономдығын үлғайтады, сөйтіп олардың үстінен қарайтын күштерге ықпал ету мүмкіндігін кеңейтеді. Жаһандық демократияны, әдетте, ықтимал әлемдік үкіметтің идеялар уағызы деп қарамау керек: іс жүзінде бірнеше миллиард адамды басқару мәселесі жүзеге аспайтындай көрінеді, ал адам еркіндігіне бюрократиялық ғаламдық мемлекеттің төндіретін қатері орасан зор. Ал, екінші жағынан, мемлекет әділетті әлемдік тәртіп орнатуда аса маңызды рөл атқаратын еді. Мемлекет ішіндегі демократияны дамыту да аса маңызды. Өкілеттілікті өзара беттесетіндей етіп, күрделі әрі бытыраңқы бөлу талап етіледі. Өйткені, тек өзара қабыспайтын, бір-біріне ұқсамайтын, бір-бірін бақылайтын, әртүрлі әдістерді қолдану арқылы бір-бірін шектеп отыратын билік түрлерінің бытыраңқы орналасуы ықтимал әділетсіздіктердің алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай- ақ көптеген аймақтық, ғаламдық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау, азық- түліктің жетіспеушілігін және ашаршылық, індеттерді бақылау, мәдени әркелкілік, әйелдердің құқын аяққа таптау, қылмыс, кедейл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!