жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғаламтордың пайдасы мен зияны
Мулдашева Гулфат Бактыгалиевна
Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы
Жаңақазан ауылы
М.Жүнісов атындағы ЖОББ мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Ғаламтор ғаламаты Шылау түрлері және емлесі |
Мектеп: М.Жүнісов атындағы ЖОББМ Күні: 07.03.2018 Сынып: 7 Мұғалімнің аты-жөні: Мулдашева Г.Б. |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Ғаламтордың пайдасы мен зияны |
|
|
Осы сабақ арқылы Жүзеге асатын оқу мақсаттары |
7.1.5.1. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгемен салыстыру, талқылау. 7.2.5.1. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру |
|
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Проблемалық сұрақтарға мәтіндегі дәлелдермен жауап береді, өзгелердің жауаптарын салыстырып, талқылайды. |
|
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқылған мәтін бойынша проблемалық сұрақ құрастырады. |
||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтіндегі көтерілген мәселені өмірмен байланыстырады. |
||
|
Бағалау критерийлері |
|
|
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: Проблемалық сұрақтар құрастырады, жауап беріп, талқылайды. Ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы түсінік қалыптасады. |
|
|
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ғаламтор, әлемдік тор, гаджет, ғаламторға тәуелділік, әлеуметтік желілер. |
||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: Ғаламторды қалай тиімді пайдалануға болады? Ғаламтордың зияны туралы ойланып жүрміз бе? |
||
|
Құндылықтарға баулу |
Құрмет, Ашықтық, өмір бойы білім алу |
|
|
Пəнаралық байланыс |
Информатика, өзін-өзі тану. |
|
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Проблемалық сұрақтарға жауап береді және сұрақ құрады. Ғаламтор туралы түсінігі бар. |
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||
|
Сабақтың басы 7 мин |
Ширату «Таңғажайып дорба» Дорбада қағазға жазылған сөздерді суырып алып, оның 1 жақсы, 1зиян (кедергі болатын) жағын айтады. Сөздер: телефон, компьютер, эл.пошта, құлаққап, дауыс зорайтқыш, модем, мобильді желі, флешка Топқа гаджеттер (смартфон, айфон, айпад, ноутбук, нетбук), аксессуарлар (флешка, диск, құлаққап, дауыс зорайтқыш, модем), әлеуметтік желілер (ватсап, вконтакте, инстаграм, фейсбук, твиттер)
|
Қима қағаздар, дорба,
топқа бөлінуге арналған суреттер |
||||||
|
Сабақтың ортасы 28 мин |
Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін хабарлаймын. «Атаулар туралы 3 сұрақ» әдісі 1-тапсырма ЖЖ. Тыңдалым кезіндегі тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Берілген проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіре отырып жауап беріңіз, жауаптарды жұпта талқылаңыз. Бейнероликті көреді Талқылау сұрақтары:
ҚБ: Бағдаршам түстері арқылы жұбының жауабын бағалайды, кері байланыс береді. Дескриптор. Білім алушы
Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін еске түсіремін. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі ТЖ: Оқылым кезіндегі тапсырма. «Нақты нәрсені анықтауға арналған оқылым» идеясы қолданылады. 2-тапсырма. Мәтіндегі ғаламтордың пайдасы мен зияны жөніндегі сөйлемдерді қоршай отырып оқыңыз, көтерілген мәселені талқылаңыз. Мәтін Көптеген адамдар, әсіресе ғаламтор қолданушылары, ғаламтордың адамзаттың ең үлкен жетістігі екендігімен келісері анық. Ол қайтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға қиюы келмес мәселелердің шешемін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себі мол. Ғаламтордың бір артықшылығы – мемлекеттер мен құрлықтар араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті, әлемдік тор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып та жатады. Танымдық бағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықтыру, шетел тілдерін үйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе аламыз. Кей адамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, жұмысқа орналасып жатады. Бұлардан бөлек, ғаламтордың жолын білгендер табыс көзі ретінде қолдана алады. Соңғы жылдарда дәл осы ғаламтормен байланысты түрлі мамандықтар пайда болған. Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оны зияны да аз емес. Ғаламтордың зияны жайлы сөз болғанда ең бірінші қозғалатын тақырып – ғаламторға тәуелділік. Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті, олардың бірқатары ғаламторды, үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады. Десе де ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс әсер етсе, компьютер алдында дұрыс қалыптас отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді. Адам психикасына кері әсер ететін ақпараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріліп, зиянын тигізетін вирустар тарайды. Әрине, ғаламтордың пайдасы мен зияны да жетерлік. Ал егер әр әрекетіңізді ақылға сала отырып жасасаңыз ғаламтордың зиянын көрмейсіз. ҚБ: Бағдаршам түстері арқылы мәтіннің мазмұнын түсінгенін көрсетеді.
Жасыл – барлығы түсінікті, көтерілген мәселені анықтай алдым. Сары – түсінікті, көтерілген мәселе бойынша сұрағым бар. Қызыл – түсініксіз тұстары бар, көтерілген мәселені анықтай алмадым. Дескриптор: Білім алушы - Мәтіннен нақты ақпараттарды анықтайды: - Көтерілген мәселені жұптасып талқылайды. ЖЖ. Оқылым кезіндегі тапсырма. "Сұраққа жетіп ал" әдісі 3-тапсырма. Оқылым мәтіні бойынша жұптасып 2 проблемалық сұрақты сұраулық шылауларды пайдаланып дайындаңыз, дайындаған сұрақтарыңызды топта талқылаңыз.
Саралау жұмысы 2 проблемалық сұрақ құра алмаған оқушыларға кесте ұсынамын.
ҚБ: Бағдаршам түстері арқылы - 2 проблемалық сұрақ құрастырады және топта талқылайды; - сұраулық шылауларды қолданады. Т: Оқылымнан кейінгі тапсырма «Сократтық семинар» әдісі 3-тапсырма. Топта құралған сұрақтардың ішінен 3 сұрақты таңдап алыңыз, Келесі топқа қойыңыз, жауабыңызды өмірмен байланыстырыңыз. Жауап беретін топ – Сократтар, Бағалаушы топ – екі мадақтау сөз, бір ұсыныс айтады. Сұрақ беретін топ – сұрақ қояды. ҚБ: «Көңіл күй бутерброды» Мадақ, сын, мадақ Дескриптор: Білім алушы - Топтың 3 сұрағына күнделікті өмірмен байланыстырып жауап береді. |
|
||||||
|
Сабақтың соңы 5 мин |
«Көңіл-күй букеті» Тақтада гүл сабақтары салынған ваза тұрады. Қызыл түс – бүгінгі тақырып бойынша түсінігі жоқ. Сары түс – барлығы түсінікті, бірақ сұрағым бар. Жасыл түс – барлығы түсінікті |
|
шағым қалдыра аласыз









Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген