400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Гандбол әдісін тиісті пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Гандбол әдісін тиісті пайдалану. Сабақта қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Оқу ісі жөніндегі орынбасары:____________ Байділдаева Г.Н


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Мектеп

273 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні

Сарбалов Багдат Кайырбекович

Сынып

5 «А»

Күні

10.09.2024ж

Қатысушылар саны:


Қатыспағандар саны:


Бөлім

1-бөлім. Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларына оқыту

Сабақтың тақырыбы

Орта және алыс қашықтық техникасын үйрету

Оқу мақсаттары

5.3.3.1. Түрлі дене жүктемелерінің арасындағы айырмашылықты және олардың ағзаға тигізетін әсерін сыртқы белгілеріне қарап анықтай білу

Сабақ мақсаттары

Түрлі бағыттағы дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаның энергетикалық жүйесімен байланысын зерттеу

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Бағалау

Оқу

ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Сабаққа спорттық киіммен келу. Қатарға тұру. Сәлемдесу. Рапорт тапсыру. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысу. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін сақтау. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін түсіндіру. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс береді.

Мұғалім әр оқушыға кері байланыс береді.

Компьютер, интернетке қол жетімділік, конустар, белгілеуші таңбалар, бор.

Сабақтың

ортасы

30 минут

(С, Ж, Т) Оқушылар бірнеше адамнан тұратын топтарда өз білімдері мен интернет ресурстарын пайдаланады және жақсы денсаулық олардың қысқа әрі ұзақ қашықтықтарға жүгіруімен қалай байланысты екендігін қарастыра отырып, жақсы денсаулық компоненттерін зерттейді.

Оқушылардың назарын өзі мен әріптесі арасында арақашықтық сақтау қажеттігіне аударыңыз; бұл-бақылағыштық қа және қарқынды реттеуге бағытталған жаттығу. Жүгіру кезінде, егер орташа жылдамдық алатын болса, өкше мен тізені көтеру, бас пен денені нық ұстау қажеттігін талқылаңыз. Тыныс алуға назар аудару қажет. Бұл жаттығу төзімділік пен оқушылар ағзасының жалпы тонусын жақсартады.

Ойын басында шақырылған ойыншылар оң тұстан жүгіріп шығатындығын, ал мәреге жеткенде, оң тұсты ұстау қажеттігін айту керек. Көбірек ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Оқушылар дайын болуы және өз нөмірлері аталған сәтте дереу жүгіруі тиіс. Ойын басында шақырылған ойыншылар оң тұстан жүгіріп шығатындығын, ал мәреге жеткенде, оң тұсты ұстау қажеттігін айту керек. Көбірек ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

(ЖЖ, С, К) «Нөмірлерді шақыру»

2-4 команда қатысады, олар бір-бірден бағанға тұрады және рет нөмірі бойынша саналады, әрқайсысы өз нөмірін жаттап алады. Әрбір бағанның алдында 10-15 м қашықтықта сөре сызығы, одан 2 м арақашықтықта-мәре сызығы жүргізіледі. Жетекші ойыншыларды кез келген тәртіпте шақырады. Шақырылған ойыншылар алға жүгіріп шығады, бағанды айналып өтеді де, кері қайтады. Мәреге бірінші болып жеткен ойыншы өз командасы үшін бір балл жинайды және өз орнына тұрады. Жетекші кейбір қатысушыларды 2 рет шақыруы мүмкін.

Саралау: қозғалыс нысанын өзгерте отырып, тапсырманы түрлендіруге болады: бағанға дейін-екі аяқпен секіру, кері қарай - жай жүгіру; бағанға дейін-бір аяқпен секіру, кері қарай-жай жүгіру және т.с.с.

Орта және қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын көрсетіңіз және дене жүктемелерінің айырмашылығы мен оның ағзаға тигізетін әсерін анықтаңыз.

Дескриптор

-орта және алыс қашықтыққа жүгіру техникасын көрсетеді;

-қашықтықтағы дене жүктемелерінің айырмашылығын ажыратады;

-орта және алыс қашықтыққа жүгіру дағдысында ағзаға (тыныс алу, бұлшық ет) тигізетін әсерді анықтайды.


Сабақтың

соңы

5 минут

Оқушылар тыныс жолдарын қалпына келтіреді. Қиындық тудырған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Бір-біріне кері байланыс жүргізеді.

Мүғалім оқушыларға кері байланыс жүргізеді. Сабақ барысында жіберілген кемшіліктер мен нәтижелерді талқылайды.

Үй тапсырмасы: жалпы дамыту және бой жазу жаттығуларын орындау

Оқушылардың үй тапсырмасын мұқият тындауын қадағалау





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26.11.2025
37
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі