400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғарыш әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қосымша ақпарат көзі бола алады деген сенімдемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат »
Көрнекілігі: Шарлар, тақырып жазылған сызбалар, ғарыш туралы көрме, мақтау қағаздары.
Мақсаты: Жас өркеннің бойында Отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, білімге, ғылымға ұмтылдыру, ғарыш саласы туралы білімдерін молайту, қазақтың ғарышкерлерінің өмірбаяндарымен таныстыру.
Сабақ барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! 12 сәуір – Дүниежүзілік космонавтика және авиация күні мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз. Осы мерекеге дайындаған ертеңгілігімізді тамашалауға рұқсат етіңіздер . «Ғарыш әлеміне саяхат» атты тәрбие сағатымыз екі бөлімнен тұрады.
1 – бөлім: Әдеби монтаж.
2 – бөлім: Жарыс түрінде өткізіледі.

Осыдан тура 59 жыл бұрын, 1960 жылы белка мен стрелка атты иттер ғарышқа алғаш рет ұшырылып, адамзатқа жол салып берді.
-
Назарымызды экранға салайық.Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғи - қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген аттармен енген ұлы кезеңдердің біздің халқымызға берген ең үлкен сыйы бар. Оның біріншісі, қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да, қатыгез екпініне қайыспай шыдап, « Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі, « Ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген бабалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұландарының барып қайтуы едіҒарышкерлер мекені –Қазақ жері Байқоңырдай жер саған жетеді,Ғажап жерім Байқоңыр.

«Байқоңыр» кешені – адамзат тарихындағы ең алғаш ғарыш айлағы. Осының өзі біздің елімізді «космостық гавань» деп ұлықтауға құқық береді. Байқоңыр кешеніне балама алатын ғарыш айлағы жер бетінде жоқ. Ресей федерациясы «Байқоңыр» арқылы өзінің мемлекеттік ғарыш бағдарламасын жүзеге асырып жатыр және коммерциялық космос аппараттарын ұшыруда.
-
Байқоңыр ғарыш айлағы туралы видеоролик.

Дәл осы жерден 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагарин тұңғыш рет ғарыш кеңістігіне жол салды. Ол ұшқан «Васток» кемесі 28000 шақырым шамасындағы жылдамдықпен ұшты. Өз елімізден шыққан ғарышкерлер - Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев және биыл Айдын Айынбетов ағаларымыз да ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Арман қуып жасынан,
Көктен көзін алмаған,
Ұшқыш болды жас ұлан,
Аспанда еркін самғаған – дей келе келесі кезекті ғарышқа ұшқан ағаларымыз жайлы бейне материалға берелік.
- Ғарышкерлер туралы видеоролик.
Көмейінен ән төгілсін,
Жырға бөлеп даланы
Ұлымыз шықты сахнаға,
Тамсандырып баршаны – дей келе келесі кезекті әнге береміз.
Нұрым мен Аянаттың орындауында «Байқоңыр » әні
Жүргізуші:
-
Аянат: Олжас сен болашақта кім болғың келеді?
-
Олжас: Тоқтар ағам секілді ғарышкер болғым келеді, Сен ше?
-
Аянат: Мен де аспанға өрлеген алып ғарышкер болғым келеді
-
Аянат: Олжас сен білесің бе? Біздің Мадияр ғарышкер ағалармен бірге көкке көтеріліп аспан әлеміндегі планеталармен танысып қайтты. Ол бізге қызықты болғанын айтып берді, өзі де болашақта «ғарышкер» болуды армандайды екен, сол қызықты бізбен бөліскісі келеді.
Сен аспан әлеміндегі «Бейтаныс планета » дегенді естіп пе едің?
-
Олжас: Жоқ естімедім.
-
Аянат: Жүр ендеше Мадиярға барып, сол планеталар туралы ақпарат алайық.
-
Екеуі: Сәлем Мадияр, сен ғарышкер ағаларымызбен аспан әлеміне барып келіпсің ғой?
-
Мадияр: Иә барып келдім. Ол жақтағы «бейтаныс планеталарменде » танысып келдім.
-
Олжас: Ендеше бізбен ол жақтағы қызықтар туралы бөліссеңші.
-
Мадияр: Сендер аспан әлеміндегі планеталар туралы білесіңдер ме ?
-
Олжас пен Аянат: Жоқ.
-
Мадияр: Ендеше ол туралы айта кетпегенім жөн болмас.
Экраннан планеталар туралы слайд көрсетіледі Мадияр планеталар туралы жеке – жеке айтып кетеді.
1. Меркурий – Күнге ең жақын орналасқан планета. Күнді бір рет айналған кезде ол 88.
2. Шолпан – ең ашық планета. Шолпанда көп сөнбеген жанартаулар мен қайнаған теңіздер бар.
3. Марс – Күннен кейінгі төртінші планета. Оны қызық планета деп атайды, себебі оның құрамы қызыл тастардан тұрады.
4. Жер – Күнді айнала 29, 8 км/с жылдамдықпен айналады. Ғалымдардың пікірінше, бұл Күн жүйесіндегі су мен өмір бар жалғыз планета.
5. Юпитер – Күн жүйесіндегі ең үлкен планета. Оның көлемі Жермен салыстырғанда 1300 есе үлкен.
6. Сатурн планетасының жарқырауық сақиналары бар. Олар көптеген тастардың жарқыншақтарынан, мұздан және шаңнан тұрады, ал Сатурнның беткі қабаты қатты емес.
7. Уран тоғыз сақинамен қоршалған. Ол жерде қараңғы және суық, себебі ол Күннен алыс орналасқан.
8. Нептун көгілдір түстес жарқырайды. Оның беткі қабатында қатты желдер соғады. Күн жүйесінің бұл планетасы Күннен өте алыс орналасқан.
- Аянат: Мадияр бізді осындай керемет планеталармен таныстырғаныңа үлкен рахмет, ендеше «ғарышкерлер күніне арнап » өнерімізді көрсетіп жіберсек қалай болады?
Мадияр мен Олжас: Әрине табылған ақыл олай болса көрерменге арнап
«boy in love»
билеп берейік кеттік жігіттер.
- Ғарышкерлер мерекесі құтты болсын:
Би: «boy in love»

Жүргізуші: Тәрбие сағататымыздың екінші бөліміме кезек берелік.
Екінші бөлім: «Ойлан да біл сөз сырын » деп аталады. Сайысымыз төрт бөлімнен тұрады: Оқушыларды екі топқа бөлемін.
І – топ «Ғарыш» тобы.
ІІ – топ: «Жер » тобы.

І – « Мергендер » сайысымыздың бұл кезеңінде оқушыларымызға бүгінгі тақырыпқа қатысты сұрақтар беріледі. Сұрақтар шарларда жасырылған. Әр топтан бір оқушыдан шығып, шарды жару арқылы сұрақтарға жауап береді. Бір шарға 10 – ұпай беріледі.
Сұрақтар:
1. Күн жүйесінің гелиоцентрлік моделін кім ұсынды? (Н. Коперник)
2. Ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі.
(Күнтізбе )
3. Күнге ең жақын планета
(Меркурий)
4. Қай планета өз осін бір тәулікте бір айналады
? (Жер)
5. Ертедегі гректер планетаны қалай атаған?
(«қыдырма» шырақтар деп )
6. Адамдар ғарышқа қай жылы ұшты?
(1962 ) жылы
7.Ең алғаш ғарышқа қашан, кім ұшты?
(Ю. А. Гагарин)
8.Алғашқы әйел – ғарышкер кім?
(Валентина Терешкова)
9. Жұлдыздар жүйесі қалай аталады?
(Галактика)
10. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және қашан ұшты?
(Т. Әубәкіров, 1991 жыл, 2 қазан)
ІІ - «Ғарышкерлерге мың сәлем » Ғарышкерлерге арнап төрт жол өлең шығару.
І – топ: Тоқтар, Талғат ағалардай,
Болу үшін ғарышкер.
Жұрт қызыға қарағандай,
Болу керек намысты ел.

ІІІ – топ: Ерлікпенен жыр егіз,
Оны жастан білеміз.
Біз Тоқтардың есімін
Туғып ұстап жүреміз.

ІІІ - «Ғарыш кемесін» құрастыру. Ғарыш кемесінің қиындыларындағы жылдарға жауап беру арқылы, «Ғарыш » кемесін құрастырады. Ұшақтың әр бөлігіндегі тапсырмаларға 5 – ұпайдан беріледі.
Алдыңғы бөлігі 1961ж. (12 сәуір – ең алғашқы Ю. Гагарин ұшқан күн)
Корпусы 1991ж. (2 қазан – тұңғыш қазақ ғарышкері ұшқан күн. Т. Әубәкіров)
Қанаты 1994ж. (1 шілде – Т. Мұсабаев ұшқан күн)
Қозғалтқыш ВОСТОК – Ю. (Гагарин 1 орынды ұшақ кемесі)
Артқы бөлігі СОЮЗТМ – 13 СОЮЗТМ – 19 (Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаевтың ұшақ кемесі.)
«Ғарышқа ұшу » ойыны.
- Балалар ғарыштан бір хат келіпті, оқып көрейікші!
Хат
Кішкентай менің достарым!

«Алыс - алыс Ғарыш көкжиегінде бір таңғажайып планета бар екен. Онда көңілді, мейірімді адамдар өмір сүріпті. Белгісіз планета біздің жер сияқты өте әдемі болған екен, бірақ түсі күлгін түстес шуақ шашыпты. Таулары, гүлдері мен ағаштарының пішіндері де ерекше болыпты. Тұрғындары бір – бірімен өте тату – тәтті өмір сүреді. Күндердің күнінде планета апатқа ұшырапты. Өсімдіктері қурап, сулары құрғап қалыпты. Бүгінгі күнде сол планета тұрғындарына үлкен көмек қажет болып отыр » «ғарыштағылар » бізден планетаны қайта тірілту үшін көмек сұрауда. Көмек береміз бе?
Балалар:
Иә – деді.
Ал, енді балалар, біз Байқоңыр айлағына барып, ғарышқа ұшайық!»
Жүргізуші:

- Балалар көздерін жұмып, ғарышқа ұшады. Ғажайып планетаға келеді, көздерін ашады.(Планета суреті, Планета табиғи апатқа ұшыраған. )
Оқушылар: Оған не себеп болды екен? Біз қандай көмек көрсете аламыз? Қане, планетаны қайта гүлдендіруге көмектесейік! Ғажайып планетада көңілді, мейірімді адамдар тұрғандықтан түсі жасыл, сары, көгілдір, болуы қажет.
Жандандыру:
ІV - «Ғарыш әлемі» тақырыбында ұжымдық жұмыс.
Бұл жұмыс барысында оқушыларға 20 – ұпайдан беріледі.
І – топ: Жұмсақ қағаздан умаждап, ашық бояулармен бояп, планетаның пішінін келтіреді.«Өсімдіктер» ағаштарды бейнелеп қиып алады.
ІІ – топ: «Көлдегі балықтарды» судың пішінін жасап қиып алады. Ермексаздан адам бейнесін жасап, планетаға орналастырады.
Жүргізуші:
Балалар планета қандай керемет! Планетада құрғақшылық болмасын! Ал балалар біз ғарыш туралы, ғарышкерлеріміз туралы тақпақ білеміз бе?
Серік :
Тұңғыш қазақ ғарышкер,
Әубәкіров ағаның,
Даңқы көкке самғаған,
Тоқтар аға мен Гагарин,
Салған жолды жалғаған,
Тоқтар ағам, жан ағам,
Бұрыннан да ер еді,
Менің батыр ағадан
Аумай қалғым келеді.

Айжан:
Арман қуып жасынан,
Көктен көзін алмаған,
Ұшқыш болды жас ұлан,
Аспанда еркін самғаған,
Бабасындай асауға,
Салған құрық – бұғалық,
Ұшақтарды сынауға,
Артқан еді құмарлық.
Тумарис:
Жұмбақ әлем,
Жұмбақ жұлдыз,
Олар көп.
Ғарышкерлер біреуіне қонар кеп,
Қонып тұрып,
Адам ойы мазасыз,
Сұрар тағы,
Бұдан әрі не бар ? - деп.
Қуаныш:
Әрқашан ерлікке құштармыз,
Қажымас, дарынды жастармыз,
Жол салып, ақмаңдай айға да,
Достарды жұлдызға бастармыз,

Досымжан:
Қанат берді еліміз,
Ұлы Отанның ері біз,
Ертең – ақ Марсқа барамыз,
Ұшамыз біз айға да,
Ұшамыз біз Ғарышқа,
Жүргізуші:
Жеңімпаз топты марапаттауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші:
Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін.
Жырға бөле еліңнің әр төбесін.
Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер
Көтерді қазағымның мәртебесін, - дей келе , ғарышкерлер күніне арналған кешімізді бимен аяқтағанды жөн көрдік. Ортаға бишілерімізді шақырайық. Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.05.2019
875
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі