Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Ғарыш қалай игерілді?

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сынып үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Жер және ғарыш

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ғарыш қалай игерілді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.2.1 ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелеу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелейді.

Көптеген оқушылар: ғарышты игеру кезеңдерін біледі.

Кейбір оқушылар: ғарыш жаңалықтарының маңызын түсінеді.

Бағалау критерийлері

ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелейді.

ғарышты игеру кезеңдерін біледі.

ғарыш жаңалықтарының маңызын түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Серік, зымыран, орбиталық станция.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Сен түнгі аспаннан қандай шоқжұлдыздарды көре аласың?

Күн адамға не береді?

Күн жүйесінің ғаламшарларын ата.

Айдың қозғалысы ғаламшардың қозғалысынан қалай ерекшеленеді?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жер және ғарыш туралы дүниетану пәнінен алған білімдерін қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Оқушылар Жердің пішінін сипаттай алады, оның Күнмен байланысын түсінеді, Жердің табиғи және жасанды серіктері туралы ұғымы бар. Астрономияны ғарыш туралы ғылым екенін, «ғарыш» ұғымын түсіндіре алады. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың атауларын, олардың негізгі сипаттарын біледі. Ғарыш денелерін зерттеуге арналған аспаптарды, құралдарды және ұшу аппараттарын атайды.

Оқушылар біздің белгілі бір кеңістікте өмір сүретінімізді, уақытты есептейтінімізді біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

«Жалпы ритм» жаттығуы 
Мақсаты:  топтың біртұтастығын арттыру.  
Өту барысы. Топ мүшелері дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші белгілі бір жылдамдықпен ритмды ұлғайта отырып бірнеше рет шапалақтайды, бұл ритмді топ мүшелері де жалғастырып əкетулері керек: жүргізушінің оң жағында тұрған қатысушы бір 

шапалақтайды, одан кейін екінші қатысушы шапалақтайды, осылай жалғасып кете береді. Бір ритмде тек бір адам ғана шапалақтап тұрған сияқты дыбыс шығару керек

Топқа бөлу

1-топ: «Алғырлар» тобы

2-топ: «Ойшылдар» тобы

3-топ: «Даналар» тобы




Жұмыс ережесін келісу

  • С абақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Жер қабықтарының орналасуын қалай бейнелеуге болады?

Биосфера басқа қабықтармен қалай байланысады?

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау



«Жалпы ритм» жаттығуы 




Оқушыларды топтарға бөлуге арналған сөздер.







Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.



Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

Жердің жасанды серіктері – бұл ішінде ұшқышы жоқ, Жер айналасындағы орбитаға жіберілген ұшу аппараттары. Олар телехабар тарату, спутникалық байланыс орнату, ғаламшарда болып жатқан үдерістерді бақылау үшін және әскери мақсатта пайдаланылады.

1960 жылдың 19 тамызында бортында екі ит (Белка мен Стрелка), тышқандар, өсімдіктер, тұқымдар болған ғарыш кемесі ұшырылды.

1961 жылдың 12 сәуірінде Юрий Гагарин басқарған «Восток» ғарыш кемесі ұшырылды. Ғарышқа ұшу ісі таңғы сағат 9-да жүзеге асты. Ұшу қатаң құпиялықпен өтті. Ұшу кезінде ғарышкерге бірнеше қарапайым тәжірибелерді жасау қажет болды. Мысалы, ол тамақтануға тиісті болды. 1969 жылдың 16 шілдесінде америкалық ғарышкерлер Айға сапар шекті. Нил Армстронг пен Эдвин Олдрин оның бетінде 2 сағаттан астам уақыт болды. Олар америкалық туды қадап, Ай топырағынан сынамалар алды.

«Күтіңіз және түйіндеңіз»

Оқушыларға олардан күткен негізгі сөздерді анықтауға уақыт беріңіз және сол кезде сұрақты басқаша қойыңыз – анық жауапты, азат жолды және т.б. біріктіру арқылы пікірталасты түйіндей отырып, оқушылардан жалпы қорытынды беруді сұраңыз.

  • Сен түнгі аспаннан қандай шоқжұлдыздарды көре аласың?

  • Күн адамға не береді?

  • Күн жүйесінің ғаламшарларын ата.

  • Айдың қозғалысы ғаламшардың қозғалысынан қалай ерекшеленеді?

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

Дескриптор:

ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелейді.

ғарышты игеру кезеңдерін біледі.

ғарыш жаңалықтарының маңызын түсінеді.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау







Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.





Белсенді оқу тапсырмаларына арналған сұрақтар

Сергіту сәті

«Сәлеметсің бе!»

Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді. Бас бармақтан бастайды:

Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді);

- Табыс (сұқ саусақ);

- Үлкен (ортаңғы);

- Барлығында (атаусыз);

- Барлық жерде (шынашақ);

- Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді).

Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең  жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

«Қар үйіндісі»

Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұбы ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушылар «Нысандар» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты.


















Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.





«Қар үйіндісі» тапсырмалары.










Сабақтағы кері байлананысын постерге жабыстырады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
1858
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12