Ғарышкер

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғарышкер

Материал туралы қысқаша түсінік
12-сәуір Ғарышкерлер күніне арналған ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Ғарышкерлер»

Сабақтың мақсаты:

1 Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып,12-сәуір ғарышкерлер күні екендігі және ең алғаш ғарышқа ұшқан қазақстандық ғарышкерлермен таныстыру.

2 Оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып,ғарышкерлерді құрметтеп ,сыйлауға тәрбиелеу.

3 Оқушылардың ойлау,есту,көру,есте сақтау қабілетін жетілдіру,сөздік қорын молайта отырып,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырып,слаид,бейнеролик,ойын,глобус,жұлдыздар.

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қозғау.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.Кіріспе бөлімі

-Сәуір айында қандай мерекелерді білесіңдер?

-12-сәуір қандай күн болып есептеледі?

- «Ғарыш әлемі» дегенді қалай түсінесіңдер?

- «Ғарышкер» деген кім?

- Ең алғаш болып ғарышқа кімдер ұшты?

Осы сұрақтардың жауабын қазір толығымен білетін боламыз.

III.Негізгі бөлім

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ғарышкерлер»

-Слаид арқылы сабақты түсіндіру.

Аспан денелеріне :галактикалар,жұлдыздар,ғплпмшпрлпр,олардың серіктері,кометалар,метеорлар,т.б. жатады.Жерге ең жақын жұлдыз-күн. Оның төңірегіндежерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денелері айналып жүреді.Олар планета деп аталады.(планет а –грекше адасушы жұлдыз дегенді білдіреді ).Дегенмен түнгі аспанда бізге жұлдыз сияқты болып көрінеді.Ғарыш кеңістігінде шек жоқ.Оның кеңдігі соншалық,аспан денелерінің бір-бірінен қашықтығын Жердге іөлшеммен ,айталық километрмен өлшеу мүмкін емес.Жерді қоршаған бүкіл дүние-Әлем немесе Ғарыш деп аталады.Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды.Оған дейін 1957 жылдың 3 қарашасында ғарышқа салмағы алты келі,жасы екіден асқан Лайканы Спутник-2 ғарыш кемесімен аттандырып жіберді.Лайка-ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін ,шамамен 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағытемператураның күрт артуы мен стрестің салдарынан өледі.Сынақты ұйымдастырушылар о бастан –ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ.Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуықуақыт сүру керек болатын.Кеңес одағының ғалымдары Лайкамен бірге екі итті жаттықтырған болатын.Олар:Белка және Стрелка .Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканы ұшырылуынан біраз жылдар алдын ала комиссия құрылып нақты шараларды анықтап отырды.

Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.Ғарышқа 1931 жылы 12сәуірінде бір орынды аты әлемге тарап атаққа кенелген Лайканың құрметіне әндер жазылды.Тіпті топтарының атын өзгерткен де әңгімелер болды.

1961 жылы 12 сәуір күні тұңғыш рет Юрии Гагарин ұшты.Ол «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты.Ол Жерді айналып ұшып,1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды.Миссия кезінде ол ғарышта болған кез-келген адамға жеңілдік сезімін түсіндірді. Көптеген жолдармен ол ғарыштық ұшудың ізшары болды,өз өмірін тек өз елі үшін ғана емес,ғарыш кеңістігін зерттеуге арнады.

Қазақстаннан ең бірінші ғарышқа ұшқан-Тоқтар Әубәкіров.1991 жылы 2- қазанында Ю.Гагарин атындағы ғарышкер дайындау орталығында әзірлігін бастады,сынаушы ғарышкер-ұшқышы,сынаушы Тоқтар Әубәкіров « Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті.Апта бойы Мир орбиталды кешенінде жұмыс істеді.1991 жылдың 10-ында Тоқтар Әубәкіров,Анатолии Арцебарский,аустрия ғарышкері Франц Фибөк Жерге қайтып қонды.Ғарышта өткізген мерзімі -7 күн 22 сағат 13 мин.

Талғат Мұсабаев 1994 жылы ғарышқа 1-рет ұшқанда (Союз ТМ 19) 126 күн ғарышта өткізген.

1998 жылы ғарышқа 2-рет ұшқанда (Союз ТМ 27) 208 күн ғарышта өткізген.

2001 жылы ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ 32) 8 күн ғарышта өткізген.

Сонымен ,қазақтың тағы бір ғарышкерінің есімі тарихқа енді .Сәрсенбінің сәтті күнінде зеңгір көкке самғаған Айдын Айымбетов қасиетті Жер –Анаға тура он күннен кейін аман-есен оралды.Дәлірек айтсақ,12-қыркүйек күні таңғы 06.51 –де Жезқазған қаласынан оңтүстік –шығысқа қарай 146 шақырым қашықтықта үш ғарышкердің табаны жерге тиді.Арқа даласына түскен ғарыш капсуласынан күлімдеп үшінші қазақ ғарышкері шықты.Ғарышта он сатылы ғылыми зерттеу жүргізіп,радиация деңгейін анықтап қайтқан жетісулық ұшқыш дін аман.2015 жылы 2-қыркүйекте 2-борт инженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМ-18м» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.Халықаралық ғарыш станциясынан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды.

-Енді балалар, осы айтылған мағлұматтард ы бейнероликтен тамашалайық.

Ойын «Ғарышқа саяхат»

Ойынға кажетті құралдар:глобус,жұлдыздар,клей

Ойын шарты:Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты түсінгендерін тексеру.Үстел үстінде глобус тұрады.Глобуспен таныстырылады.Сұрақтарға жауап берген оқушы жер шарының кіші көрінісі глобусқа жұлдыздарды жапсырады.Дұрыс жауап берген оқушылар жұлдызбен бағаланады.

IV Қорытынды

Әр адам ғарышқа саяхаттағысы келеді.Әр адам ұшқыш болғысы келеді.Бірақ ол үшін адам баласына шыдамдылық пен адалдық,ғарыш туралы көп мәліметтер керек.

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?

-Ең алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлерді ата.

-Аспан әлемі,ғарыш жайында өлең шумақтарын білесіңдер ме?

1.Қанат берді еліміз,

Ұлан байтақ ері біз.

Ертең-ақ Марсқа барамыз,

Ұшамыз біз айға да

Ұшамыз біз ғарышқа

Ғарышкер де боламыз.


2.Алтын бесік тербеткен

Байқоңырдан аттандың.

Ең алғашқы қазақтың

Ғарышкері атандың.

V Бағалау

-Оқушылардың біліміне қарай мақтап-мадақтау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.00.2025
75
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі