Ғарышкерлер күні. "Қазақтан шыққан ғарышкерлер" атты тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғарышкерлер күні. "Қазақтан шыққан ғарышкерлер" атты тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғарышкерлер күніне арналған "Қазақтан шыққан ғарышкерлер" атты тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Қазақтан шыққан ғарышкерлер

Күні

12.04.2024

Сынып жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Қазақтан шыққан ғарышкерлер

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларда астрономия, ғарыш, аспан денелері туралы түсінік қалыптастыру; аспан кеңістігін зерттеген ғарышкерлерді білуге, олардың ерліктерін ұмытпауға, Отанын сүюге, қорғауға баулу.

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық мүдде

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Таратпа қағаздар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация, таратпа қағаздар, нақыл сөздер.

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (10 мин)









  1. Оқушылармен амандасу.

  2. «Жүректен жүрекке» тренинг

  3. Топқа бөліну


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

     Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтады.

Топқа бөлінеді.

Таратпа қағаздар



Сабақ басы (20 мин)






«Ғарыш сырлары» тақырыбында видеоролик

1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның "Байқоңыр" айлағынан алғашқы ғарыш кемесі көкке көтерілді. Бұл – адамзат тарихындағы айтулы оқиға еді. Осылайша Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды.

Одан бергі аралықта қаншама ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов те бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды

Бейнекөрініс тамашалайды. Оқушылар пікірлерін айтады.





 https://youtu.be/MnxDgN6_mWU?si=6tzqDH8v7fZVuBGU





Викториналық сұрақтар

1Күн жүйесінің гелиоцентрлік моделін кім ұсынды? (Н. Коперник)

2. Ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі. (Күнтізбе )

3. Күнге ең жақын планета (Меркурий)

4. Қай планета өз осін бір тәулікте бір айналады? (Жер)

5. Ертедегі гректер планетаны қалай атаған? («қыдырма» шырақтар деп )

6. Көктемгі күн мен түннің теңелу уақыты? (21 наурыз )

7. Дененің қозғалыстағы бастапқы және келесі орнын қосатын кесінді (орын ауыстыру )

8. S / t қандай физ. Шаманы анықтау формуласы? (жылдамдық)

9. Күштің өлшем бірлігі (Ньютон)

10. Грек тілінен аударғанда бу және сфера деген сөздерден құралған сөз (атмосфера )

1. Күн жүйесінің геоцентрлік моделін кім ұсынды? (К. Птолемей)

2. Ғылыми деректермен негізденген жорамал не деп аталады? (Гипотеза)

3. Марстың серіктерін атаңдар. (Фобос және Деймос)

4. Алып планеталарды атаңдар. (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун )

5. Қай планеталар өз осінен айналу бағыты өзге планеталардың айналу бағытына қарама – қарсы? (Шолпан және Уран )

6. Меркурийдің қазақша атауы (Шолпан)

7. Күннің жүретін жолы (Эклиптика )

8. Дене пішінің немесе Өлшемдерінің өзгеруі (Деформация)

9. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал (барометр)

10. Энергияның пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі (су көлігі)


Сұрақтарға жауап береді


Жеке өз ойларын білдіреді.












Таратпа қағаздар

Сергіту сәті: «Планета» ойыны



Топпен жұмыс

  1-топ. Тоқтар Әубәкіров - қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бірінші Май ауылында дүниеге келген. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, авиация генерал-майоры.

1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа екі рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.

1989 жылы бірінші болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына "МиГ-29к" реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.

1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан "Союз ТМ-13" кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі "Мир" орбиталық кешенімен түйісті. Биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды.

Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулер негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға, саяси және қоғамдық қызметтерге белсене араласты.

2-топ. Талғат Мұсабаев – Гиннестің үздік табыстар кітабында енген қазақ ғарышкері

Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында туған. Қазақтың екінші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері, Қазақстанның Халық Қаһарманы, авиация генерал-лейтенанты.

1991 жылдан бастап ғарышқа ұшуға даярланып, қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.

Ғарышқа 3 рет ұшқан. 1994 жылы ғарышқа бірінші рет ұшқанда 126 күн ғарышта өткізген. 1998 жылы ғарышқа екінші рет ұшқанда 208 күн ғарышта өткізді. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет, 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. 2001 жылы ғарышқа үшінші рет ұшқанда 8 күн ғарышта өткізген.
Ұлттық ғарыш агенттігін, Аэроғарыш комитетін басқарды. Бүгінгі таңда ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

3-топ. Айдын Айымбетов – қазақтан шыққан үшінші ғарышкер

Айдын Ақанұлы Айымбетов 1972 жылы 27 шілдеде Алматы облысы Талдықорған қаласы Өтеней ауылында дүниеге келген. Қазақтан шыққан үшінші ғарышкер, Халық Қаһарманы, авиация генерал-майоры.

1993 жылы алғаш рет ғарышкерлікке өтініш берді. 2012 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасының ғарышкері дәрежесі берілді. 2015 жылы 2 қыркүйекте екінші бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған "Союз ТМА-18М" кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды. Айдын Айымбетов ғарышта 10 күн болып, маңызды зерттеулер жүргізді.

Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Айдын Айымбетовке "Халық қаһарманы" атағы берілді. Бүгінгі таңда "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ-ның вице-президенті.


Топтар өзара ақылдасып, қорғайды.

Shape1

Қызықты мәлімет

Қызықты мәлімет: ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі — Лайка атты ит еді. Ит 1957 жылдың 3 қарашасында Мәскеу уақытымен таңғы алты жарымда Кеңес Одағының «Спутник-2» кемесімен ғарышқа аттандырылды. Лайканың жасы – 2-де, салмағы – 6 келі болған. Сол кездегі басылымдар оның орбитада бір апта болып, қалыпты түрде тамағын ішіп, ұйықтап, үргенін жазған болатын. Ал шын мәнінде Лайка ұшырылған соң, 5-6 сағаттан соң өліп қалған. Кабинадағы температура біртіндеп көтеріліп, ақырында Лайканың денесі қызып, өртеніп кетті.

Мұнан кейін, 1960 жылдың 20 тамызында Белка және Стрелка атты иттер ұшты. Бұл екеуі ғарыштан жер бетіне аман-есен оралған ең алғашқы тіршілік иелері болып есептеледі. Олар жер бетіне оралған соң, аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді. Тіпті бірнеше айдан кейін Стрелка дүниеге алты дені сау күшіктерді алып келді.


Оқушылар қызықты ақпаратпен танысады.

Соңы






Бекіту сұрақтары:

1. Айға тұңғыш рет 1969 ж. кімдер аяқ басты? ( М. Армстронг пен Э. Олдрин 2. Жер тобындағы планеталарды атаңдар. (Меркурий, Шолпан)

3. Неше шоқжұлдыз бар? (12)

4. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және қашан ұшты? (Т. Әубәкіров, 1991 жыл, 2 қазан)

5. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты (Атмосфера)

1. Күзгі күн мен түннің теңелу уақыты? (23 қыркүйек)

2. Ең алғаш ғарышқа қашан, кім ұшты? (Ю. А. Гагарин)

3. Алғашқы әйел – ғарышкер кім? (Валентина Терешкова)

4. Жұлдыздар жүйесін қалай аталады? (Галактика) 5. Алғаш жердің жасанды серігі қай жерден ұшырылды? (Байқоңыр ғарыш айлағынан)


Қорытындылау: Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін

Жырға бөле әр төбесін.

Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер

Көтерді қазағымның мәртебесін, - деп, ғарышкерлер күніне арналған сынып сағатын аяқтаймыз.

Мадақтау

Оқушылар өз ойларын білдіреді.

Сұрақтарға жауап береді.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.04.2024
498
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі