Ғарышқа сапар. Ғғ дыбысы мен әрпі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғарышқа сапар. Ғғ дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар Ғ əрпімен таныс болады. Ғ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасап, буынға бөледі. Ғ дыбысының баспа түрін жазып, қолдарын жаттықтырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің жоспары

Пәні: Сауат ашу негіздері

ТАҚЫРЫБЫ: Ғарышқа сапар. Ғ дыбысымен əрпі

Мектеп: Ақсай қаласының №7 ЖОББМ

Күні: 24.01.2019 ж

Педагогтің аты-жөні: Халыкова Бакытнур Гинятовна

Тобы: 0 "а" МАД

Саны:24 оқушы

Қатысқандарсаны:

Қатыспағандарсаны:

ҰОҚ-ныңоқытылу

Мақсаттары

0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəнесөзсіз жеке айту.

0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəнежіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгісызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетіннəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Сурет желісі бойынша сұраққа жауап беріп, əңгіме құрайды.

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəнежіңішке дауыстылар) ажыратады.

Ғ дыбысы – ұяң дауыссыз дыбыс, ғ дыбысының айтылуын дұрысдыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ғ дыбысыныңорнын ажыратады.

Ғ əрпінің баспа түрін жазады.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегіменмазмұндайды.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты,дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.

Ғ дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ғ дыбысының орнынажыратады.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығынсақтап, ғ əрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Ғ дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Тілдікмақсат

Тəрбиеленушілер :

Сұраққа жауап бере отырып, əңгіме құрастырады. Сөздерді буынға бөліп дыбыстық талдаужасайды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Ғаламат, ғарыш, ғарышкер.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Өлеңді тыңдап, мазмұндайды.

Суретте не болыпжатырдепойлайсың?

Сөзгедыбыстықталдаужаса.

Ғдыбысысөздіңқайжеріндеестіліптұр?

Өткен ҰОҚ бойыншаалғанбілімі

Сөйлемқұрастыр. Заттардыңатыната. Сөздердібуынғабөл. Сөздерқайдыбыстанбасталыптұр? Дыбыстарқандайтүстерменбелгіленеді?

Жоспар

Жоспарланғануақыт

Жоспарланғанжұмыстүрлері

Ресурстар

I. Дұрыс əсерлікөңіл күй орнату.

0–2мин.

II. Өмірліктəжірибені

маңыздандыру.

Мақсаттыболжам.

3–5 мин.

Сұрақ қою арқылы балалардың оқу қызметіне ынтасын арттыру.

- Балалар суреттен нені көріп тұрсыңдар?

Ал айтыңдаршы, зымырандар қайда ұшады?

Балалар қалай ойлайсыңдар ғарышқа кімдер ұшады? Ғарышкерлер қандай болулары керек?

Сұраққа жауап бере отырып, балалар əңгімелеседі.

Балаларға қазақтың алғашқы ғарышкері Тоқтар Əубəкіров, Талғат Мұсабаев жəне Айдын Айымбетовтың суреттерін көрсетіп əңгімелеу.Олай болса балалар, барлығымыз бүгін осы ғарышкер ағаларымыздай ғарышқа сапар шегіп қайтайық.Біз әр ғаламшарға жеткен сайын тапсырмалар орындауымыз керек. Дайынбыз ба?

Зымыранның суреті Ғарышкерлер

портреттері.

ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6 – 27мин.

1-тапсырма

Əліппе-дəптермен жұмыс

2-тапсырма

Өлеңді оқиды. Тоқтар Əубəкіров суретін қайталап балаларға

көрсетеді. Сурет бойынша балалар өз ойларын айтады.

3-тапсырма

Сөзге дыбыстық талдау жасайды.

Ғ дыбысы сөздің қай жерінде тұр?

Ғарыш суретіне қарап, не көргендерін айтады.

Ғарыш, ғарышкер сөздерін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.

Ғ дыбысымен танысады. Сөздің бірінші буынында алдында

естілетін дыбыс Ғ дыбысы екенін табады.

Ғ – ұяң дауыссыз дыбыс. Ғ дыбысының артикулияциясымен

таныстырады.

Сергіту сəті.

Балалар «Ұшты-ұшты!» ойынын ойнайды.

Ұшатын затты айтқанда, қолдарын жайып ұшқанды

көрсетеді, ұшпайтын затты айтса, қолдарын төмен түсіріп

билейді.

Ойын 2-3 рет ойналады.

4-тапсырма

Ұшатын, ұшпайтын қасиеттеріне қарап, заттарды бір-бірімен

қосады.

Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Шағала, ағаш, таға, шаңғы, торғай, қарға, қырғауыл

сөздерін буынға бөліп, оларды қатыстырып, сөйлем құрайды. Сөздерді буын санына қарай қалташаларға орналастырады.

Сөздердегі Ғ дыбысы естілген буынды табады.

5-тапсырма

Тақтадағы Ғ əрпінің бейнесімен таныстырыпшалғының суретімен салыстырамын. Балалар Ғ əрпініңбейнесімен таныс болады.

6-тапсырма

Ғ əрпінің бейнесін пішініне қарап отырып, таяқшалардан жасайды.

Ғ əрпінің баспа түрін жазады.

7-тапсырма

Кәне, балалар, тіл ұстарту жаттығуларын жасайық:
1.– ер, - ер, - ер
Біз боламыз ғарышкер.
2.- ға, - ға, - ға
Біз ұшамыз Айға.

Əліппе-дəптер.








Суреттер














Ғғ дыбысы берілген бейнеролик






Ғ əрпі жазылған

плакат

Шалғының суреті.

Таяқшалар

IV. ҰОҚ-ның

қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 мин.

Ал балалар біз бүгін ғарышқа сапар шегіп, әр ғаламшардағы тапсырмаларды орындап қайттық. Ендеше әрқашан жұлдызымыз жоғарыда жарқырай түссін деп алдымыздағы жұлдыздарымызды тақтаға орналастырайық.

Əліппе-дəптер





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
695
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі