Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сөзді тап». Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді алып түсіндіруді жалғастырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ/ ортақ тақырыптар: «Ғарышты игеру жетістіктері»

Ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ

Мектеп: Қандыағаш қалалық №4 жалпы білім беретін орта мектебі

Күні: 16.03.2018

Мұғалімнің аты- жөні: Қазыбекова Алтын

Сынып: 8

Қатысқандар: 23

Қатыспағандар: 0

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.ӘТН4 Грамматикалық норма.

8.4.4.1. Сөз тіркесінің байланысу түрлері мен тәсілдері. Есімді, етістікті сөз тіркесін қолдану, ажырату.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы орындай алады:

Мәтіннен есімді және етістікті сөз тіркестерін тауып, ажырата алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Есімді және етістікті сөз тіркестерінің байланысу түрлері мен тәсілдерін таба алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтіндегі сөз тіркесінің байланысу түрлері мен тәсілдерін грамматикалық нормаға сай дәлелдей алады.

Бағалау критерийі

Есімді және етістікті сөз тіркесін ажырату;

Есімді және етістікті сөз тіркестерінің байланысу түрлері мен тәсілдерін табу;

Мәтіндегі сөз тіркесінің байланысу түрлері мен тәсілдерін грамматикалық нормаға сай табу және дәлелдеу.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Ажырата алады, болжам жасай алады, талайды, қолдана алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Зымыран, парашют, ғарыш кемесі, ғылыми зерттеу.

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

менің ойымша, жолдастарымның пікірінше, ақпаратқа сүйенсек, бұл игі бастама, тоқсан ауыз сөздің тобықты түйіні

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ғарыш айлағы не себепті Қазақстанда орналасқан?

Байқоңыр ғарыш айлағының халық үшін пайдасы бар ма?

Құндылықтарға баулу:

Туған өлке табиғатын сақтау, білім, оқу біліктері мен дағдыларын табандылықпен игеру.

Пәнаралық байланыс:

Физика.

Алдыңғы білім: 5 минут

«Бұрыштар» тәсілі негізінде алдыңғы білім тексеріледі.

ЖОСПАР


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

7мин












  1. Ой шақыру.

«Сөзді тап». Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді алып түсіндіруді жалғастырады.

(Зымыран, ғарышкер т.б. )

Сұрақ:

Ғарыш айлағы не себепті Қазақстанда орналасқан?

Топқа бөлу: Ғарыш әлемі, Ғарыш айлағы, Ғарышкер.



Қобдиша, қима қағаздар

Ортасы

20 мин

«Түртіп алу» әдісімен мәтінді түсініп оқып, негізгі ойды анықтайды.

Ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ

Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарқаралы топырағында дүниеге келген. Әкесі Әубәкір мен анасы Қамия 9 ұлдан кейін перзентіне «Тоқтар» деп ат қойыпты.

Тоқтар бойындағы қуатын, күш-жігерін айғай мен төбелеске емес, іске, білімге салудың дұрыстығын ерте сезінді. Намыспен, жақсы оқыды. Жұмысты да жақсы істеді.

Балалық қиялына қанат бітіріп, тар жол тайғақ кешулерден тайсалмаған Тоқтар ұшқыштық ұшқыр арманына қол жеткізді. Тоқтар Әубәкіров –1988 жылы Кеңес одағында тұңғыш рет жерге қонбай, әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда да ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осылайша 45 жасында ғарышкер атанды.

Тоқтар Әубәкіровтің көкке самғауы қазақ үшін 1961 жылғы Юрий Гагариннің ғарышқа аттануынан бір мысқал да кем түспеді.

Тоқтар Әубәкіровпен қалың қазақ та, иісі түркі де, дүниежүзінің миллиардтаған мұсылман қауымы мақтана алады.

Қ.Б. Ым-ишара, бсбармақ


Д *Мәтінді түсініп оқып, идеясын анықтайды.


1-тапсырма.

Мәнмәтінді негізге ала отырып, берілген үлгі бойынша сөз тіркестерін құра.

Shape1

Сан есім-зат есім

Shape2

Зат есім-етістік

Shape3

Сын есім- зат есім



Қ.Б. Смайликтер

Д * Мәнмәтін негізінде сөз тіркестерін құрастыра алады.

2-тапсырма.

І топ. Мәтіннен сөз тіркестерін тап, байланысу түрін ажыратып, семантикалық картаны толтыр.

Матасу

Меңгеру

Қиысу

Қабысу

Жанасу


























ІІ топ.

Мәтіннен сөз тіркестерін тап, байланысу тәсілдерін ажыратып, семантикалық картаны толтыр.

Орын тәртібі арқылы

Жалғау арқылы

Шылау арқылы

Интонация арқылы





















ІShape4 ІІ топ. ӨShape5 здерің қалаған үзіндіден есімді және етістікті тіркестерді теріп жазыңдар.

Есімді сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркесі









Қ.Б. «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы бағалау

Д *Сөз тіркестерінің байланысу тәсілін, түрін ажырата алады.

*Сөз тіркесінің түрлерін ажыратып жазады.







Оқулық, «Түртіп лау» стратегиясы, семантикалық кесте,

«Т кестесі» әдісі, кеспе қағаз

Соңы

13мин

Ж.Ж. «Дебат»

Байқоңыр ғарыш кешенін пайдаланудың пайдасы мен экологиялық зардаптары қандай?

Қ.Б. Қолдау сөздері арқылы бағалау. Д * Көзқарастарын дәлелдей алады.

Рефлексия «Сөйлемді аяқта»

Стикерлер

Қосымша ақпарат

«Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы қосымша ресурстар





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
4669
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12