№ 6 Шұбарқұдық негізгі
мектебі
Тақырыбы: «Ғасырдың ғажап азаматы – Нұрсұлтан
Назарбаев
Өткізген: Бабатаева
Ж.Б
2016- 2017 оқу
жылы
Тақырыбы: Ғасырдың
ғажап азаматы- Нұрсұлтан
Назарбаев
Мақсаты: а) қазақ халқының тұңғыш президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып
білім алған ,қызмет еткен жерлері туралы
мағлұмат беру;
ә)
елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын
,халқын сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық
сезімге тәрбиелеу;
б)
шәкірт жүрегінде елбасына деген
сүйіспеншілік сезімін
ояту,құрметтеу.
г)
елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды
әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының
кісілік келбетін меңгеру.
Көрнекілігі:слайдтар көрсету,үнтаспа,
шарлар,суреттер,буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент»,
қанатты сөздер
Ұйымдастыру
барысы:
Әнұран
Слайд: Қазақстанның тұңғыш
президенті
Мұғалім
сөзі: Ежелден еркіндік
аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп
еңіреп, «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас»-
деп жырлап өтті. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы аса шытырман
талас- тартыспен тәуелсіздікке қол
жеткізді.
1991 жылғы 16 желтоқсанда
әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет Қазақстан Республикасы пайда
болды. / картадан көрсету/
Ендеше, оқушылар Елбасы
еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да, ел экономикасын, ел
тарихын, ұлт рухын, халықтың салт – санасын дүр сілкіндіріп оятқан
ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз.
Сондықтан да еліміздің болашаққа үміт күтетін ұрпағы сендер,
Елбасының «... садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің жолыңда
бойда қуат, ойда нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін» немесе
«Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттігін
нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ», - деген сияқты сертпен
тең тегеурінді ойларын, елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы
жан сырын, қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулерің
қажет деп ойлаймын.
Осыған
орай «Ғасырдың ғажап
азаматы- Нұрсұлтан
Назарбаев» атты тәрбие сағатымызды
бастауға рұқсат етіңіздер. Тәрбие сағатында тұңғыш президентіміз
Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы мен еңбек жолы туралы сөз
етеміз.
Ел тынысын тереңінен танып
кең
Шарапаты бар адамға дарып
тең
Елбасының есімі бұл
тарихта
Қалары анық өшпес алтын
әріппен
Олай болса оқушылар бейне
түсірілімге назар аударайық.
Елбасымыздың өмірі үлкен бір
тарих. Олай болса оқушылырымыз не айтар
екен.
1 – оқушы: Омар « Бала
Нұрсұлтан» /Бала кездегі суреттері қоса
беріледі./
1940 жылы 6 шілдеде Іле
Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан
Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке
- шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған
ағайын - туыс түрлі есімдерді тұс - тұстан айтып жатты. Ең ақырында
жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің
сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан
болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің
азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы
Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл - кеңес беріп,
халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін,
немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске
алады.Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903
жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге
келді.
2 – оқушы:
Расылхан.Әбіш Назарбаев көңілді,
қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және
балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін
беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы
кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. Анасы
Әлжан Назарбаева 1904 жылы дүниеге келген. Басына түскен
қиындықтар мен сынықтарға қарамастан ол кісі өзінің ақжарқын қалпын
сақтай білген.Нұрсұлтан әжесінің бауырында тәрбиеленеді. Сол
себепті әкесін «аға», анасын «жеңеше» деп атап кетеді.
Нұрсұлтаннан кейін де отбасы есігін оның інісі Сатыбалды, қарындасы
Әнипа, інісі Болат ашады. Ол 5 жасқа дейін ешқайда шықпай,
мал шаруашылығы бригадасын басқаратын әкесіне
көмектеседі. 1941-1945 жылғы сұрапыл соғысқа барлық ел
азаматтар аттанған кезде оның әкесі мүгедектігіне байланысты
соғысқа алынбайды, алайда елде қалып, ауылдағы асыраушылары соғысқа
аттанған азаматтардың үйлеріне қарайласады. Қазіргі кезде Елбасы
сол кездерді «балалық шақтың қара нана» ретінде еске
алады.
3-оқушы: Дидар.
Нұрсұлтанның оқушы кезі. / Оқушы кездегі суреттері қоса
беріледі/
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
1948 жылы Шамалған селосындағы Фурманов атындағы қазақ- орыс орта
мектебінің 1 сыныбына қабылданады. Оны 1 сыныптан 4 сыныпқа дейін
Исмаилова деген мұғалима оқытады. Ол кезде Нұрсұлтанның отбасы
Шамалғанға көшіп келмеген болатын. Сол себепті ол немере ағасы
Үмбеттің үйінде жатып оқиды. Кейіннен әкесі сол жерден үй алғанда
орыстар көбірек қоныстанған жерден үй алады. Өйткені ол ұлының
орысша сөйлеуге үйренгенің қалайды. Ол кішкентайынан сабаққа зерек
болады.
4-оқушы:
Нұрсұлтан.Тіпті кеште керосин жарығының
шамымен де сабақ оқып отыратын. Ұстаздарының айтуы бойынша ол
үздіктер қатарынан көрінген. Ауылдағы кітапханалағы
кітаптардың да көбін талғамай оқи берген. 12 жасында домбыра,
сырнай тартып айналасындағыларды таңқалдырған. Дене тәрбиесі
сабағын жақсы көрген. Мектептегі күрес үйірмесіне
қатысқан. Достарының ортасында ұйымдастырушылық қабілеті
жоғары болған.
Белсенді оқушыны бәрі жақсы
көрді. Мектептегі жиналыстарда Назарбаевтың ерекше қабілеттіліг
туралы сөз болатын. Мерекелік шерулер кезінде ол мектептің
туын ұстап, колоннаның басында
жүретін.
Мұғалім
сөзі: Жоғары парламенттің бекітуімен
2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алаш рет – Тұңыш президент күні
мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты
оқиға болды.
Келесі кезекті Елбасымыздың
өмірін суреттейтін «Балалық шағымның аспаны»,
«Елбасы жолы: от – өзен»
бейнефильмінен үзіндіні
тамашалаңыздар!
Сонымен қатар балалар
Елбасымыздың «Нарық және әлеуметтік – экономикалық даму», «Ғасырлар
тоғысында», «Тарих толқынында», «Бейбітшілік кіндігі», «Сындырлы он
жыл», «Ой бөлістім халқыммен», «Тәуелсіздік белесері», т.б
кітаптары мен еңбектері бар.
5 – оқушы:
Сержан.Назарбаевтың жастық шағы / Жастық шақтағы
суреттері қоса беріледі/
Ол ерте есейді, орта мектепті
бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия
комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек
еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның
Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын
меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын
атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық,
облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты
қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,
Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия
ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы
болды.
6 – оқушы: Рамазан: Ауыр
күнді артымызға тастауы,
Қиын сәтте қиындықтан
қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта
көгерген,
Елбасымыз Нұрағаның
бастауы.
Туды ұстап тура жолға
түсіріп,
Жас Отанның өмірін де
түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап
тайсалмай,
Бір керемет жасады – ау
кісілік!
7 – оқушы:
Қарақат Назарбаев-
Елбасы / Елбасы болған кездегі суреттері қоса
беріледі/
1991 жылы 1-желтоқсанда
Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару
ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай
мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә.
Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным
әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы
егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел
бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар -
намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен
ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге
жеткізді
8 – оқушы:
Мерей.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев –
Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген,
халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен
мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан
тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен
сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы,
тағдырласы бола білген ұлтжанды
азамат.
Қарақат:Нұрсұлтан Назарбаев —
мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын
реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса
дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген
қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.
Билік тізгінін қолына ұстаған
жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын,
кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі
ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.
Оқушылар
бірге:Елбасы — халықаралық
қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен
терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын
саясаткер.
Қорытынды: Сонымен Елбасы армандаған
қазақстан қандай екен?
1.Кез келген Қазақстан азаматы
кез келген әлем еліне барып жұмыс істей алатын, таласқа жарайтын
ұрпақ тәрбиелеген - Қазақстан
|
2.
Ол
- ана тілінде еркін сөйлейтін, орыс тілін игерген, ағылшын тілін
меңгерген ұрпақтың Қазақстаны
|
3.Ұлты тату, этникалық толерантты -
Қазақстан!
|
4.Индустриялық-инновациясы өркендеген -
Қазақстан!
|
5.Терезесі тең, керегесі кең - өркениетті
Қазақстан!
|
Мұғалім
сөзі:Бүгінде Қазақстан кемел ел, ынтымағы жарасқан
мемлекетке айналды. Тарихта жеке адамның рөлін ешкім жоққа шығара
алмайды. Н.Назарбаев уақытын безбендеп, заманын таныған,
болашақты болжаған ірі саясаткер.Елдің басшысы қандай болса,
халқы сондай. Н.Назарбаев - елі еріне, ері еліне сенген ұлы
тұлға! Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның
арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас
бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының
сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр
сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын
дәлелі.
Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының
бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың қолында.
Хормен
бірге: «Нұр Аға»
өлеңі