жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Газ алмасу механизмдері
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2.В Тынысалу |
Мектеп: «І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ» КММ |
|||||
|
Күні: _11.12.2020ж__ |
Мұғалімнің аты-жөні: Г.Н.Сейтжанова |
|||||
|
Сынып: 8а |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Газ алмасу механизмдері (жаңа тақырыпты меңгерту) |
|||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары |
8.1.4.1 өкпе мен ұлпадағы газалмасу механизмдерін сипаттау |
|||||
|
Сабақтың мақсаттары |
|
|||||
|
Бағалау критерийлері |
|
|||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: Газалмасудың маңызы, оның механизмдерін, альвеоланың газ алмасуға қатысты ерекшеліктерін, газдардың алмасуының себептерін физика, химиядан алған білімдерін қолдана отырып, тиісті терминдермен ауызша жазбаша түрде сипаттай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Өкпедегі газ алмасу, жасушалық тыныс алу, ұлпадағы газ алмасу, альвеола, өкпе, парциалды қысым, эритроциттер, диффузия, беттік аудан, оттегінің ерігіштігі. Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Альвеоланың қабырғасы... тұрады. Альвеоланың беттік ауданын... ұлғайтады. Альвеола мен капилляр арасында газдар...жүреді. Газдар ... жолымен қанға өтеді. Жасушада көмірқышқыл газы ...болғандықтан, ол капиллярға.... Жасушада оттек ... болғандықтан, ол жасушадан.... |
|||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. |
|||||
|
Пәнаралық байланыс |
Диффузия үдерісі, газдар концентрациясы, газ алмасу, ерігіштік туралы түсініктер арқылы химия, физика пәндерімен байланысады. |
|||||
|
Алдыңғы білім |
7-сыныптан тірі ағзалар үшін тыныс алудың маңызы, омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелері, адамның тыныс алу мүшелері құрылысының ерекшеліктері, тыныс алу мүшелерінің ауыруларының себептері мен олардың алдын алу жолдарын біледі. |
|||||
|
Сабақ барысы |
||||||
|
Сабақ қезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекеттер |
Оқыту көздері мен ресурстар |
||||
|
Сабақтың басы |
||||||
|
0-4 мин |
Диффузия деген не? сұрағы қойылып, оның анықтамасын беру сұралады. Диффузия – бұл физикалық құбылыс, қандай да болмасын газдың молекуласының концентрациясы жоғары болса, концентрациясы төмен жаққа өтуі. Адам ағзасында диффузия жүретін орындарды атау сұралады. Диффузия адамда жасуша мен ұлпа сұйықтығы арасында, капилляр мен жасуша арасында, альвеола мен капилляр арасында жүреді деп талқылау арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттары ашылады. |
1 -2 слайдтар
|
||||
|
Сабақтың ортасы |
||||||
|
4-17 мин |
Өкпенің қандай ерекшеліктері диффузияны қамтамасыз етеді? Жасушаның қандай ерекшеліктері диффузияға қолайлы?
Газдардың алмасуына тағы қандай жағдай себеп болады сұрақтары қойылып талқыланады. Оқушылардың жауаптары тыңдалғаннан соң мұғалім осы жауаптарды толықтыру үшін альвеола мен капилляр және жасуша мен капилляр арасындағы газ алмасудың ерекшеліктерін қарастырайық деп оқушыларға газ алмасудың жүру себептерін анықтау тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар ақпараттар, таныстырылым, суреттер, плакат, сызбалардың көмегімен өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу механизмдерін талдайды. Бұл жұмысты жұпта ұйымдастыруға болады. Мұғалім оқушылардың тақырып мазмұнының түсінуіне көмектесетін кері байланыстар ұсынады.
|
1 - қосымша
3-7 слайдтар |
||||
|
17-27 мин |
Оқушыларға алған ақпараттарына сүйене отырып, өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу механизмдерін сипаттап түсіндіру тапсырмасы беріледі. Бұл жұмысты оқушылар екі немесе 4 топқа бөліп орындайды. Бір топ өкпедегі газ алмасуды, екінші топ ұлпадағы газ алмасуды сипаттайды. Оқушыларғы модельдеу үшін сызбалар беріледі. Осы сызбаларды өз ретімен орындарына қойып шығады
Критерий:
Дескрипторлар:
Мұғалім оқушылардың жұмыстарына кері байланыс береді. Оқушылар таныстырылымды тыңдағаннан соң ашық сұрақтар құрастырады. Сұрақтарды қарсы топқа қою арқылы өкпедегі газ алмасуды түсіндірген топ ұлпадағы газ алмасу туралы сұрақтарға, ұлпадағы газ алмасуды түсіндірген топ өкпедегі газ алмасу туралы сұрақтарға жауап береді. |
|
||||
|
27-36 мин |
Оқушыларға өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу түрлерін салыстыру тапсырмасы беріледі. Ол үшін кейбір оқушылар Венн диаграммасын, кейбіреулері кестені таңдай алады. Мұғалім кері байланыс ұсынады. |
2- қосымша 8-9 слайд |
||||
|
Сабақтың соңы |
||||||
|
37-40 мин |
Кері байланыс
Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі Оқушыларға стикерлер таратылады. Оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерін, әсерлерімен ойларын стикерге жазады. Чемоданға – оқушы сабақта алған біліміне толық түсінген болса, үйге білім жүгімен кетіп бара жатса, стикерін салады. Еттартқышқа – оқушы сабақта алған білімдерін әлі де сенімсіз, қарастыру, ой елегінен өткізу керек екенін білсе, стикерін салады. Қоқыс жәшігіне - оқушы сабақта ешнәрсе түсінбесе стикерін салады. Мен түсінбедім бөліміне тоқталып, оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі |
10 слайд |
||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||
|
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? |
Ауызша жауаптар кезінде қойылатын деңгейі әртүрлі сұрақтар арқылы Оқушылардың өздігінен қосымша ақпараттар тауып білімдерін толықтырулары арқылы Оқушылардың сызбаларды талқылау кезіндегі жауаптары арқылы Венн диаграммасын, немесе кестені таңдау арқылы |
|||||
|
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? |
Ауызша жазбаша жауаптары арқылы Газ алмасу механизмдерін салыстырулары арқылы |
|||||
|
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері |
Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
|||||
шағым қалдыра аласыз








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген