400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Газ-мұнай құбырларын салу және күрделі жөндеу пәнінен сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Газ-мұнай құбырлары түрлі табиғи және жасанды кедергілермен қиылысады. Өткелдер салудың ерекшеліктері мен қиындықтары бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі»






Мұнай-газ пәндерінен сабақтың әдістемелік жасақтауы

Тақырыбы: Өткелдерді салу


Мамандығы: 0802000 Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын салу және пайдалану

Курс: 3

Топ: МГ-231.1

ЖPicture 3 асақтаған: Кенжебаева Клара Мустафина, Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің арнайы мұнай-газ пәндерінің жоғарғы санатты оқытушысы


























ОРАЛ, 2019 жыл


САБАҚ ЖОСПАРЫ



Сабақ №

6

Топ

МГ-231.1

Курс

үшінші

Мамандығы

0802000 Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын салу және пайдалану

Сабақ тақырыбы

Өткелдерді салу

Өткізілетін уақыты

09.12.2019 ж.

Ұзақтылығы

90 мин.

Сабақтың міндеттері білімділік


дамытушылық




тәрбиелік



құбыр өткелдерін салу технологиясын жетік түсіндіру мен меңгерту;

оқушылардың пәнге және мамандығына деген қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін жан-жақты дамыту, дуниетанымын кенейту, білім алуға құштарлығын және сауаттылығын арттыру;

жауапкершілік, ұқыптылық, үнемділік және өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.


Сабақтың әдістемелік мақсаты:

Ақпаратты-коммуникативтік тәсілдермен арнайы пәндердің сабақтарын өткізу


Күтілетін нәтижелер

Газ құбыры мен мұнай құбырлардың өткелдердерінің конструкциясын біледі;

Өткелдерді салудың технологиясын біледі;

Өткелдерді салу тәсілдерінің тиімдісін таңдай алады;

Топта жұмыс істей алады, дебатта өз ұстанымдарын дәлелдеп бере алады;

Өз нәтижелері мен топтастардың іс-қимылдары мен мен ойларын бағалай алады.

Сабақтың түрі

теориялық, аралас

Ұйымдастыру әдістері

көкейтесті дәріс, жобалар жасау мен оларды қорғау, дебат, техникалық диктант, жарнамалық кампания,бейне фильмдерді көрсету мен оларды талқылау

Қолданылатын оқыту тәсілдері

бейне фильмдер және слайдтармен жабдықталған дәріс

Сабақтың жабдықтары

Оқытушының автоматтандырылған жұмыс орны, оқу бейне фильмдер, слайдтар


Пәнаралық байланыс

Газ-мұнай құбырлары, Газ-мұнай құбырларын пайдалану


Қосымша ақпарат

Газ мұнай құбырларын салу және күрделі жөндеу: Оқу құралы/Билашев Б.А., Галиева А.Е., Кенжебаева К.М., Нургазинов М.С.. –Астана: «Холдинг «Кәсіпқор» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 2018 ж.


Оқытушының контактілік ақпараты

Кенжебаева К. М.

Тел.: 87026978965

E-mail: clara_k@mail.ru

САБАҚТЫҢ ЖОСПАР-КОНСПЕКТІСІ

Сабақ барысы

Уақыт

(мин.)

Оқытушының іс-қимылы

Студенттердің іс-қимылы

Оқу ресурстары

1

2

3

4

5

I Ұйымдастыру бөлігі

3

Сәлемдесу. Түгендеу. Отырған орындық қатары санына қарай студенттерді 2 топқа бөлу.

Сабаққа дайындалады

Теориялық оқу журналы

2 Студенттерді сабақтың негізгі кезеңіне дайындау

5

Сабақтың тақырыбына дайындау үшін кроссенс қолдану ұсынылады.

Сабақ тақырыбын хабарлап, студенттердің алдына жету керек мақсаттарды қою, осы тақырыпты меңгеруге қызықтыру, кәсіптік қызметінде керектігі туралы ақпарат беру. Сабақтағы жұмыс, ақпараттық карталарды толтыру тәртіптері мен бағалау критерийлерін түсіндіру.

Бейнелер арасындағы байланыс арқылы сабақтың не туралы екенін анықтайды

Сабақтың картасы, бағалау тәртібін меңгереді.

Мультимедийлік кешен, Тіркеме 1.





3 Студенттердің тіректі білімдерін белсендіру

20

Оқушылардың дайындаған жобаларын қорғату, ақпараттарын тыңдап, презентацияларын көру, қателерін түсіндіру

Әр студент дайындаған жобасын қорғайды (үйге берілген тапсырма)

1. Құбырлардың жол және басқа

да жасанды кедергілер астымен өтуі

2.Жасанды кедергілер сипаттамасы

3.Өткелдер конструкциясы

Жобада 6 оқушы, басқалары жобаларды қабылдау комиссиясы ретінде сурақтар қойып отырады

Мультимедийлік кешен,Тіркеме 2

4 Жаңа материалды меңгерту


35

Жаңа тақырыптың жоспары:

1. Өткелдерді салу тәсілдері

2. Ашық тәсіл техникасы мен технологиясы

3. Жабық тәсілдер техникасы мен технологиясы

( «Қарапайымнан күрделіге» принципімен дәрісті бейне фильмдер, слайдтармен жабдықтап отырып, беру)

Алғашқы түсініктерін тексеру үшін берілген сұрақтарға жауап беру

Тыңдайды, сабақтың ақпараттық картасында жазады

Видео, слайдтарды қарап болғасан, ойларын түйіндеп, сұрақтарға жауап береді

Өткелдерді салу тәсілдерін жетік меңгеріп, олардың ішінен тиімдісін таңдай алу.



Презентация PowerPoint , видеороликтер, Тіркеме 3


5 Білімдерді шығармашылық қолдану, көкейтесті мәселелер шешу


15

Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша техникалық диктант, дебат өткізу арқылы қорытындылау және алған білімдерін бекіту.

«Жарнамалық кампания»

Студенттер жарнамалық кампания ұйымдастырады, жарнамалық плакат немесе жарнамалық мәтін жазып, кейін аудиторияңды өз таңдауы дұрыстығына сендіру. Біріншіден, студенттер контраргументтерді алдын ала болжай алуға, екіншіден - білімдері мен біліктіліктеріне жүгіне отырып, өз ой-пікірлерін соңына дейін жақтауға дағдыланады. Осылайша, студенттерді тек теорияны жаттауға ғана емес, сонымен қатар өз алған білімдерін тәжірибеде пайдалана алуға баулимын

Ұсынылған дебатқа қатысып, өз қорытындыларын шығару


Топ өкілі флипчартта қорытынды


шешімін көрсетеді


көкейтесті мәселелер шешу, қателерді табу, дұрыс шешімдер ұсыну

Тіркеме 4






Презентация PowerPoint ,


6 Меңгерілген материалды жалпылау және жүйелеу

5

Нәтижелерді қабылдау , тапсырмалар орындау жылдамдығы мен сапасын ескеру. Ақауларды анықтау және сәйкесті білімдерін коррекциялау, қателерді талқылау

Жұмыстарын тапсыру, баллдарын есептеу, ақпарат карталарын тапсыру.

Тіркеме 5


7 Сабақтың қорытынды бөлігі

2

Сабақты қорытындылау, бағаларды талқылау


Теориялық оқу журналы

8 Үйге тапсырма беру

1

Өткелдер салудың екі тәсіліне анализ жасап, салыстырмалы кесте құрастырыңдар

Үйге тапсрманы жазып алады


Тақтадағы жазу

9 Рефлексия

4

Тақтаға шамадан, еттартқыш, қоқыссалғыш суреттері ілінеді.

Шамадан – барлығы әрі қарай маған керек болады.

Еттартқыш – ақпаратты әлі де өңдеймін.

Қоқыссалғыш– бәрін лақтырамын.

Студенттерге сабақта берілген ақпаратты не істейтінін көрсету ұсынылады.

Өздеріндегі стикерлерді осы үш заттың біреуіне бекітіп, таңдауын түсіндіреді.

Тіркеме 6


Барлығы

90




Тіркеме 1


Кроссенс


Экранда көрсетілген суреттердің бір бірімен байланысы арқылы ассоцияциялық тіркес-әңгіме құрастырып, сабақтың тақырыбын анықтау.


Тіркеме 2



Оқушылардың дайындаған жобаларын қорғату, ақпараттарын тыңдап, презентацияларын көру

Ұсынылытын жоба тақырыптары:

  1. Құбырлардың жол және басқа да жасанды кедергілер астымен өтуі

  2. Жасанды кедергілер сипаттамасы

  3. Өткелдер конструкциясы

Оқушы мен оқытушы арасындағы тақырыпқа байланысты пайда болған сұрақтарды шешу.


Тіркеме 3

Жаңа тақырып бойынша дәріс

Жаңа тақырыптың жоспары:

1. Өткелдерді салу тәсілдері

2. Ашық тәсіл техникасы мен технологиясы

3. Жабық тәсілдер техникасы мен технологиясы


Жол және басқа кедергілер астымен өткізуге екі негізгі өндіріс тәсілін қолданады- ашық және жабық.

Ашық тәсіл жолға колденең ор қазып жол жабынын ашуды, құбыр салу мезгіліне көліктер қозғалуын тоқтатуды керек етеді. Бұның бәрі қиындықтар туғызғанымен бірге, жұмыстардың қымбаттауына әкеледі. Себебі жол жабынын қалыпқа келтіру мен өткел айналасын безендіру элементтерін қалыптастыру керек болады.

Соңғы кезде ор салуды керек етпейтін жолдар астымен құбыр салудың жабық тәсілдері қолданылып жүр. Құбыр футлярын жабық өткізуге негізінен тесу, итеру, горизонтальды бүрғылау әдістері қолданылады.

Қорғау қораптарын жабық тәсілмен орнату жұмыстарын екі кезеңге бөлуге болады:

  1. учаскені дайындау мен жер жұмыстары

  2. қорғау қорабын орнату

1 кезең келесі операциялардан тұрады:

  • өткел орнын геодезиялық бөлу және ескерту белгілерін орнату

  • жер астынғы суларды төмендету

  • жолдың екі жағын тегістеу

  • жолдың екі жағына жұмыс және қабылдау котловандарын қазу мен жарларын бекіту (Котловандар ұзындығы 10-12м, ені 3-5м)

2 кезең операциялары:

  • котлованның тірек жарларын монтаждау

  • қорғау қораптарын пісіру

  • бұрғылау немесе қорғау қорабын итеру қондырғысын монтаждау

  • қорғау қорабын орнату

Тесуді орта және кіші диаметрлі(400-500 мм) сазды (байланысқан) топырақтарда қолдану тиімді. Бұл тәсілде топырақ арнайы ұштармен жабдықталған құбырмен тесіледі, пайда болған ұңғымадан топырақ шығарылмайтын болғандықтан, тесуге бірталай күш әсер керек болады. Солардың салдарынан салынатын құбырдың диаметрі және ұзындығы (60-80 м-ге дейін) шектеліп отыр. Құбырды 3 м тереңдікке жатқызу керек, ендеше тесу кезінде артық топырақ көтеріліп, жолды бұзуы мүмкін. ГПУ-600, УВВГП -400 қондырғылары қолданылады.


Құбырды тесу арқылы салу

а — жұмыстың жалпы сұлбасы ; б —ГПУ -600-мен тесу; в —УВВГП -400- мен тесу; г — вибро тескіштермен тесу ; 1 — ұштық ; 2, 3 — шұңқырлар ; 4 — салынатын құбыр ; 5 — шпалдар ; 6 — бағыттауыш рама ; 7 — күштеу құбыры ; 8 — гидродомкраттар ; 9 — тірегіш табан; 40 —тірегіш қабырға ; 11 — сорғыш станция ; 12 — майөткізгіштер ; 13 —бастыратын тығын ; 14, 16 — жұмыс және қабылдау котловандары; 17 — жылжымалы тірек; 18 — арбашашдағы бастыру тақтайы; 19 — фиксатор ; 20 — қазық ; 21 — лебедка ; 22 — рама ; 23 — планка ; 24 — соққы ; 25 — бағыттауыштар ; 26 — вибрациялық механизм ; 27 — электрқозғалтқыш; 28 — электрпісіру агрегат ; 29 — тежегіш ; 30 — ілмек ; 31 — пневмотескіш ; 32 — құбырды пісіру


Итеруді құбырдан топырақты шығарумен орындайтын болғандықтан барлық топырақта диаметрі 800-1720 мм, ұзындығы 100м –ге дейінгі құбырларда қолдануға болады. Қолданылатын қондырғы КП-1721. Жұмыс істеуге 6 адамнан тұратын бригада жеткілікті.

Итеру жылмадығы диаметрі 1000-1020 мм құбырларға: 2-3 м тәулігіне.

Итеру арқылы құбыр салу
а — қолмен топырақты өңдеп итеру ; б — топырақты механикалық өңдеп итеру; 1 — сорап станция ; 2 — құбыр ; 3 — жұмыс котлован ; 4 — су әкету арыны ; 5 — құбыр ( футляр ); 6 — кескіш; 7 — қабылдағыш котлован ; 8 — құбыр пісіру шұңқыры ; 9 — бағыттауыш рама ;
10 — күштеу құбыры ; 11 — бастыратын тығын; 12 — гидродомкраты ; 13 — башмак ; 14—тіреуіш қабырға ; 15, 18 — канаттар ; 16 — роликтер ; 17 — ожау ; 19 — барабан - жинағыш ; 20 — теңестіргіш; 21 — күштеу штангалары; 22 — траверса ; 23 — буралатын фланецтер ; 24 — лебедка ; 25 — бағыттау раманың шпалдары

Горизонтальды бұрғылау алдымен құбыр диаметрінен үлкендеу ұңғыма жасақтап алуды орындайды. Бұл тәсілмен диаметрі 1720мм-ге дейінгі ұзындығы 70-80м құбырларды салуға мүмкін етеді. Бұл тәсілдің өте суланған және сусыма топырақтарда тиімділігі төмендеу болады. УГБ-2, ГБ-1721, УГБ-1720 салу өнімділігі 0,3-10 м/сағ.

Құбырды орсыз горизонтальдық бұрғылау арқылы салу



Әр тәсілдің бейнероликтері көрсетілгеннен кейін, «Дода» ойыны ұсынылады






Тіркеме 4


а) Дебатта әр топ өткелдерді салудың таңдаған тәсілінің ерекшеліктерін талқылап, таңдауын түсіндіреді

б) қарсылас топ кемшіліктерін айтады

«Жарнамалық кампания»

Әр топ жарнамалық кампания ұйымдастырады, жарнамалық плакат немесе жарнамалық мәтін жазып, кейін аудиторияңды өз таңдауы дұрыстығына сендіру. Біріншіден, студенттер контраргументтерді алдын ала болжай алуға, екіншіден - білімдері мен біліктіліктеріне жүгіне отырып, өз ой-пікірлерін соңына дейін жақтауға дағдыланады. Осылайша, студенттерді тек теорияны жаттауға ғана емес, сонымен қатар өз алған білімдерін тәжірибеде пайдалана алуға баулимыз



Тіркеме 6


Тақтаға шамадан, еттартқыш, қоқсыссалғыш суреттері ілінеді.

Шамадан – барлығы әрі қарай маған керек болады.

Еттартқыш – ақпаратты әлі де өңдеймін.

Қоқыссалғыш– бәрін лақтырамын.

Студенттерге сабақта берілген ақпаратты не істейтінін көрсету ұсынылады.


Тіркеме 5

№ 6 сабақтың ақпараттық картасы

Тақырыбы: Өткелдерді салу

Сабақ кезеңі

Мазмұны

Бағалау критрийлері

Баллдар саны

Актуализация

«Жобалар»

Ұсынылытын жоба тақырыптары:

  1. Құбырлардың жол және басқа да жасанды кедергілер астымен өтуі

  2. Жасанды кедергілер сипаттамасы

  3. Өткелдер конструкциясы

студент пен оқытушы арасындағы тақырыпқа байланысты пайда болған сұрақтарды шешу

Әр жобаға -1 балл

Көрнекілігіне-1 балл

Мазмұныныа -1балл

Сурақтардың әр дұрыс жауабына - 0,5 балл

Қорғаудағы әр кемшіліктерге 0,5 балл алынып тасталады


Жаңа материалды меңгерту


«Дода»

Әр дұрыс жауапқа -1 балл


Білімдерді шығармашылық қолдану, көкейтесті мәселелер шешу

Дебат, «Жарнамалық кампания»


Көкейтесті мәселелер шешу

қателерді табу

дұрыс шешімдер ұсыну

Әр кезеңіне 2 балл


Нәтижелерді қорытындылау

Баллдар сомасын есептеп бағаларды қою

8-12 балл – «5»

6-7 балл – «4»

4-5 баллов – «3»

0–3 балла – «2»


Картаны толтырған_________________________


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10 ақпан
1023
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі