Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Газ посттары мен коммуникацияларын қоректендіретін жабдықтар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәнекерлеу ісі мамандығына
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

9. Газ посттары мен коммуникацияларын қоректендіретін
жабдықтар.
Пісірген кезде біріктіретін жерді, жоғары температурасы бар газ
жалынымен балқытуға дейін қыздырады (1.17-сурет). Газбен пісіру
тәсілінің жалынымен 4 қыздырған кезде, пісірілетін дайындамалардың
жиегі 1 балқытылады, ал олардың арасындағы саңылауды, шілтердің 3
жалынына сырттан кіргізілген қосым материалымен 2 толтырады. Газ
жалынын техникалық таза оттегі атмосферасында газды жандырып алады.
Пісіру жұмыстары үшін қолданылатын оттегіні, 15 МПа қысыммен
болаттан жасалған баллонға толтырып, пайдаланатын жерге апарады.
Баллондардың беті түсі көгілдір бояумен боялған және оның бетіне қара
бояумен «Оттегі» деп жазылған. Оттегілі баллонды (1.18-сурет), сфералық
түптен 6 және вентильді 2 бекітуге керекті мойынан 4 тұратын, болаттан
жасалған цилиндр сияқты көрсетуге болады. Баллонның төменгі жағына,
баллонды тік тұрғызуға мүмкіндік беретін башмакты
5 отырғызады. Баллонның мойнында қорғау қолпағын 1
бұрамдайтын бұрандасы бар сақина 3 жасалған. Баллонның орташа сұйық
сыйымдылығы 40 дм
3
. Айтылған баллонға 15 МПа қысыммен 6000 дм
3
оттегіні сыйғызады.



7-сурет. Газбен пісірудің сұлбасы
Баллоннан шығатын жерде газдың қысымын азайту және жұмысшы
қысымның тұрақты мөлшерін сақтау үшін газ бәсендеткішін қолданады.
Оттегі бәсендеткіштері қысымды 15 МПа-дан 0,1 МПа дейін, ал ацетилен
бәсендеткіштері айтылған қысымды 1,6 МПа-дан 0,02 МПа-ға дейін
азайтады. Пісіру техникасында қолданылатын бәсендеткіштер әдетте екі
манометрге иемденген. Осы манометрлердің біреуі бәсендеткішке кіретін
жердегі қысымды, ал екіншісі осы бәсендеткіштен шығатын жердегі
қысымды өлшейді.


Page 2


8-сурет. Газ балонының сұлбасы
Әртүрлі газдардың бәсендеткіштері тек қосылатын бөлімнің
құрылымымен айырмашылықта болады. Айтылған қосылатын бөлім сәйкес
баллон вентилінің құрылымына сәйкес келуі керек. Бәсендеткіш тұрқысы
белгілі бір түске боялады, мысалы, оттегі бәсендеткішінің тұрқысы көгілдір
бояумен, ал ацетилен бәсендеткішінің тұрқысы ақ бояумен боялады, т. б.
Бәсендеткіштен пісіру шілтеріне оттегіні, резеңкеден жасалған арнайы
шлангпен береді.
Жанатын газ ретінде тағы да табиғи газ, сутегі, бензин және керосин
булары, мұнай газдары, т. б. қолдануға болады. Негізінен, аталған жанатын
газдарды, жоғары температуралы жалынды талап етпейтін оттегілі кесу
үшін қолдануға болады. Газбен пісіру үшін ацетиленді қолданады. Өйткені
ол басқа жанатын газдармен салыстырғанда жанудың үлкен жылуына және
жалынның үлкен температурасына (3200
о
С) иемденген. Ацетилен (C2H2)
бұл төменгі жану жылуы 54 кДж/м
3
тең болатын жанатын газ. Оны арнайы
аппараттарда, яғни газгенераторында, су мен кальций карбидін былай
әсерлестіріп алады:

СаС2 + 2Н2О = Са(ОН)2 + С2Н2 + Q. (1.4)

1 кг кальций карбиді ыдыраған кезде 250...300 дм
3
ацетилен пайда
болады. Ацетилен, қысым 0,175 МПа артық болғанда қопарылумен қауіпті,
ацетонда жақсы ериді (қысым 0,175 МПа болған кезде ацетонның бір
көлемінде ацетиленнің 23 көлемі ериді). Соңғы қасиетті ацетиленді
баллонда қауіпсіз сақтау үшін қолданады.
Ацетиленді генераторлар әртүрлі жүйелі және өлшемді болуы мүмкін.
Оларды су мен кальций карбидінің әсерлесу тәсілі бойынша, шығатын
газдың қысымы бойынша және өнімділігі бойынша айырады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
01.06.2021
127
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12