жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Газды сақтау және пайдалану жабдықтары.

7. Газды сақтау және пайдалану жабдықтары
Химиялық машина құрастыруда мұнай өнімдері мен газды сақтауға
арналған ыдыстардың құрылысы өзгереді. Сұйытылған газды сақтауға
арналған үлкен ыдыстардың изометриялық қоймалары кеңінен қолданылады.
Бұл сақтау қойма ыдыстарының қабырғалары екі қабатты болып келеді, ол
ішкі жағында қоспалы болаттан, ал сыртқы жағы көміртекті жасалған.
Көміртекті болаттан жасалған сақтау ыдысының қақпағы мен сұйытылған
газдың арасында алюминийден жасалған аспалы жабын болады. Сақтау
ыдысының мұндай құрылысы сұйытылған газдың тұрақты температурасын
ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Магистральды өткізу құбырларын тұрғызған кезде беріктігі жоғары жақсы
хромдалған болаттарды пайдалана бастайды. Осы болаттардан жасалған
құбыларды механикалық дәнекерлегенде қималарды саңылаулы етіп қиып,
тұтастай марганецті сымды немесе құрамында никелі бар ұнтақты сымды
пайдаланады.
Көлденең цилиндрлік резервуарларды (5.13 сур) 4 м дейін диаметрімен
жобалайды, олардың ұзындығы 40 м, ал сыйымдылығы 400 м 3 жетеді.
Резервуарларда қысым сұйықтықтар үшін 40... 70 кПа, сұйылтылған газдар
үшін 200. 1 800 кПа құрайды. Қолайлы тасымалдау үшін резервуарлар
диаметрі 3,25 м аспауға тиіс. Осы резервуарлар анағұрлым тиімді, себебі олар
толық зауыттық жағдайларда шығарыла алады.
Шарлы резервуарларды сұйылтылған газдар мен төмен қайнайтын мұнай
өнімдерін сақтау үшін қолданады. Оларды 8 — 12 бағаналарға немесе арнайы
тірек дөңгелегіне орнатады.
Тамшылы резервуарлар малынбайтын бетінде сұйықтық тамшысының
нысанына ие болады. Осындай резервуарлар соларды әзірлеуге арналған болат
шығындары бойынша анағұрлым үнемді келеді. Сыйымдылығы 2.6 мың м3
резервуарларын пайдалану орынды болады.
Изотермиялық резервуарлар сұйылтылған газдарды төмен
температуралық сақтауға арналған. Олардың мұнай мен мұнай өнімдерін
сақтауға арналған резервуарлардан айырмашылығы, арнайы суыққа төзімді
материалдардан әзірленуінде, жылу оқшаулағышы бар және атмосфералық
әсерлерден қосымша қорғанысы болады.
Дәнекерлеу орындары дәнекерлеу кәбілдермен, қорғаныш жарық сүзгісі бар
дәнекерлеу қалқаншамен, диэлектрлік төсенішпен және қыздырылған
электродтарды сақтауға арналған термопеналдармен жасақталады .
Дәнекерлеу кезінде қорғаныш газдарда дәнекерлеу орындары газды
баллондармен оларды тік қалпында бекітуге арналған құрылғылармен,
дәнекерлеу сым үшін тетігімен және жанарғылар құбыршегі жиынтығымен
берілетін газдың шығыны мен қысымын реттеуге арналған редукторлармен
және ротаметрлармен қамтамасыз етіледі. Дәнекерлеу орындары газдар мен
аэрозольдерді жоюға арналған жалпы алмасу (цех) немесе жергілікті (әрбір
дәнекерлеу орынында) желдету жүйесімен жабдықталуы тиіс.
Инертті газдарды химиялық белсенді металдарды (титан, алюминий, магний
және т.б.) пісіру үшін, сондай-ақ негізгі және қоспа металмен құрамы бойынша
біртекті пісірілген жіктерді алуға қажет болғанда қоспаланған болаттарды

пісіру үшін қолданады. Инертті газдар пісіру кезінде оған металлургиялық
әсерді тигізбей металдың қорғауын қамтамасыз етеді. 10157-79 МемСТ сәйкес
аргон екі сұрыпта шығарылады: жоғары (Ar кемінде 99,992 %) және бірінші
(Ar кемінде 99,987%). Аргонды 15 МПа қысымдағы сыйымдылығы 40 л болат
баллондарда сақтайды және тасымалдайды. Гелийді (He) өндірілетін табиғи
газдардан алады. Ол ауадан айтарлықтай оңай және аргоннан он есе жеңіл,
сондықтан пісіру кезінде аргонмен салыстырғанда оның жоғары шығыны
қажет. Сондай-ақ, гелийдің құны аргон құнынан шамамен 5 есе артық. Гелий
екі сұрыпта шығарылады: ерекше және жоғары таза. Пісіру үшін инертті
газдардың, мысалы, 70% аргоннан және 30% гелийден тұратын (көлемі
бойынша), қоспасын жиі пайдаланады. Аргон сияқты гелий, қоңыр түске
боялған баллондарда сақталады және тасымалданады.
Активті қорғаныш газдар пісіру аймағын ауадан қорғайды, бірақ сонымен
бірге пісірілетін металмен химиялық өзара әрекеттеседі немесе онда еруі
мүмкін. Пісіру үшін активті газдардан негізінен көмір қышқыл газы
қолданады. Басқа активті газдард (оттегі, сутегі, азот) қорғаныш газ
қоспаларын құрастыру үшін пайдаланады.
Көмірқышқыл газын ( СО2) 8050 -76 МемСТ бойынша үш маркада
шығарады. Пісіру үшін СО2 тазалығы 99,5% кем емес пісіру газын
пайдаланады. Оны 6...7 МПа қысымдағы сыйымдылығы 40 л болат
баллондарда сұйық түрінде сақтайды және тасымалдайды. Баллондар қара
түске боялады. Көмірқышқыл газ қышқыл газдарға жатады, сондықтан оны
негізінен төменкөміртекті және төмен қоспаланған болаттарды пісіру үшін
пайдаланады. Оның мақсаты ауаның азотынан өзара әрекеттесуден
балқытылған металды қорғау болып табылады.
Қорғау орталары үшін сондай-ақ, аргонның азотпен, көмірқышқыл
газымен, сутегімен және оттегімен қоспаларын қолданады. Бірқатар
жағдайларда осындай қоспалар жеке газдарға қарағанда үздік технологиялық
қасиеттерге ие болады. Мысалы, көмірқышқыл газының оттегімен (20% дейін)
қоспасы электрод металдың ұсақ тамшылы тасымалдауына, шашыратудың
аздығына, терең балқытуына және жік қалыптасуының жақсартуына ықпал
етеді. Аргон мен 10...30% азот қосылған қоспаны кейбір маркалы мыс және
аустенитті болаттардың пісіру кезінде қолданады. Азоттың қосуы доғаның
балқыту қабілетін жоғарылатады.
Қорғаныс газдарында автоматты және механикаландырылған пісіруді
орындау үшін газды беруді басқару үшін арнайы газ
аппаратурасын қолдану керек: газдар сақтауға арналған баллондар, газ
редукторлары, газ араластырғыш, газ жылытқыштар мен кептіргіштер, шығын
өлшегіштер, электр магнитті газ клапандары.
Баллондар жоғары қысымды қорғаныс газын сақтау мен
тасымалдауға арналған. Ең көп қолданылатын баллондар көрсеткіштері
келесідей:
Баллон сыйымдылығы, л
.......... . 100 және 150 және 200
Қабырғасының
қалыңдығы, мм . 5,2 7 9,3
Корпус ұзындығы, мм
............... 1340 1 390
1
460
Сыртқы диаметрі, мм
.............. 219 219 219

Массасы, кг
................................ . 43 60 81
Көмірқышқыл газынан басқа, барлық газдар сығылған жағдайда, ал
көмірқышқыл газы – сұйық жағдайда болады.
Редукторлар (11.10-сурет) баллоннан немесе үлестіруші тұрба құбырынан
келіп түсетін газ қысымын төмендетуге және берілген жұмыс қысымын
автоматты түрде тұрақты ұстап тұруға арналған. Баллондағы газ қысымын
жоғары қысым манометрі 2 көрсетеді.
Газ аздап ашылып тұрған серіппе 8 арқылы өтіп, төмен қысымды камераға
10 түседі. Клапан арқылы өту барысында газ айтарлықтай кедергіні жеңеді,
соның нәтижесінде клапан артындағы қысым, яғни төмен қысымды
камерадағы қысым төмендейді.
11.10-сурет. Газ редукторының құрылымы мен жұмысының
схемасы:
а — жұмыссыз жағдайы (газ редуктор арқылы өтпейді); б — жұмыс
жағдайы (газ редуктор арқылы өтеді); 1 — тұрба құбыры; 2 — жоғары
қысым манометрі; 3 — төмен қысым манометрі; 4, 8
— серіппелер; 5, 11 — клапандар; 6 — жалғастық; 7 — мембрана; 9 —
реттеу бұрандасы; 10 — төмен қысым камерасы Осы қысымды төмен
қысым манометрі 3-ті көрсетеді. Төмен қысымды камерадан қорғаныс газы
жалғастық 6 арқылы пісіру бастиегіне (ұстағышқа) бағытталады.
Қорғаныс газының жұмыс қысымын реттеу келесідей жүргізіледі. Реттеу
бұрандасын 9 бұрау барысында серіппелер 4 пен 8 қысылады да, клапан 11
ашылып, төмен қысымды камерадағы қысым көтеріледі . Клапан
қаншалықты көп ашылса, одан соншалықты газ көбірек өтеді де, газдың
жұмыс қысымы көтеріледі. Бұрандаманы 9 айналдыра аударған кезде,
керісінше, клапан 11 жабылады да, 10 камерадағы газ қысымы азаяды.
Аргонда пісіру барысында АР-10, АР-40 немесе АР-150 редукторларын
қолданады. Көмірқышқыл газда немесе оның қоспаларында пісі ру

барысында кері әрекет редукторларын пайдаланады, олар сонымен қатар
бір мезетте шығын өлшегіштер болып табылады (У-30 және ДЗД-1-59М).
Сондай-ақ қарапайым оттегі редукторларын да қолдануға болады, мысалы,
РК-53, РКД-8-61 және т.б.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген