400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Гендерлік теңдік: ерлер мен әйелдердің құқығы тең болу қажетпе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада автор қоғамдағы гендерлік теңдік мәселесін көтеріп, ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің тең болу қажеттігін жан-жақты дәлелдейді. Тарихи деректер мен заманауи мысалдарды келтіре отырып, автор жынысқа емес, білім мен кәсіби қабілетке мән беру керек екенін алға тартады. Мақалада инженер-геолог Назгүл Төлегенова мен балабақша тәрбиешісі Ерлан Әбіловтің тәжірибесі арқылы кәсіби теңдік пен стереотиптерді бұзу мәселесі ашық көрсетілген. Автордың негізгі ойы – қоғамның өркендеуі үшін гендерлік теңдік маңызды, ал кез келген адам өз арманына адал болып, қалаған саласында қызмет етуге құқылы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Гендерлік теңдік: ерлер мен әйелдердің құқығы тең болу қажет пе?



Гендерлік теңдік – қоғам арасында қызу талқыға түскен өзекті тақырыптардың бірі. Бұл тақырыптағы ой-пікірлер сан алуан: бірі ер мен әйелдің теңдігін қолдаса, енді бірі ата-бабадан келе жатқан дәстүрімізге жат, әйел бір саты төмен тұру керек дейді. Ал кей адамдар әйелдердің бір саты жоғары тұратын уақыты келді деп жарияға жар салуда. Менің ойымша, еркек, әйел деп бөлмей, теңдікті қолдаған жөн.



Неліктен бұл ойды дұрыс деп таптым? Себебі қазір жынысқа бөлінетін заман емес, қолыңнан келетін іске машықтанып, өзіңді жетілдіріп, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізетін уақыт. Мысалы, кез келген салада тұлғаның ер немесе әйел екеніне қарамайды, оның біліктілігі мен шеберлігін бағалайды. Дәл осы сәт – білімділердің өрлейтін уақыты. Басты мүдде – қоғам пайдасына жұмыс жасау, елді көркейту. ХХ ғасырды алып қарар болсақ, зиялы азаматтардың барлығы дерлік өзге ұлттың азаматшаларына үйленген. Неге? Себебі ол кезеңде қазақ қыздарының көпшілігі білім алуды енді қолға алып жатқан болатын. Қыздарды шетелге оқуға жібермек түгілі, ауылдық жерден қалаға білім алуға жіберудің өзі мұң еді. Осы себептен білімді, шетелде оқыған зиялылар көзі ашық, өзімен тең дәрежедегі ұлты басқа қыздарды жары ретінде көре алған. Осы арқылы біз ХХІ ғасырға дейін қазақ қоғамында теңдіктің болмағанына айқын көз жеткізе аламыз. Ер мен әйел арасында теңдік болмаса, қоғамдағы өмір сүру салты өзгеріп, елдің дамуы тежелетініне жоғарыдағы мысал дәлел бола алады деп ойлаймын. Сондықтан да ер мен әйел құқығы тең болу қажет!



Ал енді белгілі бір стереотиптерге қарсы шығып, жүрегі қалаған мамандықта жұмыс істеп жүрген, өз ісінің майталмандары туралы айтсақ. Назгүл Төлегенова – Қашаған мұнай кен орнында инженер-геолог болып жұмыс істейді. Бұл салада көбіне ер адамдар жұмыс істейді . Себебі ол физикалық күш пен ұзақ вахталық жұмыс режимін талап етеді. Осыған қарамастан, ол кәсібилігімен әріптестері арасында үлкен беделге ие. Енді керісінше, әйелдер көп шоғырланған салада қызмет етіп жүрген Ерлан Әбілов – балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейтін сирек кездесетін ер адамдардың бірі. Балалармен қарым-қатынас жасау жауапкершілікті қажет етсе де, ол бүлдіршіндердің сүйікті ағайы. Бұл тұлғалар кәсіби шеберлікке мән беріп жүрген жандар. Олар қоғамда «еркекке тән» немесе «әйелге тән» жұмыс деген түсініктің маңызсыз екенін көрсетіп отыр.



Қорытындылай келе, гендерлік теңдік елдің дамуына жол ашатынын байқауға болады. Ешкімді бөлмей, тек тәжірибелік пен білімділікке қарасақ, ел нығайып өрлейді. Жоғарыдағы мысалдарды ескерсек, өз қалауын орындаған жанның жетістікке жететінін байқай аламыз. Жүрегің қалаған салада жұмыс істеу еш уақытта ұят емес! Ол сені тұлғалық қалыптасуың мен өз ісіңнің майталманы болуға жетелейді. Кез келген адам өз қалауын өзгенің сөзіне сатпауы керек. Сонда ғана қоғамда дұрыс түсінік пайда болады. Оны жүзеге асыру – өзімізден бастау алмақ. Өз мүмкіндігімізді жібермей, тек алға жылжуға ұмтылайық, бәсекеге қабілетті, шын білімпаз орта қалыптастырайық. Бұл – ел болып өніп-өсуімізге жасалатын қадам болмақ. Пікірталастың шешімі – осы деп білемін. Тек қана арманыңның артынан ер!





Түркістан облысы Сауран ауданы

Амангелді ЖББМ 11-сынып

оқушысы Пернешбай Жасмина

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 мамыр
120
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі