ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ 9 СЫНЫП БӨЛІМ БОЙЫНША ТЕСТ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ 9 СЫНЫП БӨЛІМ БОЙЫНША ТЕСТ

Материал туралы қысқаша түсінік
9 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН БӨЛІМ БОЙЫНША ТЕСТ. ҮБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ ТЕСТ
Материалдың қысқаша нұсқасы

9 сынып бөлім бойынша тест

Географиялық зерттеу әдістері


  1. Этнография: әлем халықтарының тұрмыстық және мәдени ерекшеліктерін, халықтардың шығу тегін, орналасуын, тарихи-мәдени қатынастарын зерттейтін ғылым

  2. Кентану: кен орындары геологиясы мәселелерін қарастыратын ғылым.

  3. Ш.Уәлиханов айналысқан салалар: этнография, география, шығыстану, Орыс география қоғамы мүшесі болды

  4. Ш.Уәлиханов саяхаттары: Г.Гасфорттың Сарыарқа мен Жетісуға жасаған саяхаты (1955), Тянь-Шань мен Қашғарияға саяхаты (1856-1857ж)

  5. Ш.Уәлихановтың қауіпті саяхаты: 1858-1859жж Қашғарияға саяхаты

  6. Ш.Уәлиханов еңбектері: «Іленің арғы бетіндегі өлкенің географиялық очеркі», «Жоңғар очерктері»

  7. Ш.Уәлиханов Орыс география қоғамына мүше болды: 1857ж

  8. Ш.Уәлиханов есімімен аталған нысандар: Іле Алатауының шыңы (4200м), Жетісу Алатауының мұздығы

  9. КСРО ғылым академиясының Қазақ филиалы болып қайта құрылған уақыт: 1938ж

  10. Геология, тектоника, кентану салаларында монографиялар мен геологиялық мазмұндағы карталар құрастырды: Қ.Сәтпаев, Н.Кассин,Ш.Есенов

  11. Гидрогеолог: У.Ахмедсафин, В.Веселов

  12. Геоморфологиялық зерттеулер жүргізді: Г.Медоев

  13. Климотология, гидрология мәселелерін зерттеді: М.Байдалы

  14. Қазақ КСР Ғылым Академиясының алғашқы президенті: Қ.И.Сәтпаев

  15. Қазақ Академиясында жұмыс жасап жатырған мамандар: геология, гидрология, геофизика, топырақтану, ботаника, зоология

  16. Қ.Сәтпаев зерттеген салалар: геология, тектоника, кентану ғылымының саласы

  17. Орталық Қазақстандағы мыс, қорғасын, мырыш, сирек металдар, темір, таскөмір кен орындарын анықтағана ғалымдар: Қ.Сәтпаев, Г.Жилинский

  18. Қ.Сәтпаевтың есімімен байланысты ұйымдасқан зерттеулер: Балқаш, Жезқазғандағы кен-металлургия комбинаттары, Ертіс-Қарағанды каналы құрылысы, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай үстіртінің табиғат ресурстарын зерттеулері

  19. Қ.Сәтпаев еңбегінің жемісі: Кенді Алтай, Қаратау фосфориті, Ұлытау кен орны

  20. Гляциология мектебін қалыптастырды: Н.Пальгов

  21. Н.Пальговтың зерттеу нысаны: Алматы маңыдағы Тұйықсу мұздығы

  22. Н.Пальгов еңбегі: Іле Алатауының қазіргі мұздануы

  23. Қазақстан Ғылым Академиясының География секторы-гляциология саласы бойынша жыл үздігі болған жыл: 1956ж

  24. Н.Пальгов аты берілген мұздықтар: Іле Алатауы, Полярлық Орал жоталары мұздықтары

  25. Мұздық: ауырлық күші әсерінен қозғалыста болатын жер бетіндегі қар мен мұздрдың табиғи жинағы

  26. Мұздықтың түрлері: таулық, жамылғы

  27. Геокриология: жер қыртысындағы тоң қабаттың құрылымын, құрамын, қасиеттерін, таралуы мен даму тарихын, олардың қату-еруімен байланысты үдерістерді зерттейтін ғылым

  28. Уфа Меңдібайұлы Ахмедсафин: ҚазССР ҒА гидрогеология және гидрофизика институтының негізін қалаушы

  29. ҚР-ның жалпы КСРО оңтүстігі аридті аймақтарының гидрогеологиясының қалыптасуы мен дамуы байланысты ғалым: Ахмедсафин

  30. Аридтік гидрогелогияның қазақстандық ғылыми мектебінің негізін салушы: У.Ахмедсафин

  31. А.П:Горбунов: Қазақстанның геокрилогиялық лабораториясын басқарды (1971-1990жж)

  32. А.Горбуновтың негізгі жұмыстары: тоң, мұздық, селдерді зерттеу, биік таулы аудандар геокриологиясының негізін қалаушы

  33. А.Горбуновтың тағы бір саласы: топономика (Ғ.Қоңқашбаев шәкірті)

  34. М.Ж.Жандаев еңбегі: флювиалды геоморфология, өзен аңғарларының қалыптасу мәселелері, құрылымы, эволюциясы

  35. М.Жандаев еңбегіндегі процестер: аңғарлық үдерістер, меандрлену,эрозия базисі, аңғар қалыптасуы

  36. М.Жандаев негіздеген заңдылықтар: өзен суайрықтарын кесіп,жоғары жақтағы өзенді қосып алу мүмкін емес, өзен суайрықтары біршама тұрақты, оған ежелгі пенеплен қалдықтарының, жыныстарының және жер бедерінің қыратты пішіндерінің жапсарласуы дәлел бола алады

  37. Ә.С.Бейсенова: географ-эколог, ҰҒА академигі, Қазақстанның физикалық географиясы, экологиясы авторы

  38. Жоғары оқу орындарына арналған оқулықтың авторлары: Ә.Бейсенова, М.Өтемағамбетов, М.Ярмухамедов, Ш.Надыров

  39. Қазақстан аумағы географиялық кешенінің құрамдас бөліктері: табиғи, әлеуметтік-экономикалық кешендер, зоналар, аудандар, ареалдар

  40. Қоғамдық-гуманитарлық географияға жатады: экономикалық, әлеуметтік, саяси, халықтар географиясы, еңбек ресурстары, туризм, демография мәселелері

  41. Жаратылыстану салалары: климаттың өзгеруі, гидрология, су ресурстары, гляциология, геокриология, геоморфология, ландшафтану, геоэкология мәселелері

  42. Ең ірі географиялық мекемелер: География институты, Сейсмология институты, Қазақстан Ұлттық Гидрометеорологиялық қызметі, Қазақ География қоғамы

  43. География ғылымдарының кешендері: физикалық-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, аралық аймақтар

  44. Қазақ КСР Ғылым академиясы құрамындағы сектор География институтына айналған уақыт: 1983ж

  45. Қазақстан мен Ресейге «Катон-Бұқтырма» трансшегаралық су-энергетикалық кешені қай елден келеді: ҚХР

  46. Ресейлік өзендер ағынын Орталық Азияға транзиттеу үшін салыну керек нысан: Ертіс-|Сырдария

  47. Ең ірі атлас пайда болды: 2010ж

  48. ҚР-ның Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығымен марапатталған еңбек: Маңғыстау облысының атласы

  49. Сейсмология институтының жүргізілетін зерттеу бағыттары: жердің ішкі құрылымын, жер сілкінісі физикасын зерттеу, сейсмикалық қауіпті бағалауды зерттеу, аумақты жалпы, егжей-тегжейлі және микросейсмикалық аудандастыру

  50. 2012 жылы ресми түрде ЮНЕСКО-ға тіркелген институт: Сейсмология институы

  51. Қазақстанның гидромет қызметі құрылды: 1922ж

  52. Еліміздегі метеостанция саны: 328

  53. «Казгидромет» Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым құрамына елдер саны: 192

  54. КСРО ҒА Қазақ географиялық қоғамы мәртебесін алды: 1968ж

  55. Қазақ география қоғамының алғашқы президенті: Н.Пальгов

  56. ҚР-ның заңына сәйкес қоғам қызметіне жатады: география саласындағы өндіріс пен ғылымның тоғысын ұйымдастыру, түрлі ведомствалар жүргізетін география саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарына бағдар көрсету, Қазақстан ғалымдары мен саяхатшыларының құқығын қорғау, жаңа білімдер мен жетістіктерді көпшілік халыққа таныту, насихаттау

  57. Топонимика: географиялық атауларды зерттейді

  58. Ғ.Қоңқашбаев зерттеулері бойынша тіркелген қазақша географиялық терминдер саны: 600-ден астам

  59. Антропонимдер: лақап атаулар

  60. Ономастика: жалқы есімдердің пайда болу тарихы мен өзгерістерін зерттейтін тіл білімінің бөлімі

  61. Антропонимика: адамдардың есімдерін зерттейтін ономастиканың бөлімі

  62. Оним: жалқы есімдер

  63. Топоним: географиялық атаулар

  64. Гидроним: су атаулары

  65. Ороним: тау, қырат, шоқылардың атауы

  66. Ойконим: елді мекен атаулары

  67. Хороним: әкімшілік-аумақтық бірліктер атаулары

  68. Зооним: жануарлар мен хайуанаттар атаулары

  69. Космоним: галактикалық және ғарыштық денелердің, жұлдыздар, жұлдыз шоғырларының атаулары

  70. Этноним: халықтың, ұлттың атаулары

  71. Фитоним: өсімдіктер атаулары

  72. Академия: ғылымда, өнерде қалыптасқын дәстүрлерді сақтау

  73. Академиялық форма: ғылыми зерттеуді ұсыну түрі немесе типі, біздің жағдайда ғылыми зерттеуді ұсыну

  74. Зерттеу нәтижесін ұсынуда қолданылатын формалар: сигналдық, анықтамалық

  75. Сигналдық форма: кез келген алдын ала танысудың қысқартылған формасы

  76. Анықтамалық: белгілі бір ғылым саласындағы қысқаша жүйеленген анықтамалар

  77. Аннотация: ғылыми жұмыстың тағайындалымы, мазмұны, идеялық бағыттың қысқартылған сипаттамасы

  78. Ғылыми зерттеулерде қолданылатын әдістер: эмпирикалық, теориялық

  79. Эмпирикалық әдіс: бақылау мен эксперименттер, сонымен қатар топтастыру, эксперименттің жіктелуі мен бақылаудың сипаттамасы

  80. Теориялық әдіс: ғылыми гипотезалар мен теорияларды құрастыру және дамыту, заңдарды тұжырымдау, логикалық салдарды анықтау, әртүрлі гипотезалар мен теорияларды сәйкестендіру

  81. Зерттеу нәтижелерін ұсынуда қолданылатын ақпарат нұсқалары: вербальды, графикалық, символдық, заттық-шолу

  82. Вербальды форма: мәтін, сөйлеу

  83. Графикалық: кесте, графиктер

  84. Символдық: белгілер, формулалар

  85. Заттық шолу: макеттер, заттық модельдер, фильмдер


Картография және географиялық деректер базасы


1. Картамен жұмыс барысында іске асуы керек: картаны түсіну, оқу, білу

2. Картамен жұмыс кезеңдері: І-шартты белгілерді оқу, нысандарды картадан табу, ІІ-нысандар мен аумақтардың сипатынғ план, картада сипаттау, салыстыру, себеп-салдарлық байланысты анықтау, ІІІ-картографиялық материалды терең түсіну

3. Жер бедері пішіндерін бейнелеудің тәсілдері: изосызықтар (горизонтальдар), гипсометриялық (қат қабат бояулар)

4. Жер бедері пішіндерінің формасы: сызықтар мен фондық бояу

5. Жер бедері пішіндерінің түсі: қоңыр, түрлі-түсті шкала

6. Жер бедері пішіндерінің өлшемі: теңіз деңгейінен абсолют биіктігі

7. Шыңдар мен ойыстардың бейнелеу тәсілдері: сандық сипаты

8. Шыңдар мен ойыстардың формасы: сандық көрсеткіш

9. Шыңдар мен ойыстардың түсі: Қара

10. Шыңдар мен ойыстардың өлшемі: теңіз деңгейінен абсолют биіктігі

11. Микроформалардың таралуының (құмдар, лавалық алаңдар)бейнелеу тәсілдері:ареалдар тәсілі

12. Микроформалардың таралуының формасы: штрихты белгі

13. Микроформалардың таралуының түсі: қоңыр

14. Микроформалардың таралуының өлшемі: теңіз деңгейінен абсолют биіктігі

15. Қашықтан зерделеу: Жер беті мен ондағы нысандар: атмосфера, гидросфера, жер қыртысының жоғары қабаты жайлы қашықтықтан дәл ақпарат алу

16. Алғаш рет әуе шарынан суретті жасады: Гаспар Надар (1858ж)

17. Гаспар Надар жасаған сурет: Париж қаласы

18. Ұшақтан алғаш аэрофотосуреттер түсірілген жыл: 1909ж

19. Ғарыштан алғаш рет түсірілген сурет: АҚШ, 1946ж

20. Жасанды серіктердің міндеті:табиғат құбылыстарының ғарыштық түсіріліміналу ғана емес, олардың пайда болу себептерін түсіндіруге көмегі тиетін сипаттамалар жинастыру

21. Жерді қашықтықтан зерделеудің тәсілдері: активті, пассивті

22. Қашықтықтан зерделеудің активті әдісі: лазерлік зерделеу

23. Қашықтан зерделеудің негізгі нысандары: ауа-райы, климат, қоршаған орта элементтері, мұхиттар мен теңіздер, жер беті

24. Трансформациялау: суретті план мен картада өзгерту

25. Сипаттамалар: ақпарат берудің дәстүрлі формасы, географиялық анықтамалық кітап түрінде шығарылады

26. Журналдар: географиялық зерттеулер нәтижелерін ең жылдам жеткізетін мерзімдік, ведомствалық басылым түрлері

27. Сонар: Гидрология

28. Радар: геодезия

29. Лидар: метеорология

30. Сейсмограф: сейсмология


Литосфера


1. Интрузивті жыныстар: гранит, габбро

2. Эффузивті жыныстар: базальт, жанартаулық туф

3. органикалық тау жыныстары: әктас, бор, көмір

4. Кесекті тау жыныстары: саз, құм, құмдақ

5. Химиялық тау жыныстары: тас тұзы, гипс

6. Метаморфты тау жыныстары: гнейс, мәрмәр, кристалды тақтатастар

7. Ежелгі метаморфты түзілімдер кездеседі: Солтүстік Тянь-Шаньда

8. Кембрийге дейінгі жыныстардың ірі аудандары: Көкшетау, Ұлытау, Шыңғыстау, Балқаш маңы батысы

9. Кембрий шөгінділері зерттелген: Ерейментау, Шыңғыстау, Бетпақдала

10. Магмалық әрекеттер күшейіп, интрузивті тау жыныстары түзілген уақыт: ордовикте

11. Каледондағы тау түзілу: Тянь-Шаньның солтүстігі, Орталық Қазақстанның солтүстік, батыс шеті

12. Силур шөгінділері кең таралған: Батыс Қазақстан, Мұғалжарда

13. Құрғақшылықтың күшеюі байқалды: девон дәуірінде

14. Таскөмір дәуірінде түзілді: Орталық Қазақстан

15. Мезозой дәуіріне кірді: Қазақстанның батыс бөлігіне Жерорта теңізі аймағынан теңіз енді

16. Кайназой кезеңі: құрлық тек Орал үстірті, Мұғалжарда, Сарыарқада сақталды

17. Геосинклинальды аймақтардың дамуы: 3 кезеңнен тұрады

18. Геосинклинальды аймақтардың дамуының І кезеңі: теңіз алабы түзілді;

19. Геосинклинальды аймақтардың дамуының ІІ кезеңі: жанартаулар атқылаулары жүреді

20. Геосинклинальды аймақтардың дамуының ІІІ кезеңі: тау түзіледі

21. Платформа: Жер қыртысының тұрақты бөлігі

22. Платформаның түрлері: жас және ежелгі

23. Қалқандар: платформаның іргетасы жер бетіне шығып жатқан бөлігі

24. Шығыс Еуропа жазығы қалыптасты: Кембрийге дейінгі кезеңде

25. Платформаның беткі шөгінді қабатының қалыңдығы: 10 км-ден асады

26. Тұран тақтасының шөгінді жабын қабатының қалыңдығы: 4 км

27. Бірде бір тау түзілмеген,жанартау мүлдем байқалмаған кезең: мезозой

28. Кайназой эрасының Альпі қатпарлығында түзілген тау жүйелері: Жетісу Алатауы, Тянь-Шань, Алтай

29. Қазақстанның басым бөлігін алып жатырған жер бедері: жазықтар

30. Жазықтардың абсолют биіктігі бойынша түрлері: ойпат (0-200м), қырат (200-500м), үстірт (500-ден жоғары)

31. Сыртқы көрінісіне қарай жазықтардың түрлері: тегіс, төбелі, сатылы

32. Көлбеулігіне қарай жазықтардың түрлері: көлденең, көлбеу, дөңес, иілген

33. Аллювийлі жазықтар: Сырдария, Қарақұм, Мойынқұм

34. Қазақстанда аккумулятивті жазық орналасқан: Солтүстік Қазақ жазығында

35. Үстірт: ойпатты жазықтардан кемерлермен шектелетін, әлсіз тілімденген, төбесі тегіс көтеріңкі жазық

36. Денудациялық жазықтар пайда болды: таулардың ұзақ уақыт бойы мүжілу нәтижесі

37. Бетпақдала үстірті неден тұрады: сазды, құмды, қиыршықтасты жыныстардан

38. Арал маңы Қарақұмы орналасқан: Арал теңізінің солтүстігі мен солтүстік-шығысында

39. Экзогендік жер бедерін түзуші фактор: Климат жағдайлары

40. Мұғалжарды бөліп жатыр: Біршоғыр

41. Маңғыстау таулары: Ақтау, Қаратау

42. Тау беткейі: куэста

43. Маңғыстаудың Қаратауының биік нүктесі: Бесшоқы (556м)

44. Қазақтың ұсақ шоқысы: Сарыарқа

45. Батыс Сарыарқаға жатады: Көкшетау, Ұлытау

46. Сарыарқаның орталығындағы тау жоталары: Қызылтас, Қарқаралы, Қызыларай, Кент, Көшубай

47. Сарыарқаның солтүстігіне қарай орналасқан тау жоталары: Баянауыл, Қызылтау, Нияз, Қу, Семізбұғы, Дегелең

48. Некки: Лаваның қалдығы

49. Балқаштан солтүстікте Бектауатадағы пішіндер: тасбақа, қолтырауын, тас тостағандар, Әулие үңгірі

50.Мойынты теміржол бекетінен 40 км батыста орналасқан кратер: Шұнақ метеоритті кратер (жасы 12 млн жыл)

51. Биік таулы аймақтардың қазіргі жер бедерінің қалыптасуы Үндістан субқұрлығының Еуразиямен бірігу уақыты: олигоценде басталған

52. Орогенез: Литосфераның сығылу үдерісі

53. Цирктер: пішіні доға, орындық тәрізді текшелер

54. Трогтар: терең астау тәрізді аңғарлар

55. Алтай тауының бөліктері: Кенді Алтай, Оңтүстік Алтай, Қалба жотасы

56. Оңтүстік Алтай жоталары: Нарын, Сарымсақты

57. Марқакөл орналасқан: Күршім мен Асутау жота аралығы (1449м)

58. Кенді Алтай жоталары: Теректі, Холзун, Листвяга, Оба, Үлбі, Иванов

59. Қалба жотасының сипаттамасы: Ертіс өзені батысында, ұзындығы-250км, абсолют биіктігі-1608м

60. Тарбағатай сөзінің мағынасы: суырлы тау

61. Тарбағатай бөліктері: Батыс және Шығыс

62. Тарбағатайдың абсолют биіктігі: 2992м

63. Тарбағатайдың шығысында орналасқан: Сауыр

64. Сауырдың биік нүктесі: Мұзтау (3816м)

65. Жетісу Алатауының орналасуы: Орта Азия мен Сібірдің оңтүстігі

66. Жетісу Алатауының биік нүктесі: Бесбақан (4622м)

67. Тянь-Шань тауының мағынасы: аспан тауы

68. Солтүстік Тянь-Шань жоталары: Ұзынқара, Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, Қырғыз жотасы, Шу-Іле таулары

69. Іле алатауының биіктігі: Талғар шыңы (4973м)

70. Батыс Тянь-Шань жоталары: Өгем, Піскем, Сайрам, Қоржынтау, Қаратау

71. Қаратау тауының биік нүктесі: Бессаз (2176м)

72. Қазақстандағы ең ұзын жота: Қаратау тауы

73. Қазақстандағы көп үңгірлер кездесетін таудың бірі: Қаратау (60-тан астам)

74. Көктем үңгірі: тереңдігі – 20м, ұзындығы – 300м

75. Сораң тауының мағынасы: шың

76. Бетпақдала: жалаңаш дала

77. Үстірт: үст-тегіс, үрт – жазық

78. Пайдалы қазбалар: шаруашылықта тиімді пайдаланылатын жер қыртысының минералды түзілімдері

79. Пайдалы қазбалардың геологиялық дамуы түзілетін күштер: эндогенді, экзогенді

80. Қазақстан мұнай қоры жөнінен ТМД-да алатын орны: 2 орын (Ресейден кейін)

81. Қазақстандағы әлемдік пайдалы қазбалардың пайыздық көрсеткіші: 6%

82. Қара металл кен орындары: темір, марганец, хром

83. Сирек металлдар: ванадий, никель, кобальт, вольфрам, молибден, қалайы, висмут, мышьяк сынап

84. Түсті металдар: мыс, қорғасын, мырыш, аллюминий, магний

85. Асыл металдар: алтын, ақ алтын

86. Радиоктивті металл: радий, торий, уран

87. Сирек жерлік элементтер: ниобий, тантал, цирконий, церий

88. Кенді шикізаттар: тау-химия, химиялық, таулы-техникалық шикізат, құрылыс материалдары, бағалы, жартылай асыл тастар

89. Көмірсутекті шикізаттар: мұнай, жанғыш газдар, битум

90. Көмір кені: қоңыр көмір, таскөмір, антрацит, шымтезек, жанғыш тақтатастар

91. Қазақстан уранды өндіруден алатын орны: І

92. Өндіруден ІІ орын алатын металдар: хромит, тантал, берилий

93. Қорғасын мен мырыш өндіруден алатын орны: 6

94. Марганецтен алатын орны: 8

95. Күмістен алатын орны: 9

96. Мұнай мен газ өндіруден алатын орны: алғашқы 20 ел қатарына кіреді

97. Минералдардың түрлері: қатты, сұйық, газ

98. Мұнай Қазақстан аумағында өндіріле бастаған уақыт: ХІХғ аяғында

99. Ең ірі мұнай бұрқағы атқылады: 1911ж, Доссорда

100. Көмірдің ірі кен орындары: Қарағанды, Павлодар, Қостанай

101. Көмірдің ең бағалы түрі: антрацит

102. Антрацитті тапты: Апақ Байжанов (1833ж)

103. Қостанай облысындағы темір кен орындары: Лисаков, Аят

104. Қорғасын мен мырыш кездеседі: Кенді Алтай, Жетісу Алатауы, Қаратау

105. Мыс: Сарыарқада

106. Алтын: Қалба жотасы, Жетісу Алатауында

107. Кенсіз пайдалы қазбаларға жатадтын құрылыс материалдары: құм, саз, әктас, ұлутас, гранит

108. Темірдің қоры жөнінен Қазақстан Азияда алатын орны: ІІ (Қытайдан кейін)

109. Темірдің қоры жөнінен Қазақстанның дүниежүзінде алатын орны: 8

110. Хромнан алынады: болат пен отқа төзімді саз

111. Хром шоғырланған елдер: ОАР, Қазақстан, Зимбабве, Филиппин

112. Хром қоры жөнінен ТМД-да орны: І (97%)

113. Қазақстандағы ірі хром кен орындары: Дөң, Кемпірсай

114. Қазақстан аумағында тараған сирек кездесетін металдар: молибден мен вольфрам

115. Вольфрам мен молибденді қолданады: ыстыққа төзімді және берік құралдар жасау үшін

116. Молибден мен вольфрам шоғырланған: Орталық Қазақстанда

117. Қазақстан ураны дүниежүзіндегі уранның қанша пайызын құрайды: 19%

118. Қазақстандағы уран кен орындары: Созақ, Қорасан, Солтүстік Қазақстан

119. Қазақстан алтын өндіруден алатын орны: ТМД (4-Ресей, Өзбекстан,Қырғыз Республикасы)

120. Алтын өндіретін ірі кен орындар: Васильков, Бақыршық, Ақбақай, Юбилейное

121. Жеңіл, серпінді, иілгіш металл: алюминий

122. Алюминий алатын басты кен: боксит

123. Бокситтің 90%-ы шоғырланған: Торғай қолатында

124. Краснооктябрь кенішінде барланған боксит мөлшері: 200 млн т

125. Боксит қоры жөнінен алатын орны: әлемде 21-ші, ТМД-да 2-ші

126. Мыстың ірі кен орындары: Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл, Николаев

127. Мыс қоры жөніне Қазақстанның әлемдегі орны: 5

128. Полиметалл: Құрамында қорғасын, мырыш, т.б элементтер бар кен

129. Полиметалдардың ірі кен орындары: Жәйрем, Алтай, Тишинск, Белоусов, Риддер-Сокольный, Жезкент, Орлов, Шалқия, Мырғалымсай, Ащысай

130. Қазақстанның қорғасын қоры жөнінен алатын орны: 2

131. Мырыш қорынан алатын орны: 3

132. Ұлутас: Маңғыстауда Жетібай

133. Гранит: Ақмола-Вишнев, Алматы-Күрті

134. Мәрмәр: Алматы-Текелі, Қостанай-Комаров, Жамбыл-Қордай

135. Фосфор қоры жөнінен әлемде: ІІ орында (Мароккодан кейін)

136. ФосФордың ірі кен орындары: Қаратау, Шилісай

137. Қазақстандағы ірі газ кен орындары: Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ, Құмкөл

138. Қазақстандағы көмір кен орындарының саны: 300-ден астам

139. Мұнайдың барланған қоры жөнінен алатын орны: 12

140. Қоңыр көмір ашық әдіспен алынатын кен орындар: Солтүстік, Шығыс, Богатырь

141. Қоңыр көмір алаптары: Майкөбен, Торғай



Физикалық география. Атмосфера


  1. Қазақстанның климаты: шұғыл континентті

  2. Климаттың континенттілігін анықтайды: температураның шұғыл ауытқуы, ауаның құрғақтығы, жауын-шашын мөлшерінің аздығы

  3. Қазақстанның климатының ерекшелігі: мұхиттар мен теңіздерден алшақтығы, жер көлемі кең

  4. Негізі климат түзуші факторлар: күн радиациясы, атмосфералық циркуляция, жердің төсеніш беті

  5. Күннің сәулеленуі анықталады: жылу ағындарымен

  6. Күннің сәулеленуі тәуелді: күннің көкжиектен биіктігіне, күннің ұзақтығына, бұлттылыққа, атмосфераның мөлдірлігіне, жердің төсеніш бетіне

  7. Күн радиациясы: күн жылуы мен жарығы

  8. Күн сәулесінің атмосферада шағылысу мөлшері: 20% (тура күн радиациясы)

  9. Күн радиациясының өлшенеді: 1см²-ге шаққандағы килокалориямен (джоуль)

  10. Күн сәулесінің жаңа жауған қардағы шағылу мөлшері: 85%

  11. Жасыл ормандар: 10-20%

  12. Шөлдің беті: 29-35%

  13. Қоңыржай ендіктердегі теңіздің беті: 78%

  14. Экваторлық ендіктерде: 2%

  15. Өсімдіктер жамылғысы: 10-20-25%

  16. Қазақстандағы күн сәулесінің түсу ұзақтығы: 2000-3000 сағат

  17. Қазақстанның солтүстігіндегі ашық күндер саны: 120 күн

  18. Қазақстанның оңтүстігіндегі ашық күндер саны: 260 күн

  19. Жылдық жиынтық радиация Қазақстанның солтүстігінде: 100 ккал/см²

  20. Жылдық жиынтық радиация Қазақстанның оңтүстігінде: 150 ккал/см²

  21. Еліміздің жазықтарында орташа температура: қалыпты

  22. Қостанай облысы, Пресногор метеорологиялық бекетіндегі температура: 0ºС

  23. Түркістан облысы, Қызылқұм метеорологиялық бекетіндегі температура 13,7ºС

  24. Қаңтар айындағы Қазақстанның солтүстігіндегі температура: -19,7ºС

  25. Қаңтар айындағы Қазақстанның солтүстігіндегі температура: -3ºС

  26. Түркістандағы байқалған ең төменгі температура: -15,4ºС

  27. Алматыдағы байқалған ең төменгі температура: -38ºС (1951ж)

  28. Нұр-Сұлтандағы байқалған ең төменгі температура: -52ºС (1893ж)

  29. 1969ж ШҚО-дағы ең төменгі тіркелген температура: -62ºС (Орлов)

  30. Жылдың ең ыстық айы: шілде

  31. Шілденің солтүстіктегі орташа температурасы: +18ºС

  32. Шілденің оңтүстіктегі орташа температурасы: +30ºС

  33. Жазықтардағы аязсыз күндер саны солтүстікте: 110 күн

  34. Жазықтардағы аязсыз күндер саны оңтүстікте: 200 күн

  35. Қазақстан аумағына әсер ететін ауа массалары: арктикалық, қоңыржай, тропиктік

  36. Қазақстанға ене алмайтын ауа массалары: Үнді және Тынық мұхитынан келетін ауа массалары

  37. Арктикалық ауа массалары: суық, құрғақ, мөлдір

  38. Арктикалық ауа массаларынан қыста қалыптасатын ауа райы: аязды, құрғақ, бұлтсыз

  39. Тропиктік ауа массалары: ыстық, құрғақ, шаң-тозаңды

  40. Ауа қысымының төменгі мөлшері байқалады: таулы аудандарда

  41. Температура инверсиясы: биіктікке қарай температураның жоғарылауы

  42. Циклон: орталық бөліктегі төменгі қысымды изобараның тұйықталған жүйесі

  43. Антициклон: орталық бөліктегі жоғары қысымды изобара жүйесі

  44. Жылы фронт: жылы ауа суық ауаға қарай ығысып, жеңіл жылы ауа суық ауаның үстіне шығады

  45. Жылы фронт ерекшелігі: жылы ауа мен сіркіреуік жаңбыр алып келетін ауа массасы

  46. Суық фронт: суық ауаның жылы жаққа қарай ауысуынанпайда болатын ауа массасы

  47. Суық фронт ерекшелігі: суық ауа ауыр болғандықтан жылы ауаның астына еніп, оны жоғары көтереді

  48. Қазақстанда жақсы байқалатын аудандар: таулы аудандарда, таулы-аңғарлық жерде

  49. Қазақстанның жел туындау себептері: тау жотасының созылу бағыты, биіктігі, шатқалдар бағыты

  50. Қазақстанда кездесетін жел түрлері: Шелек, Арыстанды-Қарабас, Қордай, Мұғалжар, Ебі, Сайқан

  51. Шелек таулы-аңғарлық жел: Шелек өзені аңғары, Іле аңғары, күндіз солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа, түнде кері бағытта соғады, жылдамдығы – 8-10м/с

  52. Арыстанды –Қарабас тау аңғарлық желі: Қаратау жотасының, Арыстанды өзен аңғарында соғады, ауа жылдамдығы 35 м/с

  53. Қордай желі: Жамбыл облысындағы Кіндіктас және Жетіжал жоталары аралығында соғады, жылдамдығы 40м/с

  54. Мұғалжар желі: Орал тауынан соғады, жылдамдығы 50 м/с, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарында байқалады

  55. Жетісу қақпасынан соғаты желдер: Ебі мен Сайқан

  56. Ебі желі: Ебінұр көлінен Алакөлге қарай бағытталады, жылдамдығы 60-80 м/с, орташа есеппен жылына 70-100 күн соғады, Ебі желін алғаш рет Ш.Уәлиханов сипаттады

  57. Сайқан желі: Орталық Азиядағы Ебінұр көліне бағытталған жел, жылдамдығы 50-60 м/с, ұзақтығы 2-3 күнге соғады, күшті қарлы бұрқасын мен боран қатар жүреді, топырақты кептіреді

  58. Тауларда соғатын жылы және құрғақ жел: фен желдері

  59. Аридті климат сипаттамасы: жазғы температура жоғары, абсолют ылғалдылығы төмен, жауын-шашын аз

  60. Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның орташа мөлшері: 100мм-2000мм

  61. Ең аз жауын-шашын байқалды: Балқаш маңында, Арал маңы Қызылқұмы (100мм-ге жуық)

  62. Ең мол жауын-шашын түседі: Алтай тауында (2500мм)

  63. Қазақстанның «қарлы полюсі»: Мұзтау (4506м)

  64. Қазақстандағы жауын-шашын солтүстікте: 400 мм (Петропавл)

  65. Қазақстандағы жауын-шашын орталықта: 275мм

  66. Қазақстандағы жауын-шашын оңтүстікте: 150мм

  67. Шөл зонасында жауын-шашын өте аз түскен жылдар: 1971, 1982, 1984 (төрт ай бойы), 1975ж (6 ай бойы)

  68. Солтүстікте тұрақты қар жамылғысының жату ұзақтығы: 130-170күн, қалыңдығы 15-30см

  69. Іле Алатауындағы қары қалың аймақтар: Алматы, Медеу, Мыңжылқы, Тұйықсу

  70. Ылғалдану коэффиценті формуласы: К=Ж/Б

  71. Қазақстандағы климаттың қолайсыз құбылыстары: құрғақшылық, аңызақ жел, күшті аяз, шаңды дауыл, үсік, бұршақ, көктайғақ

  72. Климаттың ауылшаруашылығына әсері: ауылшаруашылық дақылдарының түрлері, егіншіліктегі маусымдық жұмыстар

  73. Климаттың құрылысқа әсері: ашық және жабық ғимараттар, үйлер

  74. Климаттың көлікке әсері: су көздерінің қатуы, су көлігі жұмысының маусымдылығы, әуежайлар мен автомобиль көлігінің жұмыс тәртібінің бұзылуы

  75. Құрғақшылық: ұзақ мерзім бойы жауын-шашынның жаумауы

  76. Құрғақшылық салдары: ылғал мөлшері азаяды, өсімдіктердің өсуі тежеледі, өнімділігі төмендейдіөрттің болуы, өзен суының тартылуы, тұйық көлдерінің таяздануы

  77. Қызылқұмдағы құрғақшылық ұзақтығы: 100 күн

  78. Шаңды дауылдар: шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізетін жел.

  79. Солтүстік Қазақстанның жазықтарындағы шаңды дауылды күндер: 20-28 күн

  80. Ең ұзақ болатын шаңды дауылды күндер тіркелген: Шалқар, Үлкен Борсыққұм

  81. Үсіктер: жаздың соңы мен күздің басында ерте жүретін қолайсыз құбылыс

  82. Үсік ауа қауіпті боп табылатын дақылдар: астық, мақта, көкөніс-бақша дақылдары

  83. Бұршақ байқалатын уақыттар: еліміздің басым жерінде сәуір-қазан, оңтүстікте наурыз бен қазан айларында жауады

  84. Салмағы 1,3кг дейін жеткен бұршақ жауды: Нұр-сұлтанда (ХХғ 60-жылдарында)

  85. Тұман: суық ауа қабатына жылы ауа енген жағдайда болады

  86. Жоғары тұмандылық байқалатын қалалар: Қарағанды, Өскемен, Алматы

  87. Көктайғақ: тұман, жаңбырдан соң температура нөл градустан төмен болатын жағдайда жер бетінде мұз қабыршақтың түзілуі

  88. Көктайғақ құбылысы белсенді қайталанатын аумақ: Ұлытау тау алқабы, Қаратау, Шу-Іле тауларында

  89. Сарқылмайтын ресурс: климаттық ресурстар

  90. Климаттық ресурстар пайдалану сипатына қарай бөлінеді: энергетикалық, ауылшаруашылық, рекреациялық

  91. Энергетикалық климаттық ресурстарға жатады: таза, арзан, қауіпсіз Күн радиациясы мен жел энергиясы

  92. Жел энергиясы: жел электростансыларында қолданады

  93. Алғашқы қазақстандық жел электростансы: Жамбыл облысының Қордай ауданында

  94. Агроклиматтық ресурстар: ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-өнуіне қажетті жылу мен ылғалдың үйлесімділігі

  95. Агроклиматология: ауылшаруашылық өндірісінің даму факторы ретіндегі климатты зертейтін арнайы ғылым

  96. Вегетациялық кезең: өсімдіктердің өсуі мен дамуы кезең

  97. Вегетациялық кезең сәйкес келеді: көктемгі егін себу мен алғашқы күзгі үсік жүру кезеңінің аралығына

  98. Солтүстіктегі вегетациялық кезеңнің созылу уақыты: 130-135 күн

  99. Оңтүстіктегі вегетациялық кезеңнің созылу уақыты: 180 күннен асады

  100. Қазақстанның солтүстігіндегі бұлтсыз ашық күндер саны: 120 күн

  101. Қазақстанның оңтүстігіндегі бұлтсыз ашық күндер саны: 200 күнге дейін

  102. Бұлтты күндер саны солтүстікте: 140 күн;

  103. Бұлтты күндер саны оңтүстікте: 60 күн

  104. Қазақстандағы құнарлы қара топырақ ауданы: 15 млн га

  105. Рекреациялық климаттық ресурстар: демалу, емделу, денсаулығын жақсарту кезеңінде адамның қалыпты көңіл-күйінің үйлесімділігін қамтамасыз ететін қолайлы жағдайы

  106. Қазақстанда демалуға біршама қолайлы жерлер: Алтай мен Тянь-шаньда, Қазақстанның Швейцариясы – Бурабай



Физикалық география. Гидросфера

  1. Қазақстан аумағының ішкі сулары: өзен, көл, жерасты сулары, мұздықтар

  2. Қазақстанның аласа таулары мен жазықтарына тән ерекшелік: ағыны тұрақты өзен торларының сиректігі мен уақытша ағындарының жиілігі

  3. Өзен жүйесі: біртіндеп бір-бірімен қосылып, бір өзен түзіп, суын теңізге немесе көлге құятын, кейде құмға сіңетін тұйық арна түзетін өзендердің үйлесімділігі

  4. Өзен торларының жиілігі: өзен ұзындығының белгілі бір аумаққа қатынасы

  5. Өзен торлары біршама жиі: Алтай мен Тянь-Шаньда

  6. Қазақстан аумағындағы өзендер саны: 85 мыңнан астам

  7. Ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер: Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу

  8. Меандр: жіп тәрізді иректеліп түзілген арна

  9. Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі бөліктері: еңістігі, шаю аймағы, шөгу аймағы

  10. Қазақстанның ең биік сарқырамасы: Бұрқанбұлақ сарқырамасы (100м-ден асады)

  11. Бұрқанбұлақ сарқырамасы орналасқан өзен: Қора өзенінен

  12. Қазақстандағы ең енді сарқырама: Алтайдағы Қатын жотасындағы Көккөл өзені

  13. Өзен режимінің негізгі элементтері: су шығыны мен жылдық ағын

  14. Су шығынының өзгеруі өзгертеді: өзеннің көлденең қимасының ауданы, тереңдігі, ағынының жылдамдығы, су бетінің көлбеулігі

  15. Су шығыны есептеледі: Q=S*v (өзен арнасының көлденең қимасының ауданын өзен ағысының жылдамдығына көбейту)

  16. Қатты ағын: өзен ағызатын барлық қатты материалдар

  17. Іле өзенінің лайлылығы: 650 г/м³

  18. Шудың сағасының лайлылығы: 900 г/м³

  19. Сырдария өзенінің лайлылығы: 1200 г/м³

  20. Қазақстан өзендері қоректенеді: қар суымен, мұздықпен, қар-мұздықпен, аралас

  21. Мұздықтармен суымен қоректенетін өзендері: Алтай, Тянь-шань, Жетісу Алатауы өзендері

  22. Қазақстан өзендерінің алаптары: 5

  23. Солтүстік мұзды мұхит алабының басты өзендерінің су ағыны: тұрақты

  24. Солтүстік мұзды мұхитының ең ірі өзені: Ертіс

  25. Ертістің салалары: Есіл мен Тобыл

  26. Ертістің Алтайдан бастау алатын салалары: Обь, Үлбі, Бұқтырма, Күршім

  27. Бағыт алып, өзенге жетпей Солтүстік Қазақ жазығындағы шағын тұйық көлдерге құятын өзендер: Сілеті, Шідерті, Өлеңті

  28. Ертістің жалпы ұзындығы: 4248км, Қазақстандағы ұзындығы 1700км

  29. Ертістің сол жақ салалары:Шар, Қызылсу

  30. Ертістің жылдық орташа ағыны: 880 м³/с

  31. Нияз тауынан бастау алып, Ертістің сол жақ саласы боп табылатын өзен: Есіл

  32. Есілдің ұзындығы: 2450км (Қазақстандағы ұзындығы 1400км)

  33. Есіл өзенінің аңғарында орналасқан қалалар: Нұр-Сұлтан, Петропавл

  34. Тобыл: Ертістің сол жақ саласы

  35. Тобылдың ұзындығы: 1591км, Қазақстандағы ұзындығы 800км

  36. Тобылға құятын сол жақ салалары: Аят, Үй, Желқуар

  37. Тобылға құятын оң жақ саласы: Обаған

  38. Тобыл өзенінің бойында орналасқан қалалар: Рудный, Қостанай

  39. Каспий теңізі алабы өзені: Жайық

  40. Жайық бастауы: Орал тауы

  41. Жайықтың ұзындығы: 2428км (Қазақстандағы ұзындығы-1082км)

  42. Жайық өзені бойында салынған канал: Көшім каналы

  43. Жайыққа құятын өзендер: Шаған, Елек, Ор, Ойыл, Сағыз

  44. Жайыққа уылдырық шашатын бағалы балық: бекіре

  45. Жем өзені: Бастауын Мұғалжардың батыс беткейінен алады (ұзындығы-647км)

  46. Жем өзені қоректенеді: қар суымен

  47. Арал теңізі алабының басты өзені: Сырдария

  48. Арал теңізіне құятын өзендер: Сырдария мен Арыс

  49. Арал теңізіне құятын ірі өзендер: Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз

  50. Сырдария өзендерінің түзілуі: Нарын және Қарадария өзендерінің

  51. Сырдарияның ұзындығы: 3019км (Қазақстандағы ұзындығы-1400км)

  52. Сырдария өзені лайлылығы жағынан орын беретін өзендер: Хуанхэ мен Әмудария

  53. Сырдария өзенінің жылдық су шығыны: 703 м³/с

  54. Ырғыз өзені: Мұғалжар тауынан бастау алады (611 км)

  55. Ырғыз өзені құяды: Қаракөл көліне

  56. Торғай өзені түзіледі: Қараторғай мен Жалдама өзендерінен

  57. Торғай өзенінің ұзындығы: 827км

  58. Сарысу өзені түзіледі: Жаман Сарысу мен Жақсы Сарысу салаларынан

  59. Сарысу өзенінің ең ірі саласы: Кеңгір өзені

  60. Шу өзені: ұзындығы – 1067км, Қазақстандағы ұзындығы – 800км

  61. Талас өзені: Талас, Қаракөл, Үшқосай өзендерінің қосылуынан түзіледі

  62. Талас өзені бойында орналасқан қала: Тараз

  63. Балқаш-Алакөл алабы өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Көксу, Аягөз

  64. Сарыкөлге құятын өзен: Тентек өзені

  65. Іле өзені түзіледі: Текес пен Күнгес өзендері

  66. Іле өзенінің ұзындығы: 1348км (Қазақстанда-815км)

  67. Іле өзенінің төменгі ағысында құрғап қалған ескі арналар: Шет Бақанас, Орта Бақанас, Нарын

  68. Іле өзенінің ірі салалары: Түрген, Талғар, Күрті, Шелек, Шарын, Өсек

  69. Қаратал өзені бастау алады: Жетісу Алатауы (ұзындығы – 372км)

  70. Теңіз-Қарасор алабының өзені: Нұра

  71. Нұра өзенінің ұзындығы: 978км

  72. Нұра өзенінде салынған суқоймасы: Самарқанд

  73. Самарқанд суқоймасының салыну себебі: Теміртау қаласының суға деген қажеттілігі

  74. Ертіс өзені: ерт, еру

  75. Есіл: иір-иір,ұзын

  76. Тобыл: тобылғы сөзінен қысқартылған

  77. Жайық: жазықпен ағатын, енді

  78. Жем: жаздық жайылым

  79. Сырдария: үлкен сары өзен

  80. Ырғыз: ергіз

  81. Торғай: құс аты

  82. Сарысу: сары өзен

  83. Шу: су, өзен

  84. Талас: түрікше тара –таласты сөзінен

  85. Іле: мол сулы айналмалы өзен

  86. Қаратал: бес мыңжылдық тал

  87. Бұқтырма: ағысы қатты өзен

  88. Қазақстандағы көлдер саны: 48000 астам

  89. Қазақстанның көл көп шоғырланған бөлігі: солтүстіктегі орманды дала, дала зоналарында

  90. Қазақстан аумағының көл алып жатырған пайыздық көрсеткіші: 40%

  91. Тұздылығына байланысты бөлінеді: 4

  92. Тұщы көлдер: тұздылығы 1‰-ден аз

  93. Тұздылау көлдер: 1-25‰

  94. Тұзды көлдер: 26-50‰

  95. Аса тұзды көлдер: 50 ‰-ден жоғары

  96. Солтүстік Қазақстанның көлдері: Қарасор, Шағалалытеңіз, Қалибек, Кішіқараой, Ұлкенқараой, Теке, Сілетітеңіз, Қызықлқақ, Құсмұрын, Қойбағар, Бурабай

  97. Көлдер шығу тегіне қарай бөлінеді: реликті, тектоникалық, мұздық, аккумулятивті, ойынды, карсты, суффозиялы, ескі арналы

  98. Реликті көлдер: Каспий, Арал, Балқаш

  99. Тектоникалық көлдер: Жайсан, Қарасор, Теңіз-Қорғалжын, Марқакөл

  100. Мұздық көлдер: Үлкен Алматы көлі, Жасылкөл

  101. Батыс Сібір аумағында түзілген көл түрлері: суффозиялы, ойынды

  102. Каспий маңы ойпатындағы ащы-тұзды көл: Шалқар көлі

  103. Лимнология: Көлдер, суқоймаларды, тоғандарды зерттейтін ғылым

  104. Каспий теңізі: ең ірі ағынсыз көл

  105. Бұрынғы атауы: Гиркан, Хвалын, Хвалис

  106. Каспий атауы немен байланысты: ежелгі тайпа атымен

  107. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр: 1200 км

  108. Каспий теңізінің орташа ені – 300км, ауданы – 371 мың км²

  109. Каспийдің орташа тереңдігі: 1025 м, теңіз деңгейінен 28м төменде орналасқан

  110. Каспий теңізінің Қазақстан аумағындағы шығанақтары: Комсомолец, Маңғыстау, Қазақ

  111. Каспий теңізінің түбектері: Бозащы, Маңғыстау

  112. Каспий теңізі орналасқан климаттық белдеулер: қоңыржай, субтропиктік

  113. Каспий теңізінің қататын бөлігі: солтүстігі

  114. Арал теңізі – Орталық Азиядағы континентті климатты шөл зонасында орналасқан тұзды, ағынсыз тұйық көл

  115. Аралдың бөліктері: Кіші және Үлкен Арал

  116. Арал теңізінің режимі тұрақталған уақыт: ХХғ 1960жж

  117. Аралдың деңгейі төмендей бастады: 1961ж

  118. Арал маңының шөлдену үдерісі басталған жылдар: ХХғ 70-жылдарынан

  119. 2003ж Арал теңізінің ауданы: 24200 км²

  120. Арал теңізін екіге бөліп түрған бөгет: Көкарал

  121. Балқаш көлі: ауданы – 18200км², ұзындығы 614км, орташа тереңдігі-6м, ең терең жері-27м

  122. Балқаштың ірі өзені: Іле

  123. Балқашқа құятын өзендер: Ақсу,Лепсі, Қаратал, Аягөз

  124. Балқашты батыстан шығысқа бөліп жатыр: Сарыесік түбегі

  125. Жайсан көлі: Оңтүстік Алтай мен Сауыр-Тарбағатай сілемдерінің аралығында ойыста орналасқан тектоникалық көл

  126. Жайсанда тіршілік ететін кәсіптік балықтар: бекіре, нәлім, таймен, аққайран, шортан

  127. Жайсанда бейімдендіріліп өсіріледі: ондатр, сазан

  128. Қазақстанда мұздықтар шоғырланған таулар: Алтай, Сауыр, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань

  129. Қазақстан тауларындағы мұздық түрлері: аңғарлық (66%), тау беткейлерінің мұздықтары (33%), тегіс шыңдарының мұздықтары (1%)

  130. Алтай тауындағы мұздықтар: Иванов, Холзун, Қатын, Сарымсақты жоталарында шоғырланған

  131. Алтай тауындағы мұздықтар саны: 328

  132. Сауыр тауындағы мұздықтар: 18

  133. Жетісу Алатауындағы мұздықтар саны: 1369

  134. Ең ірі мұздық: Корженевский (Іле Алатауы), ұзындығы 12км

  135. Қазақстандағы көпжылдық тоңның жалпы ауданы: 32000 км²

  136. Көпжылдық тоңның Алтайға тиесілі үлесі: 40%

  137. Пайдалану сипатына қарай жерасты сулары бөлінеді: шаруашылықтық-ауызсулық, техникалық, минералды, термальды

  138. Республикамыздағы артезиан алабы саны: 70-тен астам

  139. Жерасты сулары су сыйымдылыған қарай бөлінеді: жарықшақты, жарықшақты-қабатты, қабатты

  140. Жарықшақты типті жерасты сулары кездеседі: Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда, Сарыарқа мен Мғалжарда

  141. Жарықшақты-қабатты жерасты сулары кездеседі: Маңғыстау тауында, Сарыарқаның кейбір аудандарында

  142. Қабатты типті жерасты сулары кездеседі: барлық жазық аудандарда, тауаралық ішкі ойпаңдарда, өзен аңғарларында

  143. Жерасты суларының таралуының пайыздық көрсеткіштері: Оңтүстік Қазақстанда (50%), Солтүстік, Орталық, Шығыс Қазақстанда (30%), Батыс Қазақстанда (20%)

  144. Жерасты сулары кездесетін ойпаңдар: Іле, Торғай, Жайсаң

  145. Қазақстандағы шипажайлар: Бурабай, Алмаарасан, Қапаларасан, Жаркент, Сарыағаш, Рахман

  146. Минералды сулар ерекшеленеді: құрамында әртүрлі газ, тұздардың болуымен

  147. Термальды суларға жатады: Каспий маңы, Маңғыстау-Үстірт, Торғай, Тобыл, Ертіс, Сырдария, Шу-Сарысу, Жайсан, Іле, Балқаш-Алакөл

  148. Ертіс-Қарағанды каналының салыну себебі|: өнеркәсіптік орындарды сумен қамтамасыз ету мақсатында

  149. Тобыл өзені бойындағы суқоймалар: Қаратомар, Жоғары Тобыл суқоймалары

  150. Есіл өзені бойындағы суқоймалар: Ақмола

  151. Солтүстік Қазақстан облысындағы суқойма: Сергеев

  152. Сырдария өзенінің бойында 2011 ж салынған суқойма: Көксарай

  153. Ертіс өзені СЭС: Бұқтырма, |Шүлбі, Өскемен

  154. Іле өзені бойындағы СЭС: Қапшағай

  155. Сырдария өзені бойындағы СЭС: Шардара

  156. 1 тонна болат балқыту үшін қажет су мөлшері: 25т

  157. Жезқазған қаласының өнеркәсібі үшін салынған суқойма: Кеңгір суқоймасы

  158. Теміртау қаласы үшін салынған суқойма: Нұра өзеніндегі Самарқанд

  159. Қазақстандағы ең ірі канал: Қ.Сәтпаев

  160. Ірі суармалы каналдар: Арыс-Түркістан, Жаңадария, Жайық-Көшім, Үлкен Алматы

  161. Қазіргі кезде Қазақстан пайдаланып отырған жерасты суының пайыздық көрсеткіші: 14%

  162. Қазақстанда барланған минералды су көздері: 45

  163. Қазақстанда кеме жүруге жарамды өзендер: Ертіс, Жайық, Іле, Есіл

  164. Ертіс өзенінің басты порттары: Павлодар, Семей, Өскемен

  165. Катерлердің жүруіне жарамды: сырдария, Қаратал, Бұқтырманың кейбір жерлері

  166. Каспий теңізінде ауланатын бекіренің пайыздық үлесі: 80%

  167. Балқаштың эндемиктері: балқаш алабұғасы, көкбас балық, қаяз, таға, көксерке

  168. Қазақстан бойынша орташа тәуліктік су шығыны: 1 тұрғынға 70л

  169. Тұщы судың жетіспеуінің себептері: халық санының өсуі, өзендер суындағы тұщы судың азаюы, суқоймаларының өнеркәсіптік және тұрмыстық ағынды сулармен ластануы

  170. Суармалы каналдар арқылы судың ластануын болдырмау үшін қолданылатын тәсіл: қабырғаны полимерлі пленкамен қаптау, бетондау

  171. Суқоймаларының негізі ластану көздері мен бітеліп қалуына әкелетін жағдайлар: өнеркәсіптердің ағынды сулары, өндірістік қалдықтар, шахта, кеніштер, мұнай өнеркәсібінің сулары, су және теміржол көліктерінен жіберілген сулар, ауылшаруашылығында тыңайтқыштар мен улы химикаттарды пайдалану мен дұрыс сақтамау

  172. Су тасу: өзендегі уақытша және тұрақты емес су деңгейінің көтерілуі

  173. Су тасқыны: өзен, көл, суқоймаларындағы су деңгейінің көтерілуінен белгілі бір аумақтарды судың басуы

  174. Сел: таулы өзендердің арналарында кенет су деңгейінің жоғары көтерілуінен, яғни су тасқынынан пайда боладысу тасқындары байқалады: Іле, Жетісу, Талас Алатауы

  175. Ең күшті сел пайда болған жыл: 1921ж

  176. 1963ж 7 шілдеде жүрген сел: Есік өзенінің жоғары ағысында Жарсай мореналы көлі

  177. Медеу шатқалында селден қорғайтын бөген салынған жылдар: 1966-1967жж

  178. Көшкін: таулы беткейден құлаған қар массасы

  179. Сырғыма: тау беткейінен тау жыныстары массасының төмен қарай сырғуы

  180. «БҰҰ-ның трансшегаралық ағын сулар мен халықаралық көлдерді пайдалану және қорғау бойынша |Конвенциясы» қабылданды: 1992ж, 18 қыркүйек

  181. «Халықаралық ағын суларды қолдану құқығы туралы Конвенция» қабылданды: БҰҰ Бас Ассамблеясында 1997ж, 21 мамыр

  182. Қазақстандағы табысты қарым-қатынастардың бірі: Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы Шу және Талас өзендерін басқару бойынша ынтымақтастық



Биосфера



  1. Климат пен өсімдіктің өзгерісін талдап, арасындағы тығыз байланыстың бар екенін анықтады: А.Гумбольт

  2. Зоналылықтың жалпы табиғат заңы екенін дәлелдеді: В.Докучаев

  3. Қазақстанның табиғат зоналары: орманды дала, дала, шөлейт, шөл

  4. Азоналылық: өсімдіктер жамылғысы өзіне осы зонаға тән емес өсімдіктерді қосып алуы

  5. Азоналылық айырмашылық белгілері: геологиялық құрылысының әртүрлілігі, теңіз деңгейінен биіктігі, жер бедері

  6. Беткей экспозициясы: (көрсету) көкжиектің жазықтыққа және күнге қатысты алғандағы төбе, тау, аңғарлар беткейінің бағыты

  7. Дүниежүзіндегі ең ірі беделді, табиғатты қорғау ұйымы: Халықаралық табиғат және табиғи ресурстарды қорғау ұйымы (ХТТРҚҰ-IUCN)

  8. Дурбан конгресі өткізілген жыл: 2003ж

  9. Дурбан конгресінде қаралған мәселелер: бірыңғай ғаламдық табиғи аумақтарды қорғаудың жүйесін құру

  10. Қазақстанда Ерекше қорғауға алынған аумақтар жүйесі құрылды: 1997ж

  11. Ерекше қорғауға алынған аумақтару туралы Заң қабылданды: 1997ж, 15 шілде

  12. Еліміздегі ерекше қорғалатын аумақтар: қорықтар – 10, ұлттық саябақ – 12, табиғи резерват – 5, мемлекеттік табиғи қорықша – 50

  13. Қазақстандағы зоологиялық бақ орналасқан қалалар: Алматы, Шымкент, Қарағанды

  14. Республикалық ботаникалық бақ орналасқан қалалар: Алматы, Қарағанды, Риддер, Жезқазған, Бақанас ауылы

  15. ЕҚАА жалпы ауданы: 23050,7 мың га (8,7%)

  16. Табиғи қорық: табиғи үдерістерді табиғи күйінде сақтау және зерттеуге, бірегей экологиялық жүйелерді, биологиялық алуантүрлілікті, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің генетикалық қорын сақтауға арналған ерекше қорғалатын аумақ

  17. Қазақстанда алғаш ашылған қорық: Ақсу-Жабағылы, 1926ж

  18. Қорықшалардың типтері: зоологиялық, ботаникалық, кешенді

  19. Ең ірі қорықшалар: Алматы, Қараой, Балқаш маңы зоологиялық, Торғай зоологиялық, Лепсі, Жоғары Көксу зоологиялық, Смирнов, Ақтау-Бозащы, Қарақия-Қаракөл қорықшалары

  20. Табиғат ескерткіштері: ауданы бойынша онша үлкен емес табиғат нысандары, ғылыми маңызы және мәдени-ағартушылық құндылығы бар

  21. Табиғат ескерткіштері кездеседі: Күміс борлар, Шынтүрген шыршалары, Шарын шаған тоғайы, Қаздың қайтуы

  22. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ: ландшафттардың алуантүрлілігін сақтау, ерекше биологиялық, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени, рекреациялық маңызыбар мемлекеттік табиғи-қорықтық қордың нысандары және бірегей табиғат кешендерін рекреациялық, туристік, ғылыми, экологиялық-ағартушылық мақсатта қорғауда ғылыми мекеме деген мәртебесі бар ерекше қорғауға алынған табиғи аумақтар

  23. Ұлттық саябақтардың қорықшалардан айырмашылығы: туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат беріледі

  24. Қазақстандағы алғашқы ұлттық саябақ: Баянауыл (1985ж)

  25. Баянауыл ұлттық саябағының құрудың басты мақсаты: тылсым табиғаттың ерекшелігін сақтау және адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету

  26. Қазақстанның ұлттық саябақтары: Алтынемел, Баянауыл, Бұйратау, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатонқарағай, Көкшетау, Көлсай, Сайрам-Өгем, Шарын

  27. Хороним: нақты шекарасы бар кез келген аумақтың жалқы атауы

  28. Ақсу – Жабағылы: «ақ» «су» «жабағы», «жүн»

  29. Қараой: қара, аласа жер

  30. Ақтау – Бозащы: «ақ», «тау», «ашық сұр жусанды»

  31. Шарын: «сары» моңғолша

  32. Алтынемел: «алтын» «бел»

  33. Баянауыл: «Баян қонысының руы»

  34. Бурабай: бура, түйе

  35. Қарқаралы: таулы, шоқылы жер

  36. Сайрам-Өгем: Сайрамсу-таяз сулы, ұсақ өзен, Өгем – ежелгі атауы

  37. Наурызым: наурыз руы

  38. Лепсі: жылдам ағатын су

  39. Қарақия-Қаракөл: Қарақия-тік беткей, Қара көл

  40. Ноосфера: адам әрекеті дамуының анықтаушы факторы боп табылатын, қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттестігі сферасы

  41. Ноосфера ұғымын өз мақалаларында қолданды: Эдуард Леруа (1926-1927жж), 1937ж өз дәрісіне енгізді

  42. Ноосфераның негізін қалаушы: Вернадский

  43. Жер беті құрылымы: далалардың жыртылуы, ормандардың кесілуі, жасанды су қоймаларының құрылысы

  44. Жер шары үшін қауіпті құбылыс: жер шарының жеке аймақтарының жылу балансы

  45. Биота: ортақ таралу ауданымен біріккен тарихи қалыптасқан өсімдіктер мен жануарлар жиынтығы

  46. Қазақстанда ноосфераның қалыптасуында атқарылған жұмыстар: атомдық сынақтар тоқтатылды (1991ж, 23 тамыз), Курчатов қаласындағы жұмыстар тоқырады, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі боп сайланды (2016ж, 28 маусымда), БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тқрағалық етті (2018)

Физикалық география.Қазақстан аумағының ірі физикалық-географиялық аудандары

  1. Аудандастыру: қандай да бір өндіріс түрін дұрыс орналастыру үшін негіз ретінде алынатын табиғи-аумақтық айырмашылықтар туралы ақпарат берудің ерекше түрі

  2. Аудандастыру анықтауға мүмкіндік беретін өндіріс салалары: өнеркәсіп ауылшаруашылық, құрылыс, көлікті дамыту

  3. Қазақстанды физикалық географиялық аудандастыру түрлері: 9

  4. Сарыарқа: кең ауқымды адырлы дала, алтын дала, сары жота

  5. Мұғалжар: күшті өзгеріске ұшыраған жарлы таулар

  6. Сауыр: таудың жоғары еңістеу бөлігі

  7. Тарбағатай: суырлы тау

  8. Тянь-Шань: аспан тау

  9. Хан – Тәңірі: тәңірдің жердегі өкілі

  10. Тұран жазығы: турлар мекені

  11. Қазақстанның физикалық аудандары: Шығыс Еуропа жазығы, Тұран жазығы, Батыс Сібір жазығы, Сарыарқа, Маңғыстау, Мұғалжар, Жетісу Алатауы, Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Тянь-Шань

  12. Антропогендік фактор: өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне адам ықпалының түрлі формалары енетін экологиялық факторлар тобы

  13. Антропогендік тікелей факторлар: жою, енгізу, акклиматизация, қорғау

  14. Антропогендік жанама факторлар: орманның кесілуі, жердің жыртылуы, пайдалы қазбалардың өндірілуі, карьерлердің, үйінді, террикондардың пайда болуы

  15. Аудандастыру: қандай да бір өндіріс түрін дұрыс орналастыру үшін негіз ретінде алынатын табиғи-аумақтық айырмашылықтар туралы ақпарат берудің ерекше түрі

  16. Аудандастыру анықтауға мүмкіндік беретін өндіріс салалары: өнеркәсіп ауылшаруашылық, құрылыс, көлікті дамыту

  17. Өзгертілген ландшафтқа жатады: аңшылық, балық аулау

  18. Пайдалы қазбаларды өндіру аудандары: Орталық және Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстары

  19. Рекультивация: ауылшаруашылығына қолайлы жағдай жасау жұмыстары

  20. Агромәдени ландшафттар: егістік, бау-бақша, жеміс бағы

  21. Мәдени ландшафттар: батпақты жерге ағаш егу, суы аз жерлерге канал арқылы суландыру, шөлдердегі оазис

  22. Рекультивация бағыттары: ауылшаруашылық қолданысы, орман егу, суқоймалары, тұрғын үй құрылысы

  23. Мелиорация: жерді жақсартуға бағытталған техникалық және шаруашылық ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы

  24. Аумақтың су режимін жақсартуға бағытталған жұмыстар: гидромелиорация, биологиялық мелиорация, агромелиорация, құм, жыраларды суландыру, эрозияға ұшыраған топырақты шалғындандыру

  25. Геопластика: ландшафтылық өнерді дамыту аумағы

  26. Жасанды жер нысандарын құруда шешілетін міндеттер: эстетикалық, функционалдық, техникалық.

Әлеуметтік география

  1. Қазақстандағы ұлттар саны: 130-дан астам

  2. Қазақстандағы қазақтардың пайыздық көрсеткіші: 66,97%

  3. Қазақстан халқының құрамының қалыптасуы басталған уақыт: ХҮІІІ ғ

  4. ХХғ жұт, ұжымдастыру кезінде көшіп-қонған елдер: Қытай, Ресей, Орта Азия

  5. ІІ-ші дүниежүзілік соғыс жылдарында немістер келді: Волга бойынан

  6. Кавказдан көшіп келді: шешендер, ингуштар

  7. Тың игеру жылдарында халық санының арту себебі: Ресей, Беларусь, Украинадан көшіп келушілердің санынан

  8. Қазақстанда 1991 жылдары иммиграциялық ағын басталған елдер: Германия, Ресей

  9. Депортация: бір адамның немесе тұтас адамдар категориясының мәжбүрлі түрде өзге мемлекетке немесе өзге елге жер аударылуы

  10. Этнос: тілі, аумағы, тіршілігінің ерекшелігі, мәдениеті, этникалық сана сезімі орталығымен сипатталатын тұрақты қалыптасқан адамдар тобы

  11. Диаспора: туып өскен тарихи отанынан тыс жерде өмір сүріп жатқан ұлт бөлігі

  12. Конфессия: белгілі бір діни сенім шегіндегі дінді тұту ерекшелігі, сонымен қатар осы дінді ұстанатын діндарлар бірлестігі

  13. 2017 жылғы статистика бойынша Қазақстандағы қазақтар саны: 11,5 млн (66,97%)

  14. Қазақстандағы саны жағынан ең үлкен диаспора: Орыстар (20,20%)

  15. Ислам дінін ұстанатындар: түркі тілділер, тәжік, кавказ халықтары

  16. Қазақстандағы христиан дінінің басым ағымы: славян

  17. Славян дініне жататындар: орыс, украин, беларусь

  18. Қазақстандағы католик дінін ұстанатындар: поляк, чех

  19. Буддизм дінінің өкілі: бурят, қалмактар

  20. Иудаизм дінін ұстанатын өкілдер: еврейлер

  21. 2017ж статистика бойынша Қазақстандағы мұсылмандардың пайыздық көрсеткіші: 70,2%

  22. Ислам діні Қазақстанға қашан келді: ҮІІІ ғ.

  23. Қазақстанда ұстанатын ислам діні бағыты: суннит

  24. Қазақстандағы діни мейрамдар: Құрбан айт, Рождество

  25. Миграция сөзінің мағынасы: орын ауыстыру,көшу

  26. Көші-қонның түрлері: ішкі, сыртқы

  27. Сыртқы көші-қонға жатады: континентаралық, мемлекетаралық

  28. Ішкі көші-қонға жатады: аймақ, қала, ауыл

  29. Эмигранттар: сыртқа көшіп кетушілер

  30. Иммигранттар: елге көшіп келушілер

  31. Эмиграция елдері: Оңтүстік Еуропа, Үндістан, Латын Америкасы

  32. Иммиграция елдері: Ұлыбритания, Франция, Германия, Нидерланд, Швейцария, Парсы шығанағы елдері

  33. Миграция себептері: діни, саяси, экологиялық, ұлттық, экономикалық

  34. Ішкі көші-қонның себептері: жұмыс іздеу, тұрғылықты жағдайларды жақсарту, өмір салтын өзгерту

  35. Халықаралық көші-қонның негізгі экономикалық себебі: еңбекақы деңгейіндегі айырмашылық

  36. Жоғары білікті мамандар миграциясы Шығыс Еуропа елдерінен қалай бағытталған: АҚШ, Канада, Батыс Еуропаның кейбір елдері

  37. Әлемдегі ең ірі миграциялық дәліздер: Мексика-АҚШ, Ресей-Украина, Украина-Ресей, Қазақстан-Ресей

  38. Репатриация: азаматтардың туған жеріне қайта оралуы

  39. Миграция сальдосы: иммгранттар мен эмигранттар саны арасындағы айырма

  40. Халықаралық миграцияда заңсыз миграцияның өсуі неден байқалады: еңбек ету сипатынан

  41. Білім деңгейі жоғары елдер: АҚШ, Канада, Франция, Швеция

  42. Гастарбайтер: қандай да бір елге ақша табу үшін келетін шетелдік азамат

  43. Миграцияның ең жоғары көрсеткіші тіркелген жыл: 1994ж (410,4 мың адам)

  44. Қазақстанға қайта оралушылардың негізі толқыны болған уақыт: ХХғ 90 жылдары

  45. Эмигранттарды қабылдау жұмысымен жұмыстанып жатқан бағдарлама: Нұрлы көш

  46. «Нұрлы көш» бағдарламасының мақсаты: этникалық қазақтарды тиімді орналастыру

  47. Қазақстанда халық саны азаю байқалған облыстар: Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды

  48. Аймақаралық миграцияның оң сальдосы байқалған аймақтар: Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Атырау облыстары

  49. Миграция типтері: ішкі немесе ауданаралық, маусымдық, тұрақты, вахталық, қатынамалы, отбасылық-тұрмыстық, ауылдық мекеннен қалаға, қаладан ауылдық мекенге

  50. Ішкі немесе ауданаралық миграцияның сипаты: департамент, облыстар, штаттар

  51. Тұрақты миграцияның сипаты: қабылдаушы елге толығымен ауысу, басқа жерге көшу

  52. Маусымдық миграцияның сипаты: Швейцариядағы қонақүй қызметі, Калифорниядан цитрустарды мексикандықтардың жинауы

  53. Вахталық миграция сипаты: пайдалы қазбаларды өндіретін, жетуге жолы қиын ауданға тән

  54. Қатынамалы: үлкен қала аймағына тән, ауылдық елдімекендер тұрғындарының басым бөлігінің қалаға күнделікті жұмысқа келіп, кеште үйіне қайтуы

  55. Отбасылық-тұрмыстық: ерлі-зайыптылардың бірінің қызмет бабына байланысты көшуі, отбасының бірігуіне байланысты

  56. Ауылдық мекеннен қалаға көшушілер сипаты: өтпелі экономикалы немесе дамушы елдерге тән

  57. Қаладан ауылдық елдімекендерге тән сипат: дамыған елдерге сай

  58. Қазақстан халқының еңбек ресурстарының топтары: еңбекке қабілеттіден төмен, еңбекке қабілетті жастағы, еңбекке қабілетті жастан жоғары

  59. ЭБХ: экономикаға қызмет ететіндер, жұмыссыздар

  60. Экономикада еңбек етпейтіндер: студенттер, үй немесе жеке шаруашылығымен айналысатын адамдар, көлеңкелі бизнес

  61. Еңбек: материалдық және рухани құндылықтар қалыптасатын адамның іс-әрекеті

  62. Бизнес: кәсіпкерлік әрекет, пайданың көзібоп табылатын жұмыс, әрекет

  63. 2018 ж статистикалық көрсеткіш бойыншажұмыссыздық деңгейі: 438 мың (4,8%)

  64. Еліміздегі 18 миллионыншы адамы дүниеге келді: 2017ж, 11 мамырда Талдықорған қаласында

  65. Қазақстан халқы (2018ж): 18 млн 395,7 мың

  66. Жұмыссыздық: экономикалық белсенді халықтың уақытша бос жүруі

  67. Елдімекен: адамдардың отырықшы өмірін, еңбек әрекетін, олардың әлеуметтік қажеттілігін қамтамасыз ететін орын

  68. Қазақстандағы урбандалу деңгейі: 57,8%

  69. Ауыл халқы: 42,2%

  70. Ауылдық елдімекен: қаладан шалғай орналасқан халық қоныстанған аумақ

  71. Солтүстік Қазақстан маманданған салалар: егіншілік

  72. Оңтүстік-шығыс маманданған салалар: омарта

  73. Ауыл халқының үлесі жоғары облыстар: Алматы, Жамбыл

  74. Ауыл халқының санының азаюы неге әсер етеді: жұмыссыздықтың көбеюімен

  75. Ойконим: топонимнің түрі, елдімекен атаулары

  76. Қазақ батырының атымен аталған қала: Қостанай

  77. Қызыл астана аталған қала: Қызылорда

  78. Мыс өндірген жер: Жезқазған

  79. Тік беткейлі шатқал деген мағынаны білдіреді: Қапшағай

  80. Елдімекендер халқын ауызсумен қамтамасыз ету үшін қолға алынған жобалар: «Ауызсу», «Ақбұлақ», «2020 жылға дейін аймақтарды дамыту бағдарламасы»

  81. Тұщы жерасты сулары шоғырланған аймақ: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан (59%)

  82. Тұщы жерасты сулары ресурстары тапшы аймақтар: Атырау, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола облыстары

  83. Қазақстанда ең ластанған облыстар: ШҚО, Қарағанды, Павлодар

  84. Қалаға көшудің негізгі ұстанымы: тұрғындар саны мен ауыл шаруашылығына жатпайтын қызмет түрлері

  85. Урбандалу: қала халқының санының артуы

  86. Урбандалу салдары: оң және теріс

  87. Урбандалудың теріс салдары: экологиялық жағдайлардың біршама төмендеуі, автокөлік газдарымен қала ауасының ластануы, жұмысқа орналасу қиындығы, қаладағы шаң, қала шуы, қала құрылысың мәселесі

  88. Қазақстандағы қала саны: 87

  89. Қазақстандағы қала типтес елдімекендер саны: 200ден астам

  90. Халық саны бойынша қалалар неше топқа бөлінеді: 6 (кіші, орта, үлкен, ірі, аса ірі, миллионер)

  91. Республикамыздағы миллионер қалалар: Алматы, Шымкент, Нұр-сұлтан

  92. Урбандалу деңгейі жоғары облыстар: Қарағанды (79,5%), Павлодар (70,7%)

  93. Агломерация: қалалардың шоғырлануы

  94. Қарағанды – Теміртау агломерациясына кіреді: Саран, Абай, Шахты, Топар, Долинка

  95. Урбандалу үдерісі қарқынды байқалатын аймақтар: Ақтөбе, ШҚО, Қостанай

  96. Қазақстандағы хаб қалалар саны: 5 (Ақтөбе, Өскемен, Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан)

  97. Хаб: қандай да бір басты орталық, аса ірі халықаралық маңызы бар желінің торабы

  98. Моноқала: бір немесе екі қала құраушы кәсіпорындар есебінен экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан өмір сүретін елдімекен

  99. Қазақстанда атмосфераны ластайтын заттардың көрсеткіші жоғары қалалар: Ақтөбе, Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Талдықорған, Балқаш

  100. Күрделі экономикалық жағдайы төмен қалалар: Кентау, Жаңатас, Қаратау, Талғар


Экономикалық география

  1. Табиғат ресурстары: шаруашылықта қолданылатын немесе қолдануы мүмкін табиғаттың құрамдас бөліктері

  2. Табиғат ресурстары: энергетикалық, жер, топырақ, су, орман, биологиялық, минералдық, климаттық, рекреациялық

  3. Отын-энергетикалық ресурстар: көмір, мұнай, газ

  4. Табиғат жағдайлары: табиғат күштері мен нысандар, олардың сапасы

  5. Адамның шаруашылық әрекетіне тікелей әсер ететін табиғат кешендері: жер, су, пайдалы қазба, жел, топырақ, өсімдік, жануарлар

  6. Табиғат ресурстарының түрлері: ұлттық, аймақтық, жергілікті

  7. Қазақстан табиғат ресурстарының басты ерекшеліктері: көлемі, кешені, сапасы, экспорттық әлеуеті мол, қаржылық түсімдер көзі, ел аумағы бойынша біркелкі таралмаған

  8. Табиғат ресурстары қорына қарай бөлінеді: сарқылатын, сарқылмайтын

  9. Сарқылатын ресурстың түрлері: қалпына келетін, қалпына келмейтін

  10. Сарқылмайтын ресурстар: күн энергиясы, климаттық, жел,су энергиясы

  11. Қалпына келмейтін сарқылатын ресурстар: пайдалы қазбалар

  12. Қалпына келетін сарқылатын ресурстар: су, жер,биологиялық

  13. Минералдық ресурстар қолдану бағыты бойынша топтары: отын-энергетикалық, кенді, кенсіз

  14. Қазақстан барланған пайдалы қазбалар бойынша қатар тұрған елдер: ОАР, Гвинея, Үндістан, Украина

  15. Қазақстан пайдалы қазбалар қоры бойынша алатын орны: 6

  16. Қазақстан жерінде табылған Менделеев кестесіндегі элементтер саны: 99

  17. Қазіргі таңда Қазақстанға қызығушылық танытып отырған елдер: АҚШ, Батыс Еуропа, Иран, Жапония, Түркия

  18. Қазақстан қоры бойынша І орын алатын пайдалы қазбалар: вольфрам, барит

  19. Қазақстан қоры бойынша ІІ орын алатын пайдалы қазбалар: хромит, күміс, қорғасын, мырыш, никель, уран, фосфор

  20. Қазақстан қоры бойынша ІІІ орын алатын пайдалы қазбалар: марганец, мыс, флюорит

  21. Климаттық ресурстардың пайдалануына қарай бөлінуі: энергетикалық, ауылшаруашылықтық, рекреациялық

  22. Қазақстанда су ресурстарының ерекшелігі: тапшы, бірқалыпты орналаспаған

  23. Өзен-көлдер өте аз аймақ: аридті зона

  24. Қазақстанда су қорының басым көпшілігі қай ауданға тиесілі: Оңтүстік Қазақстан (62%)

  25. Солтүстік Қазақстандағы су қорының мөлшері: 30%

  26. Қазақстандағы су қоймалары мен бөгет саны: 4000 астам

  27. Жер ресурстарының мөлшері: 270,1 млн га

  28. Ауылшаруашылығына тиесілі жер көлемінің пайыздық көрсеткіші: 82%

  29. Адамзат ауылшаруашылық өнімдерін алатын жер бөлігі: өңделген жер (88%)

  30. Қазақстанда кездесетін өсімдік түрлері: 5700

  31. «Қазақстанның Қызыл Кітабына» енген өсімдіктер саны: 279

  32. Өсімдіктер ресурстарының ішінде маңыздысы: ормандар

  33. Қазақстандағы орман қорының ауданы: 4,2%

  34. Қазақстан ормандарының басым көпшілігін құрайды: сексеуіл ағаштары (47,9%)

  35. Қылқанды ормандар кездеседі: Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Алтай

  36. Қазақстандағы емдік шөптер: итмұрын, шырғанақ, шайқурай, қызғылт семізот, долана

  37. Биологиялық ресурстардың маңыздысы: балық

  38. Ең жоғары бағаланатын балық түрі: Бекіре балығы (Каспий теңізі)

  39. Конструкциялық материалдар: дайын өнімді жасауда немесе құрылысқа қолданылатын түрлі материалдар

  40. Дәстүрлі материалдар: ағаш пен металл (шойын, болат, мыс, ағаш, кірпіш, цемент, әйнек)

  41. Жаңа материалдар: пластик, полимер, металлокерамика (сирек металдар, пластмасса, полимерлер, ағаш пластиктер, әйнек-пластиктер, термопластиктер, металлокерамика)

  42. Шаруашылықтың салалық құрылымы: өндірістік және өндірістік емес

  43. Өндірістік салалар: отын, металлургия, құрылыс, химия, машина жасау, ауылшаруашылығы, малшаруашылығы

  44. Өндірістік емес салалар: білім, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау, тұрғын үй, қоғамдық тамақтану, коммуналды шаруашылық

  45. Көлік және коммуникация түрлері: теміржол, әуе, автомобиль, су, құбыр, телекоммуникация

  46. «А» тобындағы ауыр өнеркәсіп түрлері: отын, металлургия, құрылыс, химия, машина жасау

  47. «Б» тобындағы жеңіл өнеркәсіп түрлері: тамақ, тоқыма, былғары, аяқкиім, баспа

  48. Металлургия түрлері: қара және түсті металл

  49. Металлургияны құрылыста пайдаланады: балка, қаңылтыр

  50. Металлургияны көлік саласында пайдаланады: рельстерге

  51. Металлургияны электротехника саласында пайдаланады: бөлшектер, сымдар

  52. Металлургияны атом энергетикасында пайдаланады: қорғасын

  53. Металлургияны химия өнеркәсібінде пайдаланады: катализаторлар

  54. Металлургиялық кәсіпорындарды орналастыру факторлары: шикізат көзіне жақын болуы, энергияға жақын орналасуы, еңбек ресурстары, өндірістің шоғырлануы, құрамдастыру, экологиялық фактор, көлік тасымалы фактор

  55. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақын орналастырудың сипаты: Испат-Кармет («Арселор Миттал Теміртау»)

  56. Өнеркәсіпті энергия көзіне жақын орналастырудың сипаты: Өскемен-титан комбинаты, Павлодар электролиз зауыты

  57. Өнеркәсіпті өндірістің шоғыралынуының сипаты: Қазақстанның барлық металлургиялық кәсіпорындары жатады

  58. Қазақстанның қара металлургия базасы орналасқан облыстар: Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар

  59. Қазақстандағы толық циклді комбинат орналасқан қала: Теміртау

  60. Қазақстандағы ферроқорытпа зауыттары орналасқан қалалар: Ақтөбе, Ақсу, Тараз

  61. Теміртау комбинаты темірді алады: Соколов-Сарыбай, Лисаков, Жәйрем, Атасу, Кентөбе

  62. Теміртау комбинаты коксті алады: Қарағандыдан

  63. Рафинация: түсті металдарды қорыту, тазалау

  64. Түсті металлургиялық тізбек: Кен өндіру-кен байыту-пеште қорыту-тазарту

  65. Түсті металдар топтары: ауыр, жеңіл, қиын балқитын, бағалы, сирек

  66. Ауыр металдар: мыс, қорғасын, никель, қалайы, мырыш

  67. Жеңіл металдар: аллюминий, титан, магний

  68. Қиын балқитын, сирек кездесетін металдар: вольфрам, молибден, ванадий, германий, цирконий, селен, кобальт

  69. Бағалы металдар: алтын, күміс, платина, палладий

  70. Сирек кездеседі: сурьма, сынап

  71. Қазақстандағы мыс қорыту зауыттары орналасқан қалалар: Балқаш, Жезқазған

  72. Қорғасын-мырыш комбинаты орналасқан: Риддер мен Өскемен

  73. Аллюминий шикізаттары: боксит, алунит, нефелин

  74. Нефелинді бөліп алатын кен орын: Екібастұз

  75. Глинозем және электролиз зауыттары қай қалада? Павлодар

  76. Аллюминийден алынады: глинозем және таза аллюминий

  77. Легирлеу: метал құрамына басқа металдарды, қорытпаларды енгізу

  78. «Посук-Титаниум» жаңа зауыты қамтамасыз етеді: өнеркәсіптерді, ядролық энергетиканы, тұщыландыру қондырғыларын

  79. Республикада алтынның барланған қоры: 1700т, 224 кен орны

  80. Қазақстанда алғаш алтын құймалары шығарылған жыл: 1996ж (Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты)

  81. Алтынның кен орындары: Жолымбет, Васильков, Бестөбе, Жолымбет, Ақсу, Ақбейіт, Юбилейное, Бақыршық, Суздаль, Ақбақай

  82. Алтынның ТМД-дағы орны: 3 (Ресей, Өзбекстан)

  83. Үлбі металлургиялық комбинаты өндіретін өнімдер: тантал, уран ұнтағы, берилий

  84. Қазақстанда машина жасап жатқан көшбасшы машина шығару компаниялары: General-Electric, General Motors, Toyota, Alstom, Talgo, LG

  85. Машина жасау үдерісінің деңгейлері: дайындық, механикалық өңдеу, жинақтау

  86. Машина жасау кешені кәсіпорындарын орналастыру факторлары: тарихи, транспорттық, тұтынушы, материал қажеттілігі, еңбек қажеттілігі, ғылым қажеттілігі, әскери стартегиялық

  87. Тоқыма станоктарын жасау алатын еңбек уақыты: 1000 сағат

  88. Шоғырлану байқалған облыстар: Алматы, Қарағанды, Қостанай, ШҚО

  89. Қазақстан шаруашылығының техникалық прогресін анықтайтын жас саласының бірі – химия өнеркәсібі

  90. Химия өнеркәсібі кәсіпорындары шығарады: дәрі-дәрмек, өсімдік шаруашылығына қажетті тыңайтқыштар

  91. Химияның машина жасаудағы өнімі: пластмасса, шина

  92. Металлургиядағы өнімі: флотация үшін реагенттер

  93. Жеңіл өнеркәсіпте: өңдегіш заттар, талшық

  94. Құрылыста: бояулар

  95. Ауылшаруашылығында: тыңайтқыштар, улы химикаттар

  96. Көлікте: пластик құбырлар

  97. Химия өндірісінің 3 ерекшелігі: жасанды заттар шығарады, шикізат базасы ауқымды, көмір, металлургия,мұнай өңдеумен құрамдасады

  98. Химия кәсіпорындарын орналастырудың негізгі факторлары: шикізат, су, энергетика, тұтыну, экологиялық

  99. Химия өнеркәсібінің салалары: кен, негізгі, полимер, полимерді өңдеу, химия-фармацевтика

  100. Кен химиясы өнімдері: фосфор, калий тұздары, ас тұзы, апатит

  101. Негізгі химия: сода өндірісі, күкірт қышқылы, қоспалар, минералды тыңайтқыштар

  102. Полимер химиясы: пластмасса, химиялық талшық

  103. Полимерді өңдеу: шина, пластмасса өнімдерін шығару;

  104. Химия-фармацевтика: дәрі-дәрмек жасау

  105. Фосфорит кені өндіріледі: Жамбыл облысында (Қаратау), Ақтөбе облысында (Шилісай)

  106. Ас тұзы: Арал, Балқаш жағалауы, Шу өзені бойында, Павлодар облысындағы Қалқаман, Тобылжан, Корековскіде

  107. Калий тұзы: Индер көлінде

  108. Еліміздегі негізгі химия «төрт тағанды» құрайды: күкірт қышқылы, химиялық қосылыстар, фосфор және минералды тыңайтқыштар

  109. Күкірт қышқылы өндірісін неліктен тұтынушыға жақын орналастырады: белсенді әрі қауіпті, аз тасымалданады;

  110. Қышқыл алу үшін қажет: күкірт пен су

  111. Ауыр металдардың металлургиялық орталығы: Жезқазған, Балқаш, Риддер, Өскемен

  112. Уран алатын орталық: Степногор

  113. Фосфатты тыңайтқыштар өндірісі орталығы: Тараз

  114. Флотация үшін реагент: хром қосылыстары

  115. Хром қосылыстары зауыты орналасқан: Ақтөбе

  116. Сіріңке, азықтық қоспалар, дәрі жасау үшін не қажет: фосфор

  117. Фосфор тұздары зауыты орналасқан қала: Шымкент

  118. Фосфорит өндіреді: Қаратау мен Жаңатаста

  119. Тыңайтқыш шығарады: Тараз

  120. Қаратаудағы фосфорит базасы негізінде жұмыс жасайтын Орталық Азиядағы ірі суперфосфат зауыты: Тараз суперфосфат зауыты

  121. Азот тыңайтқыштарын өндіру үшін қажет: азот пен сутек

  122. Сутекті қайдан алады: табиғи немесе кокс газынан

  123. 1 т синтетикалық каучук алу үшін қажет энергия: 15000 кВт/сағ

  124. Полимер химиясының негізгі химиядан өзгешелігі: құрылымдық материалдар шығарады (пластмасса, химиялық талшықтар, жасанды каучук т.б)

  125. Еліміздегі пластмасса зауыттары: Ақтау (полистирол), Атырау (полиэтилен, полипропилен)

  126. Ақтаудағы пластмасса зауытының атауы: Sat Operaiting Aktau

  127. Пластмасса қасиеттері: өте берік, жеңіл

  128. Резеңке бұйымдары өндірісінің негізгі орталықтары: Саран, Шымкент

  129. Металлургия үшін конвейер таспаларын шығару орталығы: Саран

  130. Автомобильдер мен ауылшаруашылығы техникасы үшін шина жасау орталығы: Шымкент

  131. Қазақстанда қазіргі таңда тұтынылатын дәрі-дәрмектің үлесі: 37%

  132. Қазақстандағы ірі фармацевтика фабрикалары орналасқан қалалар: «Ромат»-Павлодар, «Химфарм»-Шымкент, «Нобел»-Алматы, «Abdi Ibrahim Global Pharm LLP»-Алматы облысы, Қарағанды фармацевтика зауыты

  133. «Казмедприбор» өнімдері: креслолар, арнайы төсектер

  134. Экологиялық жағынан «ең лас» салалардың бірі: химия өнеркәсібі

  135. Орман ресурсы Қазақстан аумағының қанша пайызын алып жатыр: 4,6%

  136. Орманның басым көпшіліг қандай ағаш түрін құрайды: сексеуіл

  137. Жеткілікті шикізат базасы жоқ кәсіпорын: ағаш өнеркәсібі

  138. Қазақстанда орманды жер ауданы: 12,4 млн га

  139. Сексеуіл ағашына тиесілі: 8 млн га

  140. Орман қорының жалпы ауданы: 28,8 млн га

  141. Сексеуіл ағашы өтетін аймақ: оңтүстік, оңтүстік-батыс шөлді аймақтары

  142. Ағаш сүрегін тілуде ТМД-да алатын орны: 4 (Ресей, Украина, Белорусь)

  143. Ағаш сүрегін өңдеп, тақтайлар, есік қораптарын, терезе жақтауларын, ғимараттардың ағаш бөлшектерін шығару цехтары орналасқан: Өскемен, Семей, Риддер, Көкшетау, Шемонаиха

  144. Көкшетау қаласындағы ірі жиһаз компаниясы: «Хевен Хаус»

  145. Музыкалық аспаптар (домбыра) шығаратын елдімекен: Қарағанды облысы, Осакаровка

  146. Киіз үй жасау фабрикасы: Алматы облысы, Үштөбе қаласы

  147. Қазақстанда жиһаз компаниялары орналасқан қалалар: Алматы, Өскемен, Қарағанды, Павлодар, Шымкент

  148. Жиһаз кәсіпорындары өз өнімдерін қай елдерге шығарады: Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Ирак, Сауд Арабиясы

  149. Целлюлоза – картон комбинаты орналасқан қала: Қызылорда

  150. Ең бірінші гофроқағаз, гофрокартон шығаратын қағаз комбинаты жұмыс істеуде: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай кенті

  151. Құрылыс материалдары өнеркәсібінің негізгі үш тобы: минералды құрылыс шикізаты, ұстастырғыш материал, қабырғалық материал

  152. Минералды құрылыс шикізаты: құм, қиыршықтас, ұсақталған тас, гранит, мәрмәр

  153. Ұстастырғыш материал: цемент, әк

  154. Қабырғалық материал: бетон, темір-бетон

  155. Мәрмәр кен орындары: Алматы облысы (Текелі), Жамбыл облысы (Қордай)

  156. Әктас кені: Алматы облысы (Қаскелең), Семей (Сажевск)

  157. Гипс кені: Ауыл стасысы;

  158. Ұлутас кені: Маңғыстау облысы, Каспий жағалауы

  159. Кварц құмы кен орындары: Ақмола, Павлодар облыстары

  160. Талшықтас кені: Жітіқара

  161. Гранит кені: Қаскелең

  162. Керамзит пен саз кені: Алматы, Шымкент

  163. 1 цемент алу үшін жұмсалатын шикізат: 1,5 т

  164. Шифер зауыты орналасқан: Тараз қаласында

  165. Талшықтас-цемент өндірісінің ірі кәсіпорындары: Қарағанды, Семей, Шымкент

  166. Еліміздегі кірпіш зауыттары: Алматы, Шонжы елдімекені

  167. Керамикалық кірпіш шығаратын зауыттар: Астана, Семей, Хромтау

  168. Қабырғалық қағаз өнімдерін ТМД-дағы ең үлкен фабрика: Айгерім

  169. Битум шығаратын зауыт салынып жатқан облыс: Атырау облысында

  170. Силикат кірпіш зауыттары салынған қалалар: Ақмола, Қостанай, Павлодар

  171. Табиғатты пайдалану түрлері: ұтымды, ұтымсыз

  172. Табиғатты пайдалану экономикасының бағыттары: ластанудан қорғау, экологиялық-экономикалық, бағалау

  173. Тұрақты даму пайда болды: ХХғ 80 жылдарында

  174. Тұрақты даму стартегиясының құрамдас бөліктері: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік-экономикалық

  175. Тұрақты даму моделінің аспектілері: әлеуметтік өлшем, экологиялық өлшем, экономикалық өлшем

  176. Антропогендік аз өзгерген жерлер: аңшылық жерлер (су, орман, батпақ)

  177. Антропогендік ішінара өзгерген жерлер: кесілген орман аумақтары, ауылдық егістіктер

  178. Антропогендік қатты өзгерген жерлер: қалалық құрылыстар, ауылшаруашылық және өнеркәсіптік ландшафттар

  179. Семей полигонында сынамаларды тоқтату туралы Жарлық қабылданды: 1991ж,тамыз айы

  180. Табиғатты қорғау мәселелерін шешудің негізгі жолдары: І-тазарту құрылғыларын жасау, қоқысты өңдеу, жою, ІІ-табиғатты қорғау технологияларын әзірлеу, қолдану,ІІІ-«лас өндірістерді» ұтымды орналастыру

  181. Кіші және Үлкен Аралды бөледі: 17км бөгет

  182. Алғашқы ғылыми қоғам мен академиялар пайда болды: ХҮІІ-ХҮІІІғғ

  183. Техника: техникалық құралдар жиынтығы

  184. Технология: қалаған нәтижеге қол жеткізу үшін қолданылатын әдіс пен құралдардың жиынтығы

  185. Эволюция: өзгерістерден тұратын даму үдерісі

  186. Революция: адамзат әрекетінің қандай да бір саласының түбегейлі өзгерісі

  187. ҒТР белгілері: әмбебаптылығы, ғылыми-техникалық қайта құрылудардың шамадан тыс үдетілуі, өндірісте адам рөлінің өзгеруі, әскери-техникалық жетістіктерді бейбіт мақсатта қолдану

  188. ҒТР бөліктері: ғылым, техника мен технология, өндіріс, басқару

  189. ҒТР-дің басты даму бағыттары: электрлендіру, кешенді автоматтандыру, энергетикалық шаруашылықты қайта құрылымдау, жаңа материалдар өндірісі, биотехнологияның дамуы, ғарыштану

  190. Адам әлеуетінің даму индексі есептеледі: өмір сүру ұзақтығы, білімі, өмір сүру деңгейі

  191. Орташа өмір сүру ұзақтығы жоғары елдер: Канада, Батыс Еуропа елдері, Жапония, Аустралия, Жаңа Зеландия

  192. АӘДИ бойынша жоғары көрсеткішке ие: Норвегия

  193. Өндірістік сала: елдің материалдық құндылықтарын қамтамасыз ететін сала (энергетика,машина жасау, көлік, байланыс)

  194. Өндірістік емес сала: халықтың тұрмыстық, рухани қажеттіліктерін қанағаттандырады (тұрғын үй, мәдениет, өнер, білім, ғылым)

  195. Шаруашылықтың даму жолдары: интенсивті, экстенсивті

  196. Интенсивті даму жолы: қаржы мен еңбекті көп қажет етеді

  197. Экстенсивті даму жолы: еңбек пен қаржыны аз шығындайды

  198. Венчурлық қорлар: ғылыми жетістік нәтижелеріне, әлі практикада қолданылмаған белгілі бір нақты қаупі бар технологиялық жаңалықтарға қаражат салу

  199. ҚР-ның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясының бағыттары: 7

  200. Инновация: жаңалық енгізу, нарықта қажетті өнім немесе үдерістің тиімділігін арттыру арқылы сапаны қамтамасыз ету

  201. Патенттер саны бойынша көшбасшы ел: Израиль

  202. Қазақстандағы мұнай алабы саны: 14

  203. Қазақстандағы ең ірі мұнай алаптары: Атырау, Ембі, Маңғыстау

  204. Көмірсутек шикізаты қоры бойынша Қазақстанның ТМД-дағы орны: 2 (Ресей)

  205. Қазақстанда алғаш игеріле бастаған кен орындар:Доссор (1911ж), Мақат (1915ж)

  206. Теңіз кен орны ашылған уақыт: 1979ж

  207. Мұнайдың қоры жөнінен 1-ші орын алатын ел: Сауд Арабиясы

  208. Ең ірі газ кен орындары: Қарашығанақ, Имаш, Жаңажол, Батыс Прорва, Тасболат, Шынар, Өзен

  209. Қарашығанақ газ конденсаты игерілді: 1980ж

  210. Тараз қаласын газбен қамтамасыз етіп отыр: Амангелді газ кен орны

  211. Газ өңдейтін зауыттар орналасқан:Теңіз, Жаңажол, Жаңаөзен

  212. Қазақстан көмір қоры дүние жүзі көмірінің алып жатқан пайыздық көрсеткіші: 3,3%

  213. Қазақстандағы ең ірі көмір алаптары: Қарағанды, Екібастұз, Торғай, Төменгі Іле

  214. Қазақстанның ауданы бойынша әлемдегі орны: дүниежүзінде – 9, Еуразияда – 4, ТМД-да – 2

  215. Мамандану: кәсіпорындардың бірыңғай өнімдер шығаруы

  216. Қазақстанды 5 экономикалық ауданға бөлді: Н.Н.Баранский

Дүниежүзілік шаруашылық

  1. Трансұлттық корпорация: бірнеше елде өндірістік құрылымдармен басқарылатын корпорация

  2. Қазақстандағы ірі трансұлттық корпорациялар: Exxon Mobil (АҚШ), British Petroleum (Ұлыбритания), Evergreen (Тайвань), Nestle (Швейцария)

  3. Халықаралық Валюта қоры (ХВҚ) құрылды: 1944ж

  4. ХВҚ-на мүше елдер саны: 182 ел

  5. Еуропалық ұйымдасу және даму банкі құрылған жыл: 1990ж

  6. Еуропалық ұйымдасу және даму банкінің мақсаты: Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің нарықтық қатынасқа көшуіне көмектесу

  7. НАФТА ұйымына мүше елдер: АҚШ, Канада, Мексика

  8. МЕРКОСУР ұйымына мүше елдер аймағы: Латын Америкасы елдері

  9. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі: жеке тауар мен қызмет түрлерінің өндірісі және оны айырбастау көрінісі

  10. ХГЕБ-нің қалыптасуы мен дамуына әсер ететін факторлар: табиғи-географиялық, экономикалық-географиялық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайлар

  11. ХГЕБ-не анықтама берді: Н.Н.Баранский

  12. Парсы шығанағы елдерінің мамандану саласы: мұнай мен газ

  13. Замбия мемлекетінің мамандану саласы: мыс кені

  14. Жаңа Зеландияның мамандану саласы: қой шаруашылығы

  15. Жапонияның маманданған саласы: автокөлік өнеркәсібі

  16. Канаданың маманданған саласы: бидай шаруашылығы

  17. Халықаралық экономикалық қатынастар түрлері: халықаралық сауда, қыржы-несиелік қатынас, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, халықаралық қызметтер, халықаралық еңбек миграциясы, халықаралық туризм

  18. Халықаралық сауда:дүниежүзіндегі елдердің барлығының сыртқы саудасында қалыптасатын халықаралық тауарлық-қаржылық қатынастар жүйесі

  19. Халықаралық сауда термині қолданылды: ХІІғ

  20. Халықаралық экономикалық байланыстың саудадағы үлесі: 80%

  21. Халықаралық сауда ұйымына кіретін елдер саны: 140-қа жуық

  22. Қазақстан ХСҰ-на мүше болды: 2015 ж

  23. Қвзіргі кездегі еркін экономикалық зоналар саны: 500

  24. Ғылыми-техникасы жоғары елдер: АҚШ; Германия, Жапония

  25. Лицензиясын сататын елдер: патенттері бар елдер

  26. Лицензияны негізгі сатып алушылар: Жапония, Италия, Германия

  27. Еңбек миграциясының сипаттамалары: «Ақылдың ағылуы», «бұлшық еттердің көшуі»

  28. Еңбек миграциясының салдарынан құлдырауды басынан кешірген елдер: Үндістан, Египет, Пәкістан, Ресей

  29. Халықаралық туризм саяхат жасау мақсатына қарай бөлінеді: танымдық, спорттық, іскерлік

  30. Халықаралық туристік ұйым құрылды: 1975ж (120ел)

  31. Халықаралық туризм дамыған елдер:Франция, АҚШ, Испания, Италия, Қытай, Ұлыбритания, Мексика, Венгрия, Польша, Канада

  32. Туризм жақсы дамыған аралдық елдер: Барбадос, Гренада, Багам, Мальдив, Сейшель

  33. ЖІӨ-нің негізгі бөлігі халықаралық туризм құрайтын ергежейлі елдер: Монако, Лихтенштейн

  34. ЖҰӨ: жалпы ұлттық өнім

  35. ЖҰӨ: елдің ішкі және шеткі аймағында дамып жатқан ұлттық экономиканың бағасы

  36. ЖІӨ: жиынтық ішкі өнім

  37. ЖІӨ: ел ішінен басқа өндірілген барлық қызметтердің нарықтық бағасы

  38. ЖҰӨ=ЖІӨ+таза табыс факторы

  39. Таза табыс факторлары: осы елдің азаматтарының шетелде алған табысы мен осы елде тұратын шетелдік азаматтардың алған табыстарының арасындағы айырмашылықтар

  40. ЖҰӨ есептеледі: шығындар бойынша және табыстар бойынша

  41. Дүниежүзілік шаруашылық екіге бөлінген уақыт: 1917ж

  42. Дүниежүзілік шаруашылық түрлері: социализм, капитализм

  43. Соғыс кезеңі аралығында экономиканың ірі орталықтары: Жапония, КСРО

  44. Дамығанелдердегі экономикалық аудандар жүйесінің типтері: жоғары дамыған аудандар, ескі өнеркәсіптік аудандар,аграрлы аудандар, жаңадан игеріліп жатқан аудандар

  45. Қазақстан БҰҰ –на мүше болды: 1992.03.02

  46. Қазақстан импортында басым: машина, құралдар, көлік, құрал-саймандар

  47. Қазақстанның импорттағы басты серіктесі: Ресей

  48. Кедендік Одақ құрылды: 2010ж

  49. Кедендік Одаққа мүше елдер: Қазақстан, Ресей, Беларусь Республикасы

  50. Қазақстан Беларусь Республикасынан импорттайды: көлік құралдары, машина, құрал-жабдықтар, минералды тыңайтқыштар, химия, трикотаж өнімдері

  51. Қазақстан Украинаға импорттайды: мұнай, химия өнімдері, металлургия, автокөлік аккумуляторы, тері, жүн

  52. Қазақстан ураны қайта өңдеуден өтетін Қырғыз Республикасының зауыты: Карабалта

  53. Қазақстанның ірі сауда серіктестері: Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Қытай, Швейцария, Оңтүстік Корея

  54. Қазақстаннан түріктер сатыл алған зауыттар: «Анкара» қонақүйі, «Рамстор» сауда үйі, Петропавлда макарон зауыты

Елтану

  1. Үшөлшемді типология бойынша елдер тобы: жоғары дамыған капиталистік елдер, өтпелі экономикалы социалистік елдер, дамушы елдер

  2. Қазіргі таңда экономикасы жоғары дамыған елдер саны: 60

  3. «Үлкен жетілік» елдері: АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Италия, Канада

  4. «Қоныс аударушы капитализм» елдері: Аустралия, Жаңа Зеландия, ОАР, Израиль, Канада

  5. Өтпелі экономикалық елдер: Шығыс Еуропа, КСРО, Моңғолия

  6. Әлемдегі социалистік боп қалған елдер: Қытай, Куба, Вьетнам, КХДР

  7. Дамушы елдер саны: 150

  8. Жаңа индустриалды елдер: Корея Республикасы, Сингапур, Тайвань, Малайзия, Таиланд, Индонезия

  9. Табиғи, еңбек ресурстарына бай елдер: Үндістан, Бразилия, Мексика елдері

  10. Мұнай өндіруші елдер:Сауд Арабиясы, Кувейт, БАӘ, Катар, Иран, Ливия, Бруней

  11. Артта қалған елдер: Африка, Азия, Латын Америкасында көп кездеседі

  12. Кедей мемлекеттер: Бангладеш, Непал, Ауғанстан, Мали, Эфиопия, Гаити

  13. Халықаралық ұйым: халықаралық құқықтың нормалары мен принциптеріне сәйкес жалпы мақсатқа жету үшін әрекет ететін және тұрақты мемлекетаралық келісімшарттың негізінде құрылған егеменді елдердің құрылуы

  14. Халықаралық ұйымдар мүше болу сипатына қарай бөлінеді: үкіметаралық, үкіметтік емес

  15. Халықаралық ұйымдар қатысушылар сипаты бойынша: әмбебап, аймақтық, аймақаралық

  16. Халықаралық ұйымдар құзыреті бойынша: жалпы, арнайы

  17. Қазақстан белсенді боп табылатын халықаралық ұйымдар: ТМД, БҰҰ, ОБСЕ, ШЫҰ, Ислам Конференциясы ұйымы

  18. Қазақстан ТМД-ға мүше болды: 1991ж, 21 желтоқсан

  19. ТМД-ға Грузия қосылған жыл: 1993ж

  20. ТМД-дан кері шықты: Грузия (18,08,2009ж)

  21. Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше болды: 1992ж

  22. ОБСЕ ұраны: 4 «Т»

  23. Т-сенім, дәстүрлер, ашықтық, толеранттылық

  24. Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына мүше болды: 1995ж, 12 желтоқсан

  25. Елтану: табиғаты, халқы, экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік ұйымдары туралы әртүрлі мәліметтерді жүйелейтін географиялық пән

  26. Қазақстанның халық саны: (2019ж) 18395660

  27. Қытай мен Қазақстан арасындағы бірлескен транзиттік жол: «Жаңа Жібек жолы»

  28. Халық тығыздығы: 1км²=6,6 адам


Тест барлығы 11 бөлім, 1014 сұрақтан тұрады.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2024
397
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі