400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада оқушыларға сабақ барысында қолдануға тиімді болатын интерактивті құралдардың түрлері жайлы айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Касенова Д

5В011600 –География мамандығының, 4 курс студенті

Ғылыми жетекші: г.ғ.д., профессор Қуанышбаев С.Б


Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты



Дүниежүзі елдері бұдан 50-55 жыл бұрын қолданған әдіс – тәсілдер мен озат технология бұл күнде оқу мен тәрбие ісімен айналасып жүрген әрбір мұғалімнің адастырмас компасына айналып отыр.

Қай елде болмасын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, онымен арнайы шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Еліміздің тәуелсіздік алып  ұлттық даму жолына түсуі білім беру ісін және әлеуметтік маңызды істерді жолға қоюды талап етті. Осы маңызды талаптардың бірі білім беру жүйесін ақпараттандыру.

Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып үнемі  өзгеріс үстінде болады. Ол әр ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасып үнемі жетіліп,  уақыт өткен сайын күрделене түседі. Қай кезеңде де жалпы білімнің атқаратын қызметі  жас ұрпақты  танымдық дүниесін байытып, дамуын қамтамасыз ету. Заман өзгерген сайын  мектептерге қойылатын талап, ондағы оқыту және тәрбиелеу  әдіс-тәсілдері де өзгереді Қазіргі таңда еліміздің  білім беру жүйесінің ең басты міндеті  білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы  жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу.

География ғылымы өте қызықты да күрделі. Осы пәнге қызықтыру арқылы, оқушыға географияның  күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып, сапалы  білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника  жаңалықтарын, яғни жаңа педогогикалық технологияларды  әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді. Жаңа ХХІ  ғасыр ғылым мен техниканың  қарыштап даму жолына жол ашылып, адамзат қоғамын  ақпарат тасқыны дәуіріне бастап әкелгені шындық.

Қазіргі уақытта "қоғамды ақпараттандыру", «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік корымызда жиі кездеседі. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дсгеніміз — ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижссі, яғни адам өміріне іс-әрекеттік интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарылауына байланысты объективті прогресс. Ол окыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл үрдістегі негізгі мәселе: білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып отыр.

Электрондық окулықтар  ғылыми негізде дайындалған педагогикалық акпараттық өнім.  Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады. Электроңдық оқулық оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бакылау, моделдеу, тестілеу, т.б. бағдарламалардың жиынтығы. Электрондық оқулықжай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:

— кері байланысты іс жузінде тез арада қамтамасыз етеді;

—  жай оқулықтагы ақпаратты іздеу мумкіндіктері біраз уақыт алатын
болса, электрондық оқулық қажетті оқулықты табуға тез мүмкіндік береді;

—   гипермәтінді    түсіндірулерге  өту барысында уақытты  үнемдеуге
көмектеседі.

Ең бастысы, элеккрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген зандылығы болуы керек. География пәніне  қатысты үрдістерді анимациялап көрсету, тіпті кино фильмдер мен диафильмдер үзінділерін МРЕG, АVІ типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипер мәтінді формат аркылы электрондық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік әдістемелік деңгейін арттырады.

Келесі ақпараттық –технологияның білім саласындағы көрінісінің бірі ол интер белсенді тақтаның сабақ барысында қолданысқа енуі. Ізденіс жұмыстары жүргізе отырып және де әлемдік қорлардан керекті ақпаратты  «интернеттен» өз беттерімен жұмыс жасау оқуға  деген қабілеттерін арттырып, қызығуын тудырады. Осы жағдайды ескере отырып интернетті қолдану жөнінде төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

- интернет   студентке   материалды   асықпай   мұқият   оқуға  
жағдай жасайды;

- интернет    алынған ақпаратқа талдау жасауға мүмкіндік береді;

- интернет оқушыныңөз бетімен жұмыс істеуді әдетке айналдыру
қабілетін оятады, өзіндік пікірін қалыптастырады.

География пәніне қатысты сайттар: www.km.ru, geo.1september.ru, www.geoport.ru. 

Адамзат өркениетінің бүкіл дамуын ғылыми технологиялық прогресспен тығыз байланысты  Қазіргі қоғам  өмірін  ақпараттық құрал дарынсыз, тұрмыстық техникасыз  елестету мүмкін емес. Олай болса, ХХІ ғасыр ақпараттық технология ғасыры десек бұл география ғылымына да қатысты. Жоғарыда келтірілген сайттар орыс тілді контенттер. Өкініштісі қазіргі таңда қазақ тілінде жарық көретін қазақ тілді географияға қатысты контент жоқ деп айтсақ қателеспейміз. Сондықтан алдағы уақытта осы салада жақсы жобалар болады деген сенім зор.

Қазіргі кезде оқушының алған білімі мен іс-әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор.

Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр:

  • Білім сапасын арттыру;

  • Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;

  • Орта білімді ақпараттандыру;

  • Интернет жүйесін пайдалану;

  • Электрондық оқулықтар;

  • Қашықтықтан басқару:

Осы міндеттерді шешуде қазіргі жаңашыл мектеп өз алдына мынадай мақсат қойып отыр: “Жаңа ақпараттық технология арқылы білім мазмұнын жаңарту”. Осы мақсатқа сай бүгінгі мектеп мұғалімі білімділікпен қоса, өзіндік ой-пікірі бар, заман ағымына сай жеке тұлғаны қалыптастыру, сондай-ақ жас ұрпақты “ақпараттық қоғамға” тәрбиелеу барысында оқу-тәрбие процесінің заман талабына сай әдіс-тәсілдерін таңдай білуі қажет. Қазіргі таңда толық, сапалы, бәсекелестік қабілеттегі білім беруді ұйымдастыруда көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда. Солардың бірі – жаңа ақпараттық коммуникативтік технология. Компьютерлер білім беруге кеңінен қолданыла бастағанда “оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары” термині пайда болды. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы - ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісі, оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуде есептеуіш техника құралдарының рөлі мен орны. Мектепте компьютерлік технологияны пайдалану мұғалімге оқушының оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңа ақпараттық технология өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Олар төмендегідей:

  • Жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру;

  • Ғылыми - көпшілік журналының сайтына кіру;

  • Әлемнің кез келген еліндегі оқушылар мен еркін араласу;

  • Интернет - олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу;

География сабағында интерактивті құралдарды пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім білім беруші ролін атқарып, оқыту құралы ретінде қызмет атқарады. Ал оқытудың компьютерлік ақпараттық ортасы білімді өздігінен меңтерудің объектісі бола отырып, төмендегідей парадигманы қалыптастырады: Оқушы - оқу ортасы – технология жүйесі. Осы жүйе негізінде оқушы өздігінен білім алады. Оқушының іс-әрекетін тым қатал басқару оның өзіндік ой-пікірі мен өз бетінше жұмыс істеу қабілетінен айырады. География пәнін оқытуда интерактивті құралдардың тиімділігіне тоқталатын болсақ, оны төмендегідей атап өтуге болады:

  • Мәтіндік редакторы - географиялық құжаттарды құру құралы (реферат, таблицалар)

  • Графикалық редактор - шығармашылық сабақтардың жұмысын құру құралы (шартты белгілерді жасау, географиялық план жасау, табиғаттың көрінісі, температураның, жауын-шашынның, желдің графигін сызу)

  • Мультимедиялық редактор - сабақта табиғи процестерді құру құралы(геологиялық, климаттық).

  • Презентациялық - елдің, объектінің презентациясын жасау.

  • Лазерлік дискідегі географиялық кітапхананы пайдалану (карта, анықтамалық, энциклопедия)

  • Локальдық тестілеу.

  • Интернет жүйесіне кіру. әлемнің кез- келген жеріне виртуалды саяхат жасау.

  • География ғылымы бойынша өзінің интернет қорын құру; тәжірибе алмасу; тікелей эфирде атақты мұғалімдердің сабақтары.

  • Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі. Географиялық ақпараттар жөнінде ой бөлісу, жаңалықтар алмасу.

  • Білім мазмұнының заман талабына сай болуы.

  • Қажетті білімді толығымен алу.

  • Білімді өздігімен меңтеру.

  • Өзін-өзі бағалау.

  • Жалған ақпарат алу қаупінен құтылу.

  • Жалған бағадан арылу.

Жаңа ақпараттық технологияны пайдалануда оқытудың әртүрлі тәсілдерін пайдалану барысында білім сапасын арттыруға көңіл бөлу керек. Пайдаланатын әдістерімді төмендегідей сызба түрінде көрсетуге болады.

Жай кәдімгі сабақ: жоғарыда көрсетіліп отырған барлық әдіс бойынша қай оқыту тәсілін пайдалансаңыз да өзіңіз білесіз. Мұндағы мұғалімнің қызметі: оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын біле отырып, пән аралық қорытынды сабақ өтсе де компьютерге байланыстыру керек. [15. 102-б]

Өзін – өзі оқыту программасы. Бұл әдісте мұғалімнің қызметі оқушыларды қадағалап тұру және жаңа сабақты қысқаша түрде түсіндіру керек. Содан кейін оқушылар өздері компьютердегі алдын ала дайындап қойған программаны ашып, жұмыс жасай береді.

Биоинформация әдісі. Мұғалімнің міндеті - әдебиеттер беру және оқушыларды тыңдап, оның қате кеткен жерлерін айту. Бұл әдісте әр оқушының ізденімпаздығын, яғни шығармашалық жұмыс жасауын арттыру.

Электрондық оқулық. Оқушылар үшін электрондық оқулық мектеп қабырғасында жүрген жылдарында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру емтихандарына дайындалуға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Электрондық оқулықтар бойынша оқушы тапсырманы қызыға орындайды, сонымен қатар өз қатесін табады. Оқушының жас ерекшеліктеріне сай және әркімнің шамасына, мүмкіндігіне қарай тапсырма беруге қолайлы.

Қосымша программалар арқылы. Яғни, қолданбалы программаларды қолдана отырып, Microsoft Power Point программасынан презентация, Microsoft Excel арқылы диаграмма, Paint арқылы географиялық құбылыстардың суреттерін салдыра отырып, көптеген қызықты сабақтар өткізуге болады.

Мультимедиялық оқыту программасы. Оқушыға экран арқылы компьютер жаңа сабақты түсіндіріп, оқу процесін өзі атқарады. Әрине бұл программа информатика пәні мұғалімінің көмегімен жүзеге асады.

Қашықтықтан оқыту тәсілі. Қашықтықтан білім беру дегеніміз - белгілі бір қашықтықта отырып, компьютерлік телекоммуникация және де басқа байланысу орталары көмегімен оқып үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара алмасу тәсіліне негізделген.

Қорытындылай келе, жаңа ақпараттық технологияны география сабағында пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктерін, орта мектептерде география пәнін оқыту кезінде компьютерлік технологияны пайдаланудың әр жақты екендігіне көз жеткізуге болады. Сонымен, компьютерлік технологияны география сабағында пайдаланудың үш негізгі түрі бар:

  • Интерактивті құралдарды география сабағында үздіксіз пайдалану, әсіресе сарамандық сабақтарда.

  • Интерактивті құралдарды оқушылардың сабақтан тыс уақыттарда георгафия пәнінен өзіндік жұмыстарды орындау барысында пайдалану.

  • Интерактивті құралдарды танымдық қабілетін дамытуға пайдалану. (дамытушылық ойындар, электрондық энциклопедия т.б) [16. 75-б]

Оқыту барысында ақпараттық технологияның бір ғана бағытымен жұмыс істеу барлық бағыттарды кешенді түрде пайдаланумен саластырғанда төменгі нәтиже береді. Компьютерді пайдалану оқушының географияны терең танып білуіне ғана емес сондай- ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру – уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. География сабағында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.



Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі:


  1. Душина И.В. Географияны оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары. География мектепте. №3 2001

  2. Таможняя Е.А. Компьютерные технологий: возможности использования. // география в школе 2002 г. № 3 с. 46-51

  3. А.В.Даринский. Методика преподавания географии. М., 1975

  4. Бенькович Т.М., Бенькович Д.Л. Опорные конспекты в обучении географии. 7класс- М., 1995.

  5. Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық және ақпараттық технологиялар.» Педагогикалық ғылымдар докторы профессор Е.С. Полат редакциямен. 2000ж. )


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 мамыр
890
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі