«География сабақтарында оқушылардың ынтасын арттыру жолдары»

Тақырып бойынша 22 материал табылды

«География сабақтарында оқушылардың ынтасын арттыру жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ынта» – адамның белгілі бір іске ықыластана кірісіп, нәтижелі орындауға тырысуы деп көрсетілген. Ынтаның еңбекке, оқуға, ойынға байланысты түрлері болады. Ынта істі ойдағыдай орындаудың шарты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы

«С.Мұқанов атындағы №40 жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

география пәні мұғалімі

Сатыбалды Ғани Дәулетұлы



«География сабақтарында оқушылардың ынтасын арттыру жолдары»

«Ынта» – адамның белгілі бір іске ықыластана кірісіп, нәтижелі орындауға тырысуы деп көрсетілген. Ынтаның еңбекке, оқуға, ойынға байланысты түрлері болады. Ынта істі ойдағыдай орындаудың шарты.

Атақты педагог В.А. Сухомлинский «Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар»-деп өсиет ретінде айтып кеткен.

Өмірде адамдардың басым бөлігі мақсатына жету жолында бас тартады екен, өйткені оларды ешкім ынталандырмаған. «Мен саған сенемін, сен жетістікке жетесің!» деп айтпаған. Сабаққа ынтасы болмай отырған оқушы бірден көзге түседі. Мұғалімнің басты міндеттерінің бірі сол ынтасы болмай отырған оқушыға қолдау жасап, көмектесу. Көп жылдық тәжірибемнен байқағаным сабақтың әр кезеңінде оқушылардың ынтасын, бақылауда ұстап, жұмыс жасау нәтижесін бермек.

Сабақтың негізгі кезеңдерін еске түсірейік:

* Ұйымдастыру сәті

* Білімді өзектендіру

* Жаңа материалды меңгеру

* Бекіту

* Рефлексия

* Үй тапсырмасын беруден тұрады.

Оқушылардың ынтасы сабақ бойы қалыпты жағдайда болу үшін, бастапқы, ұйымдастыру кезеңі позитивті көзқараспен басталуы керек. Мысалы:«Құрметті, балалар бүгінгі күніміз сәтті өтсін!»,« Бүгінгі сабақта сіздердің жақсы білім көрсететіндеріңізге сенімдімін!» немесе «Бүгінгі сабақта біздер қызықты тапсырмалар орындаймыз» «Шығармашылық жұмыстар жасап, таныстырасыздар» т.с.с сөздердің өзі оқушыларды жігерлендіреді, ынтасын арттырады. Білімді өзектендіру кезеңінде мысалы, сабаққа тарту мақсатында видеоматериал көрсетуден бастау, миға шабуыл әдісі арқылы проблемалық сұрақтар қою, сабақ тақырыбын берілген жұмбақ сөздер арқылы ашу, географиялық карта бойынша сұрақ қою, қызықты географиялық деректермен таныстыру оқушының мотивация алуына жағдай жасайды.

Жаңа материалды меңгеру кезеңінде дамыта оқыту, проблемалық және диалогтық оқыту әдістерін қолданып, оқушымен белсенді қарым-қатынас құру, тақырыптың өзекті тұстарын бірге талдау, көзқарастарын айтқызу, қорытынды жасауға қатыстыра отырып сабақты құру оқушының ынтасының жоғарлауына көмектепек. Сабақтың бекіту кезеңінде географиялық диктанттар, «Quizizz»-тест, «Seterra»-онлайн-картасы арқылы елдерді анықтау, тапсырмаларды шығармашылық деңгейде беру және қорғау жұмыстарын ұйымдастыруды жүргізуге болады. Тапсырмалар бүгінгі өмірден, күнделікті тұрмыс-тіршіліктің қажеттілігінен алынса, оқушыға қызықты болмақ, және мұндай тапсырма орындауға деген оқушының ынтасы, қызығушылығы артпақ. Берілген тапсырмаларға «сіздің ойыңыз», «сіздің шешіміңіз», «сіздің ұсынысыңыз»,«бұл мәселені қалай шешер едіңіз», «негіздеме беріңіз», «өз көзқарасыңызды қорғаңыз» деген сөздерді қосу арқылы танымдық белсенділікке жетелей отырып, ынталандырамыз. Сонымен қатар тапсырманы орындату барысында оқу ынтасының үш тұғыры ескерілуі қажет. Олар:

1. Ізденуге жол ашу (яғни мен түсіндім, білдім, өзім ізденіп , ойлап таптым)

2. Таңдау еркіндігін сезіну: (мен таңдай аламын, мен ұсындым, менің шешімім )

3. Жетістік яғни құзыреттілік сезімі: (мен істей алдым, мен жасадым, менің жұмысым)

Өз тәжірибемнен оқушылардың ынтасын арттыруда қолданған тапсырмалармен таныстыра кетейін: «Географиялық мониторинг әдістері»

(10 сынып) тақырыбында төмендегідей тапсырма берілді:

Мәтін:Балық аулауға шыққан балықшы инеліктен көрінбейтін көлдің сол жақ бетінен себетін лезде балыққа толтырса, көлдің оң жағына шығып қармағын қайта-қайта салғанымен бірен-саран шабақтан басқа ештеме түспеді.

Сұрақ:Не себепті инелік толған сол жақ беттен балықшы көп балық аулады, ал оң жақ беттегі көл суынан балық аз ауланды?

Жауап: Географиялық мониторинг әдісінің бір түрі: биоиндикация әдісі. Сол жақ көл жағасында инеліктердің көп болуы сол маңайдағы фаунаның құрамының жағдайын білуге көмектеседі екен. Инеліктердің көп болуы: су фаунасының көптігін, аз болуы су фаунасының аздығын көрсетеді.

Осы тапсырманы орындау барысында тәрбиеленушілердің тапсырманы орындауға, ізденушілік, қызығушылық өз ойларын, дәлелдемелерін келтіруге деген ынталары артатыны сөзсіз.

«Табиғатты тиімді пайдалану» (10 сынып) тақырыбында жоба қорғау ұсынылды. Берілген тақырыптар:«Тұрмыстық қалдықтар- пайда көзі», «Қалдықтар-ол кіріс», «Қоқыссыз Қазақстан». Жоба қорғау барысында оқушылар сұрыпталған қоқыстар мен қалдықтарды өткізетін арнайы экопункттер ашу , сұрыпталған қоқыстарды қайта өңдеу арқылы түрлі заттар жасап кәдеге жарату, шетелдер тәжірибесін қолдана отырып, елімізде пластиктерден аяқ киімдер, құрылыс материалдарын, тұрмыстық заттар жасап, бизнес көзіне айналдыру мәселесін алға тартып, көптеген идеяларымен бөлісті.

Келесі «Мемлекеттік аумақтың морфологиясы» (10 сынып) тапсырмада картадан Еуропаның микромемлекеттерін анықтап, төмендегідей тапсырмаларды орындау ұсынылды:

1. Микромемлекеттердің ішінен теңізге шығу жолы бар қанша мемлекетті атар едіңіз:

2) Анықтаған микромемлекеттердің әрқайсысында қолданылатын мемлекеттік және ресми тілдерді анықтаңыз.

3) Қай елдерде астаналардың аты мемлекет атымен сәйкес келмейді? Осы мемлекеттерді және олардың астаналарын атаңыз.

Міне осындай тапсырмалар оқушыларды жалықтырмайды, шаршатпайды, ынталарын төмендетпейді.

Сабақ барысында мадақтау әдісін көбірек қолдану оң нәтижесін бермек. Оқушы еңбегін мадақтау, оқушының орындаған жұмысы дұрыс болмаса да бірден кесіп айтпай, кеңес беру, ынталандырады.Жақсы сөз жақсы кеңес, сөгістен артық болатыны белгілі,оқушы ынтасын түсіріп алмау үшін жасаған жұмысын басқа оқушымен салыстырмау жағын ескеріп, әр балаға оған сенетініңізді айтып отырсаңыз жұмыс нәтижелі болмақ.

Сонымен қатар, ынтаны қалыптастыруға әсер ететін маңызды аспектілерді атап өтпекпін. Олар:

1. Мұғалімнің тұлғасы.

2. Мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы.

3. Эмоционалды жайлы орта құру.

4. Проблемалық-дамытушылық оқыту әдістері.

5. Оқу-танымдық іс-әрекетті жандандыру.

6. Рефлексия. Осылардың барлығы бір-бірімен тығыз ұштасса оқушының сабаққа деген ынтасы жоғары болмақ.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Р.Ә. Қаратабанов, Г.А. Қуанышева, Ж.Р. Байметова, К.М. Джаналеева География. Жалпы білім беретін мектептердің 8- сынып оқушыларына арналған./1 бөлім. - Алматы: Алматыкітап баспасы, 2019.- 276 бет.

  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет

  3. Географиялық ақпараттық жүйе. [Электрон.ресурс]. https://resources.arcgis.com/ru/help/getting-started/articles/



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.04.2025
207
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі