Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

"Географияда графикалық әдістердің қолданылуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда ұстаздар өздеріне қажетті әдіс-тәсілдермен алмаса алады. Жаңа технологияны пайдалана отырып жасалынған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні: 22.09.2018ж


Мектеп: С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектеп



Сынып: 7

Мұғалімнің аты-жөні: Қаңтарова Айнаш



Қатысқандар: 20


Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы

Географияда графикалық әдістердің қолданылуы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары

7.1.1.6- географиялық нысандардың, құбылыстардың және үдерістердің ерекшеліктерін графикалық түрде көрсете алады: диаграмма, профиль, графика

Сабақтыңмақсаты


Барлығы

Басым бөлігі

Кейбірі

Графикалық әдістердің түрлерін таниды


Далалық зерттеуде графикалық әдістердің ерекшелігін біледі

Деректерді графика түрінде ұсынудың артықшылығын түсінеді


Бағалаукритерийі


Егер төмендегі бағалау критерилерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Дағды

Бағалау критерийі

Барлығы

-Географиялық құбылыстарды біледі

-Сызба, диаграмма, профиль, график түрлерін түсінеді.

Басым бөлігі

-Далалық зерттеу әдісінің ерекшелігін біледі

-Ауа райын зерттеудегі құралдардың пайдалану аясын сипаттайды


Кейбірі

-Диаграммада, сызбаларда берілген ақпараттарды талдайды.

-Географиялық білімдердің маңыздылығын дәлелдейді


Тілдікмақсаттар

Оқылым-айтылым: Берілген мәтінді оқи отырып географияның далалық зерттеу әдістерін анықтайды, топпен жұмыс істейді.

Айтылым - жазылым: диаграмманы, суреттерді қолдана отырып, графикалық көрсеткіштерді жазбаша сипаттайды.

Пән бойынша сөздер мен терминдер:

Құбылыстар Профиль

Үдеріс Диаграмма

Сызба Графика

Құндылықтарға баулу

Барлығына тең құқықтар мен мүмкіндіктер туғызу, үздіксіз білім алу. Оқушының бойына құрмет, денсаулық құндылықтарын дарыту, топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір-біріне құрмет көрсету.

Пәнаралық байланыс

Геометрия пәнімен ( диаграмма сызу,график құру)

Алгебра пәнімен ( есептер шығару, пайызды есептеу, биіктікті өлшеу) байланысады.

Алдыңғы білім

Географиялық тәжірибе ерекшелігі



Сабақтың

жоспарланған

уақыты

Сабақтағыжоспарланғанжаттығутүрлері

Ресурстар


Сабақтың басы


2мин





5 мин



3 мин





5 мин

Сәлемдесу, түгелдеу.

Оқушыларды құпия сандар жазылған түрлі-түсті қағаздармен үш топқа бөлу.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін «Ақ тілек» атты сергіту сәтін ұйымдастыру. Мақсаты: сыныпта сенімділік қарым-қатынас орнату.


«Ой қозғау» - «Үш сұрақ» тәсілі арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

1. Қайда?

2. Қалай?

3. Қандай?


Мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында сұрақ қояды:

-Қоршаған орта туралы мәліметтер қандай әдістер арқылы алынады? (бақылау, тәжірибе жасау, өлшеу)

-Географияда ақпараттарды әдебиеттен басқа тағы қайдан алуға болады деп ойлайсындар?


М ұғалім сыныптың назарына әртүрлі графикалық үлгілерді ұсынады .



1.Суретте не көріп тұрмыз?

2.Бейнелеуде қандай әдіс пайдаланған?

3.Ауа температурасының өзгерісін қайдан көруге болады?

4.Берілген графиктердің бір-бірінен айырмашылығы


Сабақтың ортасы


10 мин














































2 мин


















8 мин
























3 мин

Мәтінмен жұмыс:

Ауа райын зерттеу үшін арнайы құрал-жабдықтардың көрсеткіштерін тіркеп, болжам жасауға мүмкін. Мысалы, атмосфералық қысым төмендеген жағдайда ауа температурасы жылынады және жел көтеріледі.

1. Ауа- райы жөнінде мәлімет оның компоненттерін зерттеу арқылы пысықталады. Ауа қысымы барометрмен, ауа температурасы термометрмен, желдің жылдамдығы анемометрмен, ал желдің бағыты флюгермен өлшенеді.

Тапсырма: әр құралдардың пайдалану аясын анықтап, өлшем бірлігін атау.

Ауа райын зерттеудің маңызы неде?

2. Мысалы, топырақты зерттегенде –оның сыртқы белгілерінің(түсі, құрылысы, құрамы, құрылымы, жаңа түзінділер мен қосылыстар) жиынтығын сипаттау арқылы ақпарат қорытындылады. Топырақтың морфологиясын зерттеу далалық және зертханалық әдістер бойынша жүргізіледі. Топырақтың морфологиясын білу үшін оның құрылысын (қабаттарын және олардың қалыңдығын), түсін, құрылымын, әр түрлі қосылыстарды, жаңа түзінділерді анықтайды. Сондай-ақ, топырақтың гранулометриялық құрамын топырақ түзуші тау жыныстарының сипатына, ылғалдылығына, органикалық заттарға , судың дәміне (тұщы, ащы, кермек және т.б.) қарай белгілейді.


Тапсырма:

1. Топырақ үлгілерін зерттеп жоспар бойынша сипаттама беріңіздер:

А) түсі, В) құрылымы, С) ылғалдылығы




Оқушылар мәтінді Insert әдісі аясында оқып «!» , «+» «-», «?» белгілер қойып оқып шығады.

«!»

«+»

«-»

«?»





Дәптерлеріне осы кестені толтырады .


Бағалау: Оқушылар бір бірін жұпта дискрипторлар арқылы бағалайды:

  1. Мәтінді белгілер арқылы оқыды

  2. Дәптерге кестені толтырды

  3. Талқылауға қатысты


Бағалау критерийі

р/с

Дескрипторлар

+/ –

Далалық зерттеу жұмыстары туралы мәліметтер жинайды

1

Атмосфералық қысымды есептейді


2

Топырақтың құрамын талдайды




Мұғалім оқушыларды түрлі-түсті стикерлерде жазылған құпия сандар арқылы үш топқа бөледі:

І- топ. жасыл түстер - Метеорологтар

ІІ –топ. сары түстер - Топырақ зерттеушілері

ІІІ – топ. көк түстер –Тау биіктігін анықтаушылар


Әр топ далалық жұмыстардың жоспарын құрады.

Топтық жұмыс: Топтар берілген ақпараттарды пайдаланып графикалық түрде көрсетуге тапсырмалар беріледі.


І топ – Берілген ақпараттарды бағандық графика ретінде көрсету.

Тапсырма

ай

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Ү

ҮІ

ҮІІ

ҮІІІ

ІХ

Х

ХІ

ХІІ

to С


-16

-13

-2

+6

+14

+20

+25

+22

+12

+3

-6

-10


ІІ топ - Берілген материалдарды пайдаланып шеңберлі диаграмма құрастыру. Тапсырма.

Топырақ құрамы : минералды негіздері - 50 % ,

органикалық заттар – 10 % , ауа – 15 % ,су – 25 %


ІІІ – топ – Қазақстанның ең үлкен,ең биік тауы – Тянь-Шань. Оның ең биік нүктесі – Хан-Тәңірі (биіктігі 6995 м)

Осы таудың биіктік белдеулігінің графикалық сызбасын құру.

Әр топ жасаған жұмыстарын қорғайды.


Бағалау критерийі

р/с

Дескрипторлар

+/ –

Жекелеген географиялық нысандардың элементтерінің көрсеткіштері бойынша графикалық материалдар жасау

1

Атмосфералық қысымның жоғары және төмен аймағын белгілейды


2

Топырақтың құрамын анықтайды


3

Таулардың биіктік белдеулерін ажырата алады


4

Географияда графикалық әдісті түсінеді




Жұптық жұмыс

Кесте толтыру

Географиялық зерттеулерді берудің графикалық әдістерінің

Артықшылығы

Кемшілігі

Бағалау критерийі

Графикалық әдістердің 2 артықшылығын жаза алады

Графикалық әдістердің 2 кемшілігін жаза алады

Артықшылығы мен кемшілігін негіздеп айта алады


Осы критерий бойынша оқушылар бір – бірін бағалайды. Әр жұп өз ойларын айтқанда қосымша ретінде қалған оқушылар жазып отырады, осылайша олар өте көп ақпарат жинайды.




Презентация



Физикалық карта,












































Жеке дәптерлері





Дүниежүзінің картасы



























Стикерлер



Плакаттар


Маркер




Сабақтың соңы


2 мин


Кері байланыс.

«Күн» әдісі.Оқушыларға бұлт пен күн бейнесіндегі стикерлерді флипчарттарға жабыстырады.



Мен көңілдімін.

Көптеген жаңа ақпараттармен таныстым.

Мен көңілсізбін.

Ақпарат өте көп болды, маған меңгеру қиын болды.


Бағалау:Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын жетістік критерийлері бойынша бағалай алады.


Үйге тапсырма: оқулықтан 1,3,4 сұрақтарды орындау.











Флипчарт


стикер



Қосымша ақпарат

Саралау


Бағалау


Денсаулық жəне

қауіпсіздік техникасын

сақтау

1. Қабілеті төмен оқушылырға «Ой қозғау» - «Үш сұрақ» әдісін пайдалану арқылы түрткі сұрақтар қою арқылы қолдау көрсете аламын.

2. Қабілеті орта оқушылар «Insert» әдісі аясында жұмыс жасау арқылы білімдерін толықтырамын.

3. Қабілеті жоғары оқушыларға жекелеген географиялық нысандардың элементтерінің көрсеткіштері бойынша графикалық материалдар жасау арқылы көмек көрсете аламын.







Бағалау критерийлері

арқылы бағалау;

Жетістік критерилері бойынша

Сабақ басында оқушылардың зейіндерін бір ортаға шоғырландыру үшін жаттығу жасайды.

Техникалық қауіпсіздік ережелерін ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу.


Сабақ бойынша

рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы,қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол

жеткізді ме? Егер

оқушылар оқу

мақсатына жетпеген

болса, неліктен деп

ойлайсыз? Сабақта

саралау дұрыс

жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде

уақытты тиімді

пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан

ауытқулар болды ма

жəне неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.

Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап

беріңіз.


Оқушылар оқу мақсаттарын орындауда алдыңғы курстан алған білімдері негізінде, білім мен түсінік дағдысын қолдану дағдысымен жақсы ұштастыра білді.

Дегенменде қалыптастырушы бағалау нәтижесі кейбір оқушыларда қорытынды шығаруда қиындықтар болғанын көрсетті.

Оқушылар жеке де жұппен де жұмыс жасағандары бір-бірінің ойын тыңдауға еркіндік берілді. Топтабайланысқабейімділікдағдыларыжақсыболды.

Жалпыбағалау

Сабақтаеңжақсыөткенекінəрсе (оқытуменоқуғақатысты)?

1:Оқушылармәтінменжұмысжасауарқылыбір-бірінбағалаудажәнеұжымдықталқылаубарысындаидеялартудыраалды.

2: Оқушыларграфикалық сызбалар даярлауарқылыдалалықзерттеужұмыстарыныңаясынанықтап, мәтінменжұмысжасағанбілімдерінқолданаалды.



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:Алдағы уақытта оқушылардың жазылым жұмыстарын, яғни эссе жазуды барынша пайдалану керек

2: Оқушылардың айтылым дағдысына көңіл бөлу керек.


Осы сабақтыңбарысында мен сыныптуралынемесежекелегеноқушылардың

жетістіктері/ қиыншылықтары

Мәтінмен жұмыс істеу барысында 4 оқушының бейімдей алмауы байқалды. Кейін жанындағы серіктестері оларға қолдау көрсету арқасында ол оқушылар дәптерлеріндегі кестені толтырғаны байқалды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
3608
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12