Тақырып бойынша 11 материал табылды

Географиялық есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
Географиялық заңдылықтарға негізделген, география пәнінде кездесетін есептердің шешу жолдары көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Алғы сөз


Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік-саяси және жаңа технологиялық өзгерістер, тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың қажеттілігі дәлелдеп отыр.

Жалпы білім беру жүйесіндегі және мектеп мұғалімінің алдында тұған көлемді әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі – оқушыға тиянақты білім беру болып табылады.

Ғылым мен техника, ақпараттандыру технологиясы күшті қарқынмен өсіп отырған кезде оқушыларды даярлауға қойылатын талаптар да дами түседі. Берілетін білім көлемін ұлғайта отырып, оның терең игерілуін қамтамасыз ету керек. Ұстаздың мақсаты – оқушылардың білім сапасын арттыру. Сабақта қолданылатын оқытудың әр түрлі формалары оқушының іскерлігін, ізденімпаздығын, жан-жақтылығын дамытады. Мәселен, географиялық есептерді шығара білу теориядан алған білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік береді. Географиялық есептер шығару оқушылардың логикалық ойын, шығармашылық қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырып, өзін-өзі тексеруге, білімін жан-жақты толықтыруға көмектеседі.



Атмосфера қабаты

  1. Барометр тау етегінде740 мм, ал тау басында 440 мм көрсетсе, тау басының биіктігі қандай?

Шешуі: (740-440)×10=3000 м

(әрбір 10 м биіктеген сайын қысым шамамен 1 мм кемиді)

Жауабы: 3000 м


  1. Ұшақ 3 км биіктікке көтеріледі. Егер жер бетіндегі атмосфералық қысым 750 мм болса, ұшақ көтерілген биіктікте атмосфералық қысым қандай?

3 км = 3000 750 - (3000м/10) = 450 мм

Жауабы: 450 мм


  1. А нүктеде атмосфералық қысым 755 мм, Ә нүктесінде 720 мм. Нүктелердің абсолюттік және салыстырмалы биіктіктерін табыңдар?

Шешуі: 10 м көтерілгенде атм. қысым 1 мм-ге төмендейді.

  1. А нүктенің абсолюттік биіктігін табамыз:

(760-775)×10 = -150 м

Ә нүктенің абсолюттік биіктігін табамыз:

(760-720)×10 = 400 м

  1. Салыстырмалы биіктік табу

150 + 400 = 550 м

Жауабы: 550 м салыстырмалы биіктік

А нүктесінің абсолюттік биіктігі -150 м

Ә нүктесінің абсолюттік биіктігі 400 м


  1. Тау етегінде барометр көрсеткіші бойынша ауа қысымы 580мм, ал тау басында ауа қысымы 440мм. Таудың биіктігін анықта.

(әрбір 10 м биікке көтерілгенде атм. қысым 1 мм төмендейді)

Группа 19







Шешуі: 580мм -440мм =140мм (1мм – 10 м)

140×10=1400 м

Жауабы: таудың биіктігі 1400 метрге тең


  1. Жер бетіндегі атмосфералық қысы 750 мм. Ұшақ 4000 м биіктікте ұшып келеді. Ұшақ сыртындағы атмосфералық қысымды анықта?

(қалыпты атмосфералық қысым 760 мм сынап бағанасына тең)

(әрбір 10 м биікке көтерілгенде атмосфералық қысым 1 мм төмендейді)

Шешуі: х —— 4000 м

1 мм —— 10 м

х=(4000×1):10=400 мм

750 мм – 400 мм = 350 мм

Жауабы: 350 мм


  1. Ұшақ қанатында ауа температурасы (-30ºС) көрсетті. Осы кезде жер бетіндегі температура +24º болса, ұшақ қандай биіктікте көтерілді?

Шешуі: (+24) –(-30º) = 54 54:6=9

Жауабы: ұшақ 9 км биіктікке көтерілді.


  1. Жазда Оңтүстік Уралдың оңтүстігінде қар мен мұз жатыр. Егер ең жылы мезгілде тау етегінде орташа температура 20ºС. Есепті шешу үшін физикалық картаны пайдаланыңыз.

Шешуі: 0,6º×1,6=9,6ºС 20º-9,6º=10,4ºС

Жауабы: 10,4ºС тау басында қар мен мұз болмайды.


  1. Бір тәулік ішінде ауа температурасы былай өзгерді: 4º, -2º, 8º, 6º. Тәуліктің орташа температурасын табу керек?

Шешуі: 4º+ (-2º)+ 8º+6º=16º

16º:4=4º

Жауабы: 4º


  1. Ауаның температурасы сағат 01. 00 –де (-5°С), сағат 07. 00-де (0°С), сағат 13. 00-де 

(-8°С), сағат 19. 00 –де (-3°С) болғанда, орташа тәуліктік температураны тап.

Температураның тәуліктік амплитудасын тап.

Шешуі:

1) Орташа тәуліктік температура 

((-5°С) + (-8°С) + (-3°С)) :  4 = - 16°С : 4 = - 4°С

2) Температураның тәуліктік амплитудасы

-8 °С -  0°С = -8°С

Жауабы: орташа тәуліктік температура -4ºС, амплитуда -8ºС.


  1. Ауаның температурасы қаңтардың орташа температурасы (-17°С),  ақпанның орташа температурасы (-15°С), наурыздың орташа температурасы (-7°С), сәуірдің орташа температурасы (-2°С), мамырдың орташа температурасы (+8°С), маусымның орташа температурасы (+15°С), шілденің орташа температурасы (+18°С), тамыздың орташа температурасы (+18°С), қыркүйектің орташа температурасы (+8°С), қазанның орташа температурасы (0°С), қарашаның орташа температурасы (-7°С), желтоқсанның орташа температурасы (-15°С),  болғанда, орташа жылдық температураны тап.

Температураның жылдық амплитудасын тап.

Шешуі:

1) Орташа жылдық температура 

(-17°С) + (-15°С) + (-2°С) + (-0°С) + 10°С  + 16°С + 19°С + 18°С + 8°С  + 0°С + (-7°С) +  (-15°С) : 12  = (71°С – (-56°С)) : 12 =   3,8°С

2)   Температураның тәуліктік амплитудасы

 19°С  - (-17°С)  =  2°С  

Жауабы: орташа жылдық температура 3,8ºС, амплитуда 2ºС.


  1. Таудың етегінде +20ºС, ал шыңында -16ºС болса, таудың биіктігі қандай?

Шешуі: +20º - (-16º)= 36º

36: 6 = 6 км (1км көтерілгенде ауа температурасы 6ºС-ге төмендейді)

Жауабы: таудың биіктігі 6 км


  1. Радио былай хабарлады: +100 температурада ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 50% . Мұндай 1м3 ауада неше грамм су болады? Оның қанығуы үшін қанша су керек?

Шешуі:   t1 = +100 –да 9 г су буы – 100 % ;

t2 = +100 –да  Х г су буы – 50 % ;

Х = 50×9 : 100  =   4,5 г су буы.

Жауабы: +100 температурада ауаның қанығу үшін 4,5 г су буы қажет.


  1. Көлемі 200 куб метр сынып бөлмесінің ауасында +200 температурада қанша литр су буы болады?

Шешуі:   200 м3 ×17 г =3400г= 3,4 л ;

(+20°температурада әрбір куб метр ауада 17г су буы болады)

Жауабы: 3,4 л


  1. Кабинеттің ішіндегі су мөлшерін анықтау. Кабинеттегі температура ≈ +20ºС; (1м3)

Шешуі: 8м× 6м × 3м = 144м3 × 17 2448гр = 2 кг 448гр

Жауабы: 2 кг 448 гр


  1. Ауаның температурасы 0ºС ,салыстырмалы ылғалдылық 30%, абсолюттік ылғалдылықты анықта.

Шешуі: 5г —— 100%

х —— 30% х = (5 × 30) : 100 = 1,5 г

Жауабы: абсолюттік ылғалдылық 1,5 г.


Гидросфера қабаты

  1. Кемеден жіберілген эхолот дыбысы теңіз түбіне 3 минутта жетіп, қайтып келсе, теңіздің тереңдігі қанша?

Шешуі: 1500м/с – эхолоттың жылдамдығы

1500 × 3 = 4500 м

4500 : 2 = 2250 м

Жауабы: теңіздің тереңдігі 2250 м.


  1. Бір тонна мұхит суынан қанша тұз алуға болады ?

(1 литр мұхит суындағы тұздылық 35‰)

Шешуі: 1000 л  × 35‰ = 35000г

Өзеннің  1тонна суы  1000 л × 0,2 ‰ = 200г.

   Жауабы:   35000 г


  1. Егер тұздылығы 18‰ болса, Қара теңіздің 1 тонна суынан әр түрлі заттардың неше грамын алуға болады?

Шешуі:    1 тонна 1000 л ;

1000 л  × 18 ‰ = 18000 г

Жауабы: 18000 г


  1. Енисей өзенінің арнасы – 1000 м, су шығыны – 20 000 м3/с, қатты ағыны 0,5 т/с, су ағысының жылдамдығы – 7 м/сек. Ауданы – 3 млн км2. Жылдық су ағыны?

Шешуі:су шығыны анықтау формуласы Q=F×V

Q = 3 млн км2 ×7 м/сек = 21 000 м3

Жылдық ағын бұл бір жылдағы су шығыны, пропорция құрамыз: 1 жыл – 365 күн – 8760 сағат = 8760 х 3600 сек = 31 536 000 сек

1 сек - 20 000 м3

31 536 000сек- Х , Х = 630 720 000 000 м3 = 630 млн.м3.

Жауабы: 630 млн.м3.


  1. Жайық өзенінің құлдиын (падение) анықтау.
    Бастауы – Валдай қыраты ~ 300 м
    Саға – Каспий теңізі – (– 28 м)
    300 – (– 28) = 328 м.

Жауабы: 328 м


  1. Лена өзенінің құлдиын анықтау.
    Бастауы – Байқал жотасы – 930 м
    Сағасы – Лаптевтер теңізі – 0 м
    930 – 0 = 930 м

Жауабы: 930 м

  1. Еңіс – өзен құлдиының оның ұзындығына арақатынасы

I = Н : L, мұнда

I – еңісі;
H – құлди;
L – ұзындығы.

1 Ангара өзенінің еңістігін анықтау.
құлдиы = 380 м = 38000 см
өзен ұзындығы 1826 км
еңістігі = 38000 : 1826 = 20,8 см/км

2 Жайық өзенінің еңістігін анықтау
құлдиы = 328 м = 32800 см
Өзен ұзындығы = 3531 км
Еңістігі = 32800 : 3531 = 9,3 см/км


Жауабы: Ангара – 20,8 см/км, Жайық – 9,3 см/км




План және карта тақырыбы бойынша есептер

      

Мысал 3

Суретте бірдей ендікте және теңіз деңгейінен бірдей биіктіктегі Европада орналасқан  А және В нүктелерінің  климатограммасы берілген. Қай нүкте батысқа қарай орналасқан?

Жауабы: 1) В нүктесі батысқа қарай орналасқан.

2) В нүктесіне жауын-шашын көп түседі.

3) В нүктесінде қыс біршама жылы, жылдық амплитуда өзгерісі аз немесе континенталдығы төмен.


Мысал 4

Самолет 63º ш.б ұшып оңтүстік полюске келді , ары қарай батыс жарты шардағы  қай меридианмен ұшады.

Шешуі: Градус торы мен меридиандардың орналасуын еске түсіреміз.

Бастапқы меридиан 180º. 63º+х= 180º      х=180º-63º   х=117º

Жауабы: 117º б.б.

Мысал 5.

Самолет 50ºс.е пен 0º ш.б  шығып 5550 км оңтүстікке қарай  ұшты, одан әрі батысқа бұрылып 2220 км ұшты. Солтүстікке қарай  тағы 1110 км ұшты. Самолет қай жерге қонды?

Жауабы: 1º меридианның ұзындығы 111 км екені белгілі. Алдымен  самолет  оңтүстікке қарай  50º  ұшты. (5550: 111 = 50º) ;     

50º с.е пен 0º ш.б-пен 50º оңтүстікке ұшып экватор мен бастапқы меридианның қиылысу нүктесіне келді. Сосын  батысқа қарай  экватор бойымен 20º ұшты. (2220:111=20º) Одан әрі самолет   экватордан  20º б.б меридиан бойымен солтүстікке ұшты, яғни (1110:111=10º) Самолет 10º с.е пен 20º б.б  қонды.


  1. Қай спорстмен Жер орталығына жақын орналасқан (сәйкесінше 0,5 км дейін)? Қазбек тауының шыңындағы альпинист пе немесе экватор бойындағы теңіз яхтсмені ме?

Шешуі: Жердің экваторлық радиусы полярлық радиусқа қарағанда 22 км(21) ұзын. Мұндай жағдайда, Қазбек тауынынң ендігі 45° с.е., бұл шамамен 11 км –ді құрайды. Қазбек тауының биіктігі 5 км (5033). Демек, салыстырмалы түрде альпинист 11 км+ 5 км ꞊ 16 км-де орналасқан, ал яхтсмен 22 км-де орналасқан.

Жауабы: а) Альпинист б) яхтсмен 6 км-ге алыс орналасқан.


  1. Алматы қаласы  мен экватордың арақашықтығын градус бойынша анықтаңдар. Алматының ендігі 43º с.е. 1º меридиан доғасы 111 км.

Шешуі: 43º ∙111км = 4773км.

Жауабы: 4773 км


  1. Картада Токио мен Пекиннің арақашықтығы 30 см,  негізгі арақашықтығы 1500 км. Карта  масштабын  анықтаңыз.

Шешуі:    1: х = негізгі қашықтық   :  картадағы қашықтық;    1 х = 1500:30;  х =50 км = 5000м = 500 000.

Жауабы: Карта масштабы 1: 5000 000


Топографиялық картада екі елді мекеннің арасы 7,5 см.   Масштаб  1: 50 000 болғандағы елді мекендердің ара қашықтығын анықтаңыз.

Шешуі: 1 : 50000 = х :7,5 см   ;   х= 50 000 ∙ 7,5 = 375000 7,5 см = 3,750 км

Жауабы: 3,750 км


  1. Егер туристер тәулігіне 30шқ/сағат жаяу жол жүретін болса, онда ҚР-ның батысынан-шығысына қарай қанша күн (ай)жүреді?

Табу керек.Туристер батыстан-шығысқа қарай қанша күн жүретінін.

Шешуі: ҚР батыстан-шығысқа қарай 3000 шқ созылып жатыр. Яғни, 3000 : 30 шқ = 100 күн (3,3ай)

Жауабы: Туристер батыстан-шығысқа қарай 100 күн (3,3ай) жүреді.


  1. Карта бетінде Алматы мен Астана қаласына дейінгі (1020 км) арақашықтық 8,5 см құрайды. Картаның масштабын анықтаңыз.

Д-нақты өлшем.

С-арақашықтық.

М-масштаб.

Табу керек.М-?

Шешуі: М=Д/С=1020км/8,5см=120(км-00000)

Жауабы: М=1:12000000


  1. 100 м жүргенде бірінші рет 158, екінші рет 157, үшінші рет 159 қадам шықты. Бір қадамның орташа мөлшері қандай?

Шешуі: ортақ санын табамыз (158+157+159) : 3 = 158

Яғни, 100 метрдің ішінде 158 қадам бар.

100 : 158 ≈ 0,63 м

Жауабы: бір қадамның ұзындығы 0,63 м немесе 63 см.


  1. Туристер тобы аралас орман арқылы 70º азимут бойымен 4000 км жүріп, одан әрі солтүстікке қарай 1500 км жүріп шықты. Жолдың оң жағында кесілген орман алабы жатыр. Қайта оралу үшін ең қысқа жолменен қай бағытта, қандай арақашықтықты жүріп өтуі керек? (жұмысты орындау үшін сызғыш, транспортир, шартты белгілерді пайдалану керек) масштаб 1 : 50000

Ш ешуі: № 1 →№ 2→

→№3

4000+1500 ꞊ 5500 км

3→№1 9 см

9×500꞊ 4500 км


Жауабы: Оңтүстік-батысқа қарай 4500 км.



Халықтың орналасуы, тығыздығы және табиғи өсуіне байланысты есептер


  1. 10 000 000 халқы бар бір А мемлекетінде жыл бойында 360 000 балалар туылып, 120 000 адам қайтыс болды. Ел аумағына 20 000 адам кетіп, 10 000 адам келді. (Бұл есептің өзі 6 жолмен шығады)

Табу керек:

1. Туу коэффициенті ?

2. Өлу коэффициенті ?

3. Халықтың табиғи өсуі ?

4. Табиғи өсу коэффициенті ?

5. Халықтың механикалық өсуі ?

6. Халықтың жалпы өсуі ?


1

Туу коэффициентін табу.

Туу коэффициенті  - n 

Туылғандар саны – Nх

Халықтың жалпы саны -  Pх

nПрямая со стрелкой 17 =   Nх   х 1000 ‰

       

nПрямая со стрелкой 16 =   360000   х1000 ‰ = 36 ‰

     10 000 000

Туу коэффициенті: 36 ‰

2

Өлу коэффициентін табу.

Өлу коэффициенті  - m 

Қайтыс болғандар саны – Mх

Халықтың жалпы саны -  Pх

mПрямая со стрелкой 15   =     Mх    х 1000 ‰

             Рх

mПрямая со стрелкой 14   =     120 000      х 1000 ‰ = 12 ‰

          10 000 000

Өлу коэффициенті 12 ‰

3

Халықтың табиғи өсуін табу.

Туу – Т

Өлу – Ө

Табиғи өсу ?

Тх = Т - Ө

360 000 – 120 000 = 240 000 адам.

4

Табиғи өсу коффициентін табу

ТПрямая со стрелкой 13 абиғи өсу коэф =  Т - Ө    х 1000  ‰

                                     Рх

 Прямая со стрелкой 12       240 000   х 1000 ‰ =  24  ‰  

   10 000 000                                 

Табиғи өсу коэффициенті  - 24  ‰  

5

Халықтың механикалық өсуіі табу.

И – иммигранттар

Э – эммигранттар

Vө – механикалық өсу.

Vө = И – Э

Vө = 10 000 – 20000 = - 10 000 (– теріс сальдо)

6

Халықтың жалпы өсуін табу

Жө =  Тө - Vө

Жө =  240 000 + (- 10000)  =  230 000

ЖПрямая со стрелкой 11 алпы өсу коэффициенті= 230 000 х1000‰ = 23‰  

                                                 10 000 000


  1. Егер жыл басында А елінде 12 560 000 адам өмір сүрсе, жыл ішінде 118 000 бала дүниеге келсе, ал өлім 7,5 ‰ құраса ел ел халқының саны жыл соңында қанша болатынын есепте.

Шешуі:

1) Қайтыс болғандар санын табу: 

Қайтыс болғандар - Мө

Халықтың жалпы саны -  Pх

Өлу коэффициенті  - m

 Мө  = (Pх · m) : 1000 ‰   = 94 200

           

МПрямая со стрелкой 10 ө  =  12 560 000 х 7,5  = 94 200

                 1000 ‰

2) Жыл соңында: 

12 560 000 + 118 000 – 94 200 = 12 583 800 адам болды.

Жауабы: 12 583 800 адам


  1. 2013 жылғы Қазақстандағы қала халқы мен ауыл халқының үлесін процентпен есептеңіз:


Облыс атауы Халық саны Қалалық Ауылдық

Барлығы 16 911, 9 9264, 9 (54,8) 7646,9 (45,2)

Қызылорда 596,2 360,98 235,2

Ақтөбе 682,5 383,67 289,8

Шешуі:

Қызылорда облысы:

Барлық халық саны - Pх

Қалалық - Қх

596,2 ------------------ 100 %

360,98 --------------------- х

ХПрямая со стрелкой 9 =  360,98 х 100  = 60,5 %

               596,2

Ауыл халқы   - Ах

 Прямая со стрелкой 8 Х =  235,2 х 100  = 39,5 %

               596,2

Жауабы: қала халқы - 60,5 %, ауыл халқы - 39,5 %.


  1. Халықтың тығыздығын есептеу (халықтың санын жер көлеміне бөлу)

Қазақстанның жер көлемі 2724,9 мың км2

Халық саны 16 911,9 мың   Тығыздығы 1 км2

Шешуі: Барлық халық саны - Pх

Жер көлемі - Жк

Халық тығыздығы - ?

ХПрямая со стрелкой 7 т= Pх                                                                                           Жк

ХПрямая со стрелкой 6 т   =    16 911,9  =    6,2 адам

               2724,9


Жауабы: 6,2 адам



Өндіріс және өнім өндіру бойынша есептер


  1. Павлодардың аллюминий зауыты салыну себебін есептеп шығаруға болады.

1 тонна аллюминий алу үшін 2 тонна глинозем кетеді, оған 18000 квт сағат электр энергиясы жұмсалады.

Бұқтырма СЭС-нің 1 квт сағат құны – 1,5 мың теңге.

Ал Шардара СЭС – 3,5 мың теңге.

Торғайдан Бұқтырмаға дейін 1753 км.

Торғайдан Шардараға дейінгі жер 1658 км делік.

Теміржолдың 1 тонна глиноземді 1 км-ге тасуға кететін шығыны – 1,7 мың теңге.

  1. 2 тонна Торғайдан Бұқтырмаға 1700 × 1753 ×2 = 5 960 200

1 тонна аллюминий алу үшін қанша энергия жұмсалатынын есептейміз:

1500 теңге × 18000 = 27 000 000

27 000 000 + 5 960 200 = 32 960 200

  1. Ал Шардарада 1700 × 1658 × 2= 5 637 200

3500 теңге × 18000 = 63 000 000

5 637 200 + 63 000 000 = 68 637 200

Жауабы: Торғай – Бұқтырма 32 960 200 теңге

Торғай – Шардара 68 637 200 теңге.


  1. Республикада көмірдің жалпы қоры 176,6 млрд тонна. Жалпы республика бойынша Қарағанды көмір алабының өндіретін көмір 32% болса, көмірдің үлесі?

Шешуі: 176,6 млрд —— 100%

Х —— 32%

Х = (176,6 × 32) : 100 = 56,51

Жауабы: 56,51 млрд


  1. ГРЭС қуаты = 1,8 млн.квт, оның жұмыс уақыты – 5000 сағат, электроэнергии шығыны 1 квт.сағатқа – 320 шартты отын мөлшері

ГЭС қуатынының және 3500 сағат жұмыс уақытындағы өндіретін энергиясын анықтау?

Шешуі : АГрЭС= N х t

АГрЭС= 1,8 млн.квт х5000 сағат = 9 млрд.квт.ч

1Группа 3 квт.сағ-320 ш.о.м.,


Nгрэс= = 2,57 млн. кВт


Жауабы: ГЭС қуаты 2,57 млн.квт








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.02.2018
7944
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12