Материалдар / Геометрия пәнінен ашық сабақ "Төртбұрыштардың аудандары" 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Геометрия пәнінен ашық сабақ "Төртбұрыштардың аудандары" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Геометрия пәнінен ашық сабақ "Төртбұрыштардың аудандары" 8 сынып Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаты: параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Шілде 2021
561
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

3 тарау. Аудан


Күні:21.01.2020 жыл

Сынып: 8

Мектеп: «М.Әубәкіров атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мұғалімнің аты-жөні: Окпебаев Ербол Шерниязович

Қатысқандар:18 Қатыспағандар:жоқ

Сабақтың тақырыбы

Төртбұрыштардың аудандары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.3.11

параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;

Сабақтың мақсаты



Сабақ мақсатына жетемін, егер:

Барлық оқушылар:

параллелограммның, ромбтың ауданы формуласын қорытып, есеп шығаруда қолдану

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір мәндері бойынша параллелограммның, ромбтың ауданын есептеп, шығару және есептер шығаруда қолдану

Кейбір оқушылар:Белгісіз мүшелерін табуда параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қолданып, есепті шығару

Бағалау критерийлері

Білім алушы

Параллелограммның ауданын табу есептерін шығарады

Ромбтың ауданын табу есептерін шығарады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Параллелограм мен ромбтың ауданының анықтамасын және оны қолдану жолдарын түсіндіре алады

Лексика мен терминология:

Параллелограм, ромб, аудан, биіктік,, қабырға

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • Параллелограмның ауданы табаны мен оған түсірілген биіктігінің көбейтіндісіне тең

  • барлық қабырғалары тең болатын параллелограмм ромб

  • Ромбының диагональдары тік бұрыш жасап қиылысады және оның бұрыштарының биссектрисасы болады.

Құндылықтарға баулу

Мәңгілік ел жалпыұлттық идеясының зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылығының өмір бойы білім алу, Ынтымақтастық, Ашықтық, Құрмет- құндылықтарын оқушыларға дарыту жолдары:

Топпен, жұппен жұмыс орындау барысында құрмет, серіктестік және жеке жұмыс орындау кезінде жауапкершілік, үздіксіз оқу құндылықтарын дарыту.

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір–бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау;

Пәнаралық байланыстар

9 сынып геометрия, сызу

Алдыңғы білім

Көпбұрыш ауданының анықтамасы мен қасиеттерін , тең шамалас және тең құрамдас фигуралардың анықтамалары, төртбұрыш түрлері тақырыптарын қайталау;

Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Қарқын.

Өткен сабақты қайталау кезеңінде, жұптық, топтық, жекелей тапсырмаларды тез ойлап, жылдамдатып жауап беруге қолдандым.

Дереккөз сабақтың басында түрлі дереккөздерінен алынған үлестірмелі материалдарды топтық жұмыс кезінде , тестік тапсырмаларда және интернет көздерінен алынған видеоматериалды қолдануда іріктеп алып қолдандым

Диалог және қолдау көрсету

Өткен сабақты қайталау кезеңінде, видеоматериалды қолдану барысында жетелеуші сұрақтар қоя отырып, қиналған оқушыларға бағыт бағдар беремін.

Тапсырма

Тапсырма бөлімінде деңгейлік тапсырмалар, тест тапсырмалары деңгейге сәйкес саралап жасалды

Қорытынды

деңгейлік тапсырмалар орындау кезінде

барлығына берілген бірдей тапсырманың нәтижелерінің неге әртүрлі болғанына назар аударып,қателер түзетіліп қорытындылады.

Бағалау

әр оқушы тапсырманы орындау барысында дескриптор бойынша, бағалау парағы бойынша өз білімін саралап тұрғаннан соң «бағалау»тәсілі қолданды.

Бағалау – Сіз оқушылар-дың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Сабақ барысында оқушылар әр тапсырманы орындалғаннан кейін өздерін өзі бағалау, «Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалау, оқушылар бағалайды.

Ауызша бағалау әдісі, берілген тапсырманың жауаптары арқылы жасырынған сөзді табу барысында «өздерін өздері бағалау» әдісі, тестің берілген кілті бойынша оқушылар салыстыра отырып, өздерін-өздері бағалайды.

Оқушылар өз білімінің нәтижесін жауап парағымен салыстыра отырып және бағалау парақшасына құс тұмсық белгісін белгілеу арқылы өзін-өзі бағалайды

 


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут







5 минут

1. Ұйымдастыру

Сәлемдесу, Ынтымақтастық атмосферасын құру, оқушыларға жақсы көңіл күй орнату мақсатында «Шаттық шеңберіне» тұрып, бір-бірлеріне жақсы тілек айтып, психологиялық ахуал туғызамын.

Сабақтың оқу мақсатын ашу барысында оқушыларға фигуралар сызылған (төртбұрыш, параллелограмм, ромб) карточкалар үлестіру. Бірдей фигураларды алған оқушылар 3 топқа бөлінеді. Топ мүшелеріне бағалау парағы беріледі.

Бағалау парағы ____- топ

лгнп№





Топ мүшелері


Мәтінмен жұмыс


Тақырыпты зерттеп, дәлелдеуі

«Жасырынған сөзді тап»

Деңгейлік тапсырма тест

Тест тапсырмалары

Қорытынды

1









І топ – Төртбұрыштар, ІІ топ – Параллелограмм,ІІІ топ – Ромб

Топқа бөлудің мақсаты топпен, жұппен жұмыс орындау барысында құрмет, серіктестік және жеке жұмыс орындау кезінде жауапкершілік, үздіксіз оқу құндылықтарын дарыту


2.Алдыңғы білімді қайталау.

Оқушылардың өткен сабақты қалай меңгергендерін тексеру, өткен сабақтың бағалау критериін ашу мақсатында белсенді оқытудың «Қар лақтырып ойнау» әдісі арқылы топқа ақ қағаз беріледі, оның ішіне әр оқушы сұрақ жазып қағазды бумаждап, домалақтайды да бір мезгілде келесі топқа сағат тілінің қозғалысы бағытында қар лақтырады, әр топтан оқушы өзінің алдына түскен қарды алып ішіндегі сұрағын оқып соған жауап береді.

Белсенді оқу әдісінің мақсаты оқушыларға қозғау салып, ойлануына түрткі салу , алдыңғы білімді қайталау.

Алдыңғы алған білімді түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу мақсатында белсенді оқытудың серпілген сауал қою әдісі арқылы мысалы: Досымжан, Айдананың жауабы туралы сен не ойлайсың?! Қате болса, өз ойыңды айтшы? Деген сияқты оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылып , бағалау жүргізіледі.

Оқушылар өздерін өзі бағалау қалыптастырушы бағалауы жүргізіледі. Нәтижесінде оқушыларда сын тұрғысынан ойлау, жүйелі ойлау, қорытынды жасау, шешім қабылдау дағдылары қалыптасады.

Саралаудың қарқын тәсілін тапсырманы орындау барысында оқушылардың берілген тапсырманы орындау жылдамдығы әртүрлілігіне байланысты оқушылардың тапсырманы орындау мүмкіндігі бойынша сараланады.


Фигуралар сызылған (төртбұрыш, параллелограмм, ромб) карточка






Оқулық, анықтамалық, тақта бор, интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

20 минут


Ой қозғау сұрақтары арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін айтады.


1-Тапсырма: Топтық жұмыс: «Мән мәтінмен жұмыс».

Жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Джигсо» әдісін қолданамын.Бұл әдістің мақсаты берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту.

Әртүрлі дерек көзінен алынған үлестірмелі материалда параллелограмның және ромбтың ауданын табу формуласын қорыту жолдары берілген. Оқушылар өз бетімен ізденіп, мәтінді оқып, заңдылықты дәлелдеп, қорытады.

Бұл тапсырма оқу мақсатындағы параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығаруға берілген тапсырмалар.

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып талқылайды және «Кір жаю» әдісі арқылы оқушылар постер қорғап, тақырыпты өздері ашады.

Топтың арасында белсенділігі төмен оқушыға, қалған оқушылар ЖАДА көмегімен, яғни «Көпіршелер» жалғайды.

Оқушылар тапсырманы орындау барысында әртүрлі дереккөздерінен алынған үлестірмелі материалды пайдаланады, саралаудың дереккөздер тәсілі көрініс алды. Сол дереккөздерінен қаншалықты материалды алғанын саралап отырамын.


Т. 1 топ.Төртбұрыштар

Теорема: Параллелограмның ауданы оның табаны мен биіктігінің көбейтіндісіне тең

Дәлелдеу керек: S=ah

Дәлелдеу: АВСD-параллелограмм

ВМ=CK=h

ABM=∆DCK, демек S∆ABM=S∆DCK

Онда, SADCD=SBMKC=BM.BC, бірақ BC=AD

Eндеше, S=ah, мұндағы а-табаны,

h-биіктік

ІІ топ.Параллелограмм

Теорема: Параллелограмның ауданы іргелес екі қабырғасы мен олардың арасындағы сүйір бұрышының көбейтіндісіне тең.

Дәлелдеу керек: S=abSinα

Дәлелдеу: АВСD-параллелограмм

∆AВD=∆CBD

SDrawObject1 ∆ABD=S∆CBD

Онда, SABCD=2.SABD

Eндеше






ІІІ топ. Ромб

Теорема: Ромбтың ауданы диагональдарының көбейтіндісінің жартысына тең

Дәлелдеу керек:

Дәлелдеу: АВСD-ромб АС=d1 BD=d2



Бағалау критерий

Дескриптор: Білім алушы

Параллелограммның ауданын табу есептерін шығарады






Ромбтың ауданын табу есептерін шығарады

- тапсырма мәтінін оқиды, есте сақтайды

-Теореманы дәлелдеп, параллелограм-ның ауданын табу формуласын қорытып шығарады

-қорытылған параллелограмның ауданын табу есептеулеріне талдау жүргізеді.

-қорытылған ромбтың ауданын табу формуласы, есептеулеріне талдау жүргізеді

Қалыптастырушы бағалау

Оқушыларды ынталандыру мақсатында топтар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды және бағалау парақшасына құс тұмсық белгісін белгілеу арқылы өзін-өзі бағалайды.

Кері байланыс

Оқушылардың бағалауын ескере отырып, талдау жасау барысында кері байланыс ұйымдастырылады.

2 тапсырма. «Bilim Land» сайтынан алынған видеоматериал көрсетіледі.

Видео материалда параллелограмның қасиеттері, ауданын табу, ромбтың ауданын табу формуласын қасиеттерін қолданып, есептер шығару жолдары көрсетілді. Оқушылар берілген материалдан қажетті ақпаратты «Түртіп алу» әдісі арқылы анықтаманы дәптерлеріне жазады. Нәтижесінде Тыңдалым , айтылым, жазылым дағдылары қалыптасады.


Бағалау критерий

Дескриптор: Білім алушы

Параллелограммның ауданын табу есептерін шығарады


- Роликті көреді

- анықтама мен формуланы жазу

-ауданын табуға берілген есептердің шығару жолдарын көреді

-Қорытылған параллелограмның ауданын табу есептеулеріне талдау жүргізеді

Ромбтың ауданын табу есептерін шығарады

-Роликті көреді

- анықтама мен формуланы жазу,

-қорытылған ромбтың ауданын табу формуласы, есептеулеріне талдау жүргізеді

Қалыптастырушы бағалау

Ауызша бағалау әдісі және бағалау парақшасына құс тұмсық белгісін белгілеу арқылы өзін-өзі бағалайды.

Кері байланыс

Оқушыларға видеоматериалға байланысты алдын ала дайындалған түрткі болар сұрақтар қою арқылы кері байланыс жүргізіледі.

Бұл «Bilimland» сайтынан видеороликті көре отырып, оқушылардың бойында қажетті деректерді іздеу, күрделі дереккөздерімен жұмыс істей алу дағдысы дамиды. Саралаудың «дереккөздер» әдісі қолданылды. және мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтар қойылғандықтан саралаудың «диалог және қолдау көрсету» тәсілі жүзеге асады.

.


3-Тапсырма [Ж]: «Жасырынған сөзді» тап

Оқушыларға топтың ішінде жұппен орындауға тапсырма беріледі.

Бұл әдіс жұптаса отырып, оқушылардың тапсырманы бірлесе, ақылдаса отырып шешуіне саптігін тигізеді.

S-параллелограмның ауданы, а-табаны, h-табанына түсірілген биіктігі деп алып, кестені толтырыңдар.

а

7


2

6


√3


9

h

8

2




S


12

4


4

2

4



Жауабы:


к

ө

п

б

ұ

р

ы

ш

жауап

56

6

3

14

4


Бағалау критерий

Дескриптор: Білім алушы

Параллелограммның ауданын табу есептерін шығарады

-Параллелограмның ауданын табады.

-Параллелограмның табанын табады

-Параллелограмның биіктігін табады

Қалыптастырушы бағалау

Жасырынған сөзді табу барысында «өздерін өздері бағалау» және бағалау парақшасына құс тұмсық белгісін белгілеу арқылы өзін-өзі бағалайды

Кері байланыс

Сөзді дұрыс таба алмаған оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылып, қателерді түзету жұмыстары кері байланыс жүргізіледі.

Саралаудың қарқын тәсілін тапсырманы орындау барысында оқушылардың берілген тапсырманы орындау жылдамдығы әртүрлілігіне байланысты оқушылардың тапсырманы орындау мүмкіндігі бойынша сараланады.


4-тапсырма. Деңгейлік тапсырма [Т]

Сабақтың SMART мақсатын ашу мақсатында деңгейлік тапсырмалар беріледі. Деңгейлік тапсырмаларды топқа бере отырып, әр топ тапсырманы орындау барысында болғандығы жөнінде белгі береді. Көрші топтармен сағат тілінің жүруі бағытында орындалған жұмысты алмасып, тапсырманы тексеру жүргізіледі. Талдау жүргізіледі.

А деңгейі

1 . Көршілес қабырғалары 2 см ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!