Тақырып бойынша 11 материал табылды

Геометриялық фигуралар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ күнделікті өмірде математиканың қажеттілігін түсінуге көмектеседі . Оқушылардың ойлау ,іздену дағдыларын қалыптастырады. Геометриялық фигуралар түрлерімен танысады. Оқушылар келесілерді орындай алады: Өздеріне таныс жазық және кеңістік фигураларды атайды, ажыратады. Жазық фигуралардан әртүрлі заттар құрайды.Геометриялық фигуралар мен қоршаған ортадағы заттардың пішінінің ұқсастығын анықтайды.Геометриялық фигураларға толық сипаттама бере алады. Геометриялық фигуралардың үлгісін құрастырады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пәні: математика

Мектеп: №1 мектеп-гимназиясы

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Ничаева Алия


Сынып: 1


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім


Геометриялық элементтері

Бөлімше


3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі


Сабақтың тақырыбы

Жазық фигуралар

Оқу мақсаттары

1.3.1.2Жазық фигураларды (үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш) кеңістіктегі фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида) ажырату және оларды қоршаған ортаның заттарымен байланыстыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Геометриялық фигураларды атайды, ажырата алады.

Оқушының көпшілігі:Геометриялық фигуралардың ұқсастығы мен ерекшелігі бойынша топтастыра алады

Оқушылардың кейбіреулері: Қоршаған ортадағы заттарға бақылау жүргізеді және өмірде қолданып, толық сипаттап береді.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

*Геометриялық фигуралар мен қоршаған ортадағы заттардың пішінінің ұқсастығын анықтайды.

*Геометриялық фигураларға толық сипаттама бере алады.

* Геометриялық фигуралардың үлгісін құрастырады

Тілдік мақсат

(тілдік емес пәнге)

Оқушылар келесілерді орындай алады: Өздеріне таныс жазық және кеңістік фигураларды атайды, ажыратады. Жазық фигуралардан әртүрлі заттар құрайды.

Пәндік лексика және терминдер

Жазық геометриялық фигуралар, үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш.


Шаршы- квадрат- sguane

Үшбұрыш- триугольник-triangle

Тіктөртбұрыш- четыриугольник-rectangle


Талқылауға арналған сұрақтар:

* Берілген фигуралар айналамыздағы қандай заттарға ұқсайды?

*Геометриялық фигуралардың ортақ қандай белгілері бар?

* Мұндай фигураларды қайда қолдандыңыз?

* Бірнеше фигураны пайдаланып әртүрлі заттар құрау мүмкін бе?

Құндылықтарды дамыту

Күнделікті өмірде математиканың қажеттілігін түсіндіру. Ойлау , іздену дағдыларын қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек, орыс тілі, ағылшын

АКТ-мен байланыс

Интербелсенді тақтамен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады

Бұған дейін меңгерілген білім

Оқушылар сурет салып, геометриялық фигураларды, шаблондарды қолдана білуі, кірпіштермен, кеңістік фигураларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


2 мин.










5 мин


Мақсаты: 1.3.1.2 Жазық фигураларды (үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш) кеңістіктегі фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида) ажырату және оларды қоршаған ортаның заттарымен байланыстыру.


Психологиялық ахуал орнату. (Ұ)

Мақсаты: Сыныпта ынтымақтастық ахуал тудыру мақсатында «Киіз үй» сергітуін орындаймыз.

Дөңгелене тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық.

Сергіту сәтін орындау барысында оқушылар қимылдармен түрлі геометриялық фигураларды көрсетеді.


Жаңа сабақ.

Мақсаты: Оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін жаңа сабақпен ұштастыру.

(Ұ) Әртүрлі фигуралардан құрылған құлтемірдің суретін көрсету.

  • Суретте берілген құлтемір қандай фигуралардан құралған деп ойлайсыңдар? (үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш, дөңгелек)

  • Осы фигураларды бір сөзбен қалай атауға болады? (жазық фигуралар)

(Бүгінгі тақырып шығады)

  • Тағы қандай фигуралар түрін білесіңдер? (кеңістіктегі фигуралар)

  • Жазық фигуралар мен кеңістіктегі фигуралардың айырмашылығы қандай?


(ҚБ) Тапсырманы орындау барысында мадақтау арқылы қолдау көрсетіп, жұмыстарын бағалау.

Дағды: Ойлау, түсіну

Өлең шумағы













Әртүрлі жазық фигурадан құралған құлтемірдің суреті (слайд)

Сабақтың ортасы


10 мин






















8 мин











5 мин



Белсенді оқыту әдісі: «Сиқырлы қап»

Мақсаты: Фигуралардың пішінін ажыратып, оларды қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру.


(Ұ/Ж) Оқушыларды «сиқырлы қапта» жасырылған фигуралардың пішінін сипалап анықтауға шақырамын.


- Берілген фигуралар айналамыздағы қандай заттарға ұқсайды?

- Геометриялық фигуралардың ортақ қандай белгілері бар?

- Бірнеше фигураны пайдаланып әртүрлі заттар құрау мүмкін бе?


(ҚБ) Әр оқушыға өзінің жұмысын бағалауды ұсыну.

Дағды: Сыни ойлау, қарым - қатынас


Оқулықпен жұмыс

Мақсаты: Геометриялық фигураларды атайды, ажырата алады.

(Ж) Қане тапшы: Бұл кім? Оның үйі қайда? Фигураларды салыстыра отырып, анықтап, олардың үйлерін табады.


ҚБ: Смайликтер арқылы бір- бірін жұппен бағалау.


Саралау әдісі

Дәптермен жұмыс

Мақсаты: Геометриялық фигуралардың ұқсастығы мен ерекшелігі бойынша топтастыра алады

(Д) Фигураларды топтастыр. Көлемді фигураларды қызыл түспен, ал жазық фигураларды жасыл түспен қоршап сыз.


ҚБ: Тапсырманы орындау барысында мадақтау арқылы қолдау көрсетіп, жұмыстарын бағалау.

«Сиқырлы қаптар» жазық геометриялық фигуралар

















Оқулық







Дәптер, қарындаш, қалам






Сабақтың соңы




9 мин





1 мин


(Т) Ойын «Фигура - достар»

Мақсаты: Қоршаған ортадағы заттарға бақылау жүргізеді және өмірде қолданып, толық сипаттап береді.

Балалар өздеріне ұнаған фигураны таңдап, топқа бөлінеді. Топта түтікше мен ермексаздың көмегімен таңдаған фигураның үлгісін жасап, жаңа достарын сипаттап береді.


Дескриптор:

  • Геометриялық фигуралар мен қоршаған ортадағы заттардың пішінінің ұқсастығын анықтады.

  • Геометриялық фигуралардың ортақ белгілерін анықтады;

  • Геометриялық фигураларға толық сипаттама бере алды.

  • Геометриялық фигуралардың үлгісін құрастырды


Кері байланыс «Жұдырық- алақан» әдісі

Мақсаты: Оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру, сонымен қатар, оқушылардың сабақтан алған әсерін анықтау.

  • Егер олар тапсырманы толық орындап, күтілген нәтижеге қол жеткізгеніне сенімді болса- ашық алақан.

  • Жартылай ғана жетсе, үш саусағын жоғары көтереді.

  • Егер түсінбесе- жұдырығын көтереді.

Түтікше, ермексаз

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді мен ?


Жеткізбесе неліктен?


Сабақта саралау жұмыс жүргізілді ме ?


Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма ?


Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бүгінгі сабақта оқушылар геометриялық фигуралар туралы ақпарат алды.



Белсенді оқыту әдісін жүзеге асыру мақсатында топтық жұмыс орындаттым. Балалар түтікше мен ермексаздың көмегімен таңдаған фигураның үлгісін жасап, оларды сипаттап берді.


Осы сабақ жоспарын құру кезінде жүйелігіне және дескриптор құруға ықшам сабақтың, атап айтқанда тренер мен әріптестерімнің кері байланысы септігін тигізді. Балалар қандай да бір іс-әрекет жасау үшін оған түрткі болу керек. Осыны ескере отырып сабақ жоспарымның әр қадамын ойластырып, оның қолжетімділігіне, мәселенің шешілуіне, жүйелігіне, мән бердім. Сабақ барысында балалардың жас ерекшеліктері мен психологиялық ерекшеліктері ескерілді. Жоспарымда денсаулық , қауіпсіздік техникасы ескерілді. Тақырыптың дұрыс меңгерілуіне әртүрлі әдіс-тәсілдер пайдаландым, атап айтқанда, жеке, жұппен, топпен жұмыс . Әр оқушыны қолдау және ынта дағдысын қалыптастыру мақсатында жеке жұмыс жасалуға жағдай жасалды. Сабақ барысында мен әр оқушынының жұмысын қадағалап, қолдап отыру арқылы олардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып отырдым.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.04.2018
2010
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12