Білім беру саласы:Таным
Бөлімі: Математика негіздері ,Құрастыру
Түрі: аралас ҰОҚ
Тақырыбы: Геометриялық фигуралар. Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.
Мақсаты: а) балаларды дөңгелек, шаршы, үшбұрыш тәрізді геометриялық фигуралармен таныстыру, оларды ажыратуды үйрету; кеңістікте бағдарлау қабілетін қалыптастыру.
ә) балалардың сөйлеу және талдау қабілетін дамыту.
б) сұраққа толық жауап беруге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: түсіндіру,көрсету,сипау,сезу,құрастыру.
Көрнекілік құралдар: Геометриялық фигуралар.Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.
Билнгвальды
компонет: Дөңгелек-круг, шаршы-квадрат,
үшбұрыш-тригольник.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық-қызығушылық |
Шаттық шеңбері: Амансың ба, Алтын күн Амансың ба, Жер-Ана Амансың ба, достарым Сендерді көрсем қуанам Балаларға терезеге қарап, қазір жылдың қай мезгілі екенін айтуды сұрайды. Ал біздің суретімізде жапырақтар төгіліп жатыр (Демонстрациялық материалдар. 2-кесте). Осы жапырақтарды топтарға бөлуге көмектесіңдер. Өз нұсқаларыңды айтыңдар.
|
Балалар жыл мезгілін анықтайды және тапсырманы орындауға кіріседі. Жапырақтарды мөлшеріне қарай - үлкен, кішкентай, түсіне қарай - сары, қоңыр, жасыл деп жіктейді. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденушілік |
Педагог өткен тақырыптарды жақсы меңгергені үшін балаларды мадақтайды және топтасып осыған ұқсас тапсырманы орындауды ұсынады. 3 топқа шеңбер, шаршы, үшбұрыштар таратып, тапсырма береді (3-6-кестелер).
Содан соң балалар оларды үлкен және кішкентай топқа, сондай-ақ 3 түске жіктейді. Балалардан осы жұмыс барысында қолданылған заттардың қалай аталатынын сұрайды. Педагог әр топтағы фигуралардың атын атап, оларды кезекпен көтеруді сұрайды. Мысалы: шаршылар. Қолында шаршысы бар балалар фигураны көрсетеді. Содан соң балалардан фигураларды хатқалтаға салып, тапсыруларын сұрайды. Педагог: - Балалар, бәріміз бірге балабақшадағы алаңға шықтық деп елестетіңдер. Алдымен сергіту сәтін өткізеді. Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ Сол қолымда бес саусақ Беске бесті қосқанда Болып шықты он саусақ - Балалардан алаңдағыдай секіріп, жүгіріп ойнауларын сұрайды. Содан соң: - Балалар, енді дәптерлерін ашып, 1-тапсырманы табыңдар. Біз қандай фигураларды кездестіреміз? Олардың арасында үшбұрыш, үшбұрыш, шаршы, шеңбер бар ма? шаршы, шеңбер Үшбұрышты (дөңгелек, тіктөртбұрышты) заттардың қай жерде тұрғанын тауып, сипаттап беріңдер. Содан кейін балаларды жана шартты белгі - пішінмен таныстырады. Бұл шартты белгінің заттың пішінін білдіретінін түсіндіреді. - Кәне, балалар, 2-тапсырманы шартты белгілер бойынша «оқып» көрейік. Балаларға тапсырманы түсініп оқуды үйретеді: түс, пішін, өлшем. Содан соң жапсырма таңдап алып, 2-тапсырманы орындауды сұрайды. - Ойын үй құрастыру - Шарты балаларға фигураламен үй құрастыру ? - Ағашты құрастыру - Шарты: балаларға таяқшалармен ағашты құрастыру? - Таяқшалармен қоршау жасауДидактикалық ойын: "Жаңа пішіндер" Ойынның мақсаты: бірнеше дайын пішіндерден жаңа басқа бейне жасау дағдыларын қалыптастыру. Ой-қиялын дамыту, топтау жинақтау салыстыра білуге үйрету.
Ойын “Сиқырлы таяқшалар” Ойын барысы: Түсті таяқшалардан түрлі заттарды құрастыру.
|
Балалар шеңберлерді, шаршылар мен үшбұрыштарды топтастырады. Әр топтың нұсқасы әртүрлі болуы мүмкін. Біреулер фигураларды түсіне (ондай фигуралар тобы үшеу), біреулер көлеміне қарай (ондай топ екеу болуы мүмкін) топтастырады. Сұрақтарға жауап береді: әр топ өз фигураларының атын атайды: үшбұрыштар, шеңберлер, шаршылар. Балалар қимылмен көрсетеді Айналадан және суреттен дөңгелек, төртбұрышты, үшбұрышты заттарды табады және оларды сипаттап береді. Олардың кеңістіктегі орнын суреттейді. Балалар 2-тапсырманы орындайды. Тапсырма бойынша жапсырманы таңдап жапсырады. Балалар ойынға белсене қатысады. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Балаларды мадақтайды. Бақылау үшін 3-тапсырманы әркім өз бетінше орындайды. Тапсырманы түсіндіріп, оны орындауға уақыт береді. Содан соң балалардан бүгін қандай фигуралармен танысқанын сұрайды. Дәптерден сол фигураларды көрсетуді өтінеді. Контур бойынша сызып көрсетеді.(сурет) Балаларға алғыс айтып, сабақ барысында қолданған құралдарды қалай жинау керектігін көрсетулерін сұрайды. |
Лабиринт - сызық бойынша кімнің қай суретті салғанын табады. Оны бояйды. Сұрақтарға жауап береді. Сабақты қорытады. Заттарды үстелге ақырындап орналастырады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: шеңбер, үшбұрыш, шаршы сынды фигураларды атауды;
Игереді: айналадағы заттардың пішіні қандай фигураға ұқсайтынын ажырата білуді;
Меңгереді: айналадан шеңбер, үшбұрыш, шаршы пішіндес заттар¬ды табуды, фигураларды бір-бірінен ажыратуды және олардың түсі мен өлшемдерін табуды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Геометриялық фигуралар" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

шағым қалдыра аласыз