Геометриялық фигуралар туралы түсінік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Геометриялық фигуралар туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мектеп мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Мектеп: №44 «Жаңа дала» ЖОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байбосынов Кажымухан Абдихалыкович


Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы



Геометриялық фигуралар туралы түсінік


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


8.3.1.11. Трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу.



Сабақ мақсаттары

- трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін біледі;

- трапецияның параллелограмнан айырмашылығын ажыратады;

- трапецияның элементтерін табуға есептер шығарады және өмірдегі қолданыспен байланыстыра алады.

Бағалау критерийі

- Оқушылар трапецияның түрлерін ажыратады;

- теңбүйірлі трапеция мен тікбұрышты трапецияның ерекшеліктерін сипаттайды;

- трапецияның екі бұрышы арқылы қалған бұрыштарын анықтайды;

- трапецияның табандарын табады;

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Сызғыш, трапеция, элемент, қабырға, биіктік, орта сызығы, бұрыш, доғал бұрыш.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

Фалес теоремасы..., Үшбұрыштың орта сызығы дегеніміз...,

Үшбұрыштың орта сызығының қасиеті...



Құндылықтарды

дарыту




Оқушылар еңбекке және шығармашылыққа, өмір бойы білім алуға дағдыланады.

Пәнаралық байланыстар

информатика, технология, бейнелеу өнері,

Бастапқы білім


Үшбұрыштың түрлерін біледі, үшбұрыштың орта сызығын салады, қасиеттерін біледі, анықтамасын біледі, үшбұрыштың орта сызығына есептер шығарады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы (5 мин)


Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын қадағалау. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін шаттық шеңберінде психологиялық ахуал жасаймын.

«Сұрақтар шеңбері» әдісі арқылы оқушылар екіге бөлініп, ішкі және сыртқы шеңбер болып бір біріне қарап тұра қалады. Сұрақтар қойылады. Әрбір сұраққа әр шеңбер кезектесіп жауап береді және әр сұрақтан кейін ішкі және сыртқы шеңбердегі оқушылар жылжып отырады. Осы әдістің мақсаты – өткен тақырыпты қайталау, оқушылардың тыңдау, сөйлеу, өз ойын жеткізу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Сұрақтар:

  1. Салу есептері неше кезеңнен тұрады?

  2. Барлық қабырғалары берілген болса, параллелограмм салу мүмкін бе?

  3. Фалес теоремасын тұжырымдап, оны дәлелдеңдер?

  4. Үшбұрыштың орта сызығы дегеніміз не?

  5. Үшбұрыштың орта сызығының қасиетін тұжырымда?

Ынталандыру мақсатында оқушыларға өзара бағалатамын.


Оқушылар фигуралардың түрін таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді

1 топ: «Үшбұрыш»

2 топ: «Төртбұрыш»

3 топ: «Трапеция»

Үй тапсырмасын «математикалық диктант» әдісі арқылы тексеремін.















Фигуралар

Сабақтың ортасы

(30 мин)


Жаңа тақырыпты бастамас бұрын «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы оқушылар қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді. Балалар өздері орындаған жұмысты стикерлермен әр тапсырмадан соң өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.




Өте жақсы түсіндім


Shape2 Жақсы түсіндім

Түсіндім

Аздап түсіндім

Shape5 Түсінбедім



БІЛІМ БАСПАЛДАҒЫ

«Өкіл» әдісі арқылы топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір мүшесі «өкіл» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Бұл – шаршататын және бір сарынды «баяндама жасалатын», мезі қылатын сабақтардан құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай-ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады.

«Айналмалы бекет» әдісі (ТЖ) арқылы трапецияның түрлері және қасиеттеріне есептер шығарады.



I топ

II топ

III топ

Теңбүйірлі трапецияның доғал бұрышының төбесінен жүргізілген биіктік үлкен табанын 4 см және 28 см кесінділерге бөледі.Трапецияның табандарын табыңдар.

Теңбүйірлі трапецияның доғал бұрышының төбесінен жүргізілген биіктік үлкен табанын 6 см және 30 см кесінділерге бөледі.Трапецияның табандарын табыңдар.


Теңбүйірлі трапецияның доғал бұрышының төбесінен жүргізілген биіктік үлкен табанын 8 см және 32 см кесінділерге бөледі.Трапецияның табандарын табыңдар.




Бағалау критерийлері:

Дескриптор:



- трапецияның табандарын табады;


- есептің шартын жазады,

- сызбасын сызады;

- трапецияның биіктігін түсіреді;

- трапецияның үлкен табанын табады;

- трапецияның кіші табанын табады;

- жауабын жазады.



«Бағдаршам»әдісі арқылы оқушылар өздерінің қаншалықты меңгергенін көрсету мақсатында қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.



«Тропикалық жаңбыр» әдісі арқылы сергіту сәтін жүргіземін.

Ортада ойынды басқарып тұрамын. Оқушылар арасында жүріп, әр түрлі қимыл жасаймын: бірінші – қолымды қолыма үйкеймін, екінші саусақтарымды шыртылдатамын, үшінші - сандарымды соғамын, төртінші–аяқтарымды соққылаймын, бесінші–тағы да сандарымды соғамын, алтыншы–саусақтарымды шыртылдата- мын, жетінші – қолымды қолыма үйкеймін, т.с.с. Сонан соң қолдарымды түсіріп, «Бұл тропикалық ормандағы жаңбыр еді. Тоқтады. Қайтадан жайнап күн шықты» деп сөзіммен әрекетімді тамамдаймын.

«Гүлдесте» әдісі (ЖЖ) арқылы тапсырма беремін. Қызыл түс – А деңгейлі, сары түс – В деңгейлі, жасыл түс – С деңгейлі тапсырмалар беріледі, әр оқушы өз деңгейінде шығаралатын тапсырмаларды алып шығарады.



А деңгей

Трапецияның бір табанындағы бұрыштары 680 және 740.Басқа бұрыштарын табыңдар.



В деңгей

Теңбүйірлі трапецияда үлкен қабырғасы 2,7 м,бүйір қабырғасы 1м ,олардың арасындағы бұрышы 600. Кіші табанын табыңдар.

С деңгей

Теңбүйірлі трапецияның қарсы бұрыштарының айырымы 560-қа

тең. Трапецияның бұрыштарын табыңдар.



Бағалау критерийлері:

Дескриптор:

- Оқушылар трапецияның түрлерін ажыратады;

- трапецияның екі бұрышы арқылы қалған бұрыштарын анықтайды;


- трапецияның сызбасын сызады;

- шартын жазады;

- іргелес жатқан бұрыштарының қосындысын табады;

- қалған бұрыштарын табады;

- жауабын жазады.

- трапецияның екі бұрышы арқылы қалған бұрыштарын анықтайды;

- трапецияның табандарын табады;


- трапецияның сызбасын сызады;

- шартын жазады;

- бұрыштың қасиеті бойынша кіші табанын табады;

- жауабын жазады.

- трапецияның екі бұрышы арқылы қалған бұрыштарын анықтайды;


- трапецияның сызбасын сызады;

- шартын жазады;

- бұрыштарын табады;

- жауабын жазады.

«Қол шапалақ» арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземін.



АКТ













Плакат

Стикер









































































Стикер

Қима қағаздар







































Сабақтың соңы (5 мин)

Сабақты қорытындылауға «Серпілген сауал» әдісі арқылы әр топ бүгінгі сабақтан бір-біріне сұрақтар қояды.

  1. Қандай төртбұрышты трапеция деп атайды?

  2. Трапецияның орта сызығы деген не?

  3. Трапецияның неше доғал бұрышы болуы мүмкін?



Үйге тапсырма: №152

Кері байланыс:

«Бес саусақ» әдісі арқылы

1. Маған ұнағаны

2. Маған қиындық тудырған

3. Мен үшін маңызды ақпарат

4. Білгім келеді

5. Ұсынысым



Оқушы бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергендігін «Білім баспалдағына» стикерлер жабыстырулар арқылы сабақтың соңында өз деңгейін біледі.













Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

саралаудың оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуына бағалау тәсілі арқылы қол жеткізуді жоспарладым.

Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. «Бас бармақ», «Қол шапалақ», «Бағдаршам» әдісі арқылы

сабақ соңында қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар беріледі. Кері байланыс «Бес саусақ» әдісімен орындалады.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан, мадақтаудан тұрады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болдыма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткіздіме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
681
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі