жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Геометриялық пішіндер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
№5 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ
АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ: ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНДЕР.
Педагог-психолог мұғалімі: Шыныбекова А.П.
Шымкент қаласы, 2021ж
Ашық сабақ жоспары
Пәні: Психология
Тобы: Орта жастағы қазақ тобы
Мұғалімнің аты-жөні: Шыныбекова Аягоз Пернебекқызы
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық пішіндер.
Өткізілген күні: 12.05.2021ж
Сабақтың түрі: Аралас. Дәстүрлі сабақ. Ашық сабақ.
Оқыту әдісі: танымдық, шығармашылық
Сабақтың мақсаты: Геометриялық фигуралар туралы ұғымындарын кеңейту. Айналадағы қоршаған ортада оларға ұқсас заттарды табу, жасалу жолдары мен құрылымына мән беру, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату.
Білімділік: Геометриялық пішіндер туралы алған білімдерін бекіте отырып, математикалық ойындар арқылы балалардың ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды зейінділікке, тапқырлыққа, ойшылдыққа, адамгершілдікке, сүйіспеншілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауларын, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Коррекциялық: оқушының логикалық, таным процесін түзету-дамыту
Сабақта қолданатын көрнекі-құралдар: Дидактикалық материалдар, суреттік-тақырыптық карточкалар, парақшалар, музыка т.б.
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық: «Шаттық шеңбері»
Кіріспе сөз. Сәлемдесу. Оқушылардың көңіл-күйін, жағдайын сұрау, түгелдеу. Шаттық шеңберін құру, оқушыларға жағымды климат орнату.
«Шаттық шеңбері» 2 минут
Мұғалім: Барлығымыз шаттық шеңберіне жиналайық. Менімен бірге өлеңді қайталаймыз.
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Мұғалім:Керемет балалар, орнымызға отырамыз.
ІІ. Балалардың өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру: Үлгі бойынша түстерді қайталап, еске түсіру.Түрлі-түсті көбелектер ойыны 2 минут
Жаңа тақырып: Геометриялық пішіндер.
Геометриялық пішіндерді оқушыларға түсіндіру.
Геометриялық фигуралар: шеңбер, дөңгелек, сопақ, үшбұрыш, шаршы, тікбұрыш т.б. Шеңбер үлкен және кіші болады. Орарда бұрыш жоқ, олар дөңгелей алады. Үшбұрыштың үш бұрышы болады, сол себепті біз ол пішінді үшбұрыш деп атаймыз.Шаршыда төрт қабырға төрт бұрыш бар. Шаршының барлық қабырғалары бірдей, тепе-тең. Тік төрт бұрыштың төрт қабырғасы бар, олардың екеуі ұзын, екеуі қысқа.( Балаларға сурет арқылы айырмашығын көрсетіп түсіндіру). Сопақ бұрышы шеңберге қарағанда созылыңқы келеді.
2 минут
1-тапсырма. Жұптық жұмыс. Мақсаты: Оқушыны фигураларды танып білуге үйрету және ойлау, зейін, есте сақтау, төзімділік қабілеттерін дамыту. 3 минут
2-оқушы. Оқушылар суретте бейнеленген заттардың атын атайды және олардың іштеріндегі шеңберге ұқсамайтын заттарды сызып тастайды. Пішіні бойынша шеңберге ұқсайтын заттардың атын және дөңгелек заттардың айтып қайталау.
2-оқушы. Оқушылар суретте бейнеленген заттардың атын атайды және олардың іштеріндегі үшбұрышқа ұқсамайтын заттарды сызып тастайды. Пішіні бойынша үшбұрышқа ұқсайтын заттардың атын айтып қайталау.
2-оқушы. Оқушылар суретте бейнеленген заттардың атын атайды және олардың іштеріндегі шаршы ұқсамайтын заттарды сызып тастайды. Пішіні бойынша шаршыға ұқсайтын заттардың атын айтып қайталау.
2-оқушы. Оқушылар суретте бейнеленген заттардың атын атайды және олардың іштеріндегі тік төрт бұрышқа ұқсамайтын заттарды сызып тастайды. Пішіні бойынша тік төрт бұрышқа ұқсайтын заттардың атын айтып қайталау.
2. Мультихикаядағы Саяхатшы Дарадан хат. Балалар сіздерге арнап Саяхатшы Дара хат жолдапты. Хатта не жазылғанын білгілерің келе ме? Балалар: Иә, әрине Балалар араларыңыздан хатты ашып оқып бергісі келетін бала бар ма екен? 1-оқушы хатты оқиды. Қалған балалар бірлесіп сұраққа жауап береді.

3. Хатта жазылған: Сәлеметсіңдер ме балалар! Маған және менің достарыма сендердің көмектерің керек болып тұр. Сендер көмектесесіңдер ме? Балалар мен сендерге сұрақ-жауап ойынын жолдадым дұрыс шешімін айтып, хат жазып жіберіңдерші. Саяхатшы Дара 2 минут
1.Кемпірқосақта неше түс бар?
2.Бағдаршамда неше көз бар ?
3.Қолғапта неше саусақ бар?
4.Адамда неше көз бар?
5.Жұлдыздың неше бұрышы бар?
6.Аспанда неше күн бар?
7.Бір жылда неше ай бар?
8.Ешқандай бұрышы жоқ фигура?
9.Сиырдың неше аяғы бар?
10.Барлық қабырғалары тең, бұрыштары тең фигура?
11.Бір аптада неше күн бар?
12.Адамда қанша саусақ бар?
Шешімі: ( 1.7, 2.3, 3.5, 4.2, 5.5, 6.1, 7.12, 8.шеңбер, 9.4, 10. шаршы, 11.7, 12.10,)
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Мұғалім: Балалар жауаптарыңыз өте жақсы, керемет!
3. «Фигураны боя» жаттығуы. Суретке қарап үлгі бойынша фигураларды бояу. Мақсаты: оқушыны фигураларды танып білуге үйрету, ойлау, зейін, есте сақтау, төзімділік қабілеттерін дамыту. 4 минут

4. Танграм ойыны. Мақсаты: оқушыны фигураларды пайдалану арқылы жан-жануарлар, заттар жасауға үйрету. Балалардың логикалық ойлау, зейін, есте сақтау, төзімділік қабілеттерін дамыту. 3 минут

5. «Көлік тас жолы» ойыны. Мақсаты: Оқушылардың фигураларды еске түсіріп, қызығушылықтарын оятып, сабаққа ынталандыру. Карта бойынша
2 минут
ІІІ.Өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: оқушының өмірге бейімделу процесін күшейту.
ІV.Сергіту сәті: «Молекула» ойыны 2 минут
V. Сабақты қорытындылау: «Шарлар» ойыны Кері байланыс. 1 минут

VІ. Үйге тапсырма: Түрлі фигурадан жасалған моншақты бояу. Фигуралардың атын атау. 1 минут
VІІ. Білімді бағалау. Оқушының іс-әрекетіне қарай мадақтау, бағалау. 1 минут
Әдіскер Уали А
Тексерілді:_________________
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген