Тақырыбы: Х.К.Андерсеннің дана
ертегілері
Құндылық: Дұрыс
әрекет
Қасиеттер: қамқорлық,
кішіпейілдік, ізгілік
Сабақ
мақсаты: Балалардың өмірде
қандай қиындық болса да оны жеңе білуде, өзін-өзі тәрбиелеуде дұрыс
әрекет құндылықтарын үйренуіне ықпал ету.
Міндеттері:
Балаларды Х.К.Андерсеннің
ертегілерімен таныстыра отырып, қамқорлық істері жайлы әңгімелеуге
және жақсы істер жасауға талпындыру, қамқорлыққа, кішіпейілдікке,
ізгілікке тәрбиелеу.
Ресурстар: үнтаспа,
дәптер,
оқулық
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңi.
5 «Т» ережесін еске
түсіру.
Тәртіп
Талап
Тазалық
Тыныштық
Татулық
ІІ.Тыныштық
сәтi. «Нұрға
бөлену»
-Қандай әсерде
болдыңдар?
ІІІ. Жаңа
сабақ
Андерсен
Ханс Кристиан – дат жазушысы. Ол
1805 жылы 2 сәуірде
(Копенгаген)
Оденсе қаласында дүниеге келген. Әкесі -
етікші, анасы - кір жуушы болған. Отбасында жалғыз бала
болғандықтан оны ешкім жазаламаған болған. 14 жасында әкесі қайтыс
болады.Ханс Копенгаген қаласына келіп, театрда жұмыс жасайды. Оқып
білім алады. Алғашқы ертегілерін
жазады. Ол әлемге әйгілі
балалар және ересектерге арналған ертегілер
авторы.
“Оқиғалар”
(1852 — 53) деген жинақтары жарық көрді. “Қайыспас қалайы солдат”
(1838), “Шошқа бағушы” (1841), “Бұлбұл” (1843), “Сүйкімсіз балапан”
(1843), “Қаршақыз” (1844), “Көлеңке” (1847), “Ана” (1848) т.б.
танымал ертегі кітаптарында жазушы ар тазалығы мен жан жомарттығын,
әділет, жақсылық сезімдерін ашып көрсеткен. Андерсен ертегілері тек
балаларға арналмаған. Әлеуметтік-психологиялық астар, ащы шындыққа
тән (мысалы, “Корольдың жаңа киімі” ертегісі).
Андерсен
атында халықаралық әдеби сыйлық бар. Қазақ жазушысы М.Қабанбаев
“Пысық болдым, мінеки” повесінде ұлттық мінездің ерекшелігін ашып
көрсеткені Халықаралық Х.К. Андерсен атындағы Үлкен Грамотасын
алған.
1872 жылы құлап жарақат алады, содан тәуір
болмайды. 1875 жылы 4 тамызда қайтыс болады. Копенгаген қаласында
жерленген.
Үнтаспадан
«Түймеқыз» мульфильмін
көрсету.
1.Түймеқыздың қарлығашқа қамқорлық жасауының себебі
неде?
2.Түймеқыз
жақсылығының өтеуін күтті ме?
3.Өзіңе
басқаралардың жасаған жақсылығын естеріңе түсіріп, айтып
беріңдер?
ІҮ.Дәйексөз.
«Ертегілер – жақсылықтың ұясы»
нақыл сөзді тақтаға жазып, мәнін түсіндіру.
Әңгiмелеу
(сұхбат)
Асыл тас
«аңыз әңгіме)
Сұрақтар
қойылады.
Қалай ойлайсыңдар адамның осал мінезінен
құтылуына не көмектеседі? Мысал келтіріңдер.
Ү.Шығармашылық
жұмыс, топтық жұмыс.
1-тапсырма. Өздерің үлкендерден қандай
ертегілер естідіңдер? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
2-тапсырма. Андерсен ертегісіндегі ертекші
Оле-Лукойемен танысыңдар. Дәптерге оның шапаны мен қолшатырының
суреттерін салып, бояңдар.
Топпен ән айту.
«Ерден атайдың әні» әнін
айтады.
Сөзі: Ә.Асылбеков. Әні: Е.
Хасанғалиев
ҮІ.Үй
тапсырмасы.
№4-сабақ. Х.К.Андерсеннің
«Ұсқынсыз үйрек» әңгімесін оқып келу.
Соңғы тыныштық
сәтi.
Бүгінгі сабақта үйренгендеріңді
жүректеріңе түйіп алыңдар.